Материалдар / Қазақстан қорықтары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақстан қорықтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Маусым 2018
1288
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан қорықтары

Мақсаты: Қазақстан қорықтары, жануарлары, өсімдіктері туралы мағлұмат беру

Қорықтардың пайдасы, маңызы туралы түсінік қалыптастыру;

Оқушылардың қызығушылық қабілеттерін арттыра отырып, өз ойларын

еркін айтуға, жануарлар мен өсімдіктерге қамқорлықпен қарауға баулу.

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс

Көрнекілігі: Карта, слайд, жануарлар мен өсімдіктер суреті.


Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі Шаттық шеңбері

Қоршаған орта әлемі,

Не деген көркем, әдемі

Сол сұлулықты сақтайық,

Мадақтайық, мақтайық


ІІ. Жаңа сабақ

Кербез де сұлу бұғы-маралдар, қуатты мықты арқарлар мен тауешкілерді, өсімдіктерді сақтап, келесі ұрпаққа жеткізу үшін ҚР-да бірнеше қорықтар ұйымдастырылған. Қорық сөзі - өте көне сөз. Аң аулауға белгілеу үшін қолданылған.

ҚР-ның қорықтары:


Алтай

Қорғалжын



Ақсу- жабағалы

Үстірт




Алакөл


Марқакөл


Наурызым

Алматы

Барсакелмес



Олардың ең ірілері Алматы, Ақсу-жабағалы, Марқакөл қорықтары таулы аймақтарда орналасқан.

ІІІ. Картамен жұмыс. Қорықтар орналасқан өңірді картадан көрсету.

ІV. Топпен жұмыс

Сынып 3 топқа бөлінеді. Әр топтан бір өкіл келіп, қорықтар туралы мәліметтерді алады да, топта талқылайды, бір оқушы қорғауы тиіс. Мына сұрақтарға нақты жауап беру керек.

  1. Қорық қайда, қашан құрылған?

  2. Қандай жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға алған?

  3. Не үшін қорғауға алынып отыр?

Ақсу- Жабағалы қорығы. Бұл қорықта нағыз байлық жануарлар мен өсімдіктер жиі жоғалуда.Арқар,марал,тау ешкі,қар барысын,тас құсын,еліктерді кездестіруге болады.

Әсіресе бұл қорық бүркіт,тау ұлары,тасты кекіліктермен бай.Бұнда ең көзге түсетін өрмекшінің маса аулауы,көгершіннің ән салуы.Көбелектер,аққулар таусылмастай ғажап және таңғаларлық

Алтай қорығы. Алтай арқары сирек,таралу аймағы таралып,саны азаюда.Оңтүстік Алтайдан таралған, аласа, орташа және биік таулардың шалғындары мен жазықтау жерлерді мекендейді.

Қазақстандағы жалпы саны 60 бас шамасындай санының азаюына негізгі себептері-қаскерлік және оның мекендейтін жерлерінде шектен тыс мал жаю

Таулы жазықтарда жазда неше түрлі жануарлар мен аюларды кездестіруге болады.Жазық далада өсімдіктерді кездестіруге болады.Бұл қорықта 73 сүтқоректілер, 310 құс түрлері тіркелген. Аюлар, құстар, тиін, тышқан, марал кездеседі. Алтай қорығы 1992 жылы құрылған.

Қорғалжын қорығы мемлекеттік табиғи қорық.Сарыарқадағы дүниежүзілік мұра ЮНЕСКО құрамына кіреді.Жазық дала және көлдер Солтүстік Қазақстан Қорғалжын қорығы 1986 жылы құрылған

Өсімдіктер әлемінде шөптер бар,бұл шөптер басқа да өсімдіктермен қосылып 350 түрін көрсетеді.Қорғалжын қорығында кустарник шөбінің 15 түрі бар,шөптердің арасында итмұрын,тюльпан,көкшіл түсті шөп,көк иристер және т.б.Ең шектеулі су ішіндегі шөптер де бар.

Марқакөл қорығы - Қазақстанның бір бөлігінде таңғаларлық жерлердің бірі ұлттық қорық-Марқакөл қорығы.Марқакөл көлін бұл жердің гауһар тасы деп атайды,суы және көлі таза және өте жұмсақ.Бірақ,бұл жердің басты байлығы-лосось балығының тұқымы.Бұл балық тек осы көлде кездеседі. Марқакөл қорығының мақтанышы тек қана көл және ну ормандар,мөлдір тау өзені.Бұл жердің өсімдіктері және жануарлары өте ерекше және бай Қазақстанның Қызыл кітабына итмұрын,тюльпандар кіреді. Марқакөл қорығы 1976 жылы құрылған.

Наурызым қорығы - Наурызым қорығы Қостанай облысында орналасқан,190 км Қостанайдың оңтүстігіне қарай.Басты бөлігін Наурызым ағашы алады. Бұл аумақтың талдарын қасиетті деп санауға болады.

Наурызым қорығының қайыңдары Ресейге қарағанда өте көз тартарлық.Бұнда маңызды рөл атқаратын қырғыз қайыңы. Оның ұзындығы ешқандай ағашқа жетпейді.Бұл қорықтың басты белгісі-тау елігі.Бұл қорық 1934 жылы құрылған.

Үстірт қорығы - Маңғыстау облысында 1984 жылы құрылған.Бұл қорықтағы жануарлардың көбісі жойылып кеткен. Сілеусін,киік,дала иті,түлкі,ұзын тікенді кірпі.Археологиялық заттар бұл қорықтың басты байлығы

Жайран – сирағы ұзын, сымбатты киік. 7 күнде бір рет су ішеді. Балаларын сүтімен азықтандырады, оларды тұяғымен, мүйізімен қорғайды.Қауіп сезсе, алды-артына қарамай жорта жөнеледі.

Алматы қорығы - Бұл қорықтың өсімдіктер әлемі өте бай,бұнда дала алмалары және алмұрттар өздерін жақсы сезінеді, әртүрлі талдар,Тянь-Шаньның шырша ормандары 3800 есе өзен биіктігіндей көтерілсе,суық және жалаңаштанған мұз басып қалған жартастарды көруге болады

Бұл жерде 961 өсімдіктер түрі бар,жиі кездесетін түрі – 26,жыртқыштардың-38 түрі бар(елік, марал, шошқа, қасқыр, тау ешкі)Тянь-Шаньда аюлар,қар барысы,түркістан сілеусін. Бұлардан басқа 200 құс түрі бар.Алматы қорығы 1964жылы құрылған.

Барсакелмес қорығы - Барсакелместің құпия мағынасы-барсаң қайтып келмейсің. Барсакелмес Арал теңізінде 1939 жылы құрылған.

Бұнда сүтқоректілердің 12 түрі кездеседі(құлан,қарсақ,түлкі, қасқыр, киік, құм тышқан ...) құстардың 202 түрі кездеседі.

Сайғақ – жіңішке сирақты, қойға ұқсас аң. Тұмсығы қоңқиған, қыртысты мұрны аузына қарай иіле орналасқан. Ашық жерлерде шабысының жылдамдығы автомобильден кем түспейді. Шапқанда басын жерге дейін еңкейтіп алады. Үйірлерінің саны бірнеше жүз, кейде мыңға дейін жетеді.

Алакөл қорығы 1998 жылы Алматыда құрылған . Алақөл қорығында 257 құс түрі бар,олардың 19 түрі жиі кездесетіндер,көп жойылып кеткендеАлакөл өзені-шағалаға бай.Бұнда қызғылт және бұйра қаздар бар.Жағалауда шошқа,елік,түлкі,қасқыр және т.б


І топ а) Жануарлардың тіршілігін сипатта

ә) Қызыл кітапқа енген жануарлардың өз өлкеңде кездесетіні бар ма?

Бүркіт – қырантұқымдастардың ең ірісі, сондықтан оны құс патшасы деп атаған. Оның салмағы 7 кг болса, қанатының жайылғандағы ұзындығы – 3 м. Көбіне өлекселерді, бөкендерді жейді. Құйрығы ұзын, қауырсыны қою қоңыр түсті.

Марал – Еуропа мен Сібір ормандарында өмір сүреді. Ол көк шөппен қоректенеді. Ана маралда мүйіз болмайды, аталық маралдардың мүйізі үлкен. Олар суда жақсы жүзиді. Ал үріккен кезінде 6 м-ге дейін секіре алады.

Киіктер -

Ғажап деректер

Қабылан – жануарлар ішіндегі ең жылдамы. Ол сағатына 110 шақырым жүгіреді.

Мысық тұқымдасындағы ең ірісі жолбарыс. Жолбарыстың көру қабілеті адамдікінен 6 есе жоғары.

Ақ аюлар жолбарыстан 2 есе үлкен болады.

ІІ топ а) Өсімдіктердің тіршілігін сипатта

ә) ҚР-ның өсімдіктерін сақтап, қорғаудың қажеттілігін түсіндір

Ақ қайың – жарықты жақсы көреді, тез өседі, гүл шоғы сырға тәрізді, жіңішке бұтақты, қабығы аппақ, көрікті ағаш.

Селеубояу – шөптекті өсімдік. Құмнан босаған әрбір түбі жел айдап, құм жалдарының біріне келіп тоқтайды да, бірден тамырларының көмегімен бекіп, өсе бастайды.


ІІІ топ Құстарды сипатта, олардың пайдасы туралы әңгімеле

Шағала, қаз, аққу


Сен білесің бе?

Шағала – басқа құстарды жұмыртқасын ұрлаудың шебері.

Сұрқарлығаштар ұшып келе жатып ұйықтайды.

Шымшық күніне 400-500 жәндік, 4000 құрт жейді екен.

Кептер суды адам тәрізді шалқайып ішеді.

Аққудың мойнын сұңғақ дейді, тырнаның мойнын қылдырық дейді.


І топ Сәйкестендіру тесті


Қорғалжын Шығыс Қазақстан

Барсакелмес Алматы

Алакөл Маңғыстау

Үстірт Солтүстік Қазақстан

Наурызым Арал

Алтай Қостанай

ІІ топ Еркін жазу стратегиясы

Сендер өздерің табиғатты қорғауға қандай үлес қосасыңдар?


ІІІ топ «Табиғатты қорға» тақырыбында суретті бейнелеу

V. Қорытындылау Есте сақта

  • Табиғатқа қамқорлықпен қара, аялай біл

  • Жазықсыз жәндіктерді өлтірме

  • Өсімдіктерді қорғай біл

  • Табиғатты қорғау – Отанды қорғау!

VІ. Бағалау

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!