Қазақстан «Хрущевтық жылымық» кезеңінде (1954-1964 жылдар) 9 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстан «Хрущевтық жылымық» кезеңінде (1954-1964 жылдар) 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар бұл бөлімде 9 сыныпта 9.2 А. Қазақстанда кеңестік жүйенің орнығуы, 9.3 А. Қазақстан тоталитарлық жүйенің нығаюы кезеңінде бөлімдерінде өткен ХХ ғасырдың бірінші жартысында КСРО-да қалыптасқан тоталитарлық жүйенің басқару ерекшеліктері, жоспарлы экономиканың күшті және әлсіз жақтары, Сталиннің жеке басына табынушылық, зиялылардың қуғын-сүргінге ұшырағандығы туралы білімдеріне сүйене алады. Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстан жауынгерлерінің барлық майдандардағы ерлігімен және тылдағы азаматтардың ерен еңбегімен жеңіске үлкен үлес қосқанын, экономикасының соғысқа бейімделгенін біледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақмерзімді жоспардың бөлімі:

Қазақстан «хрущевтықжылымық»
кезеңінде (1954-1964 жылдар
)

Мектеп: №70 ЖББМ

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні: Майлыбай А.А.

Сынып: 9Ә

Қатысқаны: қатыспағаны:


Сабақ тақырыбы

Қазақ КСР экономикасының шикізатқа бағытталуы

Тарихи концепт

Өзгеріс және сабақтастық

Оқу мақсаттары

9.3.2.1. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әскери-өнеркәсіп кешендерінің Қазақстанға тигізген зардаптарын талдау;

9.3.1.1. қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау.

Сабақ мақсаты

Қазақстанға XX ғасырдың ІІ жартысындағы әскери-өнеркәсіп кешендерінің тигізген зардаптарын анықтап талдау жасау;

қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін анықтау және өзіндік интерпретация жасау.

Бағалау

критерийлері

- әскери-өнеркәсіп кешендерінің зардаптарын біледі;

- қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсінеді .

Тілдік дағдылар

-Әміршіл-әкімшіл жүйенің (тоталитаризмнің) күшейе түскендігі туралы талдауға қатысады (айтылым, тыңдалым);

-презентация жасап қорғайды (айтылым, тыңдалым);

-қысқаша қорытынды ПТМС жазады (жазылым);

-Келесі себептер/ факторлар қысқа мерзімді/ орта мерзімді/ұзақ мерзімді болып келеді...

-Бұл оқиға /өзгеріс маңызды болды / айтарлықтай, өйткені…, дегенмен....

- Бұл деректің маңыздылығы...

Сабақта қамтылатын

құндылықтар



Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу.

Тақырыпты меңгеру барысында Қазақстанның экономикасының жағдайындағы артықшылықтар мен кемшіліктерді әлемдік деңгейде салыстырып жахандық азаматтық позициясын көрсету.

Пәнаралық байланыс

Физика,химия,географияпәндерімен мағынаны тану кезеңінде байланыс жасалады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар бұл бөлімде 9 сыныпта 9.2 А. Қазақстанда кеңестік жүйенің орнығуы, 9.3 А. Қазақстан тоталитарлық жүйенің нығаюы кезеңінде бөлімдерінде өткен ХХ ғасырдың бірінші жартысында КСРО-да қалыптасқан тоталитарлық жүйенің басқару ерекшеліктері, жоспарлы экономиканың күшті және әлсіз жақтары, Сталиннің жеке басына табынушылық, зиялылардың қуғын-сүргінге ұшырағандығы туралы білімдеріне сүйене алады. Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстан жауынгерлерінің барлық майдандардағы ерлігімен және тылдағы азаматтардың ерен еңбегімен жеңіске үлкен үлес қосқанын, экономикасының соғысқа бейімделгенін біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-6минут


Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды топтастырып, назарын сабаққа аудару.

Қызығушылықты ояту кезеңі:

https://www.youtube.com/watch?v=UXMMAN-WHBA

БСМ: 1950-1960 жылдардағы КСРО саяси-экономикалық даму ерекшеліктері туралы бейнебаян ұсынып, сыныптық талқылау ұйымдастырылады.

  • Бейнебаяндағы оқиға қай кезеңге жатады?

  • Бейнебаянның сабақ тақырыбына қандай байланысы болуы мүмкін ?

  • Халықтың қандай әлеуметтік проблемаларын байқадыңыздар ?

Оқушылардың жауаптарын негізге ала отырып, сабақтың тақырыбы ашылады.

https://www.youtube.com/watch?v=UXMMAN-WHBA«Оттепель» в СССР: особенности экономического и политического развития СССР в 1950-1960-е г

Cабақтың ортасы



















7-15 минут






















16-24 минут






25-31 минут






















32-37 минут


Мағынаны тану: Зерттеу мен талдау

Оқушылар оқулық пен ғаламтор материалдарына шолу жасап, шағын зерттеу жүргізеді.

