Материалдар / ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП, ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПТЫЛЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП, ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПТЫЛЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
ӨЗЕКТІЛІГІ: Құқықтық тәртіп пен құқық бұзушылықтың айырмашылығын анықтап, құқық бұзушылық пен заң алдындағы жауаптылықтың өзара байланысын зерттеу, олардың қоғам өміріндегі рөлін анықтау. МАҚСАТЫ: Қоғамдағы құқықтық тәртіптің рөлі мен құқық бұзушылықтың негізгі қағидаларын, сонымен қатар құқық бұзушылық нәтижесіндегі заң алдындағы жауаптылықты қарастыру. МІНДЕТІ: Құқықтық тәртіп , құқық бұзушылық , заң алдындағы жауаптылық, негізгі белгілерін, түсінігі және түрлері туралы түсінік беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2021
610
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТАҚЫРЫБЫ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП, ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПТЫЛЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ


Берденова Асель Абдразаковна

заң ғылымдарының магистрі


«Абылай хан» атындағы жоғары колледжінің оқытушысы,

Қызылорда қаласы, Қазақстан Республикасы


ӨЗЕКТІЛІГІ: Құқықтық тәртіп пен құқық бұзушылықтың айырмашылығын анықтап, құқық бұзушылық пен заң алдындағы жауаптылықтың өзара байланысын зерттеу, олардың қоғам өміріндегі рөлін анықтау.

МАҚСАТЫ: Қоғамдағы құқықтық тәртіптің рөлі мен құқық бұзушылықтың негізгі қағидаларын, сонымен қатар құқық бұзушылық нәтижесіндегі заң алдындағы жауаптылықты қарастыру.

МІНДЕТІ: Құқықтық тәртіп , құқық бұзушылық , заң алдындағы жауаптылық, негізгі белгілерін, түсінігі және түрлері туралы түсінік беру.

Құқықтық тәртіп — бұл заңдылыққа негізделіп, құқықпен реттелінген қоғамдық қатынастардың нақтылы жағдайы. Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп , арқа сүйеп қалыптасып , тіршілік етеді. Сондықтан да қоғамда тәртіп адамдардың мінез құлқын , іс — әрекетін реттейтін қағидалардың , есерімен орнатылады. Егер қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады.
Құқық бұзушылық — қоғам өміріне тән дерт . Адам баласы өмір сүрген ортада құқық бұзушылық орын алады . Бұл шартты құбылыс зерттеудің нысаны мемлекет және құқық теориясы пәнінің құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік мәселесі болып табылады . Дегенмен , қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтарда аз болмаған .

Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады.
Құқық бұзушылық — бұл қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне нұқсан келтіруші, тұлғаның кінəлі, құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті əрекеті.
Занды жауапкершілік — жеке адам, қоғам, мемлекеттің мүддесін қорғайтын бірден-бір жол болып табылады.
Ол құқықтық нормалардың бұзылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады. Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген құқықтық норманың санкциясын қолданудан тұрады. Заңды жауапкершіліктің заңды негізі — құқық бұзушылық болып табылады. Сондықтан да осындай жағдайларды болдыртпау үшін адам құқықтары мен бостандықтары және де заңның қатаң сақталуын қадағалау үшін мемлекет тарапынан көптеген шаралар ұйымдастырылуы қажет.

Құқықтық тәртіп заңдылықтың ажырамас бөлігі болып табылады. Құқықтық тәртіпті нығайту қоғамдық тәртіпті және заңдылықты нығайтуға тікелей әсер етеді.
Құқықтық тәртіп — бұл заңдылыққа негізделіп, құқықпен реттелінген қоғамдық қатынастардың нақтылы жағдайы. Осыдан келіп, құқықтық тәртіп дегеніміз — бұл заңдылықтың нәтижесі. Оның ерекшелігі мынада: ол, бірінші-ден, құқық нормаларында көрсетілген; екіншіден, құқық нормаларын іске асырғаннан кейін пайда болады; үшіншіден, мемлекеттің құралдарымен қамтамасыз етіледі; төртіншіден, азаматтардың өмірлік қызметі үшін қолай-лы жағдайлар жасалынады; бесіншіден, заңдылықтың қорытындысы болып табылады.


Құқықтық тәртіп мемлекеттік қызметтің ең маңызды мақсаты, өйткені тұлғаның бостандық дәрежесі, олардың құқықтары мен бостандықтарының шындығы, сонымен бірге демократияның дамуы және жалпыадамдық құндылықтың салтанаты оған байланысты.
Құқықтық тәртіп қоғамдық тәртіптің негізін қалайды. Осы екеуінің арасындағы айырмашылық неде? Егер құқықтық тәртіп құқық нормаларының талаптарын іске асыру кезінде пайда болса, ал қоғамдық тәртіп бүкіл әлеуметтік нормалар жүйелерінің құқық нормалары, адамгершілік нормалары, қоғамдық ұйымдардың нормалары, әдет-ғұрыптар, дәстүрлер іс-қимылдарының нәтижесі. Сондықтан қоғамдық тәртіптің ұғымы құқықтық тәртіп ұғымына қарағанда кең мағынада түсіндіріледі. Бұдан келіп туындайтын қорытынды: кез-келген құқықтық тәртіпті бұзушылық сонымен бірге қоғамдық тәртіпті бұзушылық болып табылады. Бірақ та құқықтық тәртіп бұзылмаса да, кейбір жағдайларда қоғамдық тәртіп бұзылуы мүмкін. Құқықтық тәртіп мемлекет тарапынан қорғалады, ал басқа әлеуметтік нормалардың, мысалы, дәстүр, мораль бұзылуы қоғамдық шараларды қолдануға әкеп соқтырады.

Құқық бұзушылық дегеніміз қоғамға қауіпті, заң жауапкершілігін тудыртатын, деликоқабілеттілігі бар кінәлы адамның құқыққа қайшы іс-әрекеті.

Құқық бұзушылықтың 4 түрлі белгісі бар:

Құқыққа қарсылығы — құқық бұзушылық дегеніміз құқықтың бұзылуы, құқыққа, оның нормаларына қарсы іс-қимыл; бұл барлық жағдайда да іс-әрекет. Әрекет — бұл белсенді тәртіп актісі, яғни тыйым салынған құқықты бұзу. Әрекетсіздік — бұл қызмет бабында немесе өзге жағдайларда орындауға тиісті міндеттерді орындамау;
Кінәлылығы — бұл жасалынған құқық бұзушылыққа субъектінің психикалық көзқарасы, көңіл — күйі;

Қоғамдық қауіптілігі — ол мынадан көрінеді: құқық бұзушылық жасаған кезде тұлғаның қоғамның немесе мемлекеттің мүддесіне зиян келтіруі;
Жазаланатындығы — қандай да болмасын құқық бұзушылық заңдарда белгіленген жауапкершілікке тартылуы тиістілігі сондықтан заң мәтіндерінде жауапкершілік көрсетулері қажет.
Тіпті есі дұрыс емес адамдар да өз іс-әрекеті үшін жауапқа тартылуға тиіс. Егер де қылмыс заң актілерінде көрсетілмесе жаза да болуы мүмкін емес дейді,-ертедегілер.
Құқық бұзушылықтың заңдық құрамы — бұл 4 элементтердің жиынтығы:
— құқық бұзушылықтың объективтік жағы; — құқық бұзушылықтың субъективтік жағы; — құқық бұзушылықтың субъектісі; — құқық бұзушылықтың объектісі.
Осы элементтердің біреуі ғана болмаса, онда құқық бұзушылықтың толық заңдық құрамы жоқ деп есептелінеді.

Құқық бұзушылықтың объективтік жағы — бұл іс-әрекет не әрекетсіздік көрінісінің сыртқы нысаны,яғни белгілі бір құқықбұзушылықты сипаттайтын сыртқы белгілерінің жиынтығы.

Құқық бұзушылықтың объективтік жағының элементі болып табылатындар:
1) негізгі элементтер — әрекет немесе әрекетсіздік; іс-әрекеттің құқыққа қарсылығы; қоғамға зиянды зардаптар; іс-әрекет пен зардаптардың арасындағы себепті байланыс; 2) факультативтік элементтер — уақыт, орны, тәсіл, жағдай.
Мысалы, құқық бұзушылықты әлдеше рет жасау, қайталау, ұйымдасқан топтың немесе қауымдастық ұйымның құрамында болып, жағымсыз іс-әрекеттер жасау және тағы басқалары.
Құқық бұзушылықтың субъективтік жағы — жасалған құқық бұзушылыққа адамның психикалық күйін сипаттайды. Дәлірек айтсақ, адамның өзінің іс-әрекетіне, оның зардаптарына және кінәсына саналы көзқарасын сипаттайтын ішкі белгілерінің жиынтығы. Оның міндетті негізгі белгісі — кінә, ал факультативтік белгісі — мақсат және мотив.


Кінәның негізгі 2 нысаны бар: қасақана және абайсыздық.
Қасақана — бұл кінәның бір нысаны, адам өз іс — әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе немесе осындай зардаптардың болуын тілемесе де, оған саналы түрде жол берсе не бұған немқұрайлы қараса. Мысалы, тонау, яғни бөтен мүлікті ашық ұрлау қасақана жасалған қылмыс деп танылады.
Абайсыздық — кінәның екінші нысаны, адам өз іс-әрекетінің қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз, жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, немқұрайдылықпен жасалған қылмыс деп танылады. Құқық бұзушылықтың субъектісі болып тек деликоқабілеттілігі бар тұлға ғана танылады. Деликоқабілеттілік — бұл мемлекет белгілеген заң жауапкершілігін атқара алатын қабілеттілік. Деликоқабілеттілік заңға сәйкес міндеттілікті еркін іс жүзіне атқара алатын және құқықтық нормаларда тыйым салынған іс-әрекетті жасағандығы үшін заң жауапкершілігіне тартылатын адам танылады. Сондықтан субъектілерге мынадай тиісті талаптар қойылады. Олар заңда нақтыланған жасқа жетуі тиісті. Қылмыстық жауапкершілікке қылмыс жасаған кезде он алты жасқа толған адам, ал кейбір аса ауыр қылмыс жасағандары үшін он төрт жастан бастап та жауапқа тартылады; әкімшілік құқықта он алты, еңбек құқығында — еңбек шартымен, ерекше жағдайларда он төрт жасқа толған оқушымен жасауға беріледі; азаматтық құқықта — он сегіз жастан немесе он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар, тіпті он төрт жасқа дейінгілер де өздерінің жасына лайықты қатынастарға түсе алады. Жастан басқа да субъектілердің есі дұрыс болуы қажет, яғни ондай адамдар өз істеріне жауап бере алатын және құқық бұзушылық жасаған кезде өз іс-әрекеттерін басқара алатын болуы тиіс. Сондықтан сәбилер және есі дұрыс емес адамдар жауапқа тартылмайды, өйткені, олар құқық бұзушылықтың субъектісі болып есептелінбейді. Есі дұрыс еместік заңға сәйкес медициналық сараптау комиссияларының қорытындылары бойынша анықталынады.

Құқық бұзушылықтың объектісі — құқықтың қорғалуында болатын қоғамдық қатынастар, оған жататындар: зиян келтірілген материалдық және материалды емес игіліктер, мүдделер ( мемлекеттік, қоғамдық, жеке). Осы игіліктер мен мүдделер құқық бұзушылықтың тікелей объектілері болып табылады (адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абыройы, мүлкі және тағы басқалары).

Қылмыстың теріс қылықтардан айырмасы — қоғамдық қаупінің жоғарғы дәрежесі және жеке тұлғаға, мемлекетке, қоғамға анағұрлым ауыр зиян келтіреді. Қылмыстар мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негіздеріне, азаматтардың жекеменшігіне, жеке басына және құқығына, қарулы күштер қауіпсіздігіне қастандық жасайды, әрі қылмыстық жаза шараларын қолдануға алып келеді. Қылмыстық жаза қылмыс жасағаны үшін ғана емес, қылмыстық қастандығы, соған дайындалғаны, бірге қатысқаны, ал кейбір құрамдар бойынша — қылмысты жасырғаны және ол туралы хабарламағаны үшін де қолданылады. Тек сот қана, бекітілген іс жүргізу тәртібімен, қылмыс жасағаны бойынша айыпты деп санап, жаза белгілей алады.
Теріс қылықтың қоғамдық қауіптілігі — қылмысқа қарағанда өте қауіпті еместігі. Барлық теріс қылықты мынадай түрлерге бөлуге болады: құқық салаларына қарай — әкімшілік, азаматтық, еңбектік, тәртіптік тағы басқалары.

Қоғамдық қауіптіліктің дәрежесін анықтаудың белгілеріне жататындар:
Құқықпен реттелінетін құқық бұзушылықтың объектісі болып саналатын қоғамдық қатынастардың маңыздылығы;

Келтірілген залалдың (зиянның мөлшері). Егер де зиян өте көлемді, әрі маңызды болып келсе, әдетте қылмыс деп санайды, егер де ол көлемді болмаса, онда оны теріс қылық дейді;

Жауапкершілік—  мәжбүрлеу шарасы.

Заң алдындағы жауаптылық тек құқық бұзушылық орын алған жағдайда ғана туындайды.

Заң алдындағы жауаптылық бірнеше түрге бөлінеді – қылмыстық, әкімшілік, азаматтық, тәртепсіздік және материалдық жауаптылық. Құқық бұзып, кінәлі болған субъектіге мемлекет өзінің мәжбүрлеу шараларын қолданады.



Пайдаланылған әдебиеттер және нормативтік құқықтық актілер тізімі:


  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995 жылғы

  2. Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңы 06.04.2016 жылғы

  3. Қазақстан Республикасының «Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Заңы

  4. Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау органдары туралы»Заңы 20.10.2011 жылғы

  5. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі 30.12.2019 жылғы

  6. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 31.10.2015 жылғы

  7. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 05.07.2014 жылғы

  8. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 23.11.2015 жылғы

  9. Ғ.Сапаргалиев, А.Ибраева. «Мемлекет және құқық  теориясы». Алматы, 2020 жылғы

  10. Б.Ғ.Шынтемірова, Т.Т.Шайхиев. «Құқық теориясының негіздері» . Алматы, «Білім» 2018 жылғы.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!