Қазақ тілінен 5-сыныпқа арналған "Бесікке салу" тақырыбындағы ашық сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілінен 5-сыныпқа арналған "Бесікке салу" тақырыбындағы ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Бесікке салу

Мұғалімнің есімі:Махметова Мейрамгүл Бекмұхамбетқызы (қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі), тел:87076125244, электр.мекен-жайы: miko_89_mm@mail.ru

Пәні: Қазақ тілі

Мектебі:Алматы қаласы, Алмалы ауданы, №24 лицей

Сынып: 5

Қатысқандар саны:15

Қатыспағандар саны:0

Сабаққа негіздел-ген оқу мақсатта-ры

5.Т/А4. Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.

5.О4. Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.

5.ӘТН2. Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу.

5.Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.

Жетістік критерий-лері

Барлық оқушылар орындай алады: ұсынылған тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды, сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Мәтін мазмұнын түсінеді, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады.

Кейбір оқушылар орындай алады:«отпен аластап», «бесікке салар», «бесік жыры», «шілде суы», «ит көйлек», «таңдайы тақылдау» сөздерінің мағынасын сөздік арқылы түсініп, негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазады.

Тілдік мақсат

Оқушылардың бойында қалыптасатын тілдік дағдылар: ауызекі сөйлей алады, ойларын еркін жеткізе алады, мәнерлеп оқиды, сұрақ қояды, диалогқа түсе алады, сөздік қорын байытады;

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:отпен аластап, бесікке салар, бесік жыры, шілде суы, ит көйлек, таңдайы тақылдау

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Не себепті …. деп ойлайсыз?

Құндылыққа баулу

Тарих және мәдениет

Алдыңғы оқу

Балаға ат қою дәстүрін сұрақтар қою арқылы еске түсіреміз.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Қалыптастырушы жаттығулар

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдас-тыру

2 минут

1-әрекет. Ұжымдық жұмыс:

«Туысыңды тап» әдісі. Отбасы мүшелерінің суреттері арқылы оқушыларды 3 топқа бөлемін.

(пияздың ағасы, інісі, қарындасы, әпкесі, анасы, әкесі)

2-әрекет. «Жеті басты айдаһар» әдісі бойыншасабақ басындағыкөңіл-күйлерін анықтау.

Кеспе қағаздары

5 минут

3-әрекет. Жеке жұмыс:

«Миға шабуыл» әдісі арқылы төмендегі сұрақтарды қойып, өткен сабақты еске түсіру және сынып ішінде жағымды орта құрау.

1.Сенің есімің қандай мағынаны білдіреді?

2.Сенің есіміңді кім қойды?

4.Бұл дәстүр қазақта қалай аталады?

5.Балаға ат қою дәстүрінен басқа қазақтың қандай отбасылық дәстүрлерін білесіңдер?

4-әрекет. Кері байланыс. «Еркін микрафон» әдісі арқылы

«Кімнің атының қойылуы ұнады? Не себепті?» сұрақтарын қойып, кері байланыс жасатамын.

Микрафон

3 минут

5-әрекет. Ұжымдық жұмыс. «Қызығушылықты ояту»

-Суретте қандай отбасылық мереке бейнеленген?

-Бүгінгі сабақтың тақырыбы не себепті «Бесікке салу» болады деп ойлайсың?

Тапсырма:

«Болжау» әдісі бойынша ұсынылған тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды, сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта біледі, диалогқа түседі.

Дискриптор:

-суреттерге қарайды,

-тірек сөздерді пайдаланады,

-жетекші сұрақтарға жауап береді,

- сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айтады,

-сабақтың тақырыбын тұспалдап айтады.

Әр ұтымды айтылған жауапқа күлімдеген смайлик табыстаймын

Суреттер мен тірек сөздер бейнеленген интербел-сенді тақта

Сабақтың ортасы

10 минут

7-әрекет. Топтық жұмыс:

«Ойлан, бөліс»әдісі арқылы берілген мәтіндерді үш топқа бөліп оқытамын.

1-топ: «Шілдехана»

2-топ: «Бесікке салу»

3-топ: «Бесік жыры»

Тапсырма:

Мәтінді мұқият оқып, мәтінде көтерілген екі мәселені түсіндіру, бір-бірімен байланысын анықтау және 2 сұрақтан әзірлеу.

Дискриптор:

-Мәтінді мұқият оқиды,

-мәтінде көтерілген екі мәселені түсіндіреді,

-бір-бірімен байланысын анықтайды,

- негізгі ақпаратты сақтай отырып, әр топ бір-біріне 2 сұрақтан дайындап, ұсынады,

- сұрақтарға нақты жауап береді.

8-әрекет. Кері байланыс.Топтық жұмыс: «+,-,қызықты»

Не жақсы болды? Қандай кемшіліктерді байқадың? Сұрағың бар ма? оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды.


Оқулық

7 минут

9-әрекет. Топтық жұмыс.

«Қос жазба күнделігі» әдісі арқылы мәтіндегі қарамен терілген және төмендегі сөздердің мәнін www.kitap.kz сайтындағы «Сөздік» айдарынан іздеп тауып, дәптерге түсіру, мағынасын түсіндіру:

1-топ: отпен аластап, бесікке салар

2-топ: бесік жыры, шілде суы

3-топ: ит көйлек, таңдайы тақылдау

Дискриптор:

-мәтіндегі қарамен терілген сөздерді теріп жазады,

-сөздердің мәнін www.kitap.kz сайтындағы «Сөздік» айдарынан іздеп табады

-дәптерге түсіреді,

-мағынасын түсіндіреді.

7-әрекет. «Бас. Жүрек. Қол» әдісі.Оқушылар баспен қандай мәлімет жинағанын айту, жүрекпен не сезінгенін түсіндіру, қолымен не жазғанын көрсету арқылы кері байланыс жүргізу.

Оқулық, ғаламтор желісіндегі түсіндірме сөздік www.kitap.kz

Сабақтың соңы

10 минут

10-әрекет. Жеке жұмыс.

Жинақы мәтін құру:

«отпен аластап», «бесікке салар», «бесік жыры», «шілде суы», «ит көйлек», «таңдайы тақылдау» сөздерін пайдаланып, «Мен білмеген қызықты ақпараттар» тақырыбында негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазады.

Дискриптор:

-«Мен білмеген қызықты ақпараттар» тақырыбында жинақы мәтін құрастырып жазады;

-мәтін жазу барысында «отпен аластап», «бесікке салар», «бесік жыры», «шілде суы», «ит көйлек», «таңдайы тақылдау» сөздерін пайдаланады;

-негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазады;

11-әрекет.

Параққа бес пікір жазылып, «Таңдау» әдісі арқылы кері байланыс орнату

Жазылым жұмысының құрылымы


Бес пікір жазылған парақ

3 минут

12-әрекет. Сергіту сәті.

Аудио арқылы «Бесік жырын» тыңдатамын

Үйге тапсырма:

«Бөпеге тілек» тақырыбында тілек жазып келу.

13-әрекет. Кері байланыс.

«Жеті басты айдаһар» әдісі бойынша сабақ соңындағы көңіл-күйлерін анықтау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.12.2018
689
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі