Материалдар / «Қазақстан астаналарының тарихы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Қазақстан астаналарының тарихы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер мен оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қырқүйек 2020
1620
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы

«Н.Кикібаев атындағы мектеп-гимназиясы»











«Қазақстан астаналарының тарихы»




Жұмыстың бағыты: педагогикалық жоба










Орындаушы:«Н.Кикібаев атындағы мектеп- гимназиясы» тарих пәні мұғалімі

Нарикбаева Нуркуль Турсумбаевна









Алматы, 2019 жыл

Мазмұны




Кіріспе..........................................................................................................................3-5


Негізгі бөлім


І. Қазақ АКСР астаналары – Орынбор, Қызылорда қалаларының тарихын зерделеу........................................................................................................................6-8


ІІ. Алматы, Нұр-Сұлтанқалаларының тарихын зерттеу.......................................9-15


ІІІ.«O-Q-A-N» арасындағы өзара байланыс............................................................16


Қорытынды..................................................................................................................17


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................18































Кіріспе

Жоба тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуі тиіс» -деп атап көрсеткен болатын. [1.]Қазақ жерінде жас ұрпақ білуге тиіс, тарихтан сыр шертетін талай қыраттар мен қалалар жатыр. Бұл қалалар жай ғана қала емес, кезінде талай елдің елшілерін қабылдаған тарихта қалған –астаналар. Жалпы төл тарихымызда еліміздің дамуына ықпал еткен көптеген астаналар болды. Қазақ тарихында еліміздің тәуелсіздігіміздің қалыптасуына үлкен ықпал еткен, еліміздің дамуына өз үлес қосқан Орынбор, Қызылорда, Алматы сияқты астаналары болды. Қазіргі кезеңде Қазақстанның эталонына айналған Нұр-Сұлтан қаласын әлем «Бейбітшілік қаласы» ретінде танып отыр. 2018 жылы ғана еліміз Астана қаласының 20 жылдығын кең көлемде атап өтсек, биылғы жылы Қаз АКСР тұңғыш астанасы болғанОрынбор қаласының астана болғанына 100 жыл толғалы отыр.

Мемлекеттің астаналарының тарихы ешқашан халқынан бөлінген емес, керісінше,астаналарының тарихын тану арқылы тұтастай еліміздің тарихы танылады.Сондықтан бүгінгі күні қазақ елінің мақтанышына айналған Қазақстан астаналарының тарихын зерттеу өскелең жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды дарытып, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді дамытатын маңызды да өзекті тақырыптардың бірі болып табылады.

Жобаның мақсаты:

«Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жас ұрпақты қазақстандық патриоттыққа тәрбиелей отырып, 1920-2019 жылдар аралығындағы Қазақстан астаналары болған қалалардың тарихын зерттеп, зерделеу арқылы оқушылардың ғылыми-зерттеушілік қабілетін арттыру.

Жобаның міндеттері:

- Оқушыларға ХХ ғасырдың басында Қаз АСКР астанасы болған Орынбор, Қызылорда қалаларының тарихына қатысты қызықты да тарихи деректерді, мәліметтерді қарастыруда бағыт беру, көмектесу.

- Қаз КСР астанасы болған Алматы қаласының саяси, мәдени орталық ретіндегі даму ерекшелігін көрсетуде танымдық көмек көрсету, ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау дағдысын арттыру;

- Қазақстан Республикасының елордасы Нұр-Сұлтан қаласының тарихы мен даму ерекшелігін, сондай-ақ, осы 4 астана арасындағы байланысты зерделеп, «O-Q-A-N» арасындағы өзара байланысты анықтауға бағыттау;

- Ромб фигурасының семантикасын ашу.

Жобаға қатысушылар: 10 сынып оқушылары

Жобаны жүзеге асыру мерзімі: Жобаны жүзеге асыру мерзімі 2018 жылдың 27 мамырынан- 2018 жылдың желтоқсанына дейінгі аралықты қамтыды.

Жобаның жаңашылдығы:

Оқушылар жобаны жазу барысында 1920-2019ж аралығында Қазақстанның астаналары болған қалалардың тарихын ғылыми тұрғыда зерттеу арқылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасының жүзеге асырылуына өз үлестерін қосты.

Орынбор, Қызылорда, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларын картадан өзара қосқанда, «РОМБ» фигурасының шығатынын анықтап, «ромб» фигурасының семантикасын зерттеп, оны қазіргі Қазақстанның саяси, экономикалық тұрғыда қарыштауымен, дамуымен байланыстырды.

Қазақстан астаналарының атауларын «O-Q-A-N»- деп латын әліпбиімен жазып көрсету арқылы«Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру» жобасын жүзеге асырылуына өз үлестерін қосып, нәтижесінде оқушылардың бойында латын әліпбиін қолдану дағдысы артты.

Жобаның тәжірибелік маңызы.

-Жобаны жазу барысында «Алматы» мұражайына, «Боралдай сақ қорғандарына» саяхат сабақ жасалып, оқушылар қала тарихына қатысты тарихи-этнографиялық, археологиялық қызықты мәліметтермен танысты.

-Оқушылар «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласы, Жетісу ауданы №43 жалпы білім беретін мектепте өткізілген Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Арқада асқақтаған әсем қалам» атты аудандық тарихи-танымдық семинарға қатысып, өздерінің зерттеп жүрген тақырып аясында «Қазақстан астаналарының тарихы» атты баяндама жасады.

Аталмыш тақырыпты зерттеген оқушылар қалалық деңгейдегі ғылыми жобалар байқауына қатысып, жүлделі 2 орынды иеленіп, мадақтамамен марапатталды.

Қазақстан астаналарының тарихын зерттеу арқылы оқушылардың тарихи-танымдық, зерттеушілік қабілеті артып, отансүйгіштік қасиеттері артты.





















І. Қазақ АКСР астаналары – Орынбор, Қызылорда қалаларының тарихын зерделеу

Оқушыларды Қазақстан астаналарының тарихын зерттеуде хронологиялық кезеңді басты назарға ала отырып, ХХ ғасырдың басында ҚазАКСР астанасы болған Орынбор қаласының тарихын зерттеуден бастадық.

Оқушыларға Орынбор қаласы туралы мәліметтерді өз бетімен іздестіріп көруді тапсырғанымда, оқушылар өздерінің ізденісінің арқасында Орынбор қаласы туралы біраз материалдарды жинақтады. Ғаламтор желісі арқылы алынған материалдарға сүйене отырып, оқушылар Орынбор қаласының салыну тарихымен танысты.

Келесі қадамда, оқушыларды Орынбор қаласының алғашқы астана ретіндегі орнын, Алаш партиясы мен Алашорда автономиясының құрылуындағы бұл тарихи қаланың орнын анықтауға бағыт бергенімде оқушылар өздерінің жинаған білімдерін қолдана отырып, Алаш партиясы мен Алашорда автономиясының құрылу тарихына тоқталып, төмендегідей мәліметтерді келтірді: «1920 жылдың 26 тамызында Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті мен РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Қырғыз (Қазақ) АССР-ін кұру туралы Декреті шықты. Орталығы Орынбор қаласы болып белгіленді. Бірақ та 1925 жылы Қазақстан астанасы Сырдария өзенінің бойында орналасқан Ақмешіт қаласына көшірілген. Сондықтан да оның атауы Қызылорда (Қызыл астана) деп өзгертілген. Орынбор мен Орынбор облысы дербес губерния ретінде РСФСР құрамына кірді. Оқушыларға Орынбор қаласы -қазақ тарихында Алаш партиясының құрылуы, Алаш автономиясының құрылуына түрткі болған басты қала болғанын ұғындыруға тырыстым.[2.152б]

Алаш зияларыларының Орынбор қаласында атқарған маңызды істерін көрсете отырып, қазіргі де, болашақ ұрпақтың да санасында оның өмір сүрген уақыты қазақ халқының ғасырлар бойы армандаған өзінің толық тәуелсіздігін қалпына келтіру жолында Орынбор қаласы осы күрестің бастауы болған ең маңызды қалалардың бірі болғандығын айтып, бағалап өтті.

Зерттеу жұмысын жазу барысында оқушылар Алашорданы тарату туралы шешім шыққаннан кейін 1920 жылғы қазанның 4-де Орынборда Қазақ (Қырғыз) АКСР Кеңестерінің І құрылтайын сөз етіп, астанасы Орынбор қаласы болып бекітілгенін атап өтті.

«КазАКСР астанасын уақыт өте келе неге Ақмешітке ауыстырды?» деген сауалға оқушылар іздене келе мынандай жауапқа қол жеткізді: «Қазақ АКСР-ы астанасы болған Орынбор қаласы өзге де қазақ даласындағы аймақтардаға өте шалғай болды. Астанаға атпен жету әсіресе, қыс айларында мүмкін емес еді. Барынша орыстық үлгіде жасақталып бөренеден жатқызыла салынған ақ үйлері мен күмбезінің басы жарқыраған шіркеулер мен мешіттері ерекше сәнді қала бір жыл өтпей жатып өзінің мемлекеттік астанаға лайықты құзыретінен айрыла бастайды. Бұған себеп жердің шалғайлығы еді. Уақыт өте келе ҚазАКСР астанасын Ақмешітке көшіру туралы шешім қабылданған болатын.»

 Сондай ақ, қазіргі уақытта Орынбор Ресей мемлекетіне қарасты қала болса да мұнда 120 мыңдай қазақ диаспорасы тұратындығын, Орынборда Чичерин және Пушкин көшелеріндегі екі үйге Қазақстан тарихына қатысты ескерткіш тақта орнатылғандығы, бірінде қоғам қайраткері, ғалым Ахмет Байтұрсынұлы тұрса, екінші ғимарат «Алаш» партиясының құрылуына себеп болған бірінші және екінші жалпықазақ съездері өткізілген бұл тарихи қала еліміздің тарихында ойып орын алар қала екендігін айтып өтті. [3]

КазАКСР келесі астанасы болған Қызылорда қаласының қалыптасу тарихын оқушылар бұрынғы маңызын жоғалтпай, тек аты ғана бірнеше рет өзгергенін көрсетуге тырысты. (Ақмешіт – 1818 жылы, Перовск – 1853 жылы, қайтадан Ақмешіт – 1922 жылы, Қызылорда – 1925 жылы), әр кезеңде Сыр бойы атрабының әлеуметтік және мәдени орталығы болып қалыптасқанын атап көрсетті. Қаланың қалыптасу тарихына байланысты: «Қала негізі Қамысқала атты елді мекенде 1817 жылы салынған Қоқан хандығының Ақмешіт бекінісі ретінде қаланды.Оның ішіндегі ақ кірпіштен өрілген мешіттің түсіне сай бекініс Ақмешіт деп аталды. 1854 жылдың тамызынан басқыншы, генерал В.А.Перовскийдің атымен бекініс Перовск порты аталды. 1857 жылы Перовскіге қала мәртебесі беріліп, уезд орталығына айналды. 1901–1906 жылдары Орынбор — Ташкент темір жолы салынған тұста қала халқы тез қарқынмен өсті. 1917 жылы 30 қазанда Кеңес өкіметі Қазақстанда бірінші болып Перовскіде орнады.1922 жылы қаланың Ақмешіт аты қайтарылғанымен 1925 жылдың сәуірінде Қызылорда деп қайта өзгертіліп, Қазақ АКСР-нің астанасының мәртебесі берілді(1929 жылға дейін)» деген мәліметті Қазақстан Ұлттық инциклопедиясынан алып, қала тарихына қатысты мәліметпен толықтыра білуге бағыттап отырдым.[4., 171б]

Қызылорда астана болған жылдары орта оқу және арнаулы оқу орындары, өнеркәсіп және ауылшаруашылық мекемелерімен қоса, орталық ғылыми-зерттеу ғимараты жанынан қазақтың эпидемиология және гигиена институтының негізінде егу лабораториясы дүниеге келді. Сондай-ақ ең алғашқы рет қазақтың ғылыми-зерттеу, жер қыртысын зерттеу, қазақтың мал дәрігерлік-бактериологиялық және де басқа институттары өз жұмысын осы қалада бастаған болатын.»-деп оқушылар өз зерттеу жұмысында қала өмірінің беттеріне шолу жасап өтті.

Тараудың соңында оқушылар қазіргі Қызылорданы- әкімшілік, экономикалық және мәдени тұрғыда дамып отырған қала екендігін айта отырып, қаланың қазіргі мәдени-экономикалық жетістіктерін сипаттауға бағыттап отырдым./5/














ІІ. Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының тарихын зерттеу

Алматы қаласының тарихы өте тереңде жатқанын, қаланың тарихы сонау қола дәуірінен бастау алатындығын айта отырып, оқушыларға б.з.д. 10-9 ғғ. қола дәуірінде қазіргі қала аумағы ертедегі жер өңдеушілер мен малшылардың қонысы болғандығын, бұған дәлел — ерте кездегі Тереңқара мен Бұтақты қоныстарының табылуы екендігін айтып отырып, оқушылардыАлматы қаласы туралы ізденісін арттыруға тырыстым.

Б.з.д. 7 ғ.-б.з.д. сақ дәуірінде Алматы сақтардың, кейіннен үйсіндердің тұрғылықты жері болғандығын, Б.з. 8-10 ғғ. Алматы өміріндегі мәдениетінің даму, отырықшылыққа көшу, жер өңдеу мен қолөнердің дамуы, Жетісу аумағында көптеген қалалық қоныстардың пайда болғандығын көрсететін мәліметтермен танысты. [6.18б]

«Туған жер» бағдарламасын насихаттау, туған өлкенің тарихы тереңірек білу мақсатында оқушылармен Боралдай сақ қорғандарына саяхат сабақ жасалынып, оқушылар сақ қорғандарының ерекшелігімен танысты.

Жобамен жұмыс барысында Верный бекінісінің салынуы, жалпы Алматы қаласының тарихынан ақпарат беретін «Алматы» мұражайына саяхаттап, оқушылар қала өміріне қатысты қызықты деректермен танысты. Мұражайда алған білімін тереңдетіп, Верный бекінісінің салынуына байланысты төмендегі мәліметтерді ұсындым. «1854 жылы 4 ақпанда қаланың жаңа тарихы Іле Алатауының баурайында Ресей империясының әскери қамалы Верный бекінісінің іргесінің негізі қаланған болатын. 1867 жылы 11 сәуірінде Верный қамалының атауы өзгертіліп, Алматинск қаласы аталды. Бірақ сол жылы «Дала комиссиясының» баяндамасы бойынша бұл атау өзгертіліп Верный қаласы болып өзгертілді. Верныйдың қала болуы сол кездегі реформаларға байланысты болды. Верный Вернинск уезі мен Жетісу ауданының орталығына айналды. Жетісу ауданының бірінші губернаторы Г.А. Колпаковский болды.»- деген мәліметтерді зерттеушілер И.Н.Тасмағамбетов.,К.М.Байпаков. М.К.Абусейтова жетекшілігімен шыққан Алматы тарихына арналған еңбектің 1 томынан танысуға болатындығын айтып, оқушыларды өздігімен ізденуге ықпал еттім.[7.245б]

Оқушылар тарихи еңбектерді қолдана отырып, Ұлы Отан соғысы жылдары қала аумағы үлкен өзгерістерге ұшырағандығын мына деректермен дәлелдеуге талпыныс жасады. «Бүкілодақтық тыл жұмыстарын ұйымдастыруда өнеркәсіптік және материалдық қорды концентрациялау үшін 45 мың шаршы метр жер берілді, 26 мың көшірілегендерді қабылдау үшін жер босатылды. Алматы қаласына майдан шегінен 30 өнеркәсіп орны, 8 госпиталь, 15 жоғарғы оқу орны, орта кәсіптік білім беру жүйесі, 20-ға жуық ғылыми зерттеу институттары, 20-дан аса мәдени орталықтар көшірілді. Ленинград, Киев, Мәскеу киностудиялары Алматыға ауыстырылды. Ұлы Отан соғысында 50 аса алматылық Кеңес Одағының Батырларының есімдері алтын әріппен жазылды. [8.251 б]

50-жылдары қалада Үкімет үйі, Ғылым академиясының бас корпусы, Орталық стадион, Абай атындағы опера және балет театрының ғимараты салынғандығын, Ал 60-70-ші жылдары бой көтерген зәулім құрылыстардың қатарына Республика сарайы, Достық үйі, Неке сарайы, «Медеу» мұз айдыны, «Алатау» қонақ үйі, Бейнелеу өнері мұражайы және т. б. сәулет объектілері пайдалануға берілгенін, 1980 жылдары Алматы қазақ елі үшін бұрын соңды болмаған мегаполюсқа айналғанынайтып өтті.

«1991 жылы ТМД құрылуындағы қаланың маңызы қандай еді?» деген сұрақты қою арқылы оқушыларды өздігінен ізденуге талпындырып отырдым. Ізденген оқушылар 1991 ж. желтоқсанның 20-ында Әзірбайжан, Беларусь, Армения, Ресей, Қырғыстан, Қазақстан, Молдова, Түркіменстан, Тәжікстан, Өзбекстан басшылары Алматыда 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойғандығын зерделеп, зерттеу жобасына енгізді.

Қала тарихын зерделеген оқушылар «1993 жылғы шешім бойынша қала атауы Алма-Атадан Алматыға ауыстырылды. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үкімімен ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылды. 1998 жылдың 1-шілдесінде Алматы қаласының мәртебесі туралы жаңа заң қабылданды. Бұл заң бойынша Алматы ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық болады және сол жылы Қазақстанның астанасы Президент Н.Назарбаевтің шешімімен қазіргі Астана қаласына көшірілді»деген мәліметтерге сүйене отырып жазуға бағыттадым.

Жобаны жазу барысында оқушыларға 2004 жылдың қараша айында Алматы қаласында Аймақтық қаржы орталығын құру жобасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен ұсынылғандығы, бұл алғаш рет Қазақстан қаржыгерлерінің Конгресінде жария етілдігі айтылып, оқушыларға бағыт бердім.

Бүгінгі күнгі Алматының өмірі туралы оқушылар ғаламтор желісінен мәлімет қарастырып,қазіргі кезеңдегі Алматының мәдени дамуы туралы мынандай қорытынды жасады: «Алматыда 42 конфессияны құрайтын барлығы 275 діни бірлестіктер мен топтар қызмет етеді. Қалада 87 діни ғимарат пен құрылыс объектілері орналасқан. Олар діни дәстүрлерді ұстану мен жүзеге асыру үшін ашылған. Мысалы, қаланың Орталық Мешіті, Әулие Вознесендік Кафедралды соборы, (тарихи және мәдени ескерткіштер), Сұлтан-Қорғандағы мешіт ғимараты, Әулие-Қазан шіркеуі, Әулие Үштік католиктік храмының ғимараты, алуан түрлі мінәжат үйлері, «Менахем Үйі» — Хабад-Любавич Қазақстандық Еврей орталығы және т.б.

Оқушылар ғылыми зерттеу жұмысын жазу барысында келесі бөлімді елорда-Нұр-Сұлтан қаласына арнап, Қазақстанның эталонына айналған Нұр-Сұлтан қаласын астана ету идеясы осыған дейін Алаш зиялыларының да ойында болғандығын айта отырып, оқушылардың бұл тақырып аясында қызығушылығын арттыра түстім.Айталық, Әлихан Бөкейхановтың «Григорий Николаевич Потанин» атты мақаласындағы «Қазақты автономия қылсақ, Қараөткел – Алаштың ортасы, сонда университет салып, қазақтың ұл-қызын оқытсақ «Қозы Көрпеш – Баянды» шығарған Шоқан, Абай, Ахмет, Міржақыпты тапқан қазақтың кім екенін Еуропа сонда білер еді-ау»  [9.384б]деген ойы Қазақстанның орталығынан қала салуды, орталық қала етуді армандағанын айтып, оқушыларды осы тақырыпқа бағыттап отырдым. Өкінішке орай ол кезде қалыптасқан саяси ахуал Алаш жұртын Қараөткелге (қазіргі Нұр-Сұлтан) шоғырландыруға мүмкіндік бермеді.  Ол  мүмкіндік өткен ғасырдың соңындағы азаттықпен бірге келді. Қазақ тарихының жаңа беттері ашылды. Тәуелсіз мемлекет құру және оның жаңа астанасын таңдау бақыты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа бұйырғанын айтып өтіп, оқушыларды Елбасының кітаптарында Астана қаласының салынуы туралы қандай естеліктері бар екендігін біліп келуге тапсырма бердім. Оқушылар Астана қаласы туралы Елбасының: «Жаңа астанаға көшу және оны салу туралы ой менде ертеректе, сонау алыстағы  - 1992 жылы туған еді, бірақ мен ол кезде мұны аузымнан шығармадым, өйткені Қазақстанның экономикасы ойлағанды іске асыруға мүмкіндік бермеді», - дей келіп, - 1992 жылы, Қазақстанның Президенттігіне бүкіл халық болып сайланғаннан кейін, мен Ақмолаға келдім. Есілден көлденең тартылған ескі көпірдің ортасында тұрып, өзенге қарадым. Маған қаланың ортасында ағып өзен жатқан болса, қашанда сол ұнайтын. Өзен қалаға ерекше бір көрік береді, мәртебесін көтереді. Мысалы, бізде Жайықтың бойында Атырау, Сырдарияның бойында Қызылорда, Тобылдың бойында Қостанай, Ертістің бойында Семей мен Кереку орналасқан. Ал әлемде қаншама Астаналар ылғи өзен жағасына салынған! Санкт-Петербург – Невада, Мәскеу – өзі аттас өзенде, Париж – Сенада, Лондон – Темзада тұр. Оның үстіне Ақмола Қазақстан мен бүкіл Еуразияның орталығына орналасқан» - деп Алаш зиялылары мен ҚР тұңғыш Президентінің идеяларын байланыстыруға бағыт бердім[10. 192б]

1997 жылы 20 қазанда ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Ақмолақаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялаған жарлықпен оқушыларды таныстырып, 1998 жылдың 6 мамыры күні Елбасының жарлығымен ҚР-ның астанасы - Астана қаласы болып аталғанын, ал 20 мамырда «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» ҚР-ның Заңы қабылданғандығын оқушыларға айтып, осы құжаттармен сайттан электронды нұсқасымен танысуға көмектесіп, оқушылардың тарихи құжаттармен жұмыс жасау дағдысының артуына ықпал еттім.[11]

Елбасының «Еуразия жүрегінде» атты еңбегінде Ақмола қаласы тарихының өрлеу кезеңдерін оқушылар басты дерек көзі ретінде қарастыра отырып, бірінші өрлеу кезеңін қазіргі Астана қаласынан бес шақырым жерде орналасқан ортағасырлық Бозоқ қаласының гүлдену кезеңімен байланыстырды. Бозақ қаласы Қыпшақ хандығының астанасы болған. Осы аумақ арқылы ХVІ ғасырда Сібір – Орта Азия керуен жолы өткен. Тағы бір еңбегінде «Ортағасырлық Бозоқ қаласын Ақмоланың түпкі атасы деп санауға болады, ал оның соңғы мұрагері қазіргі Қазақстанның астанасы – Астана қаласы» екені айтылады. Астана қаласының маңына орналасқан Бозоқ қаласының орны 1998 жылы анықталып, 1999 жылы Есіл археологиялық экспедициясының жетекшісі, танымал ғалым Кемал Ақышев бастаған археологтардың осы жерде алғаш рет қазба жұмыстарын жүргізгені белгілі. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің К.Ақышев атындағы археологиялық ғылыми-зерттеу институтының директоры Марал Хабдулинаның пайымдауынша, «Бозоқ» – түркі-оғыз термині. Яғни көне түрік мемлекеттерінің әкімшілік құрылымының шығыс бөлігінің атауы. Түрік-оғыздың бузук (боз оқ) термині – тесіп өтетін жебе немесе ақ жебе деген ұғымды білдіреді. Сонымен бірге түркі ұғымында «боз» сөзі «боз дала», «ақ селеулі құтты қоныс» [12] деген мәліметтерді келтіру арқылы қаланың көне тарихын ашып көрсете білді.

Қала тарихының екінші өрлеу кезеңі кеңестік кезеңмен (1920-1990 жж.) байланыстырып, қала өмірінің ерекшелігін сипаттап өтті.

«1954 жылдан бастап, тың игерушілердің осы аймаққа ағылуы нәтижесінде қаланың сәулет саласында біраз бетбұрыстар басталды.1961 жылы Ақмола қаласының аты Целинонрад болып өзгертілді және Тың өлкесінің орталығына айналды.Осы кезде Ақмола облысының тұтастығын сақтап қалу жолында сол кездегі Қаз КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Жұмабек Тәшенов орталықпен күресіп бақты. Ол Қазақстанның бес облысын Ресейге қосу туралы Н.С. Хрущевтің әрекетіне талай тойтарыс беріп, «бұл мәселенінің шешілуі былай тұрсын, тіпті күн тәртібіне қойылуының өзіне қарсы болды».  Оның кеңестік «империялық» кезеңде туындаған жер дауында Мәскеудегі «біріншіге» ашық қарсыласуы – ел тағдырын шешудегі батыл қадам болатын»- деген мәліметтерді келтіре отырып, оқушылар 1950-60 жылдардағы қала өмірінің көрінісін сипаттауға тырысты.[14]

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!