Материалдар / ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАР ИНСТИТУТЫ: ТАРИХИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАР ИНСТИТУТЫ: ТАРИХИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы жеке сот орындаушылары институтының пайда болуы туралы тарихы-құқықтық мәселелері қарастырылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қаңтар 2022
446
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАР ИНСТИТУТЫ: ТАРИХИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

Саматова Динара Қайратқызы

«Құқық» кафедрасының оқытушысы

Қазақ-Орыс Халықаралық университеті; 030006, Ақтөбе қ., Әйтеке би к-сі, 52;



Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы жеке сот орындаушылары институтының пайда болуы туралы тарихы-құқықтық мәселелері қарастырылады.

Түйінді сөздер: Сот орындаушылары. Жеке сот орындаушылары. Мемлекеттік сот орындаушысы.




ИНСТИТУТ ЧАСТНЫХ СУДЕБНЫХ ИСПОЛНИТЕЛЕЙ В РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН: ИСТОРИКО-ПРАВОВОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ


Саматова Динара Қайратқызы

преподаватель кафедры «Право»

Казахско-Русский Международный университет; 030006, г.Актобе, ул.Айтеке би, 52;


В данной статье рассматривается историко-правовые вопросы создания института частных судебных исполнителей в Республике Казахстан.

Ключевые слова: Судебные исполнители. Частные судебные исполнители. Государственный судебный исполнители.





INSTITUTE OF PRIVATE COURTS IN THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN: HISTORICAL AND LEGAL RESEARCH


Samatova Dinara Kairatkyzy

Lecturer at the Department of Law

Kazakh-Russian International University, 030006, Aktobe, 52, Aiteke bi St.;


This article examines the historical and legal issues of creating the institution of private bailiffs in the Republic of Kazakhstan.

Keywords: Bailiffs. Private bailiffs. State bailiff.













Жалпы, тарих қойнауына үңілсек, жеке сот орындаушылар ең алғаш рет Францияда енгізілген. Балтық елдерінде бұл жүйе өте жақсы жолға қойылған. Эстония мен Латвия елдерінде де жеке сот орындаушысы ерте пайда болған.

Көптеген дамушы мемлекеттер үлгіні Франциядан алған. Балтық елдеріндегі заң Қазақстанда жеке сот орындаушылар интситутын құруда біршама жақын болды. Үлкен бастаманы сол елдің білікті мамандары да қоштады. Болгария секілді бірнеше мемлекеттердің заңдарын да қарай отырып, келген мамандармен бірлесе отандық жеке сот орындаушылары туралы заң жобасы осылайша дүниеге келген.

Coт орындаушысы - сотпен бекітіліп, нотариалды органдардың атқарушылық жазбасы заңмен қарастырылған жағдайда төрелік соттардың шешімі негізінде, мүлікті өндіріп алу, бітімгершілік келісім бөлігіндегі қылмыстық істер бойынша соттардың шешімдерін, ұйғаруларын және қаулыларын мәжбүрлеу түрінде жүзеге асыратын лауазымды тұлға.

Мемлекеттік сот орындаушысы мемлекеттік қызметте тұратын және атқару құжаттарын орындау бойынша оған заңмен жүктелген міндеттерді орындайтын лауазымды тұлға.

Жеке сот орындаушысы Сот актілерін орындау комитеті берген жеке сот орындаушысының лицензиясы негізінде заңды тұлғаның білімінсіз атқару құжаттарын орындау бойынша жеке тәжірибемен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматы.

Жеке сот орындаушылар институты сот орындаудың деңгейін, сот орындаушысы мамандығының беделін қосымша бюджеттік шығындарсыз едәуір көтеруге септігін тигізеді.

Себебі, жеке сот орындаушылар институты Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясының құқықтық өрісіне сай. Бұл іске мұрындық болып отырған алып Франция елі. Өйткені атқару өндірісі саласындағы тәжірибесі отандық ғалымдардың назарына бірден ілікті. Жалпы жеке сот орындаудың француздық моделі әлемнің көптеген елдерінде және кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте пайдаланылады. ТМД елдері ішінен Қазақстан елі бірінші болып, бұл бағыттағы көшті бастап та жіберді.

Ендігі жерде жеке сот орындаушылар мемлекеттік сот орындаушылармен баламалы түрде қатар жұмыс істейді. Әр тұрғын қай сот орындаушыны таңдаймын десе де құқылы. Міне осыдан кейін жеке сот орындаушылар мен мемлекеттік сот орындаушылар арасында үлкен бәсекелестік туындап, жұмыс сапасы арта түседі.

Жеке сот орындаушылар институтын құруды Мемлекет басшысы 2005 жылы өткен судьялардың IV съезінде тапсырған болатын.

Қазіргі уақытта жеке сот орындаушылар институты әлемнің 65 мемлекеті атап айтсақ, Франция, Бельгия, Нидерланд, Италия, Греция секілді елдерде қалыптасқан.

Еліміздің төрінен орын алған жаңа заң жеке сот орындаушылардың құқықтық мәртебесін, қоғамдағы рөлін айғақтайды. Жалпы, Заң жеке сот орындаушылардың өкілеттілігін нығайтуға, жан-жақты қолдануға бағыттап отырады. Заңда жеке сот орындаушының уәкілетті орган берген лицензиясы негізінде өкілеттілігін жүргізеді.

Атқарушылық iс жүргiзу туралы заңнамасы Ата заңымыз – Конституцияға негізделген, басқа да нормативтік құқықтық актілерден тұрады және еліміз ратификациялаған халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. Заңның 2-бабында Атқарушылық iс жүргiзудің құқықтық негіздері мемлекеттік және жеке сот орындаушысына ортақ міндеттелген. Атқарушылық iс жүргiзу мiндеттерi азаматтық және әкiмшiлiк iстер бойынша сот шешiмдерiнің, ұйғарымдары мен қаулыларының, мүлiктi өндiрiп алу бөлiгiнде қылмыстық iстер бойынша үкiмдері мен қаулыларының уақтылы орындалуы болып табылады. 3-баптың атқарушылық iс жүргiзу тарауында сот орындаушының негізгі принциптері нақты көрсетілгендей, сот орындаушысы заңдылықты сақтауға, адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге, борышкер мен оның отбасы мүшелерінің өмір сүруіне қажетті мүліктің ең аз мөлшеріне қол сұғылмауына, сот орындаушысының іс жүргізу әрекеттері мен қаулыларына байланысты сотқа шағымдануға азаматтардың еркіндік принциптері бойынша жүзеге асырылады[4,2 б].

Сот орындаушысының қызметтік іс-әрекетіне заңдарда тiкелей уәкiлеттiк берiлген тұлғалардан басқа, ешкiм де араласуға құқығы жоқ. Сот орындаушысының қызметіне заңсыз араласу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Яғни, әрбір жеке сот орындаушылар заң аясында қызмет атқарады. Әрбір тұрғын үлкен сеніммен жеке сот орындаушылардың көмегіне жүгінуге әбден болады.

Атқарушылық іс жүргізу барысында сот орындаушы өзінің өміріне немесе денсаулығына қауіп төнген жағдайда ішкі істер органдарының қызметкерлеріне жүгіне алады.

Сондай-ақ, ішкі істер органдарының қызметкерлері атқарушылық әрекеттер жүргізілетін орындарға құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында тартылуы мүмкін.

Жеке сот орындаушысы меншікті санциялауға, мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға, борышкердің ел аумағынан шығуын уақытша шектеуге құқылы.

Заңның 27-бабында көзделгендей сот орындаушысынан жалтарған азаматтарды соттың ұйғарымымен егер, сот қанағаттандырып жатса, күштеп келтірілуі мүмкін. Жеке сот орындаушысының келуден жалтарып жүрген адамды күштеп келтіру туралы қаулысын сот санкциялауға тиіс. Борышкер атқарушылық құжаттағы талаптарды дәлелсіз себептермен белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда сот орындаушысы борышкердің ел территориясынан шығуын уақытша шектеу туралы сот қаулысымен тыйым салуға құқылы.

Борышкердің Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы сот орындаушысының шығарған қаулысы Азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен соттың санкциялауына жатады. Аталған қаулының көшірмесі борышкерді назарға алу үшін, көші-қон процестерін басқару жөніндегі уәкілетті органға және шекара қызметі органдарына орындау үшін жіберіледі. Борышкер ерікті түрде сот орындаушысының талабы бойынша оған өзінде бар мүлік туралы ақпарат беруге, табыс көздері туралы мәліметтерді хабарлауға тиіс. Борышкердің жүрген жері белгісіз болған жағдайда сот орындаушысы ішкі істер немесе қаржы полициясы органдары арқылы борышкерге іздеу салуды жариялау туралы ұсыныспен атқарушылық құжаттың орындалуы бойынша сотқа жүгінуге міндетті. Борышкерге iздеу салуды соттың ұйғарымы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен iшкi iстер және қаржы полициясы органдары жүзеге асырады. Борышкердiң келiсiмiне қарамастан бухгалтерлiк (кассалық) құжаттары бойынша көрсетiлген ақша сомаларынан өндiрiп алу көзделеді. Борышкерде ақшалай сома болмаған жағдайда, сот орындаушысы оған тиесiлi басқа мүлiкті алуға құқылы. Борышкер өндірілуге тиіс мөлшерді белгіленген күн мерзімінде қайтаруға қол хат беруі арқылы мүлігін сақтап қала алады. Борышкер төлеуге тиіс соманы мерзімінде орындаса, сот орындаушысындағы мүлікті қайтарып ала алады.

