Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ
ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Шаманова Э.Ж
№22 орта мектебі «КММ»
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Қазіргі уақытта білім жүйесінде терең өзгерістер жүріп жатыр. Бұл
өзгерістер білім беруді дамыту мен жаңарту бағдарламасында көрініс тапты.
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңында жалпы білім беру
стандартына сай жаңа кезеңнің мақсатын анықтайды. Бұл құжаттарда жаңа
білім үлгісі оқушылардың білім жинақтауына ғана емес, жеке тұлғаны
танымдық және жасампаздық қабілетін дамытуға бағытталуы керек. Білім
берудің адамға, тұлғаға бағытталуы, білім мазмұнының жариялылығы заман
талабына сай білім беру мен ұлттық оқу – тәрбие процесінің гуманистік сипаты жаңаша оқытудың әдіснамалық негізі ретінде қызмет ете алады. Оқытудың мазмұнын, өзіндік ерекшеліктерін, одан туындайтын ұстанымдары мен шарттарын жүйелеу арқылы өазіргі ұлттық білім берудің философиялық
тұғырнамасын әдіснамалық және әдістемелік негіздерін жасауға болады, мұны ескермей мектептер мен білім беру мекемелеріндегі ұлттық идеяны көздейтін тұжырымдамалық тұтастықты қамтамасыз ету мүмкін емес. Бүгінгі білім жүйесінде, Д.Дьюи атап өткендей, «Үлкен өзгерістер басталуды. Ол маңызы жағынан Н.Коперниктің жаңалығына (күн астрономиялық орталық, басқа планеталар оның айналасына шоғырланады, оны айнала қозғалады) тең болып отыр, яғни, оқушы тұлғасы орталыққа айналып, барлық педагогикалық
әрекеттер оның айналасына шоғырландыра жүргізіледі». Бұл өзгерістер білім
беруді дамыту мен модернизациялау бағдарламалық құжаттарында көрініс
тапты. Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу
арқылы шығармашылық пен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға
бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісінде көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді. Білімді, білікті, шығармашылықпен жұмыс істей алатын, жылдам өзгеріп отыратын ортада өмір сүруге бейімделген, өздігінше дамуға, өз ойын толық жеткізе білуге, өзінің және қоғамның мүддесі үшін мейлінше өзін – өзі іс жүзінде көрсете білетін жеке тұлға дамытып қалыптастыру қажет екендігін ашық көрсеткен[1]. Жалпы білім беретін мектептер әмбебап оқу әрекетінің бүтін жүйесін қалыптастыруы керек, сонымен қатар өз бетінше әрекет ету, және қабылдаған шешіміне жауапкершіліктен қарау, яғни заманауи білім беру сапасын анықтайтын негізгі құзіреттіліктері. Сондықтан мектептің негізгі міндеті өмірдің әр алуан жағдайларынан жол тауып шыға алатын, тез икемделіп кете алатын, қажет білімді өз бетінше меңгере алатын, пайда болған мәселені шешуге сол алған білімін қолдана алатын оқушы тәрбиелеу.
Сондай мәселелерді шеше алатын технологиялардың бірі – сыни тұрғыдан
ойлауды дамыту технологиясы. СТО технологиясы тұлғаға жеке келуге
негізделген, яғни оқу үрдісінде танымдық, коммуникативтік және зерттеушілік тапсырмаларды өз бетінше шешіп, дұрыс шешім қабылдауына бағытталады. Бұл коллективтік, өзін – өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзараәрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқу процесін ұйымдастыру. Бұл оқыту әрекетінің нәтижесін көруге, ойлауға, күнделікті тәжірибеде қолдануға болады. Технология оқушының өзіндік таным әрекетіне бағытталған – белгілі бір уақыт аралығында оқушылар жеке, жұпта, топта жұмыс жасайды [2].
Сыни ойлау – ашық қоғам негізі. Сыни ойлау деген – әр жеке тұлғаның кез
– келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға
жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады [5].
Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Нағыз сабақ – ол әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжірибенің бірлігі. Сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен тұрады:
Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып
табылады.
Екіншіден, сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп
айта беру емес, оқушы оқып, оны еске сақтап айту қабілеті жоқ, керісінше
терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыруы мүмкін, тың
идеялар ойлап табуы мүмкін.
Үшіншіден, сын тұғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды
қажет ететін мәселелерді анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы
тумысынан білуге құмар болып келеді. Өзінің жеке қызығушылықтары мен
қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны
ашу, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа
білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет
ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау»,
«Әлемді шарлау», т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған.
Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін
арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс –
әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады,
көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу
арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте –
бірте қадам жасай бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат
жинап, оны байырғы білімімен ұштастырады. Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны ашу (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға жаңа тақырыппен танысу барысында V – «білемін», - - «мен үшін түсініксіз», + - «мен үшін жаңа ақпарат», ? – «мені таң қалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT –
оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін
ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін
жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл
желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден – бір кепілі. Үйренушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады. Тақырып туралы ой – толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатында оқушылар бір – біріменәсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әтүрлі кестесін біліп үйренеді. Ес үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр – жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал, ол сұрақ әр түрлі әдіс – тәсілдер арқылы баланың алдына жан – жақты міндет қойып, іске асыруына жол көрсетеді. Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде «Сын тұрғымсынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту». RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда «сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 60 түрлі стратегияларының әдістерінен тұрады. Мақсаты – шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Сабақтың мақсаты:
а) қызығушылықты ояту – сұрақ қою;
ә) мағынаны ажырату – жауаптар іздеу, мәселені зерттеу;
б) ой толғаныс – ойлау процесінің ең жоғарғы сатысында мәселені
талқылау, яғни үш фазада сабақты бөліп өту, оқыту мен оқу процесін осындай үш сатыда ұйымдастыру. Қазақ тілі сабақтарында оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып тұлға қалыптастыру тәжірибесін сабақтарда қолданудамын. Сын тұрғысынан ойлауда оқушы болжайды, зерттеп, қорытып, өз ойын жеткізеді, негізін ашады, сұрыптайды, талқылайды, сын көзбен қарайды, пікірін дәлелдейді, пікір алмасады, ортақ пікірге келеді, мақсатқа жетеді, өзін – өзі басқарады, теориямен жұмыс істеуге үйренеді, жан дүниесін өзгертеді, ойлауды дамытады, қызығушылықты дамытады, қызығушылықты арттырады, кез келген сабақты меңгертеді, оқушы өзін – өзі тәрбиелейді [6]. Мен жұмыс жасап отырған технологиямен дәстүрлі сабақтан шығатын нәтижені салыстуруға болады. СТО технологиясы тек қана зияткерлікті дамытуға бағытталып қана қоймайды, сонымен бірге оқушылардың еріктіқызығушылығын, адамгершілік сезімталдығын да дамытады. Оқушылардың
шағын топта бірлесе әрекет етуіне баса назар аударылады, одан өзге жан
дүниесіне, еркіне, түйсігіне бағытталады. Аталған технология ақпараттық
қоғамда, өз бетінше керек ақпаратты таба білу және қолдана білу іскерлігін
дамытады. Бүгінде орта мектепте қазақ тілінен білім беру оқушының оқу
әрекетін қалыптастыру негізіне – оқу мен таным мотивінің жүйесін, шешім
қабылдау, қорғау, оқу мақсатын жүзеге асыру, жоспарлау, қадағалау және оқу
әрекеті мен оның нәтижесін бағалауды қосады. Орта мектепте қазақ тілінен
білім беру – оқушылардың таным мотивациясы мен қызығушылығын,
сыныптастарымен, мұғаліммен бірлесе еңбек етуге дайын және қабілетті,
адамгершілік қаксиеттердің негізін қалыптастыруға, тұлғаның қоғаммен және
айналадағы адамдармен анық қарым – қатынасын қамтамасыз етуі керек.
