Материалдар / Қазақстан 8 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстан 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қаныш Сатбаев туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2024
251
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өтініш

Қатысушының аты-жөні

Саталы Дана Альбертқызы

Жетекшісінің аты-жөні

АбугалиеваАйнурЖусуповна

Облыс, қала, аудан атауы

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ақкөл селосы

Білім беру мекемесінің атауы

Ақкөл жалпы орта мектебі

Сыныбы

8

Байқау атауы

«Үздік ғылыми жоба авторы»

Телефон

87012691241 Abugalieva.aynur@mail.ru

87051998873dana20107atyrau@gmail.com

Ата-анасының аты-жөні

Саталиева Рамилая Турлановна.

Саталиев Альберт.

фото

Shape1















ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Атырау облысы.

Құрманғазы ауданы.Ақкөл жалпы орта мектебі.






ҒЫЛЫМИ ЖОБА








Секциясы:Тарих,Өлкетану,Этномәдениеттану,Құқық.


Тақырыбы:Қазақтың Қанышы-Ұлы тұлға.





Авторы:Саталы Дана Альбертқызы.


Жетекшісі:Абугалиева Айнур Жусуповна











Атырау қаласы

2024


\ МАЗМҰНЫ



Кіріспе:







1.Қаныш Сәтбаевтың өмірбаяны.

1.1.Өмірінің бастауы.


2.Ұлы тұлғаның сара жолы-еңбек жолы.

2.1.Қаныш Сәтбаевтың қазақ өлкесіне қосқан үлестері,еңбектері.


2.2..Есімі ел есінде мәңгі қалар Қаныш Сәтбаев.


2.3.Қызықты деректер.








Қорытынды:


Пайдаланылған әдебиеттер:


Пікір:

















КІРІСПЕ



Ғылыми жобаның жалпы сипаттамасы:Біздің зерттеу нысанамызға алған ғылыми жұмысымыздың тақырыбы «Қазақтың Қанышы-Ұлы тұлға»

Жалпы «Қазақтың Қанышы» атағы атанған қазақтың геологы-Қаныш Сәтбаев ағамызды барлығы тани біледі. Бүгін ғалым, геолог, мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толды. Ол – Қазақстан ғылымындағы геологиялық қызметтің негізін қалаушы, Қазақ ССР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, геологиялық ғылымдар институтын құрушы.

Бұл ғалымның қазақ тарихында алатын орны зор.

Ой-өрісі кең, ғылымның көптеген саласында энциклопедиялық білімі бар, ғылыми қызметті шебер ұйымдастырушы және алдыңғы қатарлы кадрларды тарта білетін адам ретінде Қ.Сәтбаевтың ұлылығы алдымен еліміздің интеллектуалды, ғылыми дамуына бағыт беруінде, қазақстандық қоғамды ағартушылықтан интеллектуалды ғылыми және кәсіби деңгейге көтеруінде. Қ.Сәтбаев басшылығымен жасалған қадамдар халқымыздың, жастарымыз бен еліміздің бүгінгі инновациялық және ғылыми әлеуетінің іргетасын қалады.  

Тақырыптың өзектілігі:

Бүгінде оның еліміздің дамуына үлкен серпін бергені туралы ойлана бермейміз. Алайда өткен ғасырдың отызыншы жылдары Қазақстан сауатты және ағартушылық қоғам болғанымен, кез келген кәсіби инженер кадрларды Ресей немесе Өзбекстан даярлап, ғылыммен Қазақстанға келген мәскеулік немесе ленинградтық ғалымдар ғана айналысты. 

Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан елі мен халқының алдындағы басты еңбегі  – геологиялық зерттеулердің дамуына қосқан зор үлесі. Оның тікелей басшылығымен елімізде ірі мыс және марганец кендерін өндіру жұмыстары басталғаны белгілі. Алайда ең бастысы – Қазақстанның аграрлы-ағартушылықтан сапалы индустриалды-ғылыми интеллектуалды елге айналуына ғалымның қосқан рөлі.  Академик Қаныш Сәтбаевтың баға жетпес үлесі – ғылыми мәдениет пен ғылымда методологиялық әдістерді орнатуы. Бұлар – Қазақстанның ғылыми қызметкерлерінің қазіргі буыны мен ғылымға қызығатын жастар үшін жүйеленген зерттеу жұмысының үлгісі іспеттес.Қазақтың бұл Ұлы тұлғасының туғанына 125 жыл толуына орай оның еліміздің дамуына, ұлттың инновациялық санасының – Рухани жаңғырудың – қалыптасуына қосқан үлесін ерекше атап кеткен жөн!








Ғылыми Жобаның мақсат-міндеттері.Зерттеу жұмысымыздың мақсаты:

Қазақтың геологы,Ұлы тұлға қазақ өлкесінің дамуына зор үлес қосқан

Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмірі мен ғылым жолындағы еңбектерін зерттей отырып ол тұлғаны қазіргі және болашақтағы балалар танып,біліп,мақтан тұта жүретіндей еңбектерін,қазақ еліне деген зор үлесін айқын бейнелеу.

Осы мақсаттарды орындау барысында төмендегі міндеттерді орындау қажет етілді:

-Ұлы Тұлға Қаныш Имантайұлының өмірбаяны мен ғылым жолындағы еңбектерін толығымен зерттеу.

-Неліктен Қазақтың Қанышы атты атақ алғанын толық ашу.

-Қаныш Имантайұлы жайлы қызықты деректер ұсыну.

-Ғалымның басқа да ғылыми салалардың дамуына қосқан үлесіне талду жасау.

-Өзге ғалымдармен Қаныш Сәтбаев арасындағы әнгімеге шолу.

Тақырыптың зерттелу деңгейі:Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың еңбек жолын,айтқан сөздері мен ашқан еңбектерін көптеген басқа да ұлы тұлғалар зерттеген.

Зерттеу обьектісі:

 КСРО Ғылым академиясының академигі Д.И. Щербаков былай деп жазды: «Қ.И. Сәтбаев дұрыс жолды таңдау және белгіленген мақсаттан айнымау қабілеттеріне ие еді.  Қазақстанның шексіз даласында дүниеге келген ол сол қатаң табиғаттың өмір сүру мен жеңіс үшін күрес дағдыларына үйрететін қасиеттерін бойына сіңіре білді. Ол өзінің туған өлкесін сүйе білді, оны жасаған геологиялық үдерістердің қуатына тәнті болып, жер қойнауының шексіз байлығына сенді»


Зерттеудің ғылыми жаңалығы:Қаныш Имантайұлы туралы өз еңбектерінде жаңалық етіп қалдырылған дереккөздер:


1 Академик К.И.Сатпаев., сборник, посвященный памяти выдающегося советского ученого. –  Алма-Ата, 1965. – С.239.

2 Лозовский И.Т., Сипайлов Г.А. Студенческие годы К.Сатпаева в Томске. – Томск: ТПУ, 2019. – С.4.

3 Сарсекеев М. Қазақтың Қанышы.Феномен. – Астана, 2018. – 445 б.

4.Академик К.И.Сатпаев: Из писем и заметок. – Алматы: Атамура, 1998. – С.14



Зерттеудің әдістері:Қаныш Сәтбаев туралы дереккөздері бар мақала,газет,әлеуметтік желі ақпараты,мұғалімнің кеңесі мен кітапханадғы мағлұматтарды пайдалану.


Ғылыми жобаның құрылымы:Ғылыми жұмыс кіріспеден,негізгі бөлім екі тараудан,қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.







































1.Қаныш Сәтбаевтың өмірбаяны.

1.1 ӨМІРІНІҢ БАСТАУЫ:

Picture 1 Академик, геолог және қоғам қайраткері 1899 жылы 12 сәуірде Теңдік ауылынан 1 километр қашықтықтағы Айрық деген жерде дүниеге келді. Бүгінде бұл - Павлодар облысы Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округіндегі Мұса Шорман ауылы.

Дүниеге келген сәбиге Ғабдул-Ғани деген есім берілген. Анасы ұлын еркелетіп Ғани, Ғаныш деп атапты. Артынша баланы барлығы Қаныш деп атай бастаған.

Қаныш Сәтбаев ауыл молдасынан білім алады. Ол араб, парсы тілдерінде оқыған. Мұнан кейінгі екі жыл көлемінде Сәтбаев уездегі алғашқы қазақ-орыс мектебінде білім нәрімен сусындайды. Мектеп Аққелін аулында ашылған.

1911 жылы Қаныш Павлодардағы орыс-қазақ училищесіне түседі. Ол үш жыл ішінде төртжылдық бағдарламаны меңгеріп алып, артынша Семейдегі мұғалімдер семинариясына оқуға түскен. Сәтпаевтың денсаулығы сыр бере бастағандықтан, диплом алу үшін емтиханды экстернмен тапсырған. Содан кейін Томск технологиялық институтына түсуге дайындалады.

Асқынған туберкулезді қымызбен емдеу үшін 1920 жылдан 1921 жылға дейін туған өлкесінде болады. Осы кезде Қаныш Сәтбаев қазақ мектептеріне арнап алғашқы алгебра оқулығын жасауды бастайды. Бұл жұмысты 1954 жылы бітіреді.




2.Ұлы тұлғаның сара жолы-еңбек жолы.

2.1.Қаныш Сәтбаевтың қазақ өлкесіне қосқан үлестері,еңбектері:

Академиктің қолдауымен Алматыда Орта Азия геофизика тресі ұйымдастырылып, Қазақ КСР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі құрылған.  Ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелерін халық шаруашылығының мүддесіне бағыттап, шаруашылық және мәдени құрылыстың басты мәселелерін шешуге белсене қатысқан. Жезқазған кен-металлургия комбинатынҚарағанды мен Балқаш металлургия зауыттарын, Ертіс-Қарағанды арнасын салу, Маңғыстау, Мұғалжар, Торғай өңірлерінің табиғи байлықтарын анықтау жөнінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, республикамыздың ірі минералдық шикізат қорларын – Кенді Алтайды, Қаратау фосфоритін Қостанай мен Жезқазған – Ұлытау өңірлеріндегі темір, марганец, т.б. көптеген кен орындарын игеру Сәтбаев есімімен тығыз байланысты. Қаныш Сәтбаев аштықтан иесіз қалған ауыл балаларына өз көмегін көрсеткен.

Picture 5 Көп ғасыр тарихы бар қазақтардың арасында тұңғыш геолог атанған Қаныш Сәтбаев Жезқазған және Қарсақбай ауданындағы басқа да пайдалы қазбалар кен орындары геологиясын зерттеді.

Сәтбаев геологиялық барлау жұмыстарын жүргізді, оның жетекшілігімен бұрғылау мастерлері, сызба сызушылар, прорабтар және т.б. кадрлар қалыптасты.

Қазақстандық ғалым Жезқазған мыс кен орнының қоры бұрынғыдан әлдеқайда көп екенін дәлелдеді. Осы жаңалық үшін оған 1940 жылы КСРО жоғары мемлекеттік наградасы – Ленин ордені берілді. Кейінірек оған тағы төрт орден табыс етілді.

1946 жылы ашылған ҚазКСР ғылым академиясының алғашқы президенті болып Қаныш Сәтбаевтың сайлануы кездейсоқтық емес.

1947 жылы наурызда Қаныш Сәтбаев КСРО жоғарғы кеңесінің депутаты ретінде Лондонда Уинстон Черчиллмен кездеседі, сол кезде саясаткер одан "Өзге қазақтар да сіз сияқты бойшаң ба?" деп сұрағанда академик: "О ол не дегеніңіз, Черчилль мырза, олай емес, мен қазақтардың ішіндегі ең кішкентайымын! Халқым менен де биік" деп жауап берген екен.



2.2.Есімі ел есінде мәңгі қалар Қаныш Сәтбаев.



Қаныш Сәтбаев атындағы орындар,ескерткіштер:



Ескерткіштері

1999 жылы ғалымның 100 жылдық мерейтойына орай Сәтбаев ескерткіші Алматыда қойылды.

2011 жылы енді бір ескерткіш Қарағандының вокзал алдындағы алаңына орнатылды.[5]

2017 жылы академиктің мүсіні Степногорскте салтанатты түрде ашылды.[6]

2021 жылы Сәтбаевқа ескерткіш Астанада өзі аттас көшенің бойында қойылды.[7]




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!