Материалдар / Қазақстан Респубикасы білім беру ісінің үздігі Асылханов Ермек Сабырұлы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақстан Респубикасы білім беру ісінің үздігі Асылханов Ермек Сабырұлы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Респубикасы білім беру ісінің үздігі Асылханов Ермек Сабырұлы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Мамыр 2019
447
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Респубикасы білім беру ісінің үздігі, мәдениет қайреткері, Ерен еңбегі үшін медалінің иегері Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан дизайнерлер одағының мүшесі, профессор, педагогика ғылымдарының докторы, Ұлттық өнер академиясының оқутышысы Асылханов Ермек Сабырұлымен кездесу кешіне хош келдіңіздер.

1-жүргізуші:

Ассалаумағалайкум, халқым менің

Құрметтеу үлкендерді салтың сенің

Елімізге танымал Ермек аға

Ақтарады өнердің алтын кенін.

2-жүргізуші:

Достықтың болған емес шекарасы

Қазақтың сізде туған бел баласы

Шәкіртін сан өнерге баули білген

Ермек аға бүгінде ел ағасы



Қазақтың жер ұйығы кең даласы

Өнері өрге жүзген бір баласы

Еңбегімен халқының бағы болған

Ұрпақтар үлгі алады сіздей жаннан –

дей отырып кездесу кешін бастауға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші: Өнерін өміріне серік еткен аяулы азаматтың өмір жолдарын таныстырудан бұрын қазақтың зиялыларының өнер ғылым жайлы ұлағатты сөздерін тыңдайық.

Ұлағатты сөздер

1-оқушы: Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ар, мінез деген нәрселермен озады.

2-оқушы: Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге көкірегінде болсын көз.

Абай Құнанбаев

3-оқушы: Таудан биік көңіл бар,

Теңізден терең ғылым бар.

Мұхтар Ауезов





4-оқушы: Өнер туындысы – өмірді түсінудің кілті.

Сағат Әшімбаев

5-оқушы: Талант – табиғаттан, талап өзіңнен.

Мұзафар Әлімбаев

6-оқушы: Таланттылар – раушан гүлі сияқты жан – жағына жұпар шашып, көңіл ашқан.

Шерхан Мұртаза

1-жүргізуші: «Өнерлі өрге жүзеді» дейді дана халқымыз. Олай болса өнерді өміріне серік еткен, ұстанамын әрқашан берік еткен, дизайнерлік өнердің қыры сырын меңгерген ардақты ата, ұлағатты ұстаз, өз ісінің майталманы Ермек Сабырұлы атамыздың өмір жолдарына шолу жасайық. (Слайдпен таныстыру)

Елі үшін Ерен еңбек еткен мемлекеттік бірнеше марапат иегері, профессор, педагогика ғылымының докторы: Асылханов Ермек Сабырұлына құрметпен сөз кезегін береміз:

2-жүргізуші: Құрметті Ермек Сабырұлы сіз біздің ортамызда үнемі бола бермейсіз, біздің балалар сіздің өнеріңіз туралы сұрап білгісі келеді. Сізден рұқсат болса сұрақтарға кезек берсек.

Сұрақтар:

  1. Дизайнерлік өнер туралы түсінік берсеңіз.

  2. Бүгінгі қоғамда дизайнерлік өнерге сұраныс көп па?

  3. Осы өнерді таңдауға кімдер ықпал етті?

  4. Өмірде еңбегі халыққа танымал дизайнер шәкірттеріңіз бар ма?

  5. Дизайнер болу үшін адам бойында қандай қасиеттер басым болу керек дейсіз?

Сөз кезегіне Бауыржан Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінің директоры Достанова Роза Зерхановнаға беріледі.

131 мектеп-лицейінің директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Б.Ж.Кусаинова Бағлан Жангалиевнаға беріледі.


Директордың тәрбие ісі орынбасары Шыныбаева Ботагоз Молдахметовнаға беріледі.


1-жүргізуші: Құрметті Ермек Сабырұлы сізді біз құрмет тұтамыз. Сіз біздің сыныптасымыз Алиханның ақылшы атасысыз. Олай болса біздерге де атасыз. Сіздің өмірдегі өнер жолдарыңыз туралы айтқан мәнді де мағыналы, әсерлі әңгімелеріңіз үшін үлкен алғыс айтамыз. Әсерлі әңгімелеріңізді көңілімізге түйіп қажетімізге жаратамыз. Сізге ұзақ ғұмыр, еңбегіңіз жана берсін. Бізбен өткізген кездесуіңіз үшін үлкен рахмет айтамыз.













Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!