Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Қазақшаңыз қалай?
Материал туралы қысқаша түсінік
Сайыс-сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
02 Қазан 2018
755
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сайыс – сабақ : «Қазақшаңыз қалай?»Мақсаты: қазақ елінің тарихын, салт – дәстүрін, тілін, мәдениетін терең білу, сауатты сөйлеу, өз Отанын сүюге, қорғауға, мәдениетін көтеруге, ұлттық қарым – қатынасты, достықты нығайтуға өз үлесін қосуды, жерін қадірлеп, тілге құрмет ете білуге баулу, эстетикалық, патриоттық тәрбие беру, ойын арқылы оқушының ой – өрісін дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, тіл байлығын жетілдіру. Көрнекілігі: слайдтар, карточка.
Сабақ барысы Зал безендірілген. Жеңіл музыкаойнап тұр.Бастаушы: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді бүгінгі мерекемен құттықтаймыз. Келешекте тілейтініміз: ашық аспан, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, отбастарыңызға береке, елімізге тыныштық. Егеменді, тәуелсіз ел болып еңсемізді көтерген тұста әр саладағы істерімізге жаңаша көзқараспен қарап отырмыз. Соның ішіндегі маңызды саланың бірі - халыққа білім беру саласы. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру, елімізге пайдасы тиер азаматтарды тәрбиелеу – ұстаздар қауымының алдына қойылған ең негізгі міндет. Міне, осының айғағы ретінде осы мереке қарсағында сіздердің назарларыңызға «Қазақшаңыз қалай?» атты сайыс – сабағын ұсынамыз. Оған қатысушылар 9 сынып оқушылары. Енді осы оқушыларды сайысқа шақырайық. (Ортаға 4 жұп оқушы шығады, әр жұпты таныстырып өтеді). Оқушы білімін бағалайтын әділ қазыларды ортаға шақырамыз. (Әділ қазылармен таныстырылады, олар өз орындарына отырады).Ал енді сайысымызды бастаймыз. Сайыс бірнеше бөлімнен тұрады. Әр оқушы қойылған сұрақтьарға білгендері бойынша жауап береді. І тур. «Өзін таныстыру».Әр оқушы өзі туралы мағұлмат беріп, өзін таныстырады. Бастаушы қойған қосымша сұрақтарға жауап береді. ІІ тур. «Қазақстан – тәуелсіз ел».Бастаушы: Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет. Бізде тұрған халықтардың өз ана тілін білуіне көп көңіл бөлінеді. Оларға арналған Ата заңда жеке – жеке баптар бар. (Слайд). Саны аз халықтар өз тілін, дінін, әдет – ғұрпын жоғалтпауға байланысты мемлекетте әр түрлі іс – шаралар жүргізіледі. Олар мемлекет тарапынан қамқорлыққа алынған. Сіздер де әр ұлттың өкілдерісіздер, өз ана тілдерің туралы не білесіңдер? Яғни бірінші сұрақ: Ана тілі дегеніміз не?(Әр оқушы өз ана тілдері туралы айтып береді).Ал енді мына қанатты сөздерге назар аударыңыздар. Осы сөздердің мағынасын қалай түсінеміз? Аударып, өз пікірлеріңізді айтыңыздар. (Оқушылар карточкаға жазылған қанатты сөздерді алып, жұп бойынша өз пікірін білдіреді). Қанатты сөздер: 1.Ана сүті бой өсіреді, 2.Анам берген туған тілім, Ана тілі ой өсіреді. Атам берген құрал тілім.3.Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады.4. Тәрбие басы – тіл, Өнер алды – тіл. Бастаушы: Енді осы айтқан пікірлердің қорытындысын белгілі қазақ ақыны Қадыр Мырза Әлінің:Ана тілің – арың бұл,Ұятың боп тұр бетте.Өзге тілдің бәрін білӨз тіліңді құрметте! – деген өлең жолдарымен аяқтағым келеді. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Ол – халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан – ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады. Қазір қазақ тілі – мемлекеттік тіл, білім ғылымды, техниканы үйрену тілі, мәдениет пен экономиканы дамыту тілі болып отыр. Енді келесі сұрақ: Қазақ тілі туралы не білесіңдер? (Жұптар қазақ тілі туралы өз ойлдарын білдіреді).«Сарыарқа» күйі орындалады. Бастаушы: Халық, оның тарихы, туған жерінің тарихы, тілі, салт – дәстүрі, әдет ғұрпы бір күнде пайда болмайды. Олар ғасырдан – ғасырға, атадан – балаға мирас болып келеді. Сол сияқты ғасырдан ғасырға өз мәдениетін, өнерін, халықтың тарихын сақтап, дамытып, келер ұрпаққа жеткізетін Қазақстанның көне қалалары бар, олар туралы не білесіңдер? (Әр жұп жребийдің көмегімен көне қалалар: Түркістан, Алматы, Қызылжар, Тараз қалалары туралы айтып береді. Тақтада қалалар туралды слайд).Бастаушы: Сүйем сені туған ел – атамекен, Абзал анам сенсің ғой құшағы кең. Жер мен көктің жәннаты – бір өзіңсің Сенен артық не табам, қайда кетем? -деп, ақын ағамыз жырлағандай өз еліміз Қазақстан Республикасы туралы не білеміз?(Слайд, әр жұп өз білгендерін айтады).Бастьаушы: Қазақстан Республикасы – тәуелсіз, егеменді ел болғанына биыл 27 жыл толып отыр. Бұл аз мезгіл емес. Осы мезгіл ішінде Қазақстанның қандай қол жеткен табыстары мен жетістіктері бар? Сол туралы не айта аласыңдар?(Жұптар Астана қаласы, «ЭКСПО -2017», Ата заң, төл теңге туралы айтып береді).Ән «Жаса, Қазақстан» .Бастаушы: Қазақстанның қай түкпірінде де артына өшпес сөз қалдырған, поэзия, драма, проза жарларында халық мұрасын берік сақтаған майталман ақын – жазушыларымыз бар. Міне, солар туралы не білеміз?(Тақтада ақын – жазушылардың портреттері көрсетіледі. Кезекпен жұптар олар туралы айтып береді). ІІІ тур. « Қазақ халқының салт – дәстүрлері».Бастаушы: Ұлттық салт – дәстүрдің тууы ұлттың ұлт болып қалыптасуына байланысты. Қазақтың салт – дәстүрлері – өте көне процесс. Салт – дәстүрлер халықтың тіршілік, кәсібіне, нанымы – сеніміне, өмірге деген көзқарасына байланысты туып, оның озық үлгілері ұрпақтан – ұрпаққа ауысып, өзгеріп, жаңарып, біздің дәуірімізге жеткен. Ендігі сұрақ: Қазақ халқының қандай салт – дәстүрін білесіңдер? Мүмкін болса, түсіндіріп беріңдер.(Жұптар дайындап әкелген салт – дәстүрлерді көрсетіп, айтады).Бастаушы: Ұлттық тағамды даярлау, сыйлы қонағын ұлттық тағаммен сыйлау да ұлттық мақтанышты көрсетеді. Және ол әр ұлттың өзіне тән тағам даярлау ерекшелігінің белгісі болып табылады. Мысалы: өзбек халқы қонағын палаумен сыйласа, қазақ халқы ет асумен ерекшеленеді. Осыған байланысты сұрақ: Қандай ұлттық тағамдарды білесіңдер? Біреуінің даярлау процесін түсіндіріңіздер. (Суреттер бойынша ұлттық тағамдарды таңдап алып, әңгімелеп береді).Ән «Қазақтың дастарханы»Бастаушы: «Өнер алды – қызыл тіл» деп ұққан ата – бабмыз ұрпақ тәрбиесіне ерекше назар аударған, сөйлей білуді үлкен өнер деп санаған. Соған байланысты қазақ халқының тиым сөздері мен әдепті сөздері бар. Оған мынандай мақал – мәтелдер дәлел бола алады: «Сөз сүйектен өтеді», «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Жақсы сөз жан семіртеді», «Тіл – қылыштан өткір». Ендігі сұрақ: Қандай әдепті сөздерді білесіңдер?(Жұптар әдепті сөздерді айтып, аударады).Бастаушы: адамның мәдениеті мен тәрбие деңгейі оның сырт – бейнесінен, киіне білуімен көрінеді. Қоғамның дамуына байланысты киімнің сәні де өзгеріп отырады. Бірақ қай ғасырда болмасын қазақ халқының ұлттық киімдері өте сәнді, өте әсем болған. Олар жергілікті ерекшеліктерге байланысты бейімделіп тігіледі. Енді сұрақ: Қазақ халқының ұлттық киімдері туралы не айтасыңдар?(Оқушылар ұлттық киім туралы айтып, бір – екі үлгісін көрсетеді). Ән «Қазақ қызы»ІV тур. «Ойлан, тап!».Бастаушы: Бұл ойын - тапқырлар ойыны. Төрт жұп жребий бойынша төрт тақырыпты таңдап алады. Олар: мақал – мәтелдер айту, сөзжұмбақ шешу, жаңылтпаш айту, жұмбақ айту. (Жұптар тақырыптарды алып, кезекпен айтады). Бастаушы: Құрметті оқушылар, қонақтар! Сайысымыз осымен аяқталды. Қорытынды сөзді әділ қазыларға береміз. (Әділ қазылар ойынды қорытындылап, жеңген жұпқа грамота мен сыйлық табыс етеді).

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)