Зерттеу сұрақтары:

  • 1950-60 жж. ортасында Қазақстан территориясында қандай өнеркәсіп орындары салынды?

  • Бағыты? (шикізаттық, дайын өнім өндіру)

  • КСРО көлеміндегі өндірістің пайыздық үлесі қандай ?

  • Қазақстанға әкелген пайдасы және зияны?

  • Қазақстанның табиғи ресурстарын игеруде ұлттық мүдде қаншалықты ескерілді ?

  • КСРО кезеңінде Қазақстанның жері, суы, пайдалы қазбаларын өндіру туралы шешімдерді кімдер қабылдады? Неліктен ?

(Т) Әр топқа Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы, әскери-өндірістік кешеннің қалыптасуы тақырыптарына байланысты деректер мен мәліметтер таратылады.

Дескрипторлар:

1.Оқушылар таратылған мәліметтер негізінде Қеңес үкіметінің Қазақстанның табиғи ресурстарын игеруде ұлттық мүдденің ескерілмегендігін анықтайды;

2.Қазақстанға зардаптарын тигізген әскери-өнеркәсіп кешендеріанықтайды;

3.Олардың денсаулыққа, экономикаға кері әсерлері туралы дәлелдер келтіреді.

(Т)Оқушылар талдау қорытындысын интеллект карта, баяндама, презентация (Prezi арқылы) т.б түрінде ортаға салады.

Бағалау критерийлері:

  • Кем дегенде 2 дәйек келтіріп, фактілермен дәлелдеу;

  • Жүйелі, тарихи тілде сөйлеу;

  • Қоғамдық-саяси өмірмен байланыстыру, қорытынды жасау.

(Т)Талдау жұмысының негізінде әр топ өздерінің нәтижелерін спикерлері арқылы сыныпқа таныстырады. Топтар бір біріне сұрақ қойып, пікір алмасады.

Кері байланыс, бағалау жүргізіледі.


(Т/Ж) Сабақта жинақтаған білімдерін қолданып, Қазақ КСР экономикасының шикізатқа бағытталуы жағдайына SWOT анализ әдісін қолдана отырып, талдау жасайды.

( топтық/жұптық тапсырма таңдау барысында: уақытқа арналған дифференциация жүргізіледі, баяу оқушыларға уақыт 1-2 мин. ұзартылады,оқушының жеке күтілетін нәтижесінде жүзеге асуы үшін көмек көрсетіледі;оқу материалдары мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып таңдау беріледі)

SWOT-талдау әдістемесі

1 кесте

S

күшті/мықты жақтары


W

әлсіз жақтары


O

Мүмкіндіктер


T

Қауіп-қатерлер



SWOT-шешімдер

2 кесте


O

T

S



W



Талдау жұмысының негізінде әр топ/жұп өздерінің нәтижелерін сыныпқа таныстырады.

Топтар/жұптар өзара бағалауы және мұғалімнің ауызша кері байланысы жүргізіледі.

Қазақстанның қазіргі заман тарихы. Хрестома

тия:Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқу құралдары.Б.Аяған.-Алматы:Атамұра, 2005ж.


Омарбеков Т. Қазақстан тарихының XX ғ. өзекті мәселелері. Өнер, 2014


Б. Ғ. Аяған, Х. М. Әбжанов, Д. А. Махат. Қазіргі Қазақстан тарихы. –Алматы: Раритет, 2010


Козыбаев М. К., Алдажуманов К. С. Тоталитарный социализм: реальность и последствия. Адилет, 1997


Сабақтың соңы

38-39 минут

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жасайды:

- нені үйрендім ?

- не нәрсе түсініксіз болды?

- немен қайта жұмыс жасау керек?

Үй жұмысы

39-40 минут

35 тақырып, шығармашылық тапсырмаларын орындау


Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Студенттердің жеке қабілеттерін ескере отырып, әртүрлі ресурстардың түрлерін таңдауда саралау (Гарднер бойынша түрлі интеллектілер теориясы); тапсырмаларды таңдауда - суреттермен, мәтіндермен жұмыс жасағанда, тұжырымдарды қалыптастырғанда. Сабақтың барлық сатыларында педагогикалық қолдаудың әртүрлі формалары ұсынылады

Сабақтың барлық тапсырмалары дескрипторлар арқылы бағаланады. Бағалаудың әр түрлі формалары пайдаланылады: өзін-өзі бағалау, жұп жұмысын өзара бағалау, топтардың жұмысын өзара бағалау, мұғалімнен ауызша кері байланыс.

Оқушылар топта және жұппен жұмыс кезінде класс айналасында жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.01.2021
4840
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі