Материалдар / Қазақ тілінен 9-сыныпқа арналған "Абайтану" таңдау курсының бағдарламасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілінен 9-сыныпқа арналған "Абайтану" таңдау курсының бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілінен 9-сыныпқа арналған "Абайтану" таңдау курсының бағдарламасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қаңтар 2019
2859
61 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЫРҒЫЗ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ

М.ТӨЛЕГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН

ОРТА МЕКТЕБІ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ







Ырғыз аудандық білім бөлімінің


« » ____________ 2018 жылғы

___ бұйрығымен

Б Е К І Т І Л Д І







«АБАЙТАНУ»

БАҒДАРЛАМАСЫ

(9 сыныпқа арналған)






Құрастырған: Әжмағанбетов

Ғабит Әбіл ұлы
















Ақши - 2018 ж


1. Бағдарламаның негізі: «Абайтану» курсы оқу бағдарламасы ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады.



Құрастырған: Әжмағанбетов Ғабит Әбіл ұлы



М.Төлегенов атындағы орта мектебі ұйымының педагогикалық кеңесі отырысында «Абайтану» бағдарламасы талқыланды.


Хаттама № « » _______ 2018 жыл.




Мектеп директоры: Әжмағанбетов.Ғ





Аудандық сараптау комиссиясының отырысында «Абайтану» бағдарламасы мақұлданды.








Сараптау комиссиясы төрайымы

Ырғыз аудандық білім бөлімінің

әдістеме кабинетінің меңгерушісі: А.М. Нарегеева




Хаттама № ______ «_____» ______________2018жыл.











М.Төлегенов атындағы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Әжмағанбетов Ғабит Әбілұлының

«Абайтану» атты таңдау пәніне





ПІКІР

Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау, қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан оқушыларды хабардар ету – мектеп бағдарламасына «Абайтану» пәнін енгізуді қажет етеді. Осы қажеттілікті орындау барысы тікелей тіл мамандарына жүктеледі.

Жалпы «Абайтану» пәнінің мазмұны Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту, абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға, толық адам концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындауды, ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып, қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету; ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын танытуды көздейді.

Ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани- мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту, ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу, шығармаларының адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты, әділеттілікті, татулықты, бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге ету – пәннің айқын мақсаты болып табылады.

Әжмағанбетов Ғабиттың «Абайтану» пәніне алған мақсат-міндеттері, құрған жоспары әдістемелік бірлестікте қаралып, курс бағдарламаға сәйкес әзірленіп, талапқа сай жазылған деп бағаланып, пән ретінде оқытуға болады деп ұйғарылды.



Әдістемелік бірлестік жетекшісі: А.Қалмағамбетова















М.Төлегенов атындағы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Әжмағанбетов Ғабит Әбілұлының

«Абайтану» атты таңдау пәніне





ПІКІР

Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық.

Курстың мақсаты - ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.

Таңдау пәнінің жоспарында Абай мұрасының XX ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы, ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары, қазіргі абайтанудағы өзекті мәселелер топтастырылып берілген.

Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық-көркемдік ұстаным негізіндегі байламдарын байыпты бағдарлауға назар аударылып, Абайдың талантты ақын шәкірттерінің шығармашылығына көңіл бөлінген.

Әжмағанбетов Ғабиттың «Абайтану» пәніне алған мақсат-міндеттері, құрған жоспары талапқа сай жазылған деп бағаланып, пән ретінде оқытуға болады.





Оқу ісінің меңгерушісі: Р.Т.Шайқақов









Түсінік хат

Кіріспе

Абай Құнанбайұлы қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырды. Ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары қазіргі абайтанудың негізі. Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық-көркемдік ұстаным турасындағы байламдарын байыпты бағдарлау қашан да назарда.

Курстың өзектілігі:

Шығармашылығына толық шолу жасай отырып, Абайтанудың кезеңдерін саралап, туындыларындағы тұлға, толық адам концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау. Ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйеніп, қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету

Курстың мақсаты:

Ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.

Курстың міндеттері:

Қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындырып, ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен таныстыру;

Курстың практикалық маңызы: Оқушылардың бойына дарытуды көздеген адами асыл қасиеттер жиынтығы Абай шығармаларында жатыр. Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан танытудағы жүйелі жоспарымыз межелі мақсаттарға жетелемек.

Курстың құрылымы:

Курстың құрылымы теориялық ұғымдарды шығармашылық жұмыстарда іс жүзінде көрсете білу, жобалай білуді көздейді.

Сабақты жүргізу әдістері:

Сабақты дәстүрлі, практикалық негізде оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыру

Күтілетін нәтиже: Бұл пәнді оқыту арқылы оқушылардың ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алып, адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты, әділеттілікті, татулықты, бірлікті жырлаған кемеңгер ойшыл Абайды «Қазақтың бас ақыны» ретінде тану.

Тақырыптың мазмұны

Аптасына 1-сағат, барлығы 34 сағат

Лекция. 13-сағат

Кіріспе. Адамзаттың Абайы. Абайдың өмірі. Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері. Ақынның халық даналығын тануы. Абай және Пушкин. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңінің басты идеясы. «Интернатта оқып жүр» өлеңінің негізгі тақырыбы. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі. «Сегізінші» қарасөзі. «Он жетінші» қарасөзі. Абай қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі. «Екінші» қарасөзі. «Оныншы» қарасөзі.

Әдеби теорияларды игеру. 10-сағат

Абай шығармаларындағы шығыстық сарындар. Абай және орыс әдебиеті. Абайдың Пушкиннен аудармалары. Абай және батыс әдебиеті. Абай шығармашылығына Еуропа әдебиеті мен мәдениетінің ықпалы. Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде танылуы. М.Әуезов және абайтану мәселелері. Абай мұрасын зерттеушілер және абайтану ғылымының қалыптасуы. М.Әуезовтің абайтануға қатысты зерттеу еңбектері. Ақын шығармаларының басылымдары.

Талдаулар. 7-сағат

Абай шығармаларындағы ғылым, білім тақырыбы. Өмірдің мәні туралы философиялық таным. «Абай танымындағы ән мен күй». Абай әндерінің таралуы. Абайдың қазақ музыка өнеріне енгізген жаңалығы. Абай поэзиясындағы жалғыздық трагедиясы. Қорытынды сабақ.

Шығармашылық жұмыстар. 4-сағат






















Курстың тақырыптық жоспары 9 класс

Сабақ реті

Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

Білім нәтижелілігі

Оқу әдіс тәсілдері

Лекция

Практика

І тоқсан. 8 сағат

1

1

Кіріспе. Адамзаттың Абайы

1


04.09.

Танысу

Таныстыру

2

2

Абайдың өмірі

1


11.09

Түсіну

Түсіндіру

3

3

Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері


1

18.09

Мәтінмен танысу

Сұрақ-жауап

4

4

Ақынның халық даналығын тануы



1

25.09.

