ҚАЗАҚСТАН – ЖАҢҒЫРУ
ЖОЛЫНДА
Алибекова Айым
Омарбековна
Бокенова Жанерке
Руслановна
Жоғары қазақ
гуманитарлық-техникалық колледж, Кокшетау
қ.
Alibekova.ajym@inbox.ru
Биылғы жылдың 16 наурызында
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына «Жаңа
Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауын жариялады.
Мемлекет басшысы өз жолдауында: «Бүгінгі жолдаудың мән-маңызы
айырықша. Оның арқалайтын жүгі бір жолмен шектелмейді. Ауқымы кең,
мазмұны да бөлек. Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз.
Өздеріңізбен жаңа Қазақстанды құруға кірістік» деп бастаған еді.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Кемелұлы тәуелсіздігіміздің аясында өткен 30
жылымыздағы жетістіктеріміз бен табыстарымызға тоқталып
өтті.
Мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз жолдауында жаңа Қазақстанды
қалай құру туралы және Парламент, Мәжіліс, облыстық және аудандық
депутаттар сайлауын әділ жүргізу, сонымен қатар Президент пен
сайлау комиссиясының мүшелері ешқандай партияда болмауы керек
екенін баса айтты. Сондай-ақ осы жолдауында әлемде болып жатқан
оқиғаларға байланысты санкциялардың әсері, ұлттық валютаны бір
қалыпта ұстау, спекуляцияға жол бермеу туралы да тілге тиек
етті.
Мемлекет басшысы «қаралы
қаңтар» мен оның қапияда көз жұмған құрбандарын еске ала отырып,
алдағы уақытта тергеу жұмыстарының ашық та әділетті өтетінін
баса айтты. Сондай-ақ барлық азаматтар үшін тең мүмкіндіктердің
мызғымас кепілі болу керек екенін айта келіп, Президенттің жақын
туыстары үшін мемлекеттік саяси қызметшілер мен квазимемлекеттік
секторда жетекші лауазымдарды атқаруға және лауазымды басшылыққа
тағайындалуына заңмен тыйым салынатынын, яғни әкімдер, әкім
орынбасарлары партияға мүше болмайтынын нақты ескертті. «Екінші
мәселе – өкілді билік тармағын қайта құру. Біз Президенттің
өкілеттігін біртіндеп қысқарта отырып, Парламенттің рөлін
айтарлықтай арттыруымыз керек. Сол арқылы мемлекетіміздің
институционалдық тұғырын нығайтамыз. Шын мәнінде елімізде өкілді
билік тармағы мықты болуы қажет. Халықтың сенім мандатына ие болған
депутаттарға жоғары жауапкершілік жүктеледі. Олар мемлекетімізді
өркендету ісіне белсене атсалысуы тиіс», – деді Қ.Тоқаев. Сондай-ақ
Президент Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынып, оның орталығы
Семей қаласы болатынын айтты. «Қапшағай қаласы халқымыздың біртуар
перзенті Дінмұхамед Қонаевтың есімімен тығыз байланысты. Егер
жұртшылық Қапшағайға Қонаевтың есімін беру керек деген ұсыныс
айтса, мен бұл пікірге қосыламын», – деді Мемлекет басшысы.
Жезқазған аймағында Ұлытау облысы құрылады, бұл аймақта дербес
облыс құру – экономикалық қана емес, рухани жағынан да маңызды
шешім. Сонымен қатар Алматы облысын екіге бөлуді ұсынды. Бұл өңірде
Жетісу және Алматы облыстары құрылады. Жаңадан құрылатын
облыстардың аталуында ерекше мән бар. «Біз ұлан-ғайыр жеріміздің
байырғы атауларын, ұлы тұлғаларымыздың есімін ұрпақ санасында
жаңғырта береміз, – дей келе, – өзгерістерді жұртқа жақсы көріну
үшін жасамаймыз. Құлаққа жағымды, бірақ орындалуы екіталай, күмәнді
көрсеткіштерге алданбаймыз. Халыққа көпірме сөз, бос уәде емес,
көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын оң өзгерістер керек», –
деді.
Еске алсақ бұл жолдаудың
мақсаты еліміздің болашағы мен өсіп-өркендеуі үшін, көркеюі үшін
мемлекет басшысы бұл жолдауда қоғамда одан әрі демократияландыруға
бағытталған бір қатар маңызды басшылар да көтерді мысалы, бейбіт
жиналыстар туралы жаңа демократиялық заң. Бұл құжат белсенді
азаматтарға еш кедергісіз шеру өткізуге сол жерде ой-пікірлерін
емін-еркін айтуға мүмкіндік береді. Бұл жаңашылдық елімізде жаңа
саяси мәдениеттің өкендеуіне, қоғамдағы өзара жауапкершілік пен
сенімнің артуына жол ашады. Қасым-Жомарт Кемелұлы ұсынған саяси
трансформация барлық салада тамыр-таныстық пен монополияны
түбірімен жойып, адал әрі әділ «ойын ережесін» қалыптастыруды
көздейді. Оның бұл жолдауы еліміздегі саяси жүйені кешенді жаңғырту
бағдарламасы деуге болады. Бұл құжат, ең алдымен, қоғамның
қажеттілігіне және сұранысына негізделген. Президентіміз сондай-ақ
Парламент рөлін күшейтіп бұрынғы суперпрезидентік билікті күшін
азайту мәселесіне де тоқталды. Шексіз билікті бір адамның қолына
берудің дұрыс емес екендігін ашық айтты, халық үніне құлақ асатының
мемлекет қалыптасудың қажеттілігін де жан-жақты айтып өтті. Осыған
орай «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп
беретін Үкімет» қағидасын басшылыққа алатынын
мәлімдеді. Осы стратегиялық мақсатына мүмкіндік беретін бірқатар
бастамаларды ұсынды. Оның бірі-Президенттің өкілетілігі туралы жаңа
бағыт. Ол «Amanat» партиясының төрағалығынан бас тартатынын
мәлімдеді. Сонымен бірге барлық билікті бір адамның қолына берудің
дұрыс еместігін кеңінен тоқтатылып өтті. Және де өкілді билік
тармағын қайта құру мәселесіне де түбегейлі өзгерістер кіргізіп
сенат пен мәжіліс демократияларын қалай сайлау туралы өз ойын
ұсынды Қасым-Жомарт Кемелұлы сайлау жүйесін жетілдіру мәселесінде
де жаңалықтар мен өзгертулер жүргізуді қалайтынын жеткізді. Бұрынғы
сайлау жүйесіндегі кемшіліктерді жойып, жаңаша, ашық сайлау
бағдарламасының тиімді жолдарын көрсетті. Сонымен қатар құқық
қорғау институттарын күшейту, бұқаралық ақпарат құралдарының
бәсекеге қабілеттілігін арттыру, еліміздің әкімшілік аумақтық
құрылымын жетілдіру мәселесіне жан-жақты тоқталып, бағыт-бағдары
туралы да пікір білдірді.
Мемлекет басшысы дағдарысқа
қарсы кезек күттірмейтін шаралар туралы кеңінен толғанып, геосаяси
ахуалдың қатты ушығып тұрғанына байланысты және
карталық-экономикалық қиындықтарды жеңу үшін көптеген игілікті
шараларды ашып көрсетті азық-түлік, құрылыс материалдары, тұрғын үй
мәселелерін шешудегі тиімді шараларды қолдану кезек күттірмейтін
баса айтты.
Жаңа Қазақстанның іргетасын
берік құю еліміздегі барша қазақстандықтардың тұрмыс мен өмірінің
бақытты болуының кепілі. Мен бұл жолдаудан осындай ой
ұқтым.
Сөз соңында: «Ұлт пен
мемлекеттің тұтастығын сақтап қалу менің міндетім деп білемін», –
деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Жалпы,
Президенттің бүгінгі жолдауында ақиқат пен әділдікке сүйенбей, Жаңа
Қазақстан құру мүмкін емес екенін байқадық. Ендеше ең алдымен билік
басындағы шенділерден бастап, қарапайым ел тұрғындарына дейін
әділеттің ақ жолына түсіп, мемлекеттік жүйе мен құрылымдардың
барлығы сыбайлас жемқорлықтан арылып, ел тәуелсіздігін мәңгі
сақтап, байтақ еліміз бен жеріміздің бейбітшілік пен бақыттың
мекеніне айналса деген тілегі көкейімізге үлкен сенім
ұялатты.
«Бірлігі күшті ел
азбайды,
Бірлігі күшті ел озады» -
дегендей Мемлекет басшысының бұл жолдауы оң реформаларды қабылдауға
мүмкіндік берді. Біз өзіміздің басты игілігіміз – тәуелсіздігімізді
сақтауға, ұлттық бірегейлік негіздерін бекемдеуге, елімізді
трансформациялауға жұмылуға тиіспіз. Бұл – біздің алдындағы
қасиетті парызымыз. «Жаңа Қазақстанда біздің басты ұстанатын
қағидамыз – әртүрлі көзқарастарды есепке ала отырып, біртұтас ұлтты
сақтау», – деді Президент өз жолдауында. Біз, жас ұрпақ ел болашағы
үшін қызмет етіп, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың
биылғы жолдауын қолдаймыз, оның ары қарай іске асуына үмітім
зор.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі
-
Мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРТУ ЖОЛЫ» 2022 жыл 16
наурыз