Материалдар / Қазақша модальдық етістіктер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақша модальдық етістіктер

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақша модальдық етістік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қазан 2024
80
0 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ағылшын тілінде модальдық етістіктердің көптеген түрлері бар. Олар can (could), to be able to, may (might), to have to (had to), must, to be to, should, would, ought to, need.

Модальдық етістіктер өздері жеке қолданылмайды, тек мағыналық етістіктермен қолданылады. Олар істің мүмкіндігін, міндеттілігін, ықтималдылығын, қажеттілігін, керектілігін көрсетеді.

Мысалы: You must do that. – Сіз мұны істеуге міндеттісіз.

                 You may do that. – Сіз мұны мүмкіндігіңіз болса істеңіз.

Can (could)

Физикалық немесе ойлай қабілетіне байланысты іс-әрекетті орындай алу. Мысалы: I can read and speak English. – Мен ағылшын тілінде оқи және сөйлей аламын (басқа тілдерді оқуға мүмкіншілігім, қабілетім бар).

Сұраулы сөйлемде: Can I read?

Болымсыз сөйлемде: I can not read.

Өткен шақта could қолданылады: He could speak French. – Ол французша сөйлей алатын.

to be able to

Модальдық етістіктер жеткіліксіз болғандықтан, синонимдік оралымдар қолданылады. Can етістігінің синонимдік оралымы to be able to болып табылады. Can — мүмкіншілікті жалпы білдіреді, ал to be able to – белгілі бір нақты жағдайда, белгілі бір уақытта іс-әрекетті мүмкіншілігінше орындау: I can play football, but I am not able to play now, I don’t feel well.

may (might)

(мүмкін, бәлкім)

May модальдық етістігін істі таңдауға мүмкіндік болған жағдайда қолданады. Бір істі істеуге рұқсат етілетінін, мүмкін екенін көрсету үшін қолданылады: You may go there. – Сіздің онда баруыңызға болады. It may rain today. – Мүмкін, бүгін жаңбыр жауар.

Болымсыз түрде жауап беру іс-әрекетті істеуге рұқсат етілмейтін көрсетеді, бірақ қатал түрде емес: May I go there? – No, you may not.

Өткен шақта might қолданылады, бірақ төлеу сөзде ғана.

must

тиісті (міндетті түрде)

Бұл модальдық етістік субъектің (бастауыш) істі орындамауға мүмкіншілігі болмаса қолданылады. You must go there. – Сіз онда баруға тиістісіз (барғыңыз келе ме, келмей ме біздің онда жұмысымыз жоқ, баруға міндетсіз).

Барлық шақта must өзгермей қалады.

to have to (had to)

тиісті (мәжбүр болу)

Бұл модальдық етістік must етістігін ауыстырады және міндеттілікті білдіреді. I have to go there. – Мен онда баруға тиістімін (баруға мәжбүр болып тұрмын).

Сұраулы сөйлемде: Do/did I have to write?

Болымсыз сөйлемде: I don’t/didn’t write.

Өткен шақта had to қолданылады: He had to make it himself – Ол өзі жасауға тура келді.



to be to

тиісті (уәделескен іс)

to be to модальдық етістігі тиісті уәделескен істі білдіру үшін қолданылады. Мысалы: I am to go there. – Мен онда баруға тиістімін (мен баруға тиістімін, өйткені уәделескенбіз)

shall, should

Shall модальдық етістігі бұйрық беру мағынасында міндеттілікті білдіреді. Мысалы: You shall do this work at once – Сіз бұл жұмысты міндетті түрде дереу істеуіңіз керек.

should модальдық етістігі ақыл, сөгіс, өкініш реңімен міндеттілікті білдіреді. You should enter the institute. – Сіздің институтқа түсуіңіз керек.

ought to

тиісті (борыш, парыз)

Бұл етістік парыз, іс-әрекетті орындау қажеттілігін көрсету үшін қолданылады. Мысалы: You ought to help your friend – Сіз досыңызға көмектескеніңіз жөн.

need

Бір ғана формасы бар. Болымсыз сөйлемде ғана қолданылады және бір істі істеудің керек емес екенін білдіреді: You need’n come so early.- Сізге ерте келудің керегі жоқ.

Бұл етістік сонымен қатар мағыналы етістік ретінде «бір нәрсеге мұқтаж болу» мағынасында қолданылады. Мысалы: He needs a long rest — Оған ұзақ демалыс қажет.

Бекіту жаттығулары

Жаттығу №1

Модальды етістіктерді қойыңыз:

  1. Every night whether it was early or late he … go into his mother’s bedroom and tell her about the interesting things that had happened to him during the day. 2. “Come at once,” he said. “I can’t explain it on the telephone, but you … hear everything directly from me”. 3. … I tell you what I think of that man? 4. Nick was rude to his father. How … he do it! 5. You … not return the magazine to the library tomorrow. They have many other copies. 6. I … watch my step as it was pitch dark. 7. You … have seen the tie he had on! 8. I don’t know what he is doing now. I think he … be sleeping as it is already eleven o’clock.

 

Жаттығу №2

Жақшаны ашып, етістіктерді қажетті формаға қойыңыз:

  1. They must (to have) a holiday for a week now. 2. But I think you might (to tell) us this half an hour ago. 3. You should (to take) my advice and (to go) back home. 4. Judging by the silence the children ought (to play) some absorbing game. 5. He should (to get) back by now. Whatever can (to happen) to him? 6. I didn’t know then that he was (to become) my best friend for many years. 7. The protocols have (to sign) right now. 8. They needn’t (to order) the biscuits. They were quite unnecessary. 9. How dare you (to talk) to me like that! I’m twice as old as you.

 

Жаттығу №3

Сөйлемдерді аударыңыз:

  1. Оның сіздің туған күніңіз туралы ұмытып кетуі мүмкін емес. 2. Қазір жолдан өтуге болмайды. Қызыл шамды көріп тұрған жоқсыз ба? 3. Мүмкін, Ануар оның ренжіп қалғанын түсінбеген шығар. 4. Мен шашымды алғызуым керек және кешкі асқа бір нәрсе алуым керек. 5. Сірә, Генри университетке түсу емтиханына дайындалып жатқан шығар. 6. Сізге өткен аялдамада шығу керек еді. 7. Біз бір сағаттан көп тостық, бірақ найзағай тоқтамай қойды. 8. Оған соншама көп сұрақ қоюдың қажеті жоқ еді, онсыз да бәрі белгілі. 9. Таңғы сағат тоғыз жарымда үйде кім болуы мүмкін еді? 10. Мен оны танымауым да мүмкін еді: біз көп жылдар бойы бір-бірімізді көрмегенбіз.

 

Жаттығу №4

Сөйлемдердің қатесін түзеңіз:

  1. I could have run very fast when I was a boy. 1. Мен бала кезімде өте тез жүгіре алатынмын.

  2. But at last I could persuade him.      2. Ақырында мен оны көндіре алдым.

  3. You must to come in time. 3. Сен уақытында келуің керек.

  4. May I have come in? 4. Кіруіме болады ма?

  5. You might tell me about it earlier. 5. Сен ол туралы маған алдын-ала айтуың керек еді.

  6. 6. I can do it tonight. 6. Мен оны бүгін кешке істей аламын.

  7. 7. Can he know it? 7. Шынымен ол оны білмеген бе?

  8. 8. The children mustn’t have missed the lessons. Балалар сабақтан қалмауы керек.

 

 

Жаттығу №5

Must, can’t модальды етістіктерін қолданып сөйлемді өзгертіңіз:

  1. 1. I’m sure she has gone on holiday. She …must have gone on holiday….

  2. 2. I’m certain he doesn’t know the secret. ………

  3. 3. I’m certain Mike hasn’t got a new car. …………

  4. 4. I’m sure Susan has paid the phone bill. …………………

  5. 5. I’m sure they don’t live here. …………..  

  6. 6. I’m sure they left the party early. ……………….   

  7. 7. I’mcertain he didn’t call me. ………………….. 

  8. 8. I’mcertain Marie sent you a birthday card. ………………..  

  9. 9. I’m sure she has been keeping secrets from me. She……………….  

  10. 10. I’mcertain she is looking for a new job. …………………   



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!