Ақынның түпкі идеясын ұғу

Іздендіру

5

5

Абай шығармаларындағы шығыстық сарындар


1


02.10

Шығармашылық қабіле тін арттыру

Жазба жұмыс

6

6

Абай және орыс әдебиеті


1


09.10

Өз бетімен дайындалу

Іздендіру, дәлелдеу

7

7

Абай және Пушкин


1


16.10

Орыс әдебие тімен байла ныстыру

Сұрақ-жауап

8

8

Абайдың Пушкиннен аудармалары

1


23.10

Өз бетімен жұмыс


ІІ тоқсан. 8 сағат

9

9

Абай және батыс әдебиеті


1

06.11

Жаттау

Түсіндіру

10

10

Абай шығармашылығына Еуропа әдебиеті мен мәдениетінің ықпалы

1


13.11

Әлем әдебие/мен салыстыру

Іздендіру, дәлелдеу

11

11

Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде танылуы


1

20.11

Аударма жасау

Баяндау

12

12

М.Әуезов және абайтану мәселелері

1


27.11


Мәтінмен жұмыс

13

13

Абай мұрасын зерттеушілер және абайтану ғылымының қалыптасуы

1


04.12

Әдеби теорияларды игеру

Сұрақ-жауап

14

14

М.Әуезовтің абайтануға қатысты зерттеу еңбектері

1


11.12

Кітаптар көрмесі

Түсіндіру

15

15

Ақын шығармаларының басылымдары

1


18.12

Жаттау

Іздендіру, дәлелдеу

16

16

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңінің басты идеясы

1


25.12


Мәтінмен жұмыс

ІІІ тоқсан. 10 сағат

17

17

«Интернатта оқып жүр» өлеңінің негізгі тақырыбы


1


15.01.19

Философиялық тұжырым жасау

Сұрақ-жауап

18

18

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңі


1

22.01

Жазба жұмыс

Жаттау

19

19

«Сегізінші» қарасөзі


1

29.01

Шығармашылық жұмыс

Шығармашылық жұмыс

20

20

«Он жетінші» қарасөзі

1


05.02


Жаттау

21

21

Абай қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі

1


12.02

Өз бетінше жұмыс

Жазба жұмысы

22

22

«Екінші» қарасөзі

1


19.02


Түсіндіру

23

23

«Оныншы» қарасөзі

1


26.02

Шығармашылық жұмыс

Сұрақ-жауап

24

24

Он сегізінші


1

05.03

Философиялық тұжырым жасау

Жазба жұмысы

25

25

он тоғызыншы қара сөзі

1


12.03

Әдеби теорияларды игеру

Танысу, үйрету

26

26

Отызыншы қара сөзі


1

19.03

Эссе жазу

Баяндау

ІҮ тоқсан 8 сағат

27

27

Абай әндерінің таралуы


1


09.04

Өз бетімен жұмыс

Оқу

28

28

«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» Құлақтан кіріп бойды алар


1

16.04

Түсіну

Сұрақ-жауап

29

29

Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа

1


23.04

Шығармашылық жұмыс

Іздену

30

30

Сегізаяқ, көзімнің қарасы


1

30.04

Ән айту

Іздендіру

31

31

Абайдың қазақ музыка өнеріне еңгізген жаңалығы

1


07.05

Түсіну

Баяндау

32

32

«Ескендір» поэмасы, поэманың тақырыбы мен идеясы

1


14.05

Көркем сөз оқу шеберлігі

Жаттау

33

33

Эпикалық дастандағы Ескендір мен Аристотель образдары

1


21.05

Философиялық тұжырым

Түсіндіру

34

34

Қорытынды сабақ


1


24.05

Білімін игеру

Қорытындылау



Мұғалімдерге ұсынылатын әдебиеттер тізімі:



1)Абай «Шығармаларының екі томдық толық жинағы» Алматы «Жазушы» 2005 ж;

2) М.О.Әуезов Абай Құнанбаев «Монография.Мақалалар, зерттеулер» Алматы «Санат» 1995

3) М.Бейсенбаев «Абай және оның заманы» Алматы «Жазушы» 1988 ж;

4) Тұрсын Жұртбай «Құнанбай / Тарихи және әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 ж;

5) М.О.Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;

6) Абай туралы естеліктер, Семей 2010 ж;

7) Қ.Мұқамедханов «Абайдың ақын шәкірттері» Алматы 1994 ж;

8) Ұ.Әбілдаұлы «Абайды оқу әліппесі» Алматы «Рауан» 1994 ж;

9) М.О.Әуезов және Абайтану проблемалары, Алматы, 1982 ж;

10) Б.Байғалиев «Абай өмірбаяны мұрағат деректерінде» Алматы «Арыс» баспасы, 2001 ж;



































Оқушыларға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Абай «Шығармаларының екі томдық толық жинағы» Алматы «Жазушы» 2005 ж;

2) М.Мырзахметұлы «Абай жүрген ізбенен» Алматы «Қазақстан» 1985 ж;

3) Б.Байғалиев «Абай өмірбаяны мұрағат деректерінде» Алматы «Арыс» баспасы, 2001 ж;

4) «Абай энциклопедиясы «Атамұра» 1995 ж;

5) М.О.Әуезов және Абайтану проблемалары, Алматы, 1982 ж;

6) Қ.Мұқамедханов «Абай мұрагерлері» Алматы «Атамұра» 1995 ж;

7) М.Мырзахметұлы «Әуезов және Абай» Алматы «Қазақстан» 1997 ж;

8) М.О.Әуезов «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» Алматы «Санат» 1997 ж;

9) Абайтану тарихы, Алматы, 1994 ж;

10) Қ.Өмірәлиев Абай афоризмі;

11) М.Мырзахметұлы «Абайды оқы, таңырқа», «Ана тілі» 1993 ж;

12) Т.Қожакеев «Абай-сатирик» «Білім» қоғамы, 1970 ж;

13) Қ.Мұқамедханов «Абай шығармаларының текстологиясы жайында» Қаз.Мем.КӘБ, 1959 ж;



























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!