Материалдар / Қазақ ұлттық кәсіби театр өнері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ ұлттық кәсіби театр өнері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ 10 сынып оқушыларына арналған. Кәсіби ұлттық театр өнерінің даму жолы, театрдың алғашқы қарлығаштары естеліктер, өнерлерін зерделеу, насихаттау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қырқүйек 2021
883
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні:

Қазақстан тарихы

Тобы:

145, 146 топтар (1 курстар)

Уақыты:


Сабақтың тақырыбы:

Қазақ ұлттық театр өнері

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) ақпараттық құзыреттілік

Ә) коммуникативтік құзыреттілік

Б) проблеманы шешу құзыреттілігі



Ақпарат көздері арқылы әр түрлі жанрдағы ұлттық театр өнерін көрсету, насихаттау, театр тарихтарымен танысу


Алған білімдерін ауызша, жазбаша тілде пайдалануын қалыптастыру


Шығармашылық тапсырмалар арқылы білімдерін жүйелеуге дағдыландыру.

Сабақтың типі:

Сабақтан тыс

Сабақтың әдісі:

сөздік, көрнекілік, практикалық, топтық жұмыс, көркемдеп оқу әдісі


Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

АКТ, ұжымдық және топтық оқыту, дамыта оқыту

Пәнаралық байланыс:

Мәнерлеп оқу, қазақ халық ауыз әдебиеті, мәдениеттану, театр тарихы

Оқыту құралдары:

Слайд, проектор, «Мәнерлеп оқу» көмекші құрал

Сабақтың барысы:

Оқытушының қызметі

Студенттің қызметі

Күтілетін нәтиже


І. Ұйымдастыру бөлімі

Студенттермен амандасу, аудитория тазалығын тексеру, топты түгендеу

Оқытушымен амандасады

Оқытушы мен оқушылар арасында қарым- қатынас орнайды.

ІІ. Үй тапсырмасы тексеру


Сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасы тексеріледі:

  1. Қазіргі қазақ кәсіби театрының тарихы қай кезеңнен басталды?












  1. Мәнерлеп оқу материалы бойынша алдын-ала жүргізілетін жұмыстар

Берілген сұрақтарға жауап беру арқылы үй тапсырмасын орындау деңгейлерін көрсетеді.

1) 1859 жылы Оралда, 1869 жылы Орынборда, 1875 жылы Омбыда орыс драма театрларының негізі қаланып, жұмыс істей бастады. 1890 жылы Семей қаласында “Музыка мен драмалық өнер әуесқойларының қоғамы” ұйымдастырылды.


2) Балалар алдында мәнерлеп оқудың үлгісін көрсету үшін алдымен іштей бір оқып алады.

Мәтіннің мазмұн-мағынасына сай қай жерге логикалық кідіріс, психологиялық кідіріс, грамматикалық кідірістер жасау керегін белгілеп алады.

а) Логикалық кідірістер қойып оқуға құстардың ақылдасу сөздері, келісімге келген жерін оқу;

ә) Психологиялық кідірістерді құсбегінің жүгіріп келе жатып ойлаған ойын, қарға мен көгершіннің сөздерін оқу кезінде қою;

б) грамматикалық кідірістерді тиісті тыныс белгілерінің мағыналарына қарай отырып дұрыс қоя білуді қамтамасыз ету.

Ертегінің ішінде балаларға түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерін теріп жазып түсіндіру үшін сөздік жүргізу.

19- ғасырдың 2- жартысындағы қазақ кәсіби театр туралы білімдерін ортаға салады.






Мәнерлеп оқу материалы бойынша алдын- ала жүргізілетін жұмыстарды ажыратады.

ІІІ. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық

Қазақ ұлттық сахналық өнерінің алғашқы қарлығаштары












Ұлттық сахна қарлығаштары деректі фильмін көреді.

Әшірбек Сығайдың еңбектерімен танысады.

Қойылымның мазмұнымен танысады.

Жанр түріне ажыратады.

ІҮ. Жаңа материалды меңгерту












1 тапсырма


Театрдың тууы, тұңғыш спектакльдер, репертуар және режиссура мәселелерін талдау






































  1. Тапсырма


Қазақ кәсіби театр өнерінің алғашқы қарлығаштары Елубай Өмірзақов пен Қапан Бадыровтың өнерін, өмір жолын талдау, зерделу.