Сабақта сыни тұрғыдан ойлаудың әдістерін қолдану арқылы біз оқу
материалын меңгеру процесінде тұрға аралық байланысты жүзеге асыратын
мүмкіндіктерге қол жеткіземіз. Шындығында, топта оқушылар арасында өзара қарым – қатынас өздігінен туындайды, ол байланыстың қандай болатыны оқу әрекетіндегі жетістіктеріне байланысты. Оқу материалы негізінде оқушылардың өзара қарым - қатынасын ұйымдастыра білу – оқу әрекетінің тиімділігін тұтас арттырудың қуатты дерегі.Қазақ тілі сабағында сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологияларын қолдана отырып, біз алдымызға аса маңызды білім беру мақсаттарының қатарын қоямыз:
- меңгерілетін пән мен жалпы білім беру жоспарына мотивация мен
қызығушылығын ояту;
- талдау дағдысын, сыни ойлауын, өзара қарым – қатынасын,
коммуникациясын дамыту;
- қағидалар (бірлесе әрекет ету, эмпатия) мен әлеуметтік құндылықтарды
өзгерту;
- оқу процесінде мұғаліммен, басқа қатысушылармен ойлау әрекеті мен
диалогиялық қарым – қатынас белсенділігін дамыту, өзіндік дамуын арттыру.
Мұғалім оқытудың шығармашылық дамыту жүйесінде жұмыс жасауға
дағдылануы қажет. Оқушының мұғалім мен пәнге қызығушылығын,
мүмкіндігін, деңгейін, мотивациясын ескермей, жалпы сыныпты меңгертуге
құрылған деректерді есте сақтауға, жаттатқызуға мәжбүрлейтін қалыптасқан
алгоритм бойынша құралған оқытудың ішкі мазмұны баланыф дамытпайды.
Оқушыны жаңа идеялар мен мәселелерді шешудің түрлі жолдарын қарастыруға үйрету маңызды саналады. Бірақ одан да маңыздырағы оқушыны
барлық топтамада (цикл) жұмыс жасауға үйрету: берілген мәселе бойынша
ізденіс және саралау – мәселені маңыздылығына қарай деңгейлеп құру –
мәселені талдау – әрекеттің бағыты мен міндетін, мақсатын анықтау – мүмкін
жауаптардың нұсқасын әзірлеу – ең үздігін таңдау – ішкі және ресурстарға
қажетті шарттарды есептеу – мәселені шешудің тетігін анықтау – бағдарлама
жасау және болуы мүмкін жағдайдың жоспарын құру.
Оқушылардың жеке бастамасын басып тастамау үшін және оларда берік
дағды қалыптастыру үшін біз келесі ережелерді басшылыққа аламыз:
- Барлық оқушылар материалды меңгеруге, іскерлік пен дағдыны игеруге
қабілетті;
- Оқушылар мұғалімнің олардың қабілеті мен күшіне сенетінін білуі керек;
- Біз оқушыларға білім мен іскерлікті көршіден көшіргенше, өз бетінше
үйренгені артық екеніне иландырамыз. Сабақта біз оқушыларды: таным белсенділігі үшін марапаттаймыз, сабақты құрғақ жаттап алғанша, түсініп оқығанын талап етеміз, дұрыс емес жауабы үшін жазаламаймыз, оқылған материал бойынша сұрақ қойса, мадақтаймыз, білімді дайын күйде ұсынбаймыз, оны бәріміз оқушылармен бірге меңгереміз, оқушыларға ойды үйлесімді жалғастыруды, болжай білуді ұсынамыз; қанағаттанарлықсыз бағаны журанлға бірден қоймаймыз, өзінің білімді меңгере алатынын ұғынуына мүмкіндік береміз, олардың тұлғалық жетістігінің көрінуіне жағдай туғызамыз. Сонымен, проблемалық жағдай мен сұрақтарды талдау процесінде міндетті шешу процесіндегідей мотивациялық зияткерлікті пәндік тәжірибелік салада дамытуға мүмкіндік туады, яғни тұлғаны тұтас қалыптастыру
Қолданылған әдебиеттер:
1.Никишина И.В. Интерактивные формы методического обучение, 2007г.
2.Шликене Т.Н. Метод проектов как одно из условий повышения мотивации
обучения учащихся, 2007г.
3.Аствацатуров Г.О. Технология современного урока и творчества учителя школы.2002г.
4.Аханова Б. Шығармашылық тұлға қалыптастыру// Сыныптағы тәрбие. – №1. – 19-22б.
5.Жеке тұлғаға бағытталған сабаққа қойылатын талаптар// Қазақстан тарихы