Материалдар / ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДА МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУ ТАРИХЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДА МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУ ТАРИХЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан аумағында мемлекет пен құқықтың пайда болуы тарихы мен даму кезеңдері және оның ерекшеліктері туралы қарастырылады. Бұл тақырыпты қарастырған кезде Қазақстан жеріндегі мемлекеттердің әдет-ғұрыптық құқықтарының құрылымдарымен таныстыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Желтоқсан 2017
1194
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘОЖ 63.3


Жандосқызы Әйгерім

Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназияның 10А сынып оқушысы

Тараз қаласы Қазақстан

Жетекшісі: Маглумова Р.Н.



ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДА МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУ ТАРИХЫ



Қазақстан аумағында мемлекет пен құқықтың пайда болуы тарихы мен даму кезеңдері және оның ерекшеліктері туралы қарастырылады. Бұл тақырыпты қарастырған кезде Қазақстан жеріндегі мемлекеттердің әдет-ғұрыптық құқықтарының құрылымдарымен таныстыру. Қазақстан Республикасының мемлекеттік және құқық тарихы мен еліміздің болашақтағы мемлекеттік құқықтық даму бағыттарын айқындау.


Құрметті «Тәуелсіз Қазақстандағы азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы» атты конференцияға қатысушылар! Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөздерді кіргізген.

Бүгінде құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан, занды білу — заман талабы.

Қазақстан Республикасы 1991жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздікке қол жеткізген,бүгінгі таңда 25 жыл толып отыр. Қазақ хандығына 551 жыл болды. Осы уақыттар аралығына дейін қазақ жерінде қаншама мемлекет (қағанаттар мен хандықтар) тарих сахнасында өмір сүріп, өркендеп, кейбірі тіпті жойылып та кеткен.

Қазақстан аумағында мемлекеттің пайда болуы темір дәуірінен басталады. Алғашқы мемлекеттердің қалыптасу кезеңі ол ерте темір дәуірі б.з.б. VIII-III ғасырлар тайпалық одақтардың құрылуы болды. Бұл Қазақстан аумағында көшпелi мал шаруашылығы мен өндiргiш күштердiң дамуына байланысты, ондағы мемлекет пен құқықтың дамуы алғашқы мемлекеттiң негiзi болып саналады

Қазақстанды жайлаған көшпелілер тыныс-тіршілігінде мемлекеттілік қалыптасып,оның мемлекеттік құқық жүйесі жаңа өркендеу кезеңін бастайды. Ол төрт кезеңге бөлінеді. [2-10б]

1 кезең – көшпелі Ғұн империясы кезеңі б.з.б. ІІІ ғасырдан бастап – V ғасыр аралығын қамтиды.

Б.з.б. ІІІ ғасырдың соңы мен б.з.б. ІІ ғасырдың басында Ғұн тайпалары бірігіп Еуразия құрлығында ірі мемлекет құрып, б.з.б. І ғасырдың орта шенінде империяға айналды. Ғұндарда бір орталыққа бағынған мемлекет құруымен қатар басқару аппараты мен құқық қорғау жүйесіде болған. Басқару аппартын қаржыландыру үшін халыққа салық салынып отырған. [1-135б]

Сондай-ақ ерте мемлекеттер Ғұн, Үйсін, Қаңлыларда да мемлекетті басқару жүйесі мен құқықтық жүйелер болған. Қаңлы мемлекетiне байланысты Қытай деректерінде қаңлылар-дың өзiндiк заңдар кодексi болған көрiнедi. Үйсiндерде малға жеке меншiкпен бiрге оларда белгiлеген арнаулы таңбалардың пайда болған. Ол таңбалар Үйсiн мемлекеттерiнде меншiктiң болғанын айқындайды. Бұл белгiлi әлеуметтiк-экономикалық қатынасты реттейтiн мемлекеттiк-құқықтық жүйелерiнiң мықты дамығанын көрсетедi.




Мемлекетті басқару жүйесі


Билеушілер (шаньюй,гуньмо,хан)


Shape1

Тайпа көсемдері, рубасылар, мен әскербасылар, бас қолбасшы

(Жеке меншік иелері – жер, мал)









Shape3 Shape2

Малшылар

Егіншілер



2 кезең – VІ ғасырдан бастап көшпелі түрік империясының Түрік ірі мемлекетінің құр-ылуы мен оның құлдырап ыдырауынан кейінгі қарлұқ, қарахан, қыпшақ, керей, найман мем-лекеттерінің құрылып, олар өздерінің дамуында түркі дәстүрін сақтауы.

Әрбір қағанат өз алдына жеке саяси құрылым болып, өздерін «ел» деп атады. Елдің әлеуметтік құрылымы күрделі болды.


Елдің әлеуметтік құрылымы


Қаған (Хан)



Shape4

Жоғары лауазымды бектер мен тархандар









Shape5

Ру ішіндегі байлар

Shape7 Shape8 Shape6


Тәуелді шаруалар

Кедейлер


Құлдар мен күңдер





Қағанаттарда құқықтық ғұрыптар қалыптасып, «төру» деп аталған жазба заңдар пайда болды. «Төру» ұғымы ХVІ ғасырға дейін қолданылып келді де, соның негізінде «Төре бітігі» деп аталатын заңдар жинағы қабылданды. [3-131б]

Қаған елді негізінен рубасылар кеңесіне сүйеніп басқарды. Қаған жарлықтар мен бұйрықтар шығарып, оны арнайы қызметшілері елге жариялап, орындалуын қадағалады.

Көшпелі түркі дәуірінде жерді ру-тайпа бөлінісі негізінде малдың өрісіне пайдаланды, жеке меншікке берілмеді. Бұл қоғамда ер адамдар құқығы жоғары болып, мал-мүліктің иесі саналды.

Түрік қағанатында да түрлі қылмыстар мен зорлық-зомбылықтар болған. Бұл жасалған қылмыстар үшін жаза қолданылды. Өлім жазасы сирек кездесті, көбіне дүре соғу,құн төлеу болды. Құнды малмен, заттай, ақшалай төледі.құн төлеу жазасы қазақ халқының қылмыстық-құқықтық жүйесінде ерекше мәнге ие болды. ХХ ғасырдың басына дейін сақталып келді. Түрік қағанаты тұсында қалыптасқан құқықтық ұғымдар кейінгі құрылған мемлекеттердің мемлекеттік-құқықтық өмірінде де қолданылып, оларды қазақ халқы мирас етіп қабылдап келді.

Сонымен бірге ислам дінінің енуіне байланысты мұсылмандықтың саяси және құқықтық идеялары түркі қоғамының өмірінде үлкен рөл атқарды.

3 кезең – ХІІІ ғасырдан бастап Моңғол – қыпшақ көшпелі империялары деп аталады. Оның негізі – моңғол империясының Шыңғыс хан жасаған басты заңы « Жасақ» (Ясы). Бұл мемлекеттік құқықтық жүйе ХVІ ғасырдың аяғына дейін билік құрды. Бұл заң жаулап алған елдердің бәріне қолданылып, олардың саяси, экономикалық және әлеуметтік қатынастарын реттеді.мемлекет ұлыстарға бөлініп, ұлыстарды хан тұқымынан шыққандар биледі. «Жасақ» бойынша басыбайлық тәртіп ортатылды. Әскери және құқықтық тәртіпті бұзушыларға өлім жазасы қолданылды. Біртұтас салық жүйесі енгізілді.

Моңғол империясы ыдырағаннан кейінгі құрылған Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан мемлекеттерінің басқару жүйесінде айтарлықтай алшақтықтар бола қойған жоқ.

4 кезең – ХV ғасырдан бастап ХVІІІ ғасырдың басы аралығындағы тұтас қазақ ханды-ғында қалыптасты. ХV ғасырдың орасында қазақ мемлекетінің ірге тасын қалаушылардың бірі Жәнібектің – баласы Қасым хан тұсында қазақ тарихында тұңғыш рет құқықтық ғұрыптар мен нормалар жүйеге келтірілді. Бұл жүйе қазақ халқының ғасырлар бойы келе жатқан құқықтық ғұрыптарын негізге ала отырып, Қазақ мемлекетінің жағдайына бейімделіп жасалды. Халық оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атады.

