Материалдар / "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік алған жылдарымыздағы қазақ елінің жағдайы туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
450
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 26 жыл». 
Мақсаты: Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. 
Көрнекілік: мақалдар, «Ел таныған Елбасы» газеті, слайдтар, желтоқсан құрбандары, кітап көрмесі. 
Кіріспе сөз. 
Еліміздің тәуелсіздігіне биыл 25 жыл толып отыр. Осыған байланысты бүгін «Менің Қазақстаным – менің болашағым» атты ашық тәрбие сағатын телекөпір ретінде өткізгелі отырмыз. 
Тәуелсіздігіміздің толағай табыстарының бірі – озық технологиялардың меңгерілуі. Айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызған жаңа технологиялардыңкөмегімен бүгін «Өткен шақ», «Осы шақ» және «Болашақ» телекөпір өткіземіз. «Өткен шақпен» байланысқанша, «Тәуелсіздік толғауларын» тыңдайық. 
Оқушылар жатқа өлеңдер оқиды. 
«Өткен шақпен» байланыс. 
1. Еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесі халқымыздың сан ғасырлар бойғы азаттық жолындағы күресінің, сол жолдағы көрген азаптары мен қиындықтарының жадымызда жаңғырып, 25жылда жеткен жетістеріміздің айшықты көрінетін мейрамы. Сондықтан да бұл күні Тәуелсіздік жолындағы арпалыстың азапкерлері мен қаһармандары ойға оралатыны сөзсіз. 
2. Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді, ат үстінде өткен кезеңдер көп болды. Азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді, талай қиыншылықты бастан кешірді. Бірақ, ешқашан да мойымады, күресе білді, азаттық таңы туатынына кәміл сенді. 
3. Иә, қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген қаралы атқа ие болған 1723 жылғы Жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті. Қазақ халқы оңтүстікке қарай босты. Бірақ, бұдан да басқа жауыздық нәубетінің екі ғасырдан соң қайта келерін білген жоқ. 
4. 1925-1933 жылдарда Г.Голощекин Қазақстанда әлі революция болмаған деп «Кіші октябрь» саясатын жүргізді, елді аштық пен қуғын-сүргін жайлады, Қазақстанда тұратын 2 миллион қазақ аштықтан қырылды. 
5. 1937 жылғы асыра сілтеудің кесірінен қазақ әдебиетінде жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды. Олар: Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек, Бейімбет, Ілияс,Сәкен. Өздері өлсе де аты өлмеген ағалар рухына кейінгі ұрпақ әрқашан бас иеміз.
6. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында 500-ге тарта қазақ қаһармандарына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олар Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, т.б. 
7. 1986 жылы Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізге Желтоқсанның дауылы үдей түсіп, дүрбелең жайлады. Қазақтың көптеген азаматтарының мойнына қыл шылбыр салынды. Әділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды. Желтоқсан оқиғасына қатысып, жауапқа тартылғандар қатарында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев бар. 
8. Озбырлық күшпен тұншығып, 
Үміттің оты өшкен күн. 
Жанына тапай бір шындық, 
Ер Қайрат қыршын кеткен күн. 
Қайғы езіп елдің еңсесін, 
Жаншыды-ау жанын батпан күш. 
Енді қайтіп келмесін, 
Сол бір қарғыс атқан күн! 
9. Өткен шақта Қазақстан ғасырларға теңесетін ғажайып жолды жүріп өтті. Бұл жолда бәрі де болды: бұрыннан қалыптасқан шаруашылық байланыстары үзіліп, шығарған өнімдерін өткізе алмай дағдарған кәсіпорындар, алты айлап айлық, жылдап зейнетақы ала алмай, егемендіктің елең-алаңындағы еңсені езер қиындықтардан қажыған жұрт, кеңбалақ қазақтың базар психологиясына бой үйрете алмай асып-сасуы, ала қапшық арқалап, отбасын асыраған әйелдер, жекешелендіру жанталасы, реформалардың алғашқы нәтижелерін беруі, әлеуметтік саланың еңсе тіктеуі, халықтың көңіл-күйінің қалпына түсуі, елдің ертеңіне сенімнің орнығуы, инвестициялардың келе бастауы алғашқы онжылдықтың жемістері. 
«Осы шақпен» байланыс
1. Республика! Ерікті ел – Қазақстан!) 
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан. 
Келді алыстан аңсатып, армандатып, 
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан. 
Мен айғақпын, ұстамын ертегіге, 
Мен басымды иемін бүгінге, ертеңіәме. 
2. Тәуелсіздік! Осы бір қасиетті сөзді естігенде қалайша тебіренбейсің! Бодандықтың бұғауынан, қыспағынан құтылған қазақ халқы еркіндік, азаттық ауасымен тыныстауда. Қанымызда бар ұлттық қасиеттеріміз қалпына келуде. 
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік, ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш. 
Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел. 
3. 1991 жылы 1-желтоқсанда республикада бүкіл халықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазақ КССР-нің Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. 
Республика тарихында халық саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады. 
Елбасы Н.Ә.Назарбаев – сөз бастаған шешен, ел бастаған көсем, саңлақ шыққан сарабдал саясаткер, әлемдік деңгейде өзіндік орны бар үлкен тұлға, қажырлы мемлекет қайраткері. Алғырлығы мен көрегендігі, ептілігі мен тектілігі, батылыдлығы мен өжеттілігі, мейірімділігі мен қайырымдылығы, алымдылығы мен шалымдