Материалдар / Қазақстан халқы моноэтникалық құрамының өзгеруі (XVIII ғасыр – XX ғасырдың басы)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақстан халқы моноэтникалық құрамының өзгеруі (XVIII ғасыр – XX ғасырдың басы)

Материал туралы қысқаша түсінік
коллеждер үшін 1 курсқа арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Наурыз 2021
8176
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Үй тапсырмасы


1-дерек. Тарихшы И.Завалишиннің шығармасынан үзіндіде патша өкіметі аймақтағы отаршылдық ниеттерінің демографиялық жағдайды империяның пайдасына күрт өзгерту әрекетімен өзара байланысты екенін айтылып отыр. Патша өкіметінің саяси мақсаттары елдің экономикалық мүдделерімен тығыз ұштаса отырып,орыстардың автохтондық тұрғыдан сан жағынан басымдығын қамтамасыз етуге тиіс болды,ол өз мақсаттарына өлкеге славяндардан шыққан келімсектерді жаппай қоныстандыру жағдайына жете алатын еді. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін,3 том,Алматы,2010, 470-бет


2-дерек. «Туркестанские ведомости» авторларының бірі С.Гескет аймақты «орыс элементін» ұлғайту арқылы ассимиляциялау міндеттерін былай анықтаған: «... саны жағынан айырмашылық онша байқалмаған жағдайда ықпалдың басымдылығы әрқашанда күшті ұлт жаңында болады,орыс халқын ассимиляциялауға жататын өлке халқы деңгейінің 50 пайызына дейін жеткізу керек». Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін,3 том,Алматы,2010, 470-бет


3-дерек. Ресей империясында алғашқы және бірегей жалпы халық санағын 1897 жылдың ақпан айында Семенов Тянь-Шаньскийдің жоспары бойынша жүргізген. Ол бағдарламаның негізі 14 сұрақтан құралған; жасы, жынысы, некелік жағдайы, адамдардың қоғамдық тобы, туылған жері, тіркелу орны, тұрақты (күнделікті) тұрғын орны, діні, ана тілі, білім деңгейі, шұғылданатын ісі, физикалық жетіспеушіліктер мен ойлау қабілеті төмен адамдар. Ресей империясының 1897 жылғы жалпы халық санағының негіздерінен құралған, Қазақстан территориясында ең ірі үш этникалық топтар шоғырланған; қазақтар жұртшылықтың 74-78%, орыстар - 10-13% және украйндар 1-2% құраған. 1897 жылғы Ресей империясында жүргізілген санақ мәліметтері бойынша қазақ халқының саны 3745 мың. адам, ал Қазақстан шекарасында 1927 жылға 3392 мың. адам болды. Демограф М.Б. Тәтімовтың ойынша 1897 жылғы санақ кезіндегі қазақ халқының саны 10%-ға, ал 1926 жылы 6%-ға аз көрсетілген. 1911 жылы қазақ халқының үлес салмағы 60%-ға дейін төмендеген, орыстар жалпы халық санының 19,6%-ын құраған. 1914 жылы қазақ халқының үлес салмағы 58,5%, ал орыстар 29,6% құраған. 1917 жылы Қазақстан бойынша қазақ халқы 4 млн. 980 мың. адамға жеткен (Семиреченск облысы бойынша 750 мың., Самарқанд облысы – 120 мың., Амудария және Сырдария облыстарында 1 млн.150 мың.). «Азиялық Ресей» жинағында Қазақ даласына қоныс аударушылар санының артуы жөнінде статистикалық мәліметтер келтіріледі.


4-дерек.Дала өңірінде Ақмола облысы орыс ұлт өкілдерімен неғұрлым көп қоныстандырылды. Орыстар бұл аймақта халықтардың арасында басым үлеске (58%) ие болып отыр, ал 1897 жылы бұл облыс қырғыз даласының әлі де елсіз өңірі болып, бұл жерде орыс халқының үлесі 33%-дан асып түспеген еді; Ақмола облысынан кейін орыс қоныстанушылардың аударылуы жағынан, әсіресе соңғы жылдары қарқынды түрде аударылған өңірлердің арасынан бірінші кезекте Торғай облысын орналасқан. Мұнда орыс ұлт өкілдерінің саны 1897 жылы 35.028 адамнан 1911 ж. таман 225.480 адамға дейін, яғни 14 жылдың ішінде 7 есе арта түскенін байқауға болады (Прошлое Казахстана в источниках и материалах: (Сборник I. (V в. до н. э.-XVIII в. н. э.)) / Под ред. проф. Асфендиярова С.Д. и проф. Кунте П.А. – А.: Казакстан, 1997. - 383 с. с. 292).


5-дерек 1881 жылдан бастап 1894 жылға дейін Жетісуға бұрын Қытай жерін мекен еткен таранча мен дүнген ұлттары қоныс аударылды. 1882 жылдың сәуір айына таман Жетісу жерінде 5 мыңға жуық таранчи и дүнген отбасылары мекендеді. Ал мамыр айының соңына таман олардың көлемі 6549 отбасыға дейін артты. Таранчи мен дүнген ұлттарының қоныстану үрдісі тек 1882 ж. күзі - 1883 ж. көктеміне таман аяқталды. Дегенмен, қоныстанушылардың жекелеген топтары 1884 жылдың басына дейін жаңа жерлерге қоныс аударуды жалғастырды. Барлығы осы уақыт аралығында Жетісуда 45 373 адамнан құралатын 9572 таранчи отбасы және де 4682 адамды құрайтын 1147 дүнген отбасысы мекендеді. 1897 жылғы санақ бойынша таранчи мен дүнгендер саны 71 091 адамды құрады (55 815 ұйғыр мен 15 276 дүнген) (История Казахстана: народы и культуры: Учеб. пособие / Масанов Н.Э. и др. – Алматы: Дайк-Пресс, 2001. – 600 с. с. 221).

6-дерек.1906 жылы Ресей Министрлер Кеңесінің төрағасы П.А. Столыпин шаруаларды Ресейдің азиялық бөлігіне жаппай қоныс аудару туралы шешім қабылдады. Бұл реформаның бағыты, қоныс аударушы шаруаларды жермен қамтамасыз ету болатын. Шаруаларға Қазақстан аумағына қоныстануға құқық берілді. 1917 жылға қарай жергілікті байырғы халықтың пайдалануындағы 45 миллион десятина жер тартып алынды. Бұл кезде Қазақстанға қоныс аударған шаруалардың жалпы саны 1,5 миллионға жуықтап қалған болатын. Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.Алматы: Атамұра, 2008. — 352 бет,


Т. IDEA формуласы бойынша қорытындылайды

I – (Identify) тарихи оқиғалардың себептерін анықтау

D – (Describe) сәйкесінше дәлелдерді сипаттау

E – (Explain) оның … қалай әсер еткендігін түсіндіру

A – (Analyze) бұл себептердің қаншалықты маңызды болғандығын талдау

Дескриптор: Деректер арқылы тақырып мазмұнын талдайды, дәлелдер арқылы қортындылайды


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!