«Қасым ханның қасқа жолы» бес бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімінде малға, мүлікке және жерге байланысты қатынастар баяндалды. Екінші бөлімде түрлі қылмыстар мен оларға қолданылатын жазалар тұжырымдалған. Үшінші бөлім – әскери қызмет атқару ережелеріне және әскер тәртібін бұзушыларға берілетін жазаларға арналған. Төртінші бөлімге елшілік қатынастарды реттейтін нормалар – елшілерді тағайындау, басқа елдердің елшілерін қабылдау, шет мемлекеттердің өкілдерімен келіссөз жүргізу рәсімдері енгізілген. Соңғы – бесінші бөлімде аруақтарға арнап ас беру, түрлі той-думандар, тағы басқа дәстүрлі шаралар өткізутәртібі айтылады. [3-134б]

Қазақ хандығы ХVІІ ғасыр басында екі хандыққа бөлініп дағдарысқа ұшыраған кезі Есім ханның ел билеген кезіне тура келді. Есім хан ел билігін қоға алып, ішкі-сыртқы саясатта тәртіп орнатты.

Ел аузында «Есім ханның ескі жолы» деген аңыз қалды. Қасым ханның заң ережелерін Есім хан ел билеуде ұтымды пайдалана білді. Бұл заң Есім ханның тұсында жасалған далалық заңдарға байланысты айтылған. Қоныс-тұраққа, мал-мүлікке, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа байланысты туындайтын дау-дамайдың шешімдері осы заңмен қарастырылды.

Қазақтың құқық жүйесінде келесі елеулі өзгерістер енгізген ХVІІ ғасыр аяғында Тәуке хан болды. Ол «Жеті жарғы» деп аталатын құқықтық нормалардың тұжырымдамасын жасады. «Жеті жарғы» ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптық ережелер негізінде жасалды. Ол халыққа түсінікті болды және әрбір азамат заң талабын орындауға міндетті болды.

«Жеті жарғыда» мына мәселелер қарастырылды: 1. Жер дауы. 2. Үй іші мен бала тәрбиелеу. 3. Ұрлық-қарлық, барымта. 4. Бір халық пен басқа ру арасындағы дау. 5. Ұлтын жаудан қорғау. 6. Құн дауы. 7. Көші-қон және апатты жағдайға ұшыраған кезде көмек беру міндеттелді.

Тәуке хан кезіндегі билік

Бір орталыққа бағынған қазақ хандығындағы билік.



Shape9 Shape11 Shape10

Билер жергілікті атқарушы өкіметке айналды



«хандық кеңестің» және «билік кеңестің» ролін арттырды

Хан мен билер ғана соттық мансапты атқаруға тиіс болды.




Қазақстанның Ресейге қосылуы құқықтық жүйені өзгертіп жіберді. Ресей қазақ жерінде өзін-өзі басқаратын жергілікті органдар құрды. Олардың бәрі жергілікті отаршылдық аппа-ратқа бағынды. Патша өкіметі қазақтың әдеттегі құқықтық жүйесін ішінара сақтай отырып, қазақ даласына Ресей заңдарының қолданылуын енгізе бастады.

Қазіргі заманда өркениеттің  басты жетістігі адам құқығы мен  бостандығын  нақты  қалыптастыру болып табылса, барлық мемлекет оны  қорғап, оған кепіл болуы тиіс.

Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі – халықаралық құқықтық жүйенің құрамдас бөлігі. Қазақстан Ата заңының 1-бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», деп атап көрсетілген. Осы заң сөздерді Қазақстанға әлемнің дамыған елдерінің қатарында тұруға моральдік құқық береді.

Адам құқықтары мен бостандықтары туралы заңдарды дамыту жолында Қазақстан басқа өркениетті елдердің тәжірибесін қолдана бастады. Соның бір айғағы ҚР Президентінің жарлығымен Президент жанында елдегі адам құқығы мен бостандығын сақтауға бақылау жасайтын, өкілеттік қызмет жөніндегі комиссияның құрылуы. Қоғамның өтпелі кезеңінде еліміздегі адам құқықтары жөніндегі заңдар қызметін үйлестіріп, олардың осал тұстарын ретке келтіріп, қалпына келтіруге қазақстандықтар комиссияға зор үміт артады. Бұрынғы кеңестік дәуірде азаматтар өз құқықтарын қорғау үшін жоғары билік орындарына, тіпті Коммунистік партияның Бас хатшысына жүгінетін. Қазіргі уақытта адамдар өздерінің бұзылған құқықтарын қорғау үшін құқық қорғау орындарына, сотқа, Адам құқығы жөніндегі комиссияға шағымданатын болды. Бұл біздің қоғамның құқықтық мемлекет құруға бет бұрғандығымызды көрсетеді.

Құқықтық мемлекет дегеніміз – құқық жүйесі қалыптасқан, заң бәрінен жоғары тұратын, заң талаптарының барлық субъектілерге міндеттілігі қамтамсыз етілетін, мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметі түгелдей қабылданған заңдарға негізделіп жүргізілетін мемлекет. [4-310б]

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алып, дүниежүзілік қауымдастық қатарына қосылғаннан бері адам құқығына қатысты бірнеше халықаралық конвенцияларға қосылды. Қазақстан ең алдымен 1949 жылы қабылданған Женева конвенциясына (Конвенцияға қосылу ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31-ші наурызындағы қаулысымен бекітілді), 1989 жылы қабылданған Сәби құқығы туралы конвенцияға (ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 8-ші наурызындағы қаулысы) қосылды. Осы халықаралық конвенцияларға қосылып, Қазақстан адам құқықтары мен бостандықтары басты қазынасы болып саналатын, демократиялық ел болуға деген ұмтылысын бекіте түседі.

Адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және ардақтау ұстыны БҰҰ-ның 1945 жылы қабылданған Жарғысында қатталды. Осы құжат шын мәнінде тәуелсіз мемлекеттердің халықаралық құқық шеңберінде ынтымақ ұластырып, жарасымдылыққа жетуіне тұңғыш ретсаяси, заңдық негіз қалаған еді. 1992 жылы тәуелсіздіктің аспан-көк туын көтеріп, өзге мемлекеттермен терезесі тең мүше ретінде табалдырығынан аттаған БҰҰ-ның жарғылық қағидаларына адам құқығы – адамзаттың басты игілігі екендігі, сондай-ақ ерлер мен әйелдердің тең құқықтылығы, үлкен және ұсақ ұлттардың теңдігі, бейбітшілік пен қауіпсіздік сақтау үшін күш біріктіру арқау болып тартылған.

БҰҰ-ның Баланың құқықтары туралы конвенциясын іске асыру үшін мемлекет бірқатар заңды құжат қабылдады. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын қорғау туралы» (1997ж), «Еңбекті қорғау туралы» (1993ж), «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» (1997ж) заңдарды солардың қатарына жатады. Республикамызда мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту, тәрбиелеу және сауықтыру үшін, сондай-ақ мүгедек балаларды оқыту үшін жасауға көңіл бөлінеді.

Сонымен қатар әрбір  азамат өз пікірін білдіруге, ақпарат алу бостандығына деген құқығы басқа құқықтар мен бостандықтарды іске асыру үшін негіз болып табылады. Сөз бостандығы қоғамның демократиялығының белгісі және кепілі. Ал Қазақстан үшін – оның демократия жолымен алға басуының қаншалықты шынайы екендігінің және саяси реформалардың қандай деңгейіне жеткенінің көрсеткіші болып табылады.

Қазақстан Республикасы адам құқықтарын қорғау саласында оң қадамдар жасауда. Біздің республикамыз келешекте де адам құқығы жөніндегі айтулы халықаралық, экономикалық, әлеуметтік және саяси пактілерге қосылуға бет бұрып, үнемі басты назарда ұстауға кепілдік береді.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Ежелгі Қазақстан тарихы. 6 сынып оқулық. Алматы «Атамұра» 2015

2. Исабеков А.Қ. ҚР мемлекеттік және құқық тарихы (оқу құралы) Алматы. 2005

3. Адам. Қоғам. Құқық. 9 сынып оқулық. Алматы. «Мектеп» 2005

4. Қ. Жүкешов. Адам және Қоғам. Алматы. «Глобус» Баспа үйі 2004

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!