Материалдар / Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған «Тәуелсіздік– елімнің ерлік жолы!»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған «Тәуелсіздік– елімнің ерлік жолы!»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Тәуелсіздік– елімнің ерлік жолы!» тақырыбындағы салтанатты кеш -Қ Р Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу; - Оқушыларды елжандылыққа, елін-жерін қастерлеуге, ұлттық рәміздерін қадірлей білуге , тілін құрметтеуге тәрбиелеу; - Балалардың санасына «Тәуелсіздік» ұғымын жеткізіп, Қазақ халқының басынан өткен қаһармандық тарихын санасына құю - Аға ұрпақ өсиетін ардақтауға тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қаңтар 2022
158
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған  «Тәуелсіздік– елімнің ерлік жолы!» тақырыбындағы салтанатты кештің сценариі.

-Қ Р Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу;

- Оқушыларды елжандылыққа, елін-жерін қастерлеуге, ұлттық рәміздерін қадірлей білуге , тілін құрметтеуге тәрбиелеу;

- Балалардың санасына «Тәуелсіздік» ұғымын жеткізіп, Қазақ халқының басынан өткен қаһармандық тарихын санасына құю

- Аға ұрпақ өсиетін ардақтауға тәрбиелеу


Көрнекілігі: қабырға газеттері, интерактивті тақта, дауыс күшейткіш аппаратура, баннерлер мемлекеттің 30 жылдық жетістіктері, видеофильмдер, стенд


Безендірілуі: шарлар, ленталар, шаңырақ,кереге, гүлдер


Кештің барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Қонақтарды қарсы алу, отырғызу

- Оқушыларды отырғызу


ІІ. Негізгі бөлім: 

Туған жер, Отан туралы көңілді әндер ойнап тұрады


Домбырашылар ансамблі сахнада отырады (Мұғалім оқушыларымен)

Фан-фар! (Назарды ортаға аудау)

Домбырашылар ансамблі бірнеше күйден папури орындайды

Фан-фар! (Назарды ортаға аударту)

1-ші жүргізуші

Армысыздар ардақты ағайын, құрметті кешіміздің қонақтары мен ұстаздар!

Бармысыздар рухы биік, арманы асқақ еліміздің жалынды жастары!

Менің Отаным Қазақстан, айбыны мықты мәдениеті,әдебиеті,қолөнері,әнімен күйі жарасқан,әдет-ғұрып салт-дәстүрін сақтаған,тағлымды тарихы бай Ел!

2-ші жүргізуші

Бабадан қалып жеткен көрегендік,

Еркіндік жастығында өлең өрдік.

Арқалап аманатын келіп жеткен,

Құтты болсын ағайын, Егемендік!

Өз алдымызға ел болып, егеменді еліміздің Тәуелсіздік даңғылына аяқ басқанына 30 жыл толып отыр. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған  «Тәуелсіздік– елімнің ерлік жолы!» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз. 


Фан-фар


ҚР Мемлекеттік Гимні


1-ші жүргізуші

Тамыры терең, арыны ерен тәуелсіз жас мемлекетіміз, беліне белбеуі жарасып, әлем жұрты елімізбен санасып, жөн сұрай жүріп жөн айтатын дәрежеге жетіп, төрткүл дүниені тәнті етіп, салтымен салмақты, дәстүрімен мойындатқан Қазақ Елі!

2-ші жүргізуші

Қазақ биі : «Жұмыр қылыш»

Алдарыңызда, мектеп-лицейіміздің 7«Б» сыныбының ұландары, сынып жетекшісі Жанар Советқызы! Қошеметпен қарсы алыңыздар!


1-ші жүргізуші

Өткенін білмейтін ел, болашағын бағдарлай алмайтын ел. Соны-ау сақтардан бастап Ұлы Тұран даласын мекендеген, ұлан ғайыр атыраптың ұлтарақтай жері үшін жанын берген батыр бабаларымыздың ерлігін есте сақтап, бағалай білу бүгінгі ұрпақтың парызы!

2-ші жүргізуші

Бүгінгі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған«Тәуелсіздік– елімнің ерлік жолы!» атты кешімізді Қазақстан тарихына шолу жасаудан бастайық.

1-ші жүргізуші

Көрініс: «Ұлы дала ұландары»

(Соғысып жатқан сәттерден бейнеролик көрсету)

2-ші жүргізуші

Алдарыңызда, 5«А» сыныбының ұландары, сынып жетекшісі Дәулет Төлеубекұлы! Қошеметпен қарсы алыңыздар! (Көрініс «Тұмар ханшайым» экраннан шығып тұрады)

1-ші жүргізуші

Алдарыңызда, 5«Б» сыныбының ұландары, сынып жетекшісі Мадина Асқарқызы! Қошеметпен қарсы алыңыздар!

( «Мөде қаған» экраннан шығып тұрады)

2-ші жүргізуші

Алдарыңызда, 6«А» сыныбының ұландары, сынып жетекшісі Анар Төлегенқызы! Қошеметпен қарсы алыңыздар!

(«Қазақ қандығы, Керей мен Жәнібек» экраннан шығып тұрады.)



1-ші жүргізуші

Алдарыңызда, 8«А» сыныбының ұландары, сынып жетекшісі Жанат Қазыбайқызы! Қошеметпен қарсы алыңыздар!

( «Алғашқы ұстаз -Ыбырай Алтынсарин» экраннан шығып тұрады)

2-ші жүргізуші

Алдарыңызда, 8«Б» сыныбының ұландары, сынып жетекшісі Өмірхан Әйкенұлы! Қошеметпен қарсы алыңыздар!

( «Абай Құнанбайұлы» экраннан шығып тұрады)

1-ші жүргізуші

Алдарыңызда, 10«Б» сыныбының ұландары, сынып жетекшісі Шынар Маратқызы! Қошеметпен қарсы алыңыздар!

( «Ұлы Отан соғысы» экраннан шығып тұрады)

2-ші жүргізуші

Алдарыңызда, 9«Б» сыныбының ұландары, сынып жетекшісі Бейбітгүл Кенжебайқызы! Қошеметпен қарсы алыңыздар!

( «Желтоқсан алаңы» экраннан шығып тұрады, экран арқылы желтоқсан оқиғасы көрсетіліп, «Желтоқсан желі» әні баяу қосылады)

Мұхтар Шахановтың «Желтоқсан алаңы» өлеңін мәнерлеп екі оқушы оқиды.

1-ші жүргізуші

Желтоқсан көтерілісі – мәңгілік тарих. Біз Желтоқсан оқиғасын ешқашан есімізден шығармаймыз. Жылдар өткен сайын Желтоқсан оқиғасы айқындала түсуде. Тәуелсіздік жолында құрбан болған ерлеріміздің бейнесі сол жас қалпында есімізде мәңгі сақталады. 1 минут үнсіздікпен еске алайық.


Үнсіздік / слайд желтоқсан құрбандары /



2-ші жүргізуші

Пай пай киелі неткен жер! Батырлар дүрілдеп өткен жер, тұлпарлар дүбірлеп, тер төккен жер! Қазақстан тарихына шолу жасап, өз қойылымдарымен тәуелсіздікке дейінгі айбынды ерлер мен елеулі оқиғаларды көз алдымызға әкелген мектеп-лицейінің ұландарына алғыс айтамыз!




1- жүргізуші:

Тәуелсіздік бізге ұлттық, аймақтық және жаһандық өлшемде шексіз жауапкершілік жүгін артты. Біз осынау ұлы тағдырды қабыл алып, бірлігіміз бен еңбегіміз арқылы тарих сынағынан сүрінбей өтіп келеміз. Тәуелсіздік күні – баршамыз үшін, күллі қазақстандықтар мен әлемнің барлық қиырындағы достарымыз үшін ұлы мереке.

Фан- Фар


Массовка \5 «А» , «Б»сыныбы\ Ән : Әділбек Парасат «Ел ұраны»


2- жүргізуші:


Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Рухы биік, шоқтығы жоғары қазақ елі дамыған 30 елдің қатарына кіру жолында тер төгуде.

Фан- Фар


Видеоролик \Қазақстан жетістіктері\


«Ұрпақ үні» әнімен Ақтаева Анельді

қарсы алыңыздар


2- жүргізуші:

Ата - бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!


Би:Хорезм биі


Қорытынды бөлім / құттықтау сөзі, марапаттау рәсімі/


Биігіңнен құлама, Жаса қазақ,
Алла қолдап жалғасып күндер азат.
Отыз жылдық мерекең құтты болсын,
Тербей берсін бақытты күндер ғажап!- деп құттықтау сөз кезегі мектеп-лицейінің директоры Қайрат Аманбекұлына және қадірлі қонақтарға беріледі.

Фан- Фар


1-жүргізуші:

Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!






2- жүргізуші:

Тұғырымыз-тыныштық, тірегіміз-тұрақтылық, тілегіміз – татулық болсын! «Рухы биік, арманы асқақ - Қазақ елі» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған салтанатты кешімізді жабық деп жариялаймыз!



1-ші жүргізуші

Сүйем сені туған ел - атамекен,

Абзал анам сенсің ғой құшағың кең.

Жер мен көктің жаннаты бір өзіңсің,

Сенен артық не табам, Атамекен.

(Атамекен әнінің караокесі қосылады)

2-ші жүргізуші

«Осындай тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз» Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын!

БІРГЕ: Қош сау болыңыздар!






































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!