Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Қазақстан монғол шарқыншылығы дәуірінде. ХІV-ХV ғғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттер»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
АЛҒЫ СӨЗ
Аталмыш әдістемелік әзірлеме Қазақстан тарихы пәні бойынша құрастырылған. Оқу бағдарламасының негізіне сүйене отырып сабақтың барлық құрылымын толық қамтылып дайындалды.
Мұнда өткен сабақ тақырыптарын пысықтаудағы түрлі дидактикалық материалдар пайдаланумен бірге білімалушылардың сабақты игерудегі кезеңдерінде қолданатын ойын элементтері де қамтылған. Ол әдістер өтілген және өтілетін тақырыптарды студенттердің ең қажеттісін толық түсінулеріне және өз ойларын жетілдіруіне арналған тапсырмалар мен тақырыптық тарихи суреттер слайдтарды пайдаланылатындығы ескерілген. Тарихи және әдеби жаңаша жинақталған бейне фильм үзінділері, суреттер, тарихи тұлғалар туралы әдебиеттерден қажетті үзінділер де келтірілген. Көбіне тақырып негізі тарихи деректерді сабақта қолданудың тиімділігін аша түседі. Бұл тақырып бойынша студенттердің білімділігін, сабаққа деген ынтасын, белсенділігін арттыратын танымдық қызмет үшін құрастырылған әзірлеме болып табылады.
Ұсынылып отырған әдістемелік әзірлеме жан-жақтылы студенттердің теориялық, әдістемелік және біліктілік деңгейін жоғарлату талаптарына сай даярланды. Әдістемелік әзірлеме білімалушылардың тақырыпты түсініп қана қоймай, оның мазмұнына қызығушылықпен терең бойлауына мүмкіндік беретін және басқа да жас оқытушылардың өз тәжірибелеріне басшылыққа алуына арнайы құрастырылған көмекші құрал.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ШҚО әкімдігінің білім басқармасы
КМҚК «Құрылыс колледжі»
Пән атауы: Қазақстан тарихы
№ 10 сабақ тақырыбы:
«Қазақстан монғол шапқыншылығы дәуірінде.
ХІҮ-ХҮ ғғ.Қазақстан аумағындағы мемлекеттер»
Оқу тобы: 22 ПГС (2 курс)
Өтетін орны: № 26 оқу кабинеті, 2 қабат
Өтеетін уақыты: сағат: 10-15(2 пар) « 03»қараша 2018 жыл,
Оқытушы: Оразымбетова Рашида Жұмағалиқызы
Семей-2018
Сабақ тақырыбы: Қазақстан монғол шапқыншылығы дәуірінде
ХІҮ-ХҮ ғғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттер
Мақсаты: тақырып бойынша студенттердің жұмыс жасау дағдылары мен баяндау мәдениетін жетілдіру
Білімділік: Монғол империясының құрылуы және шапқыншылық кезіндегі Қазақстанның саяси жағдайы мен ХІҮ-ХҮ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттердің қалыптасуы мен саяси тарихынан тарихи мәліметтер алу
Дамытушылық: тарихи әдебиеттер негізінде тақырып негізін анықтау, хабарламалар жинақтау, білімалушыларға жеткізу, қосымша материалдармен жұмыс жасауды дағдыға айналдыру
Тәрбиелік: ел тарихын сүюге және тарихи тұлғалар туралы нақты мәліметтерді білуге, өзінің азаматтық көзқарасын қалыптастыруға үйрету
Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, дүниежүзі тарихы, қоғамтану,
саясаттану, география
Сабақ түрі: аралас сабақ
Көрнекі құралдар: дүниежүзінің саяси картасы, көркем әдебиеттер, суреттер т.б.
Техникалық құрал: интерактивті тақта, тақырыптық слайдтар, бейнефильм
Оқу орны: № 4 оқу кабинеті, 2 қабат
Негізгі қолданатын әдебиеттер:
1.Қ.Аманжолов Қазақстан тарихының дәрістер жинағы 1 том; Алматы- 2004, -392 бет
2.І.Есенберлин. Шыңғысхан-әлем сілкіндіруші. –Алматы; «Көшпенділер»- 2001.-304 бет
3.Ермұханова Х.К. Қазақстан тарихы бойынша нақты деректер (ежелгі заманнан қазірге дейін» : -Алматы: ШЫҢ-КІТАП, 2007-229 бет
4.// История Казахстана: преподавание в школах и ВУЗах № 1 -2010. стр-35-41
5.З.Қинятұлы Ұлы дала мемлекеттер.-Алматы: «Аруна» баспасы, -2016 бет
6.Әбілғазы, Түрік шежіресі, А., 1992
САБАҚ БАРЫСЫ:
1.Ұйымдастыру: 1 минут
а).студенттерді түгендеу, сабаққа назарын аудару
2.Өткенді пысықтау: -19 минут
2.1.оқиға жылдарын еске түсірейік «Математикалық шкатулка» кезеңі-3 минут
1.200+42+150+150 = 542
(жауабы: Түркі этнонимі қытай деректерінде кездестілірген)
2.1991-1000-388= 603
(жауабы: Ежелден Алтайды мекенжеген жұрт Түрік қағандығының екіге бөліну пройесінің аяқталғандығы)
3.692+17+20+20+17=766
(жауабы: Түркеш қағандығының күйреген кезі)
2.2. «Не? Қайда? Қашан?» бірнеше сұрақтарға жауап алу-6 минут
НЕ? |
ҚАЙДА? |
ҚАШАН? |
1.Оғыз мемлекетінің құрылуы...? |
Сырдария бойы мен Арал маңындағы далалық жерлерге |
ІХ –Х ғасырларда |
2.Яғма, шігіл тайпаларын біріктірген мемлекет-Қарахан мемлекеті. |
Орталық Тянь-Шань мен Жетісу жерінде |
910-1212 жылдары |
3.Қарахан кесенесі... |
Тараз қаласында |
11-12 ғасырларда |
4. Қимақ қағандығы |
Шығыс және Орталық қазақстанда |
ІХ ғасырдың соңы-ХІ ғасырдың басы |
5.Қыпшақ тайпалық бірлестігі |
Дешті қыпшақ жерінде |
ХІ-ХІІ ғасырларда |
6.Найман хандығы |
Қазақстанның шығысында |
ХІ-ХІІ ғасырларда |
2.3.Найман, Керейт хандығы туралы жалпылама сұрақтар-10 минут
1. Найман мемлеткетінің өркендеуі қай хан тұсында болды?
(ХІІғ. соңы Инаныш білге Бұқа хан тұсында)
2. Рашид әд-Дин шежіресінде наймандар туралы қандай пікір айтылған?
(«Наймандардың хандары қадірлі, қуатты, халық саны көп, әскері де батыл»-, деп айтылған)
3.Неге найман мемлекетінің хандары «Бұйрық» және «Күшлік» деп аталды?
(хан Инаныш Білге қартайып, қайтыс болады. Найман мемлекеті екіге бөлінді.оның бірін Таян хан кейінен «Күшлік» билесе, екіншісін Бұйрық хан биледі)
4.Күшлік ханды өлтірген кім еді?
(Шыңғысханның мергені Жебе және оның әскерлері)
5.ІХ-ХІІғғ. Керейт хандығының территориясы...?
(Завхан, Тола, Селенгадан Шығыс Монгол құмына дейінгі жерлер)
6.Ортағасырлық жазбаларда керей хандары туралы қандай мәліметтер бар?
(шатырлары да, ер-тұрмандары да, ас-су ішетін кесе-ыдыстары да алтынан)
7.Есухейдің баласы Темужиннің өкілі әкесі кім еді?
(Керейдің ханы Тоғырыл)
8.Керейлерді бастаған Тэмужин татарларды қай жылы бағындырды?
(1198 жылы)
Жаңа сабақ тақырыбы: Қазақстан монғол шапқыншылығы дәуірінде
ХІҮ-ХҮғғ Қазақстан аумағындағы мемлекеттер-60 минут
Жоспар:
1.Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
2.Отырардың күйреуі және монғол шапқыншылығының зардаптары
3.Жошы-Қыпшақ ұлысы державасы (Алтын Орда)
4.Ақ Орда мемлекеті
5.Көшпелі Өзбек мемлекеті (Әбілқайыр хандығы)
6.Моғолстан мемлекеті
6. Ноғай Ордасы (Маңғыт жұрты)
Сабақ мақсаты: тарихи деректер негізінде тақырып негізін ашу білімдеріні толықтыру
Кіріспе: ҮІ-ХҮғғ Қазақстан аумағындағы мемлекеттер тарихы деген кезең бар. ІІ-Ү ғасырлар түркілену кезеңі Қағандықтар мен мемлекеттер пайда болды. Саяси күрестер ел-жер билігі үшін болды. Келесі бір кезең- монғол шапқыншылығы кезеңі (ХІІІ-ХҮ ғасырларды қамтиды). Бұл жөнінде ақпараттық материалдар, бейнефильмдер, тарихи кітаптар өте көп. Мысалы: З.Қинятұлының «Ұлы дала мемлекеттері», «Шыңғыс хан және Қазақ мемлекеті», М.Мағауиннің тарихи романы «Шыңғысхан» және «Шыңғысхан жорықтары» атты ғылыми еңбектер жарық көрсе, Бейжің шығыс шұғыласы «Шабыт» серіктестігінің басшылығымен шыққан көркем фильмдер «Шыңғысхан», «Құбылай хан», «Отырардың күйреуі» қазақ тіліндегі көркем фильмдер бар. Татар-моңғол тайпаларын саяси жағынан басын біріктіріп, моңғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Тэмуджин болды. Бір деректе 1155 жылы,келесі бір деректерде 1162 жылы ірі ноян Есухей батыр отбасында туған.
1-сұрақ: Шыңғыс хан , шын аты – Темучин (моңғ. Тэмүжин) (1162-1227жж) —1206 жылы Азияда тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері. Ежелгі ру басшысы Есухей баһадүрдің отбасында туған. Анасы Өлун. Шыққан тегі-боржігін, лауазымы-ұлы хан. «Ал енді ол туатын уақыт жеткен кезде, Шыңғысхан өзінің оң қолының алақанында бір түйір ұйыған қанды қыса дүниеге келді.» деп жазады «Асыл аңызда». Ұрпақтары: Жошы, Угедей, Шағатай, Төле. Темучин ер жете келе қол астына моңғолдардың барлық тайпаларын біріктіреді. 1206 ж. көктемде Онон өзені жағасында Тэмуджинді жақтаушы моңғол ақсүйектерінің құрылтайы болып оны Шыңғыс хан деген атпен моңғолдардың әміршісі етіп жариялайды. Хан әскери-ұйымдастыру принципімен мемлекеттік құрылыстың негізін қалады. Яғни мемлекеттің қоғамдық құрылыс пайда болды. Елдің бүкіл жері мен халқы он қанат (барунғар), сол қанат (жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери әкімшілік округке бөліп, әрбір округте он мың адамнан тұратын бірнеше түмгелер (түмендер) болды. Олар өз кезегінде «мыңдық», «жүздік», «ондықтан» тұрды. 1207-1208 жылдары Шыңғыс ханның үлкен баласы Жошы Енесей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігіндегі басқа да «орман халықтарын» бағындырды. 1208-1209 жылдары Шыңғыс хан әскерлері тұтқиылдан шабуыл жасап, танғұттық Сися мемлекетін күйретті. Ханның қаһарынан сескенген қазіргі Шығыс Түркістан аймағындағы ұйғырлар моңғолдарға өз еркімен берілді.
1211 жылы Шыңғыс хан қолы Солтүстік Қытайға бет алды. 1215 ж. олар сол кезде Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды (қазіргі Бейжіңді) бағындырды. Монғолдар соғыс ісінің сол замандағы жоғарғы техникасымен танысты. Қытайдан көптеген қару-жарақ, қамал бұзатын машиналарын, оны пайдалана білетін адамдарды алып, Шыңғыс хан жауынгерлік дайындығын күшейтті. Шыңғысхан әскерлерінің тапқырлығы әскерлер тұлып алып жүрген. Онда сусын болған, дария өзендерден өтер кезде оның ішіндегі сусынды ішіп, төгіп, оны үрлеп, судан жүзіп өткен. Ержүрек тапқырлығымен Шығыс Еуропа мен Алдыңғы Азияға жол ашты, Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алуға дайындалды. Бұл үшін ол мұсылман көпестерінен, босқындардан мәлімет жинады. Ұйымдастыруды шебер меңгерген Шыңғыс хан өз әскерін үш шоғырға бөлді.
Бірінші шоғырға: Қазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жасау. Найманның ханы Күшлікті талқандап, бай қалалы Жетісуды Жебе ноян бастаған әскер жіберіп, қарсылықсыз басып алды. Оны бағындырғаннан кейін Шыңғыс хан Мәуереннахрға сол кезде Орта Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетіне қарсы жол ашты.
Екінші шоғырға: 150 мың адамдық қолды Орта Азияны бағындыруға аттандырды. Шағатай мен Үгедей бастаған бірнеше түменді Отырарды қоршауға алды. Жошы әскері Сыр бойымен төмен бағыттады.
Үшінші шоғырға:Сырдарияның жоғарғы ағысы бойындағы қалаларды бағындыру міндеті жүктелді. Шыңғыс хан ұлы Төлемен бірге әскерімен Бұхарға беттеді. Хорезм шахы Мұхаммедтің өз әскери күштерін әр қалаға бөліп ұстап отырғандығы Шыңғысханнның еш қиындықсыз жаулап алуына көп көмегін тигізді. Қалаларда тұрған шағын шоғырды оңай құртып жіберуге зор мүмкіндік берді.
2 сұрақ: 1218 жылы Хорезм шахы Мұхаммедтің Отырардағы билеушісі Қайырханның әмірімен Шыңғыс хан керуенінің саудагерлері өлтіріледі. Бұл Шыңғыс ханның Орталық Азияға шапқыншылық жасауына сылтау болды. Тарихи әдебиеттерде бұл қырғын «Отырар апаты» деген атпен белгілі. 1219 жылы күзде моңғол әскерлері Отырарға жетті. 6 ай бойы (1219 ж. қыркүйек — 1220 ж. ақпаны) қарсыласты. Алайда әскер басыларының бірі Қараджа түн ішінде қақпаны ашып жіберіп, моңғолдарға өтіп кетті. Әскер осы қақпа арқылы қалаға кіріп, оны талқандады. Отырар қамалын жермен-жексен еткен Шағатай мен Үгедей бастаған әскер Шыңғыс ханға қосылды. Бұл кезде Шыңғыс хан Бұхара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын. Сығанақ, Ашынас ерлікпен қорғанды. 1220 ж. 4 сәуірде моңғолдар Жентті алды. Сыр бойындағы қалаларды жеңгеннен кейін Шыңғыс әскерлері Орта Азияның ішіне кірді. Халық ерлікпен қорғанды. Бұхар, Самарқанд, Үргеніш үлкен қарсылықпен алынды. 1219—1221 жж. Шыңғыс хан әскері Орта Азияны ойрандады. 1222 жылы Кавказға кірді. Моңғолдар аландарды, қыпшақтарды, Калка өзенінде орныққан орыстарды жеңді. Олар орыс жерінің оңтүстік аймағын ойрандап, Дешті-Қыпшақ даласы арқылы 1224 жылы Шыңғыс ханның Ертістегі ордасына қайтып оралды. Сонымен, 1219-1224 жж. шапқыншылық салдарынан Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс империясының қол астына кірді. Шыңғыс жаулап алынған жерлерді балаларына бөліп берді. Шыңғыс хан Ертістен Орал тауларына дейінгі, онан батысқа қарай «моңғол атының тұяғы тиетін жер», оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейінгі жерді үлкен ұлы Жошының билігіне берді. *Жошы ұлысына-Амурдың төменгі жағындағы аудандар (Солтүстік Хорезм) мен Сырдария кірді. Жошының ордасы Ертіс алқабында болды. *Шағатайдың үлесіне Мәуереннахр, Жетісу мен Қашқар кірді. Ордасы Іле алқабында болды.*Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай жері қарады. Оның ордасы қазіргі Шәуешек қаласы маңы. *Кіші ұлы Төле, Шыңғыс хан жұрты Моңғолияны иеленді.
Сонымен Қазақстан жері моңғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен (далалық) бөлігі —Жошы ұлысының, Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан — Шағатай ұлысының, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысының құрамына кірді. Монғол шапқыншылығының зардаптарына келсек... Шыңғыс-хан әскерлерінің басқыншылығы жаулап алған елдер үшін өзінің зардабы жағынан ең ауыр апат болды, ол көптеген халықтардың экономикалық және мәдени прогресін, олардың саяси әлеуметтік, этникалық дамуын ұзақ уақыт тоқыратты. Орасан зор регионның экономикасы құлдырап кетті.
Моңғолдардың жаулап алуы салдарынан өндіргіш күштер талқандалып, адамдар жаппай қырылды, өркендеп тұрған қалалар жер бетінен ғайып болып, материалдық және мәдени қазыналар жойылып кетті, ондаған мың тамаша шеберлер мен қолөнершілер құлдыққа айналды. Жаулап алған елдерде індеттер таралып, жаппай жоқшылық басталды. Араб тарихшысы Ибн әл – Асыр моңғолдардың жаулап алуы туралы «бұл күн мен түн болып көрмеген, жаратылғанның бәрін жайлаған орасан кесапат болды...» - деп жазды жылнамаларда.
3 сұрақ: 1227 жылы Шыңғыс хан қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін 1235 жылы Қарақорымда өткен моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Оны Жошының ұлы Бату басқаратын болды.
Бату хан (Сайын хан) (1208-1255жж). Алтын Орданың негізін қалаған хан (1227-1255жж), қолбасшы. Шыңғыс ханның немересі, Жошының екінші ұлы. Шешесі — қоңырат Елші ноянның қызы Кочу қатын. Бату 1227 жылы Жошы өлгеннен кейін Шыңғыс ханның ұйғарымымен әкесінің ұлысына хан болды. 1229 жылы Үгедейді моңғол империясының ұлы ханы сайлаған Қарақорымдағы Құрылтай жиналысына қатысты. 1236—1242 жылдары біріккен ұлы хандық әскерінің Русь пен Шығыс Еуропаға жорығына қолбасшылық етті. Жошы ұлысын Ертістен Дунайға дейінгі байтақ өлкені алып жатқан Алтын Орда мемлекетіне айналдырды.
Жеті жылдық жорықтан орналған кейін Батый орталығы төменгі Еділде орналасқан 1242 жылы (1243 ж.) тарихи әдебиетте Алтын Орда деген атқа ие болған зор мемлекет құрды. Алтын Орданың астанасы Сарай – Бату (қазіргі Астрахань маңында) болды, кейінірек астанасы Сарай – Беркеге көшірілді. «Алтын Орда» ұғымы біртекті емес бір жағдайда Алтын Орда деп Батый мен оның Мирасқоры Беркенің жеке иелігіндегі жерлерді, яғни Еділ бойы мен Солтүстік Кавказды айтқан, ал енді бір орайда түгелдей Жошы ұлысы айтылады. Батый (1227 – 1255-56 жж.) зор беделге ие болды және моңғол империясын өзінің қолдауымен таққа отырған ұлы хан Мөңкемен (1251-1259 жж.) бірге биледі. Алайда Батый да, оның мирасқорлары да Алтын Орданың тағында біртұтас мемлекетті басқарушылар болмады. Жошы ұлысы үлестерге оның көптеген ұлдарына ыдырады. Батый хан Шығыс Европаға жасаған жеті жылдық (1236-1242 жж.) жорығынан кейін Арал теңізінің Шығыс Солтүстігі жағындағы жерлерді ағасы Орда – Еженге берді. Бұл Ақ Орда деп аталды. Арал теңізінің солтүстігіндегі жерлерді інісі Шайбанға берді, ол Көк Орда деп аталды. Шайбанға қарасты төрт ру ел: қосшы, найман, бұйрат, қарлық тайпалары еді («Әл-Омари «Алтын Орда тарихына қатысты материалдар жинағы», 1т., 235 бет.) Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, т.б. тайпалар мекендеді. Дешті – Қыпшақ төңірегі мен Еділ бойында қоңыс аударған моңғолдар аз болған жоқ. Олар жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кетті.
Алтын Орда өзін билеген хандары:
Батый 1242 – 1256 (1259) жж.,
Берке 1257-1266 жж.,
Мөңке-Темір 1266-1280 жж.,
Туда Мөңке 1280-1287 жж.,
Төле Бұқа 1287-1291 жж.,
Тоқты 1291-1312 жж.,
Өзбек 1312-1342 жж.,
Жәнібек 1342-1357 жж. тұсында қуатты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Батый моңғолдарға ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастаған Алтын Орда хандары өздерін тәуелсіз деп есептеді. Берке хан тұсында Алтын Ордаға ене бастаған ислам діні кейін Өзбек хан тұсында үстем дінге айналды. Алтын Орда хандығы феодалдық мемлекет болды, ол берік мемлекеттік бірлестік болмады. Оның халқы ала-құла, әлеуметтік және мәдени даму дәрежесі әркелкі, экономикалық негізі әлсіз еді. Феодалдық қатынастар дамыған сайын ішкі –сыртқы қатынастар асқына түсті. 1342-1357 жылдары Алтын Орданы билеген Жәнібек хан өлгеннен соң, Шыңғыс тұқымынан тараған билеуші топтар арасында хан тағына таласқан феодалдық қырқыс өріс алып, бір кезде күшейіп дәуірлеген Алтын Орда мемлекетін мүлдем әлсіретті. Оның үстіне Алтын Орда үстемдігі астында езілген қалың бұқара мен тәуелді халықтардың азаттық күресі етек алады.
1380 жылы Куликов даласындағы зор шайқаста Алтын Орданың Мамай бастаған қалың қолын орыс князьдерінің жеңуі Алтын Орданың құлауын тездетті. XIV ғ. аяқ шенінде, яғни 1391 – 1395 жылдары Ақсақ Темір Алтын Ордаға бас көтертпестей етіп 2 рет күйрете соққы берді. Осыдан соң ол бірте – бірте ыдырай бастады. XV ғасырдың басында Тоқтамыс хан мен Едіге бидің өзара таласы Алтын Орданы одан әрі қажытты. XIV—XV ғасырларда Қазақстан жері мен көршілес аймақтарда Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы мемлекеттері , онан бұлғарлар (1445 жылы) мен Қырым (1449 жылы) бөлініп шықты. XV ғ ортасына қарай Астрахань, Сібір хандықтары, Ноғай Ордасы құрылды. 1480 жылы орыс князьдіктері моңғолдардан толық тәуелсіздік алды.
Қорытып айтқанда, езілген халықтардың моңғолдарға қарсы үздіксіз күресі, Алтын Ордаға қараған елдердің ішкі экономикалық байланысының болмауы, олардың арасындағы қайшылықтар мен феодалдық тартыстар, хан тағына таласқан күрестер, сыртқы соғыстар салдарынан, Алтын Орда мемлекеті бірте–бірте ыдырап, ақырында құлады. (Әбілғазы, Түрік шежіресі, А., 1992). Алтын Орда ішінде азаттық күрестер де, феодалдардың өзара күресі де күшейді. Солардың бірі-1238 ж. Бұқарда қолөнерші Махмуд Тараби бастаған көтеріліс еді. 10 мың моңғол жауынгері өлтірілді. Бірақ ұрыста көтеріліс басшысы Махмұд Тараби қаза тапты. Көтеріліс басылды.
4-сұрақ: Ақ Орда-қазақтың алғашқы мемлекеті. ХІҮ ғасырдың екінші ширегінен бастап Алтын Орданың Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында-Ақ Орда мемлекеті оқшаулана бастады. Монғол шапқыншылығынан кейін Қазақстан жерінде пайда болған бірінші ірі мемлекет. Ақ Орданың негізін қалаушы – Жошының үлкен баласы Орда Ежен (1226-1280 жж.). Жошы ұлысының әскери сол қанаты Дешті Қыпшақ атанған. Қазіргі қазақ даласында құрылды. Сол заманда-ақ жеке ұлыс –елге айналды, күміс теңгелер соға бастады. 10 мың жасағы болды. Ордада бітікшілер тобы жұмыс істеді. (елшілер қабылдады, шаруашылық жұмыстарын реттеді, т.т.) Орталығы Сығанақ қаласы. 1361-1377жж Орыс хан билік етті. Ақ Орда күшейіп, дамудың ең жоғары сатысына жетті. Территориясы: батысында Жайық өзенінен шығыста Ертіс өзеніне дейінгі, оңтүстікте Сырдария алқабы, Арал теңізінің солтүстік-шығысынан солтүстікте Оңтүстік Сібір ормандарына дейінгі жерлер. Астанасы – Сығанақ (Сырдарияның орта ағысы). Халқы – түрік тілді тайпалар. Негізі-қыпшақтар. Ресми тілі-қыпшақ тілі. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Мал шаруашылығы да дамыды. Жер иеленушіліктің інжу, милк, сойырғал сияқты түрлері және тархандық сый тарту болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп тұрды Мемлекеттің алғашқы қарулы қолы «Алаш мыңдығы» деп аталды. АЛАШ сөзінің мағынасы түркі халықтарын басын біріктірген ел ұраны болды. «Алаш» деп жауға шапты, ел-жер тұтастығы үшін күрестердің күресі болды.
Ақ Орданың саяси тарихы бірінші кезеңде Шығыс Дешті-Қыпшақ жерін Алтын Орданың билігінен азат ету жолындағы ұзақ күреспен өтеді, кейінірек Ақ Орда хандары Алтын Орда ісіне араласады, ал өз тарихының соңғы кезінде Мәуераннахр билеушісі әмір Темір мен оның ұрпақтарының басқыншылығына қарсы күреседі. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты. Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар
Орда хандары - Орда-Ежен, Сартақ, Баян, Сасы Бұқа хан, Ерзен, Мүбәрәк Қожа хан, Шымтай хан, Ұрыс хан, Құйыршық хан, Барақ, Керей, Жәнібек, ж.т.б.
Ақ Орданың күшейген кезі ХҮІ ғасырдың 2-ші жартысы. 1361 ж. Ақ Орданың билеушісі болған Орыс хан өз жағдайын күшейтті. 1380, 1391, 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирады. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан ХҮІғ соңы ХҮ ғ.бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалады. 1423-1428 жж. Орыс ханның немересі Барақ біраз уақыт бойы Ақ Ордадағы өз әулетінің билігін қалпына келтірді. Ақ Орданың соңғы ханы Барақ Самарқанның билеушісі Темірдің немересі Ұлықбекті жеңіп, Сырдарияның бойындағы көптеген қалаларды өзіне қаратады. Бірақ ол көп ұзамай қаза табады, сосын Ақ Орданың жеріндегі билік Шайбан ұрпағы Әбілқайырдың қолына көшеді. Саяси жағынан іс жүзінде дербес, экономикалық жағынан тәуелсіз болған, сыртқы саясатта өзіндік бағыт-бағдары, билеуші хандарының әулеттік жөн-жосығы бар. Ақ Орда мемлекеттік бірлестігі ХІҮ-ХҮ ғғ. Шығыс Дешті-Қыпшақ пен Түркістан жеріндегі этникалық топтардың, тайпалар мен халықтардың бастарын қосып, біріктіруде маңызды рөл атқарды. Кейін Ақ Орда мемлекеті Қазақ хандығының құрылуына негіз болды.
.
5-сұрақ : Көшпелі өзбек мемлекеті (Әбілхайыр хандығы) ХҮ ғасырдың 20-жылдарында Ақ Орда мемлектінің ыдырауы барысында қазақстанның далалық бөлігінде Әбілқайыр хан мемлекеті құрылды. Жошы ұрпақтарының арасындағы талай жылдарға созылған өзара соғыстарға байланысты Шайбани әулетінің саяси басымдылыққа қол жеткізуінің нәтижесінде Көшпелі Өзбектер мемлекеті (1428-1468жж) құрылды. Әдебиеттерде Әбілқайыр хандығы, Өзбек хандығы деп аталады. 1428 жылы Барақ ханның өлімінен соң, қыпшақ, найман, қият, маңғыт, қарлүқ, қоңырат, қаңлы, үйсін, кенегес, шынбай, күрлеуіт және тағы басқалары көмек беріп, Әбілқайырды таққа отырғызды. Елдің ұлан-ғайыр аумағы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқашқа дейін, оңтүстігінде Арал теңізі бойы мен Сырдың төменгі ағысына, солтүстігінде Тобыл мен Ертістің орта ағысына дейінгі жазық жерлерді алып жатты. Астанасы Тюменьдегі Тура қаласы, 1447 жылы Ссыр бойындағы Сығанақ шаһарына көшірілді. Хандық құрамына енген Иасы, Отырар, Сығанақ, Үзгент қалаларында сауда-саттықғ егіншілік, дәстүрлі мал шаруашылығы дамыды. Салық түрлері болды (тағар, соғым, зекет) Көшпелі өзбек мемлекеті ХҮ ғасырдағы Орта Азия мен Қазақстанның этносасяи тарихында ерекше маңызды орын алды. Әбілхайыр басқарған 40 жылдай уақыт ішінде (1428-1468 жж.) елдің саяси жағдайында тұрақтылық пен тыныштық болмады. Оның қолынан билікті алу үшін күрескен әр түрлі топтар мен күрес жүргізуге тура келді. Жошы әулеті - оның ішінде Ибак-хан, Береке-сүлтан, Ұрыс ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей тағы басқалары - Әбілхайырға үнемі қарсы шығып отырды. Сондықтан Шығыс Дешті Қыпшақтың аумағы саяси жағынан бытырыңқы болып қала берді. Бұған Әбілхайыр ханның тоқтаусыз жүргізген соғыстары мен жорықтарының да үлкен әсері тиді. Әбілхайыр да хандық билікті өз қолына алған соң, басқа хандар сияқты, елдегі үстемтап өкілдерінің талабына сай қызмет етуге әрекет жасады. Осы мақсатта ол басқа елдерге жорық жасау, жаңа елдерді басып алу, соғыс барысында қолға байлық түсіру, оны ақсүйек-феодал арасында бөліске салу ісімен айналысты. Әбілхайыр хан өзінің жаулаушылық әрекетін XV ғасыр-дың 30-шы жылдарынан бастайды. Ең әуелі ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұд Қожа ханды талқандайды. Жошы балаларының бірі Тоқы-Темірдің тұқымдары Махмұд ханмен Ахмед ханның иелігіндегі Арал, Сырдария жерлері үшін 2 рет болған шайқаста жеңіске жетіп, Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанға жол ашады. Әбілхайыр Алтын Орданың әлсіреуін пайдаланып, Еділ бойындағы көптеген жерлерді басып алады. 1446 жылы Әбілхайыр өзіне қарсы болып жүрген күшті шонжарлардың бірі - Мустафа ханның әскерлерін талқандайды. Сол жылы Әбілхайыр хан Сырдария өзені мен Қаратау баурайындағы Созақ, Сығанақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алып, Сығанақты өз хандығының астанасына айналдырды. Сырдария бойындағы қалаларды Әбілхайырдың бағындыруының үлкен саяси-экономикалық маңызы болды. Өйткені кәсіпшілік пен сауда орталықтары болып саналатын Сырдария қалалары Әбілхайыр хандығын нығайтуға айтарлықтай ықпал ететіні сөзсіз еді. Қалалар көшпелі өзбек хандығының әмірлері мен сұлтандарына берілді. Созақ өзіне қарасты барлық жерлерімен Бақтияр сұлтанның, кейін оның баласы Әлеке сұлтанның иелігіне кешті, Үзгент - маңғыт Уақас би қол астына берілді. Ал Отырар, Ясы, Сайрам мен Сауран Темір әулетінің қарамағында қалды. Әбілхайырдың Сыр бойындағы қалаларды басып алу ағайындас Шайбани ұлысы мен Ақ Орда ұлысы ру-тайпаларының арасындағы қырғи-қабақ қатынастарды одан әрі шиеленістіре түсті. Себебі бұл қалалар мен оның төңірегіндегі алқаптарды қарату Барақ ханның тұқымдары Керей мен Жәнібек сұлтандардың және оларға тәуелді, Сырдария мен Қаратау өңірінде көшіп-қонып жүрген қазақ руларының мүдделеріне қайшы келді.
6-сұрақ: Моғолстан- 14 ғ. ортасына қарай Шағатай ұлысы ыдырап, Шағатай ұлысының шығыс бөлігі – Оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан мемлекеті құрылады. Отырықшы-жер өңдеуші халықтардан тұрды. Билік етті барлас тайпасынан шыққан Әмір Темір, Шығысы-Моғолстан. Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған Тоғлық Темір (1348—1362) болды. Моғолстан атауы моңғол деген сөздің түркіше, парсыша атауы болып табылады. 14-15 ғғ. Моғолстан құрамына Түркістан, оңтүстік-шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аумақтары кірді. Оған кіретін тайпалар:дұғлат (дулат), қаңлылар, керейттер, арғындар, барластар кірді. Орталығы-Алмалық қаласы. Бұрынғы Шағатай ұлысының жерін толық билеуді көздеген Тоғылық Темір Мәуереннахрды Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. Сөйтіп, ол 1358 ж. Қазаған әмірді өлтіртті. Бір жылдан кейін Қазағанның мұрагері Абдолла да қаза болды. Мәуереннахр тәуелсіз бірнеше ұлыстарға бөлінді. Оны пайдалану үшін Тоғлық Темір жанталасты және Кешті алады. 1361 ж. Мәуереннахрға екінші рет шабуылға аттанып, оны бағындырған Тоғылық Темір баласы Ілияс қожаны оған билеуші етіп қалдырды. Кеш қаласының бастығы етіп тағайындады. 1362 ж. Тоғылық Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс Қожаға көшкенде Мәуереннахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайн тағайындалды. Ақсақ Темір онымен бірге Моғолстанға қарсы шығып, Мәуереннахрды өздерінің қол астына біріктіруге кірісті және Хұсайн мен Ақсақ Темір арасында билік үшін күрес басталды. Темір Балқы қаласында Хұсайнды өлтіріп, Мәуереннахрға ие болды. Моғолстан аталу себебі, Шығыс деректерінде «моңғол» сөзіндегі «н» әрпі түсіп қалып, «моғол» немесе «моғолстан» сөзі қалыптасып кеткен. Мемлекетті кезінде Шағатай ханға адал қызмет еткен дулат тайпасының әмірі Поладшы басқарған. Әмір Поладшы бастаған дулат ақсүйектері Поладшының хан болуға құқығы болмағандықтан, өздерін таңдайтын, Шағатай ұрпағы Дува ханның немересі, он алты жасар Тоғылық-Темірді 1348 жылы Моғолстан ханы етіп сайлайды. Ал негізгі саяси билік осы Әмір Поладшының қолында болған. Моғол хандығының тағына негізінен Шығыс тұқымдары мен моңғол ақсүйектері отырған. Моғолстанның негізгі халқы түрік тілдес тайпалар: дулат, қаңлы, үйсін, арғын, баарын, барлас, бұлғашы, т.б. Хандықтың бүкіл аумағын біріктіріп, бір орталыққа бағындырады. Мемлекеттің орталығы Алмалық қаласы болады. Хан өзінің билігін бұрынғы қалыптасқан жүйемен жүргізеді. Оны ұлыстық басқару жүйесін сақтауынан көруге болады. Дулат тайпасының мұралық лауазымы жоғары ұлысбегі деген атағын сол қалпында қалдырады. Мұсылман дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдайды. Мырза-Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, бір күнде 160 мың адам ислам дінін қабылдайды. Ханның бұйрығы бойынша дінді қабылдамаған әмірлер мен бектерді өлім жазасына кескен. Сөйтіп хан ел ішінде қатал тәртіп орнатады. Тоғылық-Темір өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлысының кезінде орныққан Орта Азия жеріндегі билікті қалпына келтіруге әрекет жасайды. Ташкент қаласының маңында 1365 жылы 22 маусымда екі жақтың арасында шешуші “Батпақ шайқасы” болады. Жазба деректердің хабарына қарағанда, кесіліскен шайқас болғаны соншалықты, екі жақтан 10 мыңға жуық адам құрылған. Шайқаста Ілияс-Қожа хан жеңіске жетіп, Әмір Темір қашып құтылады. Қаланы ұзақ уақыт қоршаудан қалжыраған моғол әскерлерінің мініс аттары жамандат індетінен қырыла бастайды. Қаланы алудың мүмкін еместігіне көзі жеткен хан Моғолстанға қайтуға мәжбүр болған. Сөйтіп, Шағатай ұлысты кезіндегі билікті қайта қалпына келтіру ісінің алғашқы қадамы сәтсіздікпен аяқталады. Бұл сәтсіздіктің басты себебі, билеушілер арасындағы алауыздық, саяси феодалдық батыраңқылық еді. Ақыр аяғында Ілияс-Қожа хан феодалдық талас-тартыстың құрбаны болады. 16 ғ. аяғында Әмір Темір Моғолстан жеріне бас көтертпей, дүркін-дүркін жорықтар жасайды. Алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары болған. Бұл жорықта Алмалық қаласына дейін жетеді, бірақ қалаға кірмейді. Жол бойындағы елді мекендерді тонап, халықтың мал-мүлкін талан-таражға ұшыратып, көптеген тұтқын алып қайтады. Екінші жорықта 1375-1377 жылдары оңтүстік Қазақстан арқылы жүріп, Жетісудің Шарын өзеніне дейін жетеді. Әмір Темір Моғолстанға 1380-1390 жылдары да бірнеше рет жорық жасаған. Бұл жолғы жорықтың жойқындығы соншалықты, Әмір Темір өзінің балаларының қолындағы әскерлермен қосқанда 120 мың адаммен атанған. Моғолстанның шығыстағы қалаларының бірі Алмалықтың жанына дейін жетіп, керейіттері талқандап, қайтып оралады. Ақ Орда мен Моғолстан билеушілері өздерінің Әмір Темірге жеке-дара қарсы тұра алмайтындарын біліп, 1380 жылдың аяғында одақ құруға әрекет жасайды. Алайда бұл одақтан еш нәтиже шықпаған. Өйткені одақтың құрылып жатқанын білген Әмір Темір 1384-1391 жылдардың аралығында алтын Ордаға және моғол жеріне бірнеше рет жорықтар жасаған. Моғолстанды біржолата қаратып алу үшін оның түкпір-түкпіріне 120 мың әскер аттандырады. Осы жорықтарды Темір әскерлері көп олжа түсіріп, қора-қора қой, үйір-үйір жылқы, топ-тобымен қолға түскен тұтқындарды Мауараннахрға жіберіп отырған. Моғол хандығы мүлде әлсірейді. Хандық бірнеше иеліктерге бөлініп, саяси жағынан бөлшектенеді. Қызыр-Қожа хан Темірге өзінің тәуелділігін мойындайды. Моғолстан Әмір Темір қаза болғаннан кейін (1405 жылы) ғана Қызыр-Қожаның мұрагері Мұхаммед ханның кезінде (1408-1416) тәуелсіздікке қол жеткізе бастайды. Моғол ханы Темір өлгеннен кейін оның әулетінің ішіндегі талас-тартысты пайдаланып қалады. Мұхаммед хан Темірдің немерелері Ахмед мырза мен Ұлықбектің арасындағы Ферғана үшін таласта ол өзінің әскер күшімен ахмед мырзаға көмектесіп, жеңіске жеткен еді Бұл талас-тартысты Темірдің немересі Ұлықбек пайдаланып, өзін жақтаушы Қызыр-Қожаның немересі Шер-Мұхаммедтің хан болуын қолдайды. Оның хан тағына отыруына көмектескен Ұлықбек енді одан өзіне тәуелді болуын талап етеді. Бұған қарсы болған Моғол шонжарлары Қызыр-Қожаның екінші бір немересі Уәйісті хан тағына отырғызады. Бұған наразы болған Ұлықбек 1425 жылы Моғолстанға шапқыншылық жасап, халықты талан-таражға ұшыратып қайтады.Моғолстандағы жағдай 1428 жылы Уәйіс хан қайтыс болғаннан кейін де сол баяғы бытыраңқы күйінде қалады. Хандық билік үшін талас енді Уәйіс ханның балалары Жүніс пен Есен-бұға арасында басталады. Таластың нәтижесінде дулат әмірлерінің қолдауымен Есен-бұға 1433-1462 жылдары хан тағына отырады. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и -Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шетіндегі Шу мен Талас аралығымен Қозыбас аймақтарын берді. Халықтың басым бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп келе бастады. Сөйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Осылайша қазақ тарихында «Қазақ хандығы» құрылды. 2016 жылы 550 жылдық мерекесі республика аймағында тойланды.
7-сұрақ: ХІҮ-ХҮ ғасырларда Ноғай ордасы , Маңғыт ұлысы – Алтын Орда ыдырап, Ақ Орда әлсірегеннен кейін Батыс Қазақстан жеріне іргелес аймақта пайда болған мемлекеттік бірлестік. Негізгі аумағы Еділ мен Жайық аралығы болғанымен, шығыста Жайықтың сол жағасына, солт.-шығыста Батыс Сібір ойпатына дейін, солтүстік.-батыста Қазанға дейін, оңтүстік.-батыста Арал, Каспий теңізіне дейін, кейде Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі алқапты қамтыды. Ноғай ордасы алғашында осы бірлестіктің негізін қалаған маңғыттардың атымен “Маңғыт Ордасы” аталған. Алтын Орданың ыдырауы кезінде пайда болған мемлекеттік бірлестіктің бірі – Ноғай Ордасы. Ол ХІҮ-ХҮ ғасырларда Батыс Қазақстанның бір бөлігін алып жатты. Бұл мемлекеттің атауы Алтын Орданың беклербегі, әскерінің қолбасшысы, Жошы ханның немересі (1260-1306) Ноғай есімімен байланысты. Берке хан өлгеннен кейін Доннан Дунайға дейінгі жер Ноғайдың бақылауында болды. Оның құрамындағы рулар Каспий маңына қоныс аударып, Ноғай елі атанды. Ноғай Ордасының негізін салушы - әмір Едіге (1395-1419). Ол 15 жылдай Алтын Орданы билеп (1396-1411), «ұлы әмір» атанған. Шыңғыс әулетінен хан сайлау Едігенің қолында болған. Ноғай Ордасы Алтын Ордадан Едігенің кезінде бөлектене бастады. Бұл процесс Едігенің ұлы Нұраддин (1425-1440) тұсында аяқталып, Ноғай Ордасы Алтын Ордадан ХҮ ғ. ортасында бөлініп, дербес мемлекет болды. Территориясы: Еділ-Жайық арасы. Астанасы – Жайық өзені сағасындағы Сарайшық қаласы болды. Халқы – маңғыт, қыпшақ, қоңырат, арғын, қарлұқ, алшын, тама және т.б. сияқты түрік тайпалары. Ноғай Ордасы этносаяси бірлестік ретінде пайда болды. Бас билікті “бектер бегі”, әмір атқарды. Негізгі бұқарасы “ұлыс адамдары” (ноян, мырза, князь, т.б.), “қара халық” деп аталды. Хан тағы тек Шыңғыс хан әулетінің ғана үлесі болса да, Ноғай ордасының саяси үстемдігі, эконикалық тіршілігі маңғыт әмірлерінің, яғни Едіге ұрпағының қолында болып, билік атадан балаға көшіп отырды. 15 ғ-дың орта шенінде ноғайлар Сырдарияның орта ағысындағы қалаларды басып алып, Шығыс Дешті Қыпшақтың саяси өмірінде Едігінің ұрпақтары Уақас би, Мұса мырза, Жаңбыршы, т.б. басты рөл атқарды. Ұлыстар мен ру-тайпалар арасында билік үшін, жайылымдық жер үшін үздіксіз күрес жүрді. Халқының негізгі кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды. Ноғай ордасының құрамына енген тайпалар ( қоңырат,маңғыт, алшын,жалайыр, қаңлы, керей, қыпшақ, найман, арғын, тама, т.б.) кейіннен қазақ халқының этникалық құрамын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. 15 ғ-дың аяғында Ноғай Ордасы орыс мемлекетімен саяси және сауда-экономикалық байланыстар орнатып, ноғай билеушілері Мәскеу мен Қазан базарларына жыл сайын мыңдаған жылқы мен қой өткізіп тұрды. 16 ғ-дың 2-жартысында Қазан мен Астрахан хандықтарын Ресей жаулап алғаннан кейін Ноғай ордасы әлсіреп, бірнеше ұлыстарға, ордаларға бөлінді. Ұлкен Ноғайлы (Еділдің шығысы), Кіші Ноғайлы (Еділдің батысы).1557 ж. Орыс мемлекетіне бағынды. Еділ қалмақтарының шабуылынан кейін 1634 ж. ноғайлар Еділдің оң жағалауына көшіп, Кіші Ноғай ордасымен бірікті де, Қырым хандығына тәуелді болды. Ноғай ордасы. ыдырағаннан кейін қазақ жерінде қалған ел Қазақ хандығы құрамына енді. Ноғай ордасы. түркі халықтары тарихында үлкен із қалдырды.
4.Бекіту сұрақтары -8 минут
1.Шыңғыс-хан мемлекеті қашан
құрылды, сипаты қандай?
2.Моңғолдардың Қазақстанды басып алуына қандай оқиға сылтау
болды?
3.Отырар апатының уақыты мен монғол шапқыншылығының
зардаптары...?
4.Алтын Орданың саяси тарихынан қандай мәліметтер
алдыңдар?
5.Ақ Орданың тәуелсіз мемлекет
болғандығына нақты себептер қандай?
6.Көшпелі Өзбек мемлекеті Қазақстанның этносаяси тарихында ерекше
орын алады. Себебі?
7.Моғолстан мемлекетінің өмір сүрген уақыты...
8.Ноғай Ордасының екіге бөлінді. Қандай болып?
5.Үйге тапсырма-1 минут
Ұлы дала мемлекеттері 107-148 беттер (конпектілеу, оқу)
6.Білімдерін бағалау-1 минут
Қосымша деректер:
1.Әлемнің ұлы қолбасшыларының жаулап алған аумағының көлемі: Шыңғыс хан -7700000 .шаршы километр, Александр Македонский -3480000 шаршы километр, Адольф Гитлер-2190000 шаршы километр, Бонопарт Наполеон-1150000 шаршы километр. Шыңғысханның жаулап жерінің қаншалықты екендігін көрдік
Шыңғыс хан – бүкіл әлемге танылған тұлға. Ұлы тұлға, ұлы қолбасы. Ұлы мемлекет, ұлы империя құрған адам. Оны Цезарьмен де, Наполеонмен де, Атилламен де салыстыруға болмайды. Ол бәрінен жоғары.
2.Шыңғыс хан қазақтың ұғымында әулие, ұлы хан. Аңыз бойынша, Тәңір нұрынан жаралған. Өзінің асыл тумысын дәлелдеу үшін халықтың алдында шешесі «садағыңды күннің сәулесіне ілдір» дейді. Киіз үйде шаңырақтан түсіп тұрған сәулеге садағын атқанда, жебесі сол сәулеге ілініп тұрып қалды деседі. Ал қалған билікке таласқан Шыңғыстың туыстарының оқтары ілінбейді. «Садағын сағымға ілдірген Шыңғыс хан» деп айтатыны содан. Бұл аңыз. (М.Мағауиннің кітабынан)
3.Шыңғыс хан өлімінің себептері жөнінде де аңызға негізделген әртүрлі пікірлер бар. Мысалы, белгілі саяхатшы италиялық Марко Поло ол уланған жебенің оғынан қайтыс болған десе, Рим папасының Моңғолиядағы елшісі болған Джованни дель Плано Карпини ханның өлімі найзағай түскеннен болды деп жазып кеткен
4. Ежелгі моңғолдардан сақталған аңыз бойынша, Шыңғыс хан таңғұттарды тас-талқан етіп жеңгеннен кейін, таңғұт патшасының Күрбелчин атты сұлу әйелін алған көрінеді. Кек алу мақсатында ол қағанды тістеп алып, жарасы асқынып, іріңдеп содан қайтыс болыпты дейді. Содан кейін Күрбелчиннің өзі сол маңдағы өзенге суға батып жоқ болады. Ал ресми мәліметтерде хан аң аулау кезінде аттан құлап өлген делінген. Біздің пікірімізше, Шыңғыс ханның өлімін тездеткен тұңғыш баласы Жошының қайғысы.
5. Көп тараған аңыздардың бірі - Шыңғыс ханның Бұрқан-Қалдұн тауының маңына жерленуі. Өзін жерлейтін жерді көзінің тірісінде өзі таңдап алған екен. Шыңғыс хан бірде аң аулап жүріп, жалғыз өсіп тұрған ағаштың түбінде демалып, жан-жағына мұқият зер сала қарап тұрып: «Осы жерге мені жерлейсіңдер, естеріңе сақтаңдар! Бұл жерге белгі қойылсын!», - дейді жалғыз өсіп тұрған ағашты нұсқап. Рашид-ад-Диннің мәліметі бойынша, ұлы хан өзі көрсеткен жерде жерленген дейді. Жерлеу рәсіміне қатысқан адамдардың барлығын қырып тастаған. Шыңғыс ханның өсиеті орындалды, оның денесінің Бұрқан-Қалдұн тауының қай жерінде екенін бүгінге дейін ешкім білмейді. Хан жерленген соң, ол жерге оқ атса өтпейтін қалың ағашты ну орман пайда болған.
6. Келесі аңыз бойынша, бір түрік қолбасшысы ханның денесін Моңғолияға жеткізіп, төрт жерден көр қаздырып, төртеуіне төрт табыт салып көмген. Ханның денесі қай табытта екенін ешкім білмеген. Сол жерден үйір-үйір жылқы айдатып, молалар жермен-жексен болып, әбден тапталған кезде, ал енді табыңдар дегенде, ешкім хан сүйегі жатқан жерді таба алмаған. Жерлеуге қатысқандардың барлығы өлтірілген. Кейін Хэнтэй жерінің біраз бөлшегін қасиетті деп жариялап, ол жерді басқан адамды қарғыс атады деп санаған. Бұл да Шыңғыс ханның моласын іздемесін деген мақсатпен таратылған аңыз болуы мүмкін.
Тағы бір аңызда Шыңғыс ханның денесі Онон өзенінің арнасында су астында жатқан көрінеді. Бейіт қазу үшін өзенді басқа арнаға бұрып, жерленгеннен кейін оны қайта өз арнасына жіберген дейді. Тіпті, мынадай да аңыз бар. Қағанның қай жерге жерленгенін білдірмеу үшін денесін бір жыл бойы бальзамдап (моңғолдар ол кезде денені бальзамдауды білмеген), түйенің қомына салып алып, ел аралап жүрген. Ана жерге, мына жерге жерленді деп лақап таратқан.
Шыңғыс ханнан қалған өсиет сөз бар.
Әр әріпті дұрыс қолдансақ, өсиет сөз шығады.
Бәріміз ойланып шешіп көрейік.
А |
Л |
Ұ |
Қ |
А |
С |
С |
Ғ |
А |
Д |
М |
А |
Ы |
Ы |
М |
А |
Ы |
Л |
Н |
Б |
А |
Л |
Л |
Ұ |
Қ |
А |
С |
Ұ |
О |
Қ |
Ұ |
И |
Ы |
Қ |
Қ |
М |
Р |
Р |
Н |
М |
М |
Е |
А |
А |
Ғ |
Ы |
І |
Н |
Ғ |
А |
Н |
Е |
Л |
Е |
Қ |
Ұ |
Л |
А |
Ш |
Д |
Жауабы: «Құлаш денем құласа, құласын, құрған елім, қолымдағы байрағым құламасын»
Логикалық тапсырма: «Математикалық шкатулка»
-
692+17+20+20+17* 766 жыл
Түркеш қағандығының құрылуы
-
200+42+150+150*542 жыл
Түрік қағандығының құрылуы
-
1991-1000-388*603 жыл
Батыс Түрік қағандығының құрылуы