Материалдар / Қазақ ұлттық киімінің физикасы 8 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ ұлттық киімінің физикасы 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
физика пәнінің мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Маусым 2019
784
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Қазақ ұлттық киімінің физикасы

Мақсаты: мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде халықтық педагогикалық асыл мұраларын кең қолдану . Ұлттық мектептердің қай-қайсысында болса да , ана тілімен қатар сол халықтың рухы , өніп-өсу тарихы ,әдет-ғұрпы, тұрмыс-салты,елдің дәстүрлері жайында білу.

Күтілетін нәтиже

Біріншіден, ел-жұртының мұралық артықшылығын, оның ежелден ақылмен тұрмыс құруға бейімділігін көрсету арқылы оқушының тұлғасында ұлтжандық, патриоттық сезім қалыптастыруды қамтиды.

Екіншіден, оқушылардың сөз қорын арттырып, тіл дамытушылық қызметін арқарады.

Үшіншіден, педагогикалық үрдісті гуманизациялау әрекетін арттырады.

Төртіншіден, табиғат заңдылықтарын біліп олармен тұрмыс-тіршілікте санасу жолдарын ашу қазіргі экологиялық қауіптің төнген кезінде мәнді қажеттілік,

Бесіншіден, ізденісті-зерттеушілік іс-әрекетін қолданған сабақ сәті оқушының ізденіс талдау жасау, логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытуға сеп болады.

Алтыншыдан, оқушылар поэтикалық және прозалық көркем шығармаларды оқығанда физикалық құбылыстарды, заңдарды тауып пәндік білімдерін пысықтайды.

Сабақтың көрнекілігі: қазақтың ұлттық киімдері: түлкішек, қасқыр, тон т.б. сыртқы жүн киімдердің жүнімен ішке қаратып тігілуі, бас киімдер, қыздардың өңіржиегі немесе алқасы, ерлердің жалпақ жиекті қалпағы.

Жоспары:

  1. Ұлттық киім физикасымен таныстыру

  2. Абайдың өлең жолдары «Ескілік киім»

  3. Физика сабағында ұлттық киімдердің ерекшеліктері туралы материалды қолданудың кейбір мысалдарын ұсыну

  4. Физиканың қазақтың ұлттық өнерімен байланысы

Инфрақызыл, ультракүлгін, рентген сәулелері атты тақырыпты өткенде оқушыларды жаулықтың физикалық мағынасымен танысады.

Жаулық екі бөліктен тұрады-астыңғы, тікелей басқа киілетін бөлігі- кимешек, екіншісі, үстіңгі- шалма пішінде.Екі бөлігі де ақ матадан тігіледі.Ақ матаның жарық сәулесін шағылту қабілеті өте жоғары : қара матадан 13 есе, сары, көгілдір түсті матадан – 2,5 есе артық.Ежелден қазақ халқы көшпелі халық болғандықтан уақытының көбін ашық аспан астында өткізеді.Ал, күн сәулесінің ультракүлгін бөлігі атмосфераның жоғары қабаттарында нашар жұтылатындықтан адам ағзасына елеулі әсер етеді: мөлшері нормадан асса әсері денсаулыққа қауіпті.Ал ақ жаулық қазақ әйелдерінің басын, арқасын(омыртқа, жұлын), кеудесін атмосферадағы түрлі сәулелердің, магнит, электр өрістерінің, жылу алмасуының т.с.с зиянды әсерінен қорғайды.

Қазақ халқы қашан да болса бас киімге көп көңіл бөлген: бесік жасты баладан бастап әр жас кезеніңе, жынысына байланысты түрлі бас киім үлгісі, материалы туралы осы жерде айтып кетуге болады.

Бас киімдер(тақия, бөрік, сәукеле, тымақ т.с.с.) шошақ болады және үнемі киіледі

Адамның төбесімен бас киімнің арасында ауа жиналады.Ал ауа қабаты жылу изоляторының қызметін атқарады.

Метеоқорғаныс.



Физика сабағында ұлттық киімдердің ерекшеліктері туралы материалдары қолданудың кейбір мысалдары:

Қазақ ұлттық киімдер

Физикалық түсіндірме

Түлкішек, қасқыр тон т.б. сыртқы жүн киімдердің жүнімен ішке қаратып тігілуі

Адам денесінің жылуы жүн талшықтарының арасындағы ауаның жылу өтімділігінің төмен дәрежеде болуының арқасында сақталады

Қыздардың өңіржиегі немесе алқасы

Бұл қыздардың кеуделік әшекейлері күмістен, асыл тастардан жасалып күн сәулелерін (соның ішінде аса зиянды ультракүлгін, инфрақызыл сәулелерін) шағылту қызметін атқарады

Ерлердің жалпақ жиекті қалпағы

Қалпақтың жиектері адам көзін, бетін күн сәулесінің тура түсуінен қорғайды

Тон қабаттап кигенім – шидем шекпен,-

Жылу өтімділігі ұғымы тұрғысынан: қабат-қабат киілген киімдердің арасында ауа болады, ол өте жақсы жылу изоляторы болып табылады, өйткені ауаның жылу өтімділігі, басқа заттарға қарағанда аз.

Жейде – дамбал ақ саннан, жарғақ шалбар,- “Қатты денелердің механикалық қасиеттері”тақырыбы бойынша арнайы илеп жұмсатқан ( Үйкеліс құбылысымен жағымсыз жағдайда күресу) мал терісінен тігілген шалбар (жарғақ шалбар) берік (“Заттың беріктік шегі”) және жел өткізбейтін жылы болады.

Жырым балақ, матамен әдіптеткен,- балақтарды жеңдердің беріктік шегін арттыруға шүберекпен арнайы әдіптейді. Беріктік шегі максималды мәніне жеткенде ғана мата жыртылады.

Мықшима аяғымда былғары етік,- мықшима – етіктің аяққа ыңғайлығын ( заттың серпімділк қасиеті бұл жерде жүргенде артық күш жұмсауға сеп) және беріктігін ( механикалық қасиеттері) көздейтін пішіні .

Киіз байпақ тоңдырмас ызғар өтіп,- киіз сабалап біріктірген жүн , бірақ қандай сабаласа да оның талшықтарының арасында бірталай ауа болады. Ал ауаның жылу сақтау қасиеті жылу өтімділігінің шамасымен түсіндірілетіні туралы жоғарыда айтылды. Онымен қоймай, киіз жеке талшықтардан тұрғандықтан оңай деформацияланып, адамның аяғының қалыпына түседі, яғни аяққа түсер қысымды кемітеді. Сондықтан киіз байпақ әрі жылы, әрі жұмсақ аяқ киім.

Үлкен кісе белімде жез салдырған,-

Шақпағым дәндәкуім жарқ- жұрқ етіп.

Ол кездегі қазақтың ер азаматы аттың үстінде көп уақыт өткізгендігіне байланысты белбеудің бел омыртқасына бекіткіш мәні мұқият ескеріледі және оның беріктігі, ені сол мәніне сәйкес болады. Жезді беріктік шегін арттыруға және әшекейлеуге салдырады. Бұл белбеуге түрлі қажеттікке жарататын қалталар ілінеді.

Қорытынды:Біздің бабаларымыздың әрі әдемі, әрі жылы, әрі жүріс- тұрысқа қолайлы киінуге ақылы жеткен.Киімдерді тігуге мал терісі, құстың, қой, түйенің жүні сияқты табиғи материалдарды қолданған, яғни денсаулыққа зиян келтіретін( капрон, лапсан) қоспалары жоқ.







Қолданылған әдебиеттер:

  1. Ғалимбаева А. Қазақ ұлттық киімдері. Алматы: Жалын, 1976ж.

  2. Құнанбаев А. Қалын елім қазағым...Шығармалары. Алматы: Жалын, 1995ж.

  3. Енохович А.С. Справочник по физике и технике. Москва: Просвещение, 1983г.

  4. Казахи Ист.- этнографическое исследование. Алматы: Казахстан, 1995ж.

  5. Қазақ тілінің түсіндірме сөздіктері. Алматы: Ғылым, 1979.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!