«Қазақстан
– мейірімділік мекені» атты сынып сағаты өткізілді. Сабақ сайыс
түрінде жоспарланып әртүрлі әдіс-тәсілдер арқасында жүзеге
асырылды.Балалар шеңберде
дөңгелене тұрып бір-бірінін бет-жүздерін аңық көріп, жылы
тілектерін айтты. Түрлі – түстер қағаздарға бейнеленген күннің
көзін тандау арқылы оқушылар топқа бөлінді.
Күндерде: жылы лебіз білдіру, сыйластық,
кең пейілділік, жанашырлық сөздер жазылады. Осы сөздерді
естігенде ойларыңа не келеді,бір сөзбен қалай алмастырып айтуға
болады деген тапсырманы орындап сабақ тақырыбы анықталды.
Мейірімділік сөзінің мағынасын постер,диаграмма, сурет салу
арқылы әр топ өз жобаларын
қорғады.
Жұмысымыз мәтінді аяқтау,әнгіме тындап сұрактарға
жауп беру сияқты түрлерімен жалғасты. Жүректің дөңгелек ортасы
беріледі. Күннің шуағын өздері жапсырып, шуағына көршісіне арнап
тілек жазумен тәрбие сағатымыз аяқталды. Жазған тілектерін
достарына береді.
Мақсаты: Баланың бойына
рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата
білуге ,адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.Бір-бірімен
қарым-қатынастарын жақсарту,оларды адамгершілікке
,имандылыққа. шыншылдыққа, мейірімділікке
тәрбиелеу.
Дамытушылық
мақсаты: шығармашылық
қиялын,ой-өрісін, есте сақтау, жүйелі ойлауын дамыта отырып,
танымдық қабілеттерін
жетілдіру.
Сабақтың
көрнекілігі: Секен
Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі, доп, түрлі-түсті
жүрекшелер, стикер,ұлағатты
сөздер.
Сабақтың
барысы:
І.
Ұйымдастыру.
ІІ. Шеңбер айналасында жылы лебіздерін білдіруді
ұсынамын.Балалар,бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңберін»
құрайық.Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін
ізгі ,жылы сөздермен,жылы жүрегімізбен,күлімдеген
көзімізбен,жымиған езуімізбен
жеткізейік.
-Сен нағыз доссың,ең әдемі
қызсың,мейірімдісің өте ұқыптысың,еңбекқорсың және
т.б.
-Жарайсыңдар балалар!
Әрбіреуің достарыңа деген жылы лебіздеріңді естіп, қатты қуанып
тұрмын.
ІІІ. Тыныштық сәті (баяу
музыка Секен Тұрысбековтың «Көңіл
толқыны»)
Көзімізді жұмып,біраз
демалып,жақсы істерді көз алдымызға елестетейік.Біз қазір
керемет,әрі сиқырлы,мейірімділік пен сүйіспеншілікке толы әлемге
саяхат жасаймыз.
Бұл әлемнің ауасы таза,жұпар
иісті.Бәріміз де сол әлемге қарай қадам басайық! Біздің жанымызда
достарымыз,олардың жанында біз өзімізді еркін
сезінеміз.Мейірімділік,сүйіспеншілік ізгілік нұры бізге қонып,жан
дүниемізді осы жақсы сезімге толтырады.Адамдар бір-біріне тек
жақсылық,қуаныш,ізгілік сыйлап жатса,қандай жақсы болар
еді.
Қайтатын уақыт та келді.Осы
әлеммен қоштаса отырып,мейірімділік нұрын өзімізбен бірге ала
кетейік.Енді балалар көздеріңді аша
қойыңдар.
IV «Құпиялы қасиет»
ойыны. (Барлық балалар бір шеңберге тұра
қалады да, қолдарын алдына қарай,алақандарын бір-біріне
тигізіп,созады.Мұғалім қолында,мейірімділік қасиетін білдіретін
белгі ретінде,тиын ұстап тұрады. Мұғалім екі алақандарының
арасындағы тиынды балалардың алақандарына салғандай тигізеді
де,былай дейді: Сезім « өте мейірімді». Сонан кейін Арай
алақанын ашады да,тиын бар ма,жоқ па, көрсетеді. Балаларға тиынның
кімде екенін табуға үш рет мүмкіндік
беріледі.
V «
Мейірімділік нұры»
жаттығуы.
Қазір мен тақтаға мейірімділік
шапағын ілемін.Бұл шапақтан жан-жаққа шуақ шашылуы керек. Ол үшін
алдарыңдағы стикерге мейірімділікке байланысты сөздер жазып,
шуаққа нұр таратамыз, яғни мейірімділік нұрын
шашамыз.
Жүргізуші. -үш-ақ нәрсе-адамның
қасиеті.
Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы
жүрек.
Біреуінің күні
жоқ,біреуінсіз.
Ғылым сол үшеуінің жолын
білмек.
Қорытындылау.
« Жүректен жүрекке»
жаттығуы.
Алдарыңда түрлі-түсті жүрекшелер бар. Кімге қай
түстегі жүрекше ұнайды соны алайық. Әр жүректің артында адамның
бойындағы жақсы қасиеттерді
оқыңдар.
Қызыл-адамгершілік.
Сары- адалдық.
Қызғылт-
мейірімділік.
Көгілдір-
сүйіспеншілік.
Жасыл- әдептілік.
Көк- ізеттілік.
Ақ-қайырымдылық.
Ендіше, осы қасиеттер сендердің бойларыңнан
табыла берсін демекпін.