Материалдар / Қазақ тілінен жаңартылған бағдарлама бойынша үздік ашық сабақ жоспары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақ тілінен жаңартылған бағдарлама бойынша үздік ашық сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңартылған бағдарлама бойынша үздік ашқы сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Маусым 2019
2373
6 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы:

Сүт өнімдерінің пайдасы

Мұғалімнің аты-жөні: Дадашева Г.

Күні: 04.03.2019 ж.

СЫНЫП: 7 «Ә»


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

7.Т/А3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу. Өз ойларын еркін жеткізе білу.


Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Үлестірме қағаздарды сыныптасының көмегі арқылы жүзеге асырады.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен өз бетінше жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. Үлестірме қағаздар бойынша өзінің де жұмысын орындайды сыныптасына да көмектесіп үлгереді.

Табыс критерийі

1. Үй тапсырмасы бойынша демеулік шылауларды шығармалардан таба біледі.

2. Жаңа сабақ бойынша сүт өнімдерінің пайдасы жайлы жан-жақты білетін болады.

3. Оқылым бойынша айранның пайдасын біледі, «ТВ шоу» әдісі арқылы интервью беруге қалыптасады. Өздерін журналист және академик сезінуге мүмкіндік алады.

4. Жазылым бойынша сүттің адам ағзасына пайдасы жайлы жаңа мәліметпен танысады, өз көзқарастарын білде алады.

5. Тыңдалым және айтылым бойынша дәм сезуге байланысты сөздерді таба біледі, өз көзқарасын айта біледі.

6. Әдеби тіл нормалары бойынша одағай жайлы ережемен және оның түрлерімен танысады, мысал келтіреді, одағайды қатыстырып сөйлем құрай біледі.

7. Сұхбат айдары бойынша қымыз жайлы ойларын жинақтап бір-бірімен диалогқа түседі. Одағайды сөйлемде дұрыс пайдалана біледі.

8. Үйге берілетін тапсырма бойынша түрлі көңіл-күйге байланысты одағайларды сөйлемде дұрыс қолдана біледі.

Тілдік құзіреттілік

Сүт өнімдерінің пайдасы, айран, дәрумен, сүт, одағай, қымыз, пайда, денсаулық.

Ресурстар

Ереже кестесі, оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс парақшасы, стикер, бағалау парақшасы, тақырыптық слайдтар.

Әдіс-тәсілдер

Топтасайық, досқа тілек, көрінбейтін сыйлық, сұрақ-жауап, суреттер сөйлейді, ТВ шоу, өз ойыңмен жалғастыр, әңгімелеу, түсіндіру, сүхбат, рефлексия, БББ, мадақтау, жасанды отшашу.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, биология

Алдыңғы оқу

Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі

Сабақтың жоспары

Жоспар-ланған уақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Ресурстар

Бас-талуы

5 минут

Топқа бөлу

Оқушыларға түрлі-түсті гүлдердің суреті бар кеспе қағаздарды үлестіріп сол гүлдердің түсіне қарай топтастырып отырғызу.

1-топ «Зеректер»

2-топ «Алғырлар»


3-топ «Данышпандар»

4-топ «Білгірлер»


Ынтымақтастық қалыптастыру

Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы тұрып гүл суреті бар кеспе қағаздарын ұсына отырып сыныптасына жақсы тілек айтады және ауаны тіле отырып өздері сыйлағысы келген заттың суретін салып сыныптасына көрінбейтін сыйлық сыйлайды.


Ережемен және бағалау парақшасымен таныстыру

ЕРЕЖЕ

1. Тәртіп сақтау

2. Ұйымшыл болу

3. Бір-бірімізді тыңдау

4. Топ мүшелерімен бірлесе отырып шешім шығару

5. Жетістікке жету үшін әрекет ету

6. Тапсырманы сапалы орындау

7. Қорытынды жасау.

8. Уақытты тиімді пайдалану

9. Пікір білдіргенді тақырып бойынша өз ойын еркін айту


Р

Топтың аты

Үй тапсыр-масы

Оқы-лым

Жа-зы-лым

Тыңдалым және айты-лым

Әде-би тіл нор-мала-ры

Сұх-бат

Қо-ры-тын-ды

1

Зеректер








2

Алғырлар








3

Данышпандар








4

Білгірлер









Қ/с

Бағалау өлшемдері

1

Ережеге бағыну

1

Тапсырманың сапалы болуы

2

ТВ шоу-да өздерін еркін ұстау және тақырыпты меңгергенін білдіруі

3

Қатесіз жазу

4

Тақырыпқа байланысты мол мәлімет білуі және өз көзқарастарын білдіре алуы

5

Әдеби тіл нормалары бойынша ережені меңгеруі

6

Сұхбат барысында одағайды дұрыс қолдана алуы

Үй тапсырмасы бойынша «Қазақ әдебиеті» пәнінінен өткен шығармалардан демеулік шылаулары бар мысалдарды тауып келу болатын. Оқушыларды жеке-жеке оқыту.



Барлық топты «Жарайсыңдар!», «Керемет!», «Тамаша!», «Өте жақсы!» деген пікірлер арқылы



ынталандырып

отырамын.



Сабақ барысында әр дұрыс тапсырма үшін әр оқушыға қиықша үлестіріп отырамын және сол топтың аты жазылған орынға бір таяқша белгілеп отырамын. Және сабақ соңында ұпай саны жоғары топ жеңіске жететінін ескертемін.



















































Қиықшалар арқылы ұпайын шығару























































Жаңа білім

10 минут







Жаңа сабақтың тақырыбын ашу

«Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы оқушыларға сүт өнімдерінің суреттерін көрсете отырып жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырамын.



Білу және түсіну Оқылым

1-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұны бойынша бірнеше сұрақ дайындау.

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Оқылым мәтіні Айранның пайдасы

Айран – сүттен жасалатын тағам. Оның адам ағзасына пайдасы зор. Тамақтан уланған кезде айранды қолануға болады. Айран ағзаны тазартып қана қоймай, өзінің дәрумендерімен емдеп жазады. Адамның ауруға қарсы тұру қабілетін көтереді.

Айранның құрамы сүтке ұқсағанымен, ұйытылған соң пайдалы дәрумендерінің саны анағұрлым арта түседі. Айранның қасиетін қазақ бұрыннан біліп, кешкі астан соң міндетті түрде бір кесе айран тұтынған. Бұл асты қорытуға көмегін тигізеді. Қонаққа да кез келген тағаммен бірге айран ұсынған. Осылайша қазақтың дастарханынан айран үзілмей келеді. Ұзақ жолға да айран алып шаққан. Себебі ол шөл қандырады әрі тойымды тамақ.

Ғалымдар аты жаман ауруларды да осы айран емдегенін айтады. Емдік қасиеті мол бұл сусынды жақтырмайтын адам ағзасы жоқ. Ал сүтті ұнатпайтын адамдар кездеседі. Себебі олардың ағзасы сүт құрамында кездесетін «лактоза» деген элементті қорыта алмайды. Салдарынан іште дисбактериоз сияқты ауру пайда болады. Ал айранның мұндай реакциясы мүлдем жоқ. Қайта мұны ішкен адам әлденіп, қауқары арта түседі. Айран құрамындағы калий мен кальций, Д дәрумені сүйектің беріктігін қатайтып, бұлшық еттерді нығайтады. Бұл аз десеңіз, асқазан жолдарын емдеп, ішек ауруларын жазады. Көздің көру қабілетін арттырады. Құрамындағы А дәрумені тері қабатының жұмсақ әрі әдемі болуына жағдай жасайды. Ал фосфор түрлі инфекциялардың алдын алып, жұқпалы дерттен сақтайды.



«ТВ шоу» әдісі бойынша оқылым мәтінен алған мәліметтері арқылы бірі журналист бірі тағамтану академиясының академигі болып шағын бағдарлама жасайды.





Қиықшалар арқылы ұпайын шығару





























































































Оқушылардың сұрақтары мен жауаптарына қарай «Басбармақ» әдісі арқылы мадақтап, ТВ шоуға шыққан әр оқушының тобының аты жазылған жерге бір таяқша белгілеймін және өздеріне бір-бір қиықша үлестіремін.





































































Ортасы

20 минут













Қолдану Жазылым

2-тапсырма Мәтінді өз көзқарастары бойынша жалғастырып жазуға тапсырма беру.

Жазылым мәтіні

Сүт – ағзаның дамуын ұзақ уақыт бойы қамтамасыз ететін құнарлы табиғи азық. Адам сүтті нанмен қатар бес мың жылдан аса уақыт бойы тұтынып келеді. Академик И.П.Павлов сүтті «табиғаттың өзі дайындаған тағам» деп атады.

Себебі...

(Оқушылар өз ойлары бойынша мәтінді жалғастырып жазады және оқиды.)



Талдау

Тыңдалым мәтінінен дәм сезуге байланысты сөздерді тауып, аспаздың сөзіне қатысты өз көзқарастарын жазуға тапсырма беремін.

Тыңдалым мәтіні
Бірде композитор, суретші және аспаз өзара адам сезіміне кімнің күшті әсер ететіні туралы айтысыпты...
Аспаздың кезегі келгенде: “Менің қолымда не әуен, не сан алуан бояу жоқ. Бірақ адамның дәмдік сезімдеріне әсер ету арқылы адам өміріне ләззат сыйлайтыныма сенемін”, - деген екен.





Әдеби тіл нормалары бойынша Одағайды слайдтар арқылы түсіндіремін.

Тілімізде адам сезімінің алуан түрлі күйін білдіретін сөздер болады. Айталық, қуанғанда, ренжігенде, қорыққанда, белгілі бір сөздерді қолданамыз. Мысалы: Ау, қайдан келесің? Пай-пай, жүйрігін-ай! Бәрекелді, нағыз азамат осындай болар! Е-е, қарағым-ай, бізде қайбір ес қалды дейсің? Деген сөздердегі ау, пай-пай, бәрекелді, е-е деген одағайлар үйреншікті дағдыға айналғандықтан, жұрттың бәріне түсінікті болып кеткен.

Сөйлемде одағайлар басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, оқшау айтылады. Сондықтан да одағай сөйлем мүшесі бола алмайды. Тек қосымшалар қабылдаған жағдайда ғана белгілі бір сөз табына айналып, сөйлем мүшесінің қызметін атқара алады. Мысалы: Отырса, тұрса, ойбайы аузынан түспейді. Бұл сөйлемде одағай заттанып бастауыш қызметін атқарып тұр. Сәлден соң досым аһлап-үһлеп мазасыздана бастады. Мұнда одағай етіскке айналып, пысықтауыш қызметін атқарып тұр.

Жұптық жұмыс

Оқушыларды жұптастырып, кеспе қағаздарын таратамын. Сөйлемдердегі бос орынға тиісті одағайды тауып қою керек екенін түсіндіремін.

1. Бүгінгі дос – ертең жау, мен не қылдым, япырмау?!

2. Түу, бауырын сағынып қалыпты ғой! 

3. Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндерін-ай! 

4. Уау, жігіттер-ау, бұл қалай болғаны?

5. Е-е, қарағым, бізде қайбір ес қалды дейсің?

6. Япырмау, сен өзіміздің жәмиласың ба?





Сұхбат

Өлең жолдарын пайдаланып, өзара сұхбат құруға тапсырма беремін. Қымыздың дәміне сүйсінгенде немесе ашырқанғанда қолданылатын одағайларды қатыстыру керек екенін ескертемін.



Биенің сүті сары бал –
Қымыздан асқан дəм бар ма?!
(Ақтамберді жырау)
Үйірілген сары алтындай сары қымыз,
Ауруға – ем, сауға – қуат дәрі қымыз.
Елімнің баяғыдан сүйген асы,
Шығаршы тағы нең бар кәрі қымыз?
(Жамбыл Жабаев)

Өз ойын еркін жеткізуін, қатесіз жазуын ескере отырып оқушылардың әрқайсысына қиықша үлестіріп, тобының аты жазылған жерге бір таяқша белгі қойып отырамын.

Өз ойын еркін жеткізген оқушылардың әрқайсысына қиықша үлестіріп, тобының аты жазылған жерге бір таяқша белгі қойып отырамын.













Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!