1 топ


1926 жылы қаңтарда ресми түрде ашылған тұңғыш ұлт театрына байланысты кезінде шым-шытырық талас-пікірлердің көп болғаны мәлім. Олардың көбісі тоталитарлық жүйенің қолдан жасалған теріс саясатынан туған. Архив материалдары мен театрдың негізін қалаған ерекше талант иелерінің ауыз екі сөздерінен, естеліктерінен жиналған деректердің бәрі де бізге таныс болса да, оларды қайтадан айтып жатуды қажет санамадық. Алайда, қазақ театрының тұтас даму бағытын бағдарлаған М.Әуезовтің театрлық һәм эстетикалық ойларын айқындамас бұрын басқалардың тұжырымдарына жол-жөнекей тоқтала кеткенді жөн көрдік.


Ұлт театры туралы С.Сәдуақасовтың жасаған ұсыныстары мен ойлары «Еңбекші қазақ» газетінің 1925 жылғы 26, 29 қазандағы сандарында, 1926 жылы Қызылорда қаласында басылып шыққан «Ұлт театры» деген кітапшасында жарияланған. С.Сәдуақасов өзінің баяндамасында, онан кейін жарияланған мақалаларында болашақ қазақ театрының даму жолын, ұлттық ерекшелігін, шығармалық келбетін негізінен дұрыс анықтаған.


Театрдың алғашқы даму кезеңінде С.Сәдуақасов алдымен репертуар мәселесіне мейлінше көңіл бөледі. Труппалар сахнасында ойналып жүрген М.Әуезовтің «Еңлік -Кебек», «Бәйбіше - тоқал», ЖАймауытовтың «Шернияз», «Қанапия - Шарбану», Қ.Кемеңгеровтің «Алтын сақина», Ж.Шаниннің «Арқалық батыр» сияқты пьесаларының ойнауға жарайтындығын дәлелдеп, бұлардың арасынан «Еңлік - Кебек» пьесасының көркемдік шоқтығының биіктігін атап көрсетеді. Сонымен бірге театр мен жазушының шығармашылық ынтымағынан жақсы дүние туатынын, қазақ тарихынан драмалық шығармаларға қажетті материалдардың мол табылатынын ескертеді. «Қазақ жастарының тұрмысы, әйел теңдігі, төңкеріс заманындағы оқиғалар, 16-жыл, шәкірт өмірі, мұғалім тұрмысы, ұлт мәселесі, бай-кедей арасы - осының бәрі жазушыны күтіп отыр»,- деп сол уақыттағы өмір болмысының іргелі мәселелерін қозғайтын пьесалар жазуға кеңес береді.






Орынбордың халық ағарту институты жанындағы драмалық көркем үйірмесінде тәрбиеленген Елубай Өмірзақов пен Қапан Бадыров ұжымның белді де беделді мүшелеріне айналып, өмірлерін өнер жолына бағыштайды.


Елубай Өмірзақов (1899-1974) - жасынан өнерге бейім, ел арасында домбырамен өлең айтып, ән шырқаған, күлдіргіш, сауыққой, халық шығармашылығының бай мұрасынан сусындап өскен шебер. Ол өнер-білімге, бақытты өмірге, шығармалық өмірдің қызығына өзінің тума талантының, артистік қызметінің арқасында ғана жетті. 1919 жылы ауылдан Қостанайға келіп, мұғалімдік курста оқып жүргенде-ақ спектакльдерде рольдер ойнап, көркем үйірме басқарады. Жангелдин отрядындағы «Қызыл керуен» труппасына кіріп, оның жетекші өнерпазының бірі болады. Сол кезде-ақ Е.Өмірзақов басқасын айтпағанның өзінде, еңкейген шал мен бүкшеңдеген кемпірлердің рөлін тамаша ойнап, табиғи дарындылығымен танылғанды. 1923 жылы Орынбордағы Халық ағарту институтына оқуға түскенде де сахналық өнерге жіті араласып, сол уақыттағы мәдени қауымның мақтанышына айналады.


Е.Өмірзақовтың театрға келген күннен бастап, әрбір шығармалық қадамын бақылап, ойнаған рольдерін талдаған М.Әуезов оның актерлік шеберлігі туралы: «...Шынында сол аталған рольдердің ешқайсысын құр сертпен, актерлік техникамен, механикалық машықпен ойнаған Елубайдың көркемдігі шыншылдығында. Өне бойымен сол рольге құлап түсіп, сүңгіп кетіп, тұтана өртене жүріп, жалындай жана ойнайды. Шоқтай жарқыраған ашық жарқындығы бар, көрушіге бар тыныс сезілетіндей бусанып тұрған шындығы бар ойын. Мұның қуаты - ішкі қуат. Станиславский айтатын ішкі сарай (нутро), одан ары барсақ зауық (вдохновение). Елубай — көбінесе осы шыншылдық, ішкі сарай және зауықпен ойнайтын актер. Ойнайтын кейпінің көбін кей жерде бел ақылмен саралап, әуелі миына қондырып-aп, содан барып сылбыр жүріп, төкпектей шауып, итжандылықпен алмайды. Жарық берумен, шарқ ұрумен, тұтаса, ұласа шыққан ішкі-тысқы екпін серпінмен қаршығаша бір-ақ іледі. Бұл ерекшелігі Елубайдың жүре актер болуынан гөрі туа актер болуы басымырақ (самородок) екендігін дәлелдейтін сияқты», - деген тамаша анықтамасы актерлердің шеберлік даралығын барынша дәл суреттеген театртанушылық үлгі. Станиславскийдің терминдерін орнымен қолдана отырып, ол актер өнерінің өзіне ғана тән бедерін, басқаға ұқсамайтын бейнелеу мен ізденіс тәсілін көрегендікпен тауып айтқан. Мына анықтамада Елубайдың он жылдық шығармалық жолынан ғана туған ғылыми әңгіме емес, оның бүкіл актерлік ғұмырын сипаттайтын терең ой-тұжырым жатыр.


Қапан Бадыров (1904) драмалық өнермен ауыл мектебінде оқып жүрген кезінде араласа бастайды. Кейін Орынборға оқуға келгенде де драмалық үйірмелерге қатысып, рольдер ойнайды. Мұнан басқа өнердің түрімен айналыспаған Қ.Бадыровтың басқалардан бір артықшылығы - театрдың шежіресін жасауында. Біреудің ақылымен немесе өзінің ықпалымен істесе де ол ұлттық театр құрылған күнінен бастап күнделік жүргізіп отырған. Спектакльдің қойылу күндері, ойнаған актерлер, тіпті кімді қай сахнада кім ауыстырған, кысқасы, театрдың барлық шежіресі, барлық деректері осы кісінің қолында болған. Оны театр тарихшыларының таптырмас көмекшісі десе де болатындай. М.Әуезов өзі қазақшаға аударған немесе жөндеген пьесаларының мәтіндерін салыстырып оқуда үнемі Қ.Бадыровтың көмегіне сүйеніп отыруы оның осы ұқыптылығын көрсетсе керек. Баспадан 1942 жылы шыққан «Абай жолы» романының бірінші кітабына жазушы: «Құрметті Қапанға - көп жылдық көп еңбекті бірге кешкендік белгісіне» десе, екінші кітабына: «Үлкен-үлкен сындарда өнері мен өнімі көп, бергені бекем болса да, әлі талай берері көп, сенімді күш иесі, ойлы, жақсы Қапанға» деген келісті авторлық қолтаңбамен актерге ұсынуы да жақын шығармашылық қарым-қатынастың сипаты. Қарт актер осындай ұлы адаммен, данышпан жанмен қатар жүріп, шығармашылық пікірлес болғанын мақтаныш тұтады.


Әрбір топ өздеріне берілген тақырыптарды қорғайды.









Сан алуан тақырыптағы артистердің жазылған дауыстарын мәнерлеп оқып, өлең құрылысына талдайды.














Артистердің репертуарлындағы кейіпкерлердің дауысын нақышына келтіріп орындайды, мәтінге композициялық талдау жасайды.

























Әрбір топ кейіпкерлердің рөлдерін бөліп оқиды.













ҮІ. Үйге тапсырма. Қорытындылау.

  1. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 20 ғасырдың ортасындағы артисттік құрамын іздеу, мағмұмат беру;

  2. КСРО халық артисттерінің рөлідерін қарау, кейіпкер шығару.


Үй тапсырмасын мұқият жазып алады.


Сабақтан алған білімдерін жүйелейді



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!