Материалдар / Қазақ тілінен емтихан тапсырмалары 8-сынып Т2

Қазақ тілінен емтихан тапсырмалары 8-сынып Т2

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілінен емтихан тапсырмалары 8-сынып Т2
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Сәуір 2024
1042
15 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Аралық аттестаттау тапсырмалары

(оқыту өзге тілдегі сыныптар үшін)

8-сынып



Қамтылған оқу мақсаттары:

8.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру.

8.2.5.1 пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру.

8.3.3.1 прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс-әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру.

8.4.2.1 эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну.

8.5.1.3 етістіктің шартты рай және бұйрық рай қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданы.



Бағалау критерийлері:

Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсырма реті

Дескрипторлар

Балл

Тыңдалым

Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап береді

1

Мәтінді түсініп, сұрақтарға жауап береді.

0,5

Айтылым

Тыңдаған мәтін бойынша диалогқа түседі.

2

Пікірталасқа қатысушылар сұрақтарға сенімді, дәлелді жауап береді.

0,5

Оқылым

Прозалық шығарманың құрылымын анықтап, кейіпкерлерге баға береді.

3

Шығарманың құрылымын анықтайды.

Кейіпкерлерге баға береді.

1

Жазылым

Тақырыпқа байланысты эссе жазады.

4

Эссе құрылымын сақтау 0,5 б

Мәтіндегі оқиғаны (кейіпкерді) сипаттап не суреттеп мазмұнын толық ашады 1б

Орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады 0,5б




Тілдік бағдар

Берілген етістіктерден шартты рай тұлғалы етістік жасап, сөйлем құрайды.

5

Берілген сөздерден шартты рай тұлғалы етістік жасайды.

Сөйлем құрайды.

0,5

0,5






Тыңдалым

Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз. (0,5 б)

Күй аңыздарын үш арнаға бөліп қарастыруға болады. Біріншісі-

халық күйлерінің күй аңызы. Екіншісі-халық композиторлары шығарған күйлердің аңыз – әңгімесі. Үшіншісі-бүгінгі күйші-композиторларымыз шығарған күйлердің аңызы.

Халық күйлерінің аңызының шығарушысы белгісіз, бірақ уақыттың жаңартып-жаңғыртуынан өткен, талай ұрпақтың талғам сүзгісінен шыққан күй аңыздары жатады. Халық күйлерінің аңыз-әңгімесі көбіне тарихи оқиғалар, қиял-ғажайып аңыздар, жан-жануарлардың қасиеттері арқау болады. Мысалы: «Қара жорға», «Сырым сазы», «Аққу» т.б.

Халық композиторлары күйлерінің аңызына шығарушысы белгілі күйлердің аңыз-әңгімесі жатады. Мұндағы басты ерекшелік-күйдің өзі де, аңызы да сол күйді шығарушының өмірімен тікелей байланыста дүниеге келіп отырады. Мысалы: Құрманғазының «Кісен ашқаны», Тәттімбеттің «Саржайлауы».

Қазіргі күйші-композиторлар шығарған күйлердің аңыз әңгімесі де көбінесе автордың өмірімен, әсер-сезімімен астасып жатады. Қазіргі күйші-композиторлар шығарған күйлердің тақырыбы, аңыз-әңгімесі көбінесе бүгінгі күннің елеулі оқиғаларына арналып отырады. Мысалы, М.Өскенбаевтың «Жеңіс» , М.Хамзиннің «Космонавт» С.Құсайыновтың «Мереке», т.б. шығармалары.


  1. Күй аңыздары қандай арналарға бөлінеді?

______________________________________________

  1. Халық күйлері композиторларының аңызына қандай күйлер жатады?

____________________________________________________

  1. Қазіргі күйші-композиторлардың шығарған күйлерінің тақырыбы қандай?

_______________________________________________________



Айтылым. Тыңдаған мәтін бойынша диалогқа түседі (0,5 балл).

Оқылым (1балл)

1-тапсырма

Берілген мәтінді оқып, көркем шығарманың композициялық құрылымын анықтаңыз.


2-тапсырма

Мәтіндегі кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға беріңіз.


Баяғыда байдың қолында бір жетім қыз болыпты. Әке-шешесінен ерте айрылып, жалғыз қалған екен. Жетім қыз байдың отын-суын тасып күн көріпті. Күндердің күнінде сол ауылдың қыздары жиналып, тезек теруге шығыпты. Терген тезектерін буып, арқалап алыпты. Үйлеріне қайтып келе жатқанда жаңбыр құйып кетеді. Қыздар отындарын арқалап үйлеріне қарай жүгіріпті. Жетім қыз қырық жамау жаман шапанын шешіп алып, отынның үстіне жауып, жаңбырдың басылуын күтіп отырыпты. Алыстан келе жатқан жолаушы мұны көріп, қыздың қасына келеді де: — Шырағым, ана балалар ауылға кетіп қалды ғой. Сен неге қалып қойдың? — деп сұрайды. Сонда қыз: — Барса, бара берсін. Олардың отындары да, киімдері де су болады. Атты кісі ауылға барса, айтқанындай-ақ елдің отындары су болып, шай қайната алмай отыр екен. — Жәміш деген қыз баланың үйі қайсы? — дейді жолаушы. -Анау жотаның үстіндегі үй, — деп көрсетіп жібереді. Жолаушы сол үйге барып түседі. Шайы қайнап, тамағы пісіп тұр екен. Мұны көріп отырған қонақ жетім баланы шақырып алып: -Қызым, сен ақылды бала екенсің, алдыңнан жарылқасын! — деп батасын беріпті.


Жазылым.

Басты кейіпкердің адами құндылық қасиеттерін сипаттап, мәтіннен дәлел келтіре отырып және өз көзқарасыңызды ұсынып эссе жазыңыз.

Тілдік бағдар

Берілген сөздерден шартты рай тұлғалы етістік жасап, сөйлем құраңыз.

Болыпты, келеді, қалған екен, түседі.



Балл қою кестесі

Дағдылар

Тапсырмалар

Балы

Бал шкаласы

1.

Тыңдалым

3 сұраққа жауап беру

0,5

2.

Айтылым

Диалогке түсу

0,5

3.

Оқылым

1-тапсырма

2-тапсырма

0,5

0,5


6

4.

Жазылым

Эссе

2

12


5.

Тілдік бағдар

1-тапсырма

1-тапсырма


0,5

0,5

6





30









Shape1





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