Жеке сот орындаушылар белгілі бір дербес мемлекет тәрізді. Яғни жеке сот орындаушы ешкімге тәуелді болмай, жеке табысы арқылы өзін-өзі қаржыландырады. Ал жеке сот орындаушысының құзыреті, заңды пайдалануына келсек, мемлекеттік сот орындаушысымен тепе-тең.

Мемлекеттік сот орындаушысы жалақысын бюджеттен алса, ал, жеке сот орындаушылары өздерінің атқарған жұмыстарына байланысты қаржыландырылады. Жеке сот орындаушы қызметіне ақы төлеуді борышкерден өндіріп алынған қаражат есебінен жүргізеді. Жеке сот орындаушысының қызметі үшін ақы төлеу сомасы өндіріп алынған соманың немесе мүлік құнының он пайызын алады[2,4 б].

Ал, мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжаттар бойынша жеке тұлғалардан он айлық есептік көрсеткіш және заңды тұлғалардан жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді. Жаңа заң әділетке мойынсұнғысы келмейтін азаматтарды мәжбүрлеу арқылы сот актілерін орындауына ықпал етеді. Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде қылмыстық әрекеттерге жол бермеуі, ел азаматтарының құқықтары мен мүдделері аяқ асты болмауы заңмен толық қорғалған.

Мемлекеттік сот орындаушысы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыруға құқылы. Ал, жеке сот орындаушына бұндай міндетті атқаруға тыйым салынған. Жеке сот орындаушысына борышкерлердiң банктердегi ақшалары мен бағалы қағаздарына заңда көзделген тәртiппен тыйым салуға құқық берілген. Кез-келген құзырлы органға сұрату салуға құқылы. Сот орындаушысының кез-келген меншік нысанына еркін кіруіне заң кепілдік береді. Қызметтік куәлігін көрсеткен кезде мемлекеттік мекемеге, азаматтар үй-жайына немесе аумағына кіргізуден бас тартса, сот орындаушысы бұл туралы акт жасайды. Ел заңына сәйкес кінәлі тұлғалар сот шешімі негізінде жауапқа тартылады. Жеке сот орындаушысы өз қызметін әділ әрі тәуелсіз жүргізу үшін Ата заң – Конституцияны, атқарушылық іс жүргізуді реттейтін басқа да заңдарды, сондай-ақ халықаралық шарттарды басшылыққа алады. Жеке сот орындаушысы лауазымына жасы жиырма беске толған, жоғары заңгерлік бiлiмi бар азаматтар тартылады. Судья, прокурор қызметін атқарып кеткен азаматтар да жеке сот орындаушысы болуға толық құқы бар. Жеке сот орындаушысы лауазымына келгісі келетін азаматтар кемінде бір жыл мерзімде үздіксіз тағылымдамадан өтіп, біліктілік емтиханын тапсыруы тиіс. Жеке сот орындаушылары Біліктілік комиссиясында емтихан тапсырады. Жеке сот орындаушысында жеке сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшері өндіріп алатын сомадан аз болса, ол сақтандыру шартын жасасуға міндетті. Жеке сот орындаушысы валюталық шот ашуға, кеңсе қызметкерлерін жалдауға және жұмыстан босатуға, түскен кірістерге билік етуге, сотта өз атынан сөйлеуге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да әрекеттер жасауға құқылы.

Сот орындаушысының жоғары заң білімі, еңбек өтілі, тағылымдамадан өтуі, арнайы лицензиясының болуы міндетті. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының жобасында жеке және мемлекеттік орындаудың қатар қызмет атқаруы көзделген. Дегенмен, тек қана мемлекеттік сот орындаушылар мемлекет пайдасына өндіріп алу, сонымен қатар, мемлекеттен өндіріп алу туралы атқару құжаттарын мәжбүрлеп орындату құқығына ие бола алады[3,5 б].

Мәжбүрлеп орындатудың жеке жүйесінің бірқатар басымдықтары бар. Сот орындаушысын тиімді жұмыс істеуге ынталандыру, себебі олардың марапатталуы тікелей жұмыстарының нәтижелеріне байланысты.

Мемлекетке жеке сот орындаушыларының қызметінен олардың төлейтін салықтары арқылы табыс түседі.

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 116 бабы 1 бөліміне сәйкес «Жеке сот орындаушысы өз қызметін өзі қаржыландырады». Соған байланысты жеке сот орындаушысы қызметінің ақысы туралы нақты айтуға болады. Ол өз кезегінде борышкерден өндірілген қаржының екі құрамдас төлемдері есебінен жүзеге асырылады: 1) Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген тарифтер бойынша орындалған қызметке байланысты төленетін сома; 2) Атқару құжаты толық немесе ішінара орындалған жағдайда сот өндірісіне төленетін сома. Жеке сот орындаушысының қызмет ақысының заң бойынша нақты ережемен анықталған. Жеке сот орындаушысына өз қызметіне бекітілген төлем көлемін өзгертуге тыйым салынады. Оның еңбек ақысы атқару өндірісі аяқталғаннан кейін мүліктің немесе өндірілген қаржының 10 % көлемінде немесе жеке тұлғалардың 10 айлық есептік көрсеткіштерінің, заңды тұлғалардың мүліктік емес сипаттағы орындау құжаттары бойынша 20 айлық есептік көрсеткіштерінің көлемінде айқындалады. Ол сома тек атқару құжатының толық немесе ішінара орындалған жағдайда төленеді. Қаржылық сипаттағы атқару құжаты ішінара орындалған жағдайда сот орындаушысы өндірілген сомаға пропорционалды көлемде ақы алатын болады. Ал борышкердің атқару құжатын өз еркімен орындауы жағдайында төлем көлемі азайтылады.

Барлық төлемдердің борышкер есебінен төленетіндігіне ерекше назар аудару қажет. Борышкер үшін сот шешімін өз еркімен орындаудың тиімді екені анық. Сонымен бір мезгілде атқару құжаттарының орындалу нәтижелеріне қарай өзіне ақы төленетіндіктен сот орындаушысы да сот шешімдерінің мүмкіндінше тез орындалуына қызығушылық танытатын болады[3,12 б].

Өндірушілер үшін жеңілдіктер атқарушылық әрекеттерін жүзеге асыруға қажетті аванстық сомалар түрінде қарастырылған.

Аталған жүйенің тағы бір артықшылығы - сот орындаушыларының өз қателіктері үшін жеке материалдық жауапкершіліктері болады. Мәселені өз бетінше шешу жеке сот орындаушысын өз біліктілігін арттыруға, қаражатын тиімді жұмыстарды ұйымдастыруға, уақытпен санасуына тәрбиелейді.

Әрбір сот орындаушысының материалдық ынталандырылуы, оның кәсіптік біліктілігінің міндетті түрдегі сақтандырылу жүйесі, сот орындаушыларының кәсіптік бірлестігі және құзыретті мемлекеттік органдар тарапынан жүргізілетін қатаң бақылау олардың жұмыстарын ширата түседі және ең бастысы азаматтардың заңды құқықтарының қорғалуына түрткі болады.

Жалпы, тарих қойнауына үңілсек, жеке сот орындаушылар ең алғаш рет Францияда енгізілген. Балтық елдерінде бұл жүйе өте жақсы жолға қойылған. Эстония мен Латвия елдерінде де жеке сот орындаушысы ерте пайда болған.

Көптеген дамушы мемлекеттер үлгіні Франциядан алған. Балтық елдеріндегі заң Қазақстанда жеке сот орындаушылар интситутын құруда біршама жақын болды. Үлкен бастаманы сол елдің білікті мамандары да қоштады. Болгария секілді бірнеше мемлекеттердің заңдарын да қарай отырып, келген мамандармен бірлесе отандық жеке сот орындаушылары туралы заң жобасы осылайша дүниеге келген.




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Список использованной литературы:


  1. ҚР Конституциясы (2021 жылғы толықтырулармен өзгертулер);

  2. Атқарушылық iс жүргiзу, Алматы, Е.О.Егембердиев, 2015 жыл;

  3. Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңы;

  4. ҚР Қылмыстық атқарушылық кодексі (2021 жылғы толықтырулармен өзгертулер);

  5. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары, Е.С. Кемали, С. К. Журсимбаев, Алматы , 2017 жыл.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!