Қазақстан -мақтанышым.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстан -мақтанышым.

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал коп
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сурет салу. Қазақстан –мақтанышым! (сюжетті)

Оқытылу мақсаты

0.1.5.1. Заттарды жерге, суға, аспанға қатыстылығы бойынша

орналастырып, заттардың және зат бөлшектерінің пішінін,

пропорцияларын, түсін есепке ала отырып, кеңістіктік арақатысын

бейнелеу.

0.1.5.2. Суреттегі бейненің көңіл күйін беру үшін қағаз реңі мен түс

үйлесімділігін таңдау.

0.2.2.1 Жұмыс барысында жұмыс орны мен құралдарды ретке келтіреді,

материалдарды үнемдеп жұмсау.

Күтілетін нәтиже

Барлық тәрбиеленушілер:

заттарды жерге, суға, аспанға қатыстылығы бойынша орналастырып,

олардың кеңістіктік арақатысын бейнелейді;

түс үйлесімін іріктейді, суретті түпкі ой бойынша салады;

жұмыс орнын таза ұстайды

Көпшілік тәрбиеленушілер:

заттардың пішінін, көлемін, пропорцияларын ескере отырып, олардың

кеңістіктік арақатысын суретте көрсетеді;

суреттегі бейненің көңіл күйін беру үшін түс таңдайды, суретте өз ойын

жеткізеді;

жұмыс барысында жұмыс орны мен құралдарды ретке келтіреді.

Кейбір тәрбиеленушілер:

сюжет қосады, суреттің мәнін ашады;

өз ойын шығармашылықпен жеткізеді;

материалдарды тиімді пайдаланады.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларды дамыту.

Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады:

сюжет құру жөнінде идеялар ұсынады;

бейненің түпкі ойын түсіндіреді;

сюжет таңдаудың себептерін атайды;

суреттерден көргенін сипаттайды;

өзінің және басқалардың жұмыстарын талдайды.

Көптілділік: Отан –Родина–Motherland.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Отан, елін мақтан тұту, Қазақстан елі, пейзаж, перспектива.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Отан сөзін қалай түсінесіңдер?

Біздің еліміз қалай аталады?

Қазақстанда қандай пейзаждарды көруге болады?


Алдыңғы білім

Тақырып мазмұнын жеткізу және ондағы басты ойды жеткізу дағдысы

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басталуы

0–5 минут

(Ұ) Оң көңіл күй қалыптастыру

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Бүгін біз уақытты бірге өте қызықты өткіземіз деп үміттенемін.

Қолдарымызды жоғары көтереміз.

Сәлеметсің бе, Аспан! Біз сенімен кездескенімізге

қуаныштымыз. Сен сондай биік, еркін әрі шексізсің!

Қолдарымызды төмен қарай түсіреміз.

Саған сәлем беремін, Жер! Сен барлығына өмір

сыйлайсың!

Қолдарымыздыды жан-жаққа созамыз.

Саған сәлем, Су! Сен – жер бетіндегі тіршілік көзісің!

Алақандарымызды жоғары қаратып, қолдарымызды

жан-жаққа көтереміз.

Саған сәлем беремін, Ауа!

Алақандарымызды жоғары қаратып, қолдарымызды

жоғары көтереміз

Саған сәлем, Күн! Сен сондай мейірімді және ыстықсың!

Біз туған еліміздің балаларымыз!

Біз Қазақстанда тұрамыз!

Осыны мақтан етеміз!

(Ұ) Қазақстан ішінде саяхатқа аттануды

ұсынады. Балаларға Қазақстанның табиғаты туралы

бейнеүзінді көрсетеді.

Балалар бүгінгі сабақта немен айналысатындарын білді

ме? (Қазақстанның табиғатының суретін салу.) Табиғат

бейнесі бар сурет қалай аталады? (Пейзаж.)

Музыкалық

сүйемелдеу

(күй).

Асылбек

Еңсепов http://

xmusik.me/

s/64871717-

Asylbek_

Ensepov_-_

Hafiz_kazahskij_

kyuj/

Ортасы

6–15

(Ұ, Ж) Әліппе-альбомдағы материалмен жұмыс.

Айсұлу мен Қуанышқа ұлттық мұражайға дұрыс жол табуға көмектесуді ұсынады. Өз жауаптарын

түсіндіруді сұрайды. Мұражайда балалар көптеген картиналарды көрді,алайда қазақ суретшісі Әбілхан Қастеевтің картиналары оларға өте ұнады. Неліктен деп ойлайсыңдар?

Суретші осы картиналарда нені бейнелеген? Табиғаттың

әсемдігін жеткізу үшін ол қандай түстерді пайдаланған?

Қандай материалдарды қолданған? (Бояулар.)

Бүгін бізге жұмыс істеу үшін қандай құралдар қажет

болады? Нені қолданатындарыңды таңдап алыңдар

(Қарындаштар, балауыз борлар).

(Ұ) Сергіту сәті

Кәне, балалар, тұрыңдар! (Тұрады.)

Өзіміз киіз үй құрастырамыз! (Қолдарын бастарының

жоғарғы жағына күмбездеп қояды.)

Керегесі – бұл қабырғалары. (Қолдарын айқастырады.)

Кәне, оларды созайық. (Қолдарын екі жағына созады).

Шаңырақты көтерейік. (Аяқтарының ұшына тұрады,

қолдарын жоғары созады).

Уықтарын қояйық. (Қолдарын түсіреді)

Түндігін жауып, аяқтайық! (Алға қарай иіледі.)

Біз киіз үйді осылай құрастырдық. (Алақандарын

соғады.)

(Ұ) Қауіпсіз жұмыс жасау техникасы

Жеке гигиена ережелерін, өткір құралдармен жұмыс істеу тәртібін еске салады.

(Ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы

(Жұмысты сатылай орындау ретін түсіндіру.)

Әліппе-альбоммен жұмыс.

Жақында орналасқан заттар қашықта орналасқан заттарға

қарағанда үлкен болып көрінеді. Оларды ірілеу етіп сала

отырып, біз оларды жақындатқандай боламыз. Пейзаж

салу кезінде заттардың бір-біріне қатысты орналасқан

қашықтығын дұрыс беру керек. Суреттің алдыңғы

қатарында жақында орналасқан заттар бейнеленеді.

Сондықтан олар ірі етіп салынады. Артқы планда –

қашықта орналасқанның барлығы. Олар анағұрлым ұсақ

етіп салынады. Бұл перспектива деп аталады.

Нені салатындарыңды ойластырыңдар. Көмек

ретінде әліппе-альбомдағы суреттерді, тақтадағы

иллюстрацияларды пайдаланыңдар, сабақ басындағы

фильмнен кадрларды еске түсіріңдер.

Жиынтық

полотно немесе

үлестірмелі

материалдар –

текше, шар,

цилиндр











Әліппе-альбом.

Қазақстанның

табиғаты

бейнеленген

Ә.Қастеевтің

2–3 картинасы.

Рефлексия

26-30

Ұ, Ө) «Менің Отаным – Қазақстан» сурет галереясы

ұйымдастырылады.Балаларға қалауларына қарай өз ойлары, көңіл күйі туралы әңгімелеуді ұсынады.

Өз суретіңде саған не ұнайды?

Ойлағаныңды сала алдың ба? Сала алмаған болсаң, не

бөгет болды?

Балаларға сабақтағы жақсы жұмысы және Қазақстан ішіндегі саяхаттағы тату ұжым үшін алғыс білдіреді.

Балалар ұсынған суретті таңдап, оны тақтадағы көк түске жапсырады. Менің көңіл күйім: күнге, бұлтты күнге,

бұлтқа, жаңбырлы бұлтқа, найзағайлы бұлтқа ұқсайды

Әліппе-дәптер






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.12.2018
434
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі