Материалдар / Қазақстан Республикасының президентінің жолдауын талдау
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақстан Республикасының президентінің жолдауын талдау

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2020 жылғы 1 қыркүйек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қаңтар 2021
271
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2020 жылғы 1 қыркүйек


Бұл – Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің көрінісі.


Президент Жолдауының басым бөлігі дағдарыстан кейінгі
экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналған.

"Парламенттің кезекті сессиясының жұмысы өте күрделі кезеңде басталып отыр. Елімізде жер жаһанда зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды. Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асты. Өзгеге қол ұшын созып, тілеулес болып, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды.
Дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге және осындай жағдайда бей-жай қалмаған барлық азаматқа шын жүректен алғыс айтамын. Сіздер айрықша табандылықтың және зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеттіңіздер", – деді мемлекет басшысы.


 Іс-қимыл жоспары 11 тараудан тұрады


I. Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі

ІІ. Жаңа жағдайдағы экономикалық даму

III. Теңгерімді аумақтық даму
IV. Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – басты басымдық

V. Қолжетімді әрі сапалы білім

VI. Денсаулық сақтау саласын дамыту

VII. Экология және биологиялық әркелкілікті қорғау

VIII. Әділетті мемлекет азаматтардың мүддесін қорғау жолында
IX.
Цифрландыру – барлық реформаның негізгі элементі

Х. Азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы

ХI. Ұлттың жаңа болмысы


  1. Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі


* Бұл саладағы реформаларды жүйелі түрде жүзеге асыру қажет.

Ең алдымен, мемлекеттік басқаруға, кадр саясатына, шешім қабылдау жүйе­сіне және оларды орындау жауапкершілі­гіне деген көзқарасты өзгертуден бас­тауымыз керек.

Пандемия және дағдарыс жағдайында мемлекеттік басқару жүйесі бар күш-жігерін жұмылдырып жұмыс істеуде. Жедел шешімдер қабылдау айтарлықтай уақыт пен қаражатты талап етеді. Бірақ алдағы жоспарларды назардан тыс қал­дырмауымыз қажет. Сондықтан мен тікелей Президентке бағынышты болатын Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құру туралы шешім қабылдадым. 

* Мемлекеттік аппарат және квази-мемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқарту мерзімін жеделдетуді тапсырамын. Биыл олардың санын 10 пайызға, ал келесі жылы 15 пайызға қысқартқан жөн. Осылайша біз 2021 жылы шенеуніктердің санын 25 пайызға қысқарту мәселесін шешетін боламыз. Соның нәтижесінде және цифрландыру үдерісін ескере отырып, одан әрі қысқарту туралы шешім қабылдаймыз

*Тағы бір маңызды міндет – квази­мем­лекеттік компанияларды корпоративтік басқару ісін жақсарту мәселесін шешу


ІІ. Жаңа жағдайдағы экономикалық даму


Қазақстанның алдында тұрған аса маңызды міндет – өнеркәсіптік әлеуе­тімізді толық пайдалану.

Осы саладағы табыстарымызға қара­мастан, ішкі нарықтың зор мүмкіндіктерін әлі де болса толыққанды жүзеге асыра алмай келеміз. Өңделген тауарлардың үштен екісіне жуығы шетелден әкелінеді.

Ұлттық экономиканың стратегиялық қуатын арттыру үшін тез арада қайта өңдеу ісінің жаңа салаларын дамыту қажет. Бұл қара және түсті металлургия, мұнай химиясы, көлік құрастыру және машина жасау, құрылыс материалдары мен азық-түлік өндіру және басқа да салаларды қамтиды.

Сапалық тұрғыдан мүлде жаңа ұлттық индустрияны дамыту үшін жаңғыртылған заңнамалық негіз қажет.

Өнеркәсіпті реттеу және оған қолдау көрсету мәселелері түрлі заңнамалық актілерде көрініс тапқан. Бірақ ортақ мақсат көрсетілмеген, жүзеге асырылатын саясат пен шаралардың арасында өзара байланыс жоқ.

Өңдеу өнеркәсібін дамытудың қағи­дат­тарын, мақсаттары мен міндеттерін бел­гілейтін «Өнеркәсіп саясаты туралы» бірізді заң жыл соңына дейін әзірленуге тиіс.   

Осы бастаманы жыл соңына дейін эко­номикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі заң жобасы аясында жүзеге асыр­ған жөн. Үкімет стратегиялық келі­сім­дерге енетін жобалардың топтамасын 2021 жылдың сәуір айына дейін әзірлейді. 

Осы салаға қатысты ортақ міндет – өңдеу өнеркәсібінің өндірісін бес жыл ішінде кем дегенде 1,5 есе арттыру.


III. Теңгерімді аумақтық даму


Ірі металлургиялық кәсіпорындар орналасқан өңірлерді дамытуға қатысты тың көзқарас керек. Бұл, ең алдымен, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарына қатысты. Осы өңірлер жоғары технологиялы, ғылымды қажет ететін өндірістің және техникалық қызмет көрсетудің орталығы бола алады

Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аумақтарында 30 миллионға жуық адам тұрады. Миллионнан астам тұрғыны бар бірнеше қала орналасқан. Отандық тауарларды сату және инвестиция тарту үшін Ресей билігінің өкілдерімен және мекемелерімен тығыз қарым-қатынас орнату – еліміздің шекара маңын дамытудың аса маңызды факторы.

Ауылдың әлеуетін толық пайдалану – стратегиялық маңызы бар мәселе. Ауылдағы мейлінше өзекті мәселелерді шешуге арналған «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасатын болады.


IV. Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – басты басымдық


Менің тапсырмам бойынша ел тұр­ғын­дарының зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мәселесі пысықталды. Бұл, әсіресе, қазір ерекше маңызды.

2021 жылдың өзінде Бірыңғай жи­нақ­таушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы өз жинағының бір бөлігін тұрғын үй алуға, емделуге жұмсай алады немесе басқарушы компаниялардың иелігіне береді.

Биылдан бастап «5-10-25» бағдар­ламасы жүзеге асырылуда. Оған 390 мил­лиард теңге бөлінді. Үкімет осы бағдар­ламаның жүзеге асырылу барысын үнемі қадағалап отыруы керек.

Кезекте тұрған адамдардың баспана мә­селесін тезірек шешу керек.  

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясын­да жеке тұрғын үй салу ісі баяу жүріп жатыр. Мұның басты себебі – үй салынатын аумақты дайындау ісінің қарқыны төмен. Өйткені заң бойынша су және электр желілері жүргізілген аумақтан ғана жер беріледі.

Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңса­ған сәби» арнаулы бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырамын. Экстра­кор­пораль­ды ұрықтандыру бағдарламалары бойынша бөлінетін квота санын 7 мыңға дейін, яғни 7 есе көбейту қажет.

Алаңдаумен өткен соңғы айларда ең­бек етудің баға жетпес қадір-қасие­тін жете түсіндік. Кіші медицина қыз­мет­керлері, коммуналдық және қызмет көрсе­ту саласында еңбек ететін азамат­тар қыруар жұмыс атқарды. Бұл – нағыз еңбектегі ерліктің жарқын үлгісі. Мұн­дай адамдар мемлекет назарынан тыс қалмайды.


V. Қолжетімді әрі сапалы білім


Қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда Үкіметтің жіберген қателіктерін жақсы білеміз. Ашығын айтқанда, әлі күнге дейін нақты бір онлайн-платформа жоқ. Мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар күндіз-түні «WhatsApp»-тан бас көтермейтін болды. Толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажет. Дегенмен, сапалы білім алу үшін әдет­тегідей сабаққа қатысып, мұғалімдермен және сыныптастармен араласудың орны бөлек. Сондықтан санитарлық талаптар­ды сақтай отырып, білім алудың қалып­тасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеген жөн. Бұл, әсіресе, мектептер үшін маңызды.

Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы.

Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бас­тап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабыл­дадым. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінеді.

Біз балалардың мектепке дейінгі жан-жақты даму мәселесін шешуіміз керек. 2025 жылға қарай 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100 пайыз қамтамасыз етуді міндеттеймін.

Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет.

«Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалпына келтірген жөн. Онда жастарымыз қолөнердің және шығармашылықтың бастапқы негіздерімен танысар еді.


VI. Денсаулық сақтау саласын дамыту


Жыл соңына дейін еліміздің аймақ­тарында 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынады. Ал 2025 жылға қарай денсаулық сақтау саласына арналған 20 заманауи көпсалалы нысан пайдалануға беріледі. Бұл – осы мақсатқа орай 1,5 триллион теңгеге жуық инвестиция тартылады деген сөз.

Елбасының бастамасымен Нұр-Сұл­тан және Алматы қалаларында 2 көпса­лалы медициналық орталық салынады. Бұл орталықтар еліміздің бетке ұстар мекемелеріне айналып, инновациялық өсімге және қолданбалы медицинаның дамуына тың серпін беретін болады.

Шалғайдағы өңірлерге көлік арқылы дәрігерлік қызмет көрсету ісін қайта қал­пына келтіру шараларын жүзеге асыр­ған жөн. Денсаулық сақтау ісінің тиім­ді моделін құру арқылы үш жыл ішінде барлық ауылдық елді мекенді фельд­шер­лік-акушерлік пункттермен және дәрі­герлік амбулаториялармен қамтамасыз ету қажет. Ұлттық денсаулық сақтау саласын одан әрі дамыту жөніндегі шаралар бар­­лық медицина мекемелерін қажетті құрал-жабдықтармен толық жарақтан­ды­руға, науқастарға арналған орындар қо­рын 50 пайызға жаңартуға, ескірген ин­­фра­құрылымды ауыстыруға, өмір ұзақтығын болжамды 75 жасқа дейін жет­кі­зуге мүмкіндік береді.


VII. Экология және биологиялық әркелкілікті қорғау


Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму – еліміз үшін алдыңғы кезекте тұрған мәселе. Бүкіл өркениетті әлем жұртшылығы осы мәселемен айналысуда. Бізге де мұндай жаппай үрдістен шет қалуға болмайды.

Бірқатар қордаланған проблемаларды шешуге жол ашатын жаңа Экологиялық кодекстің жобасы әзірленді. Парламенттің бұл маңызды құжатты жыл аяғына дейін қарап, қабылдауын сұраймын

Үкіметке экологиялық ахуалды жақ­сар­ту жөніндегі шараларды нақты жүзеге асыруға кірісуді тапсырамын. Биоло­гиялық әркелкілікті сақтау және тиімді пайдалану жөніндегі ұзақ мерзімді жос­парларды бекіткен жөн.

Бес жыл ішінде орман алқабында 2 мил­лиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызылатын болады. Бұл елі­міздегі көгалдандыру ауқымын кеңейтуге септігін тигізеді.

Қазақстанның ұлттық саябақтары мен басқа да табиғат байлықтарын заңдық және нормативтік тұрғыдан қорғап, бұл са­лада құқық бұзған азаматтарды қыл­мыс­­тық және әкімшілік жауапқа тарту тәртібін қатайту керек.

Мек­тептер мен жоғары оқу орындарында өскелең ұрпаққа экологиялық тәр­бие беру ісіне жеткілікті назар аудару қажет. Қоғамда экологиялық құнды­лық­тарды орнықтыруға үндейтін «Birge – taza Qazaqstan» экологиялық акциясын жүйелі түрде өткізіп тұрған жөн.

Үкімет азаматтық сектормен бірлесіп, «Жануарларды қорғау туралы» заң жобасын әзірлеуі қажет. Жануарларға көз­қарас – кез келген мемлекеттің өрке­ниет­тілігінің өлшемі. Ал бұл жағы­нан біздің жағдайымыз мәз емес.


VIII. Әділетті мемлекет азаматтардың мүддесін қорғау жолында


«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мем­лекет» құру тұжырымдамасы. Азамат­тардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс жә­не әділ шешім шығару қажет Еліміздегі бүгінгі ахуалға орай азамат­тардың сұраныстарына ықылас танытуға тиіс құқық қорғау органдарының алдына жаңа талаптар қойылуда. Қылмысты анықтайтын жедел қызмет өкілдері мен процессуалдық шешім қабылдайтын тергеушілер қылмысты ашып, істі сотқа жіберуді басты мақсат санайтын бір басшының қарамағында бірге жұмыс істейді.. Прокурорлық қадағалауға келсек, бұл жұмыс үнемі кешеуілдеп жататынын көреміз. Прокурорлар істің мән-жайы­мен тек сотқа жіберер алдында ғана таны­­сады. Қылмыстық істер бойынша 2021 жылдан бастап прокурорға адам құқығы мен бостандығына қатысты негізгі про­цес­суалдық шешімдерді келісу міндетін заң арқылы жүктеген жөн.

Қылмыстық және қылмыстық-про­цес­суалдық заңнаманың тұрақ­ты­лығын қамтамасыз ету маңызды болып отыр. Оған жиі өзгерістер енгізу құқық қолдану ісіне әсерін тигізеді және бірыңғай тергеу және сот тәжірибесін қалыптастыруға мүмкіндік бермейді.

Он жылдай уақыт бұрын біз «Ме­диа­ция туралы заң» қабылдадық. Бірақ қазіргі кезге дейін бірде-бір мем­лекеттік орган оның даму мәселесімен айналысқан емес. Айқын мемлекеттік саясат байқалмайды. Бұл жағдайды реттеп, қателікті жөндеу керек.

Президент Әкімшілігі жанынан Құқық қорғау мен сот жүйесі реформасы жөніндегі өкілдік комиссия құрылады. Парламенттегі заңдар тезірек қа­был­данады деп үміттенемін.

 

IX. Цифрландыру – барлық реформаның негізгі элементі


Әлеуметтік жағынан осал отбасы­лардың балалары компьютерлік техникамен және сапалы интернетпен қамтылуға тиіс. Осы жылдың соңына дейін 250-ден астам тұрғыны бар ауылдардың барлығына интернет жүргізіледі.

Біз зейнетақы мен жәрдемақы тағайындаған кезде халықтың буда-буда қағаз толтырып, сансыз есікті тоздыруға мәжбүр болып жүргенін көріп отырмыз.

Мұның бәрін толықтай цифрландыру керек. Адамдар емес, мәліметтер «зыр жүгіруге» тиіс. Бізде мекенжай, мүліктік және өзге де анықтамалар бойынша оң тәжірибе бар. Мемлекеттік органдар жеке куәлікті, дип­ломды, жүргізуші куәлігін электронды түрде қабылдауға тиіс.

Халыққа электронды сервистерді қолдануды ыңғайлы ету үшін мемлекеттік қызмет көрсету ісінде де, бизнесте де биометрияны кеңінен пайдаланған жөн.

«Деректермен» жұмыс істеуді жаңа деңгейге көтеру керек. Мәліметтер базасының бірыңғай жүйесімен қамта­масыз ету және оны әрі қарай дамыту – Үкіметтің басты міндетінің бірі. Ақпараттық технологиялар саласы мен ұлттық бизнес ынтымақтастығының болашағы зор. 

Мемлекеттік және жекеменшік ірі ком­паниялар шетелде жасалған әзірле­мелер мен қосымшаларды сатып алуға ондаған миллиард теңге жұмсайды.

Бес жыл ішінде осы салаға салынатын инвестиция көлемін 500 миллиард теңгеге дейін жеткізуі қажет.



Х. Азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы

Біз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруды қолға алдық. Бұған дейін айтқанымдай, бұл – мемлекеттік органдар тек азаматтардың күнделікті мәселесіне байланысты жауап қатуы тиіс деген сөз емес. Бұл, ең алдымен, билік пен қоғам арасындағы тұрақты диалог.

Атап айтқанда, «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» демократиялық тұрғыдан мүлде жаңа заң қабылданды. «Саяси партиялар туралы», «Сайлау туралы», «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» заңдарға өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 130-бабын қылмыс санатынан алып тастау және 174-бабын ізгілендіру үшін өзгерістер қабылданды. Жұмысты сапалы әрі же­дел атқарғаны үшін Парламентке риза­шылығымды білдіремін. Келесі жылы бірқатар ауылдық округ әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталады. Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткі­зуге болады деп ойлаймын. Мәслихаттардың тексеру комиссия­ларын да күшейткен жөн. Үкімет пен Есеп комитетіне заңдарға енгізілетін тиісті түзетулер топтамасын әзірлеуді тапсырамын. Қалалардағы өзін өзін басқару мәсе­лесіне жеке-дара тоқталған жөн. 

«Мүліктік меншік иелерінің бірлес­тігі» институтын енгізу жөніндегі реформа басталды. Тиісті заң да қабылданды. Ен­ді барлық көппәтерлі тұрғын үйлер кезең-кезеңмен осы басқару нысанына көшеді.

Nur Otan партиясы өзінің іс-қимылы арқылы қоғамымыздағы жетекші саяси күш екенін дәлелдеп отыр. Партия алдағы реформаларды жүзеге асыруға белсене атсалысып, өзінің әлеуетін толықтай пайдаланатын болады. Айтылған барлық реформалардың, өзгерістердің табысты жүзеге асуы бар­­шамыздың бірлігімізге, отан­­шыл­­дығымызға және азаматтық жауап­кер­шілі­гімізге байланысты.

 

ХI. Ұлттың жаңа болмысы

Қазіргі міндет – халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру.

Адамды және қоғамды уақыт талабына сай жетілдіру қажеттігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.

Жаңарған ұлт қана жаңғырған елдің жетістігін жаһан жұртына таныта алады.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Бі­­лім­ді болуға оқу керек. Бай болуға кә­сіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы ке­рек­тердің жолында жұмыс істеу керек» дейді. Біріншіден, ХХІ ғасырдың ұрпағы терең білімді болғаны жөн.

Екіншіден, жас буынды ерінбей еңбек етуге бейімдеу қажет.

Үшіншіден, кез келген істі кәсіби дағды арқылы жүзеге асырған дұрыс.

Төртіншіден, темірдей тәртіп және жоғары жауапкершілік баршамыздың бойымызда болуы керек.

Бесіншіден, әділдіктен айнымаған жөн. Әділдік – қоғам дамуының маңызды шарты. Әділеттілік – әсіресе ел-жұрттың тағдырын шешу үшін аса қажет қасиет.

Алтыншыдан, бізге керегі – адалдық, ұқып­тылық, тиянақтылық. Бәріміз нағыз қа­­­зақты дәл осындай кейіпте көргіміз ке­­ле­ді. Біз сонда ғана бәсекеге қабілетті мем­­ле­­кет, зияткер ұлт қалыптастыра аламыз.

Абай «Өңкей жалған мақтанмен, шын­ның бетін бояйды» деп ашық айтқан. Бұл мәселе бүгінгі күні де өзекті болып отыр.

Биік мұратқа жетелейтін еңбек деген ұлы ұғымды әр азаматтың санасына сіңіргеніміз жөн.

Біздің елімізде «Жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам» жүйесі берік орнығуы керек


Біз – халқымыздың тәуелсіздік жо­лындағы сан ғасырлық арман-тілегіне қол жеткізген ұрпақпыз.

Келер жылы тәуелсіздігімізге 30 жыл болады. Бұл мерейлі дата – Егемен еліміз үшін аса маңызды меже. Бұл – жаңа тарихи кезеңнің басы.

Бізге мемлекеттің болашағы үшін зор жауапкершілік жүктеліп отыр.

Бірлігіміз бен ынтымағымыз мығым болса, барлық қиындықты жеңіп, мақ­сатымызға жетеміз.

Бұл біздің қолымыздан келеді.

Мен бұған кәміл сенемін.

Еліміз әрқашан аман болсын!













Shape1















Дайындаған: Халман Айбек

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!