Материалдар / "Қазақстан – ортақ үйіміз»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қазақстан – ортақ үйіміз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан – ортақ үйіміз» сынып жетекшіге арналған жұмыс түрі Бұл Қазақстан туралы, жетістіктері туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2021
262
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сұрақ қоюдың маңызы

Жақында бір ауылдық мектепте мұғалімдермен кездесіп, әңгіме-дүкен құрдық. Негізгі мәселе мұғалімдердің кәсіби біліктерін тұрақты түрде арттырудың ең тиімді жолдарының бірі – бірлесу туралы болды. Мектепте мұғалімдер бастарын қосқан жағдайда ғана, бірлесе жұмыс жасай бастағанда ғана (бірлесе зерттеу, жоспарлау, сабақтарды талдау, жақсарту, т.б.) өз шеберліктерін арттыратындығы туралы әңгімелестік.

Соңында әдеттегідей кездесуді қорытындылау үшін рефлексия ұйымдастырып, мұғалімдерден өз ой-пікірлерін ортаға салуын сұрадым. Біраз айтылған пікірлердің ішінде ерекше ұнағаны тәжірибелі Назима деген апайдың (жасы шамамен елудің арғы-бергі жағы) айтқан мынандай тұжырымы болды:

- Біздің мектепте 65 мұғалім бар. Бірақ олардың біреуі де ешқашан «Мен білмеймін!» деп айтпайды. Қай мәселе болмаса да, мұғалімдердің барлығы «Мен бұны білемін!» деп тұрады. Бір де бір мұғалім әріптестеріне сұрақ қойып, білмегенін сұрамайды!

Ойланып қалдым...

Мектептегі мұғалімдердің басы да осы себепті қосылмайтын шығар? Мұғалім бәрін де білетін болса, онда өзгелермен бірігудің қажеті қанша? Бәрін білетін болса, онда үйреніп, өзінің кәсіби біліктілігін арттырудың да қажеті шамалы болмай ма?

Осы жерде ойыма еріксіз ғұлама Сократ түседі (көп философтың ұйғарымы бойынша, И.Кант және М.Хайдеггермен бірге адамзат тарихындағы ең терең философтардың үштігіне жатқызылады), оның «Мен ешнәрсе білмейтіндігімді ғана білемін!» сөздері түседі.

Назима апай сөзін былай деп жалғастырды:

- Естуім бойынша жапон мұғалімдері көп нәрсені білмейді екен. Сондықтан да олар бастарын «Сабақты зерттеу (Lesson Study)» топтарында біріктіріп, бірлесе жұмыс жасайды: зерттейді, жоспарлайды, бақылайды, талдайды, жақсартады. Ал біздің бәрін де білетін мұғалімдердің басы еш қосылмайды. Алайда біз қайдамыз, Жапония қайда? Мысалы, PISA бойынша?

Назима апайдың айтқандарын тыңдап болған соң маған мынандай ойлар келді. Мұғалімдердің арасында жалған пікір қалыптасқан ба сонда: «Егерде «Білмеймін!» деп айтсаң – абыройың түседі, беделің төмендейді!» Олай емес, керісінше емес пе еді?!

Жапондарда «Сұрасаң – 15 минут ұяласың, сұрамасаң – өмір бойы ұяласың!» деген нақыл бар. Өйткені сұрақ – таным негізі. Біз тек сұрақ қою арқылы үйренеміз. Өзімізге, өзгелерге, бізге. Пайғамбарымыз (ҒС) бір хадисінде «Жақсы сұрақ – танымның жартысы» деп айтуы бекер емес қой! Бүгінгі күні барлық дерлік инновациялық оқыту/үйрету жүйелерінде бас идея ретінде қолданатын Сократтың атақты маевтика тәсілінің негізінде де сұрақ қою жатыр.

Сондықтан да мұғалімнің ылғи да сұрақ қоюы керек: өзіне, оқушыларына, әріптестеріне. Осылай ғана ол ілгерілейді, білімі мен білігін тереңдетеді, дамытады. Осы тамаша әдетті мұғалім өз оқушыларына да дарытуы керек, олардың да сұрақ қою мәдениетін дамытуы керек, оларды дағдыландыруы керек.

Мен кезінде бір кітабымда «Сұрақ қою қиын ба, әлде жауап беру қиын ба?» деген сұрақ қойып, оған «Әдістемелік ғылым «Сұрақ қою қиын!» деп жауап береді» деп жазғаным бар еді. Ал біз өз сабақтарымызда оқушыларға сұрақ қою тапсырмаларын көбірек ұсынамыз ба, әлде жауап беру тапсырмаларын ба? Әрине, жауап беру! Онда неліктен біз оқушыларымызды жеңіл жолмен алып жүреміз? Неліктен оларға «сұрақ қою» деген қиын тапсырмаларды ұсынбаймыз? Оқушылардың білімі сұрақ қою арқылы ерекше дамымай ма?

Кеше (15.11.019 күні) Берік Асубаевпен әңгімелесіп отырып, одан мынандай қызықты дерек алдым: «1944 жылы Нобель сыйлығының лауреаты атанған америкалық физик Исидор Раби (1898 – 1988) кезінде былай деген екен:

-  Менің ғалым болып қалыптасуыма сүйікті анам себепкер болды. Бруклиндегі өзге еврей аналары баласы мектептен келгенде одан: «Сен бүгін қандай жаңалыққа үйреніп келдің?» деп сұрайтын. Ал менің анашым: «Иззи, сен бүгін мектепте бір жақсы сұрақ қоя алдың ба?» деп менен сұрайтын.

Исидор Рабидің Нобель сыйлығын иемденуінің бірден-бір себебі де осы сұрақ қоя білу дағдысы шығар?

Сұрақ қою керек! Жауапты білмесең де, білсең де! Мұнда жалған ұят, намысты жою керек! Қазақта мынандай сөз бар емес пе: «Тамақ ішуде ұят жоқ!» деген? Мен оны жалғастырып: «Үйренуде де ұят жоқ!» деп айтамын. Білмесең – сұрап ал!

Мәселен, мен өз әріптестерімнен білмегенімді сұраудан еш именген емеспін. Курс барысында бір мәселені білмесем, тыңдаушыларға ашық айтамын: «Мен бұл мәселені қазір әріптестерімнен біліп келейін!» деп айтып, әріптестерімнің біреуінің аудиториясына кешірім сұрап кіріп, сол тренердің тыңдаушыларының  көзінше жаңағы білмейтінімді сұрап аламын. Немесе тыңдаушылардың көзінше бір әріптесіме телефон шалып, оған сұрағымды қойып, жауабын аламын.

Білмегенімді сұрауды ашық жасауымда тәрбиелік мән жатқанын түсінген боларсыздар. Осы арқылы педагогтерге мынандай ой жолдаймын (message):  «Мен тренерлердің ішінде ең жасы үлкенімін. Алайда өзімнен жас әріптестерімнен білмегенімді  сұрауға еш арланған емеспін!» Кейде тіпті мәселенің мән-жайын біліп тұрсам да, тыңдаушыларға сабақ болсын деп әріптестерімнен сұраймын.

Үйрену бірінші кезекте сұрақ қою арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да әр мектепте сұрақ қою мәдениетін құру қажет, ол үшін мұғалімдер өздерінде де, оқушыларында да сұрақ қою дағдыларын қалыптастырып, оларды дамытуы керек деп есептеймін!

Осыдан 100 жыл бұрын ХХ ғасырдың басында АҚШ-тағы еврей аналары балаларына «Бүгін нендей жаңалыққа үйрендің?», ал баласын биіктен көргісі келгендері «Бүгін қандай қызық сұрақ қойдың?» деген сұрақта қойған болса, мен бүгінде біздің аналар балаларына сол баяғы «Бүгін қандай баға алдың?» деган сұрақ қойып жүрген жоқ па деп қорқамын.

Бұған қоса мен «Білмеймін!» деген мұғалімге ризашылықпен, ал «Білемін!» деген мұғалімдерге сезіктене қарай бастадым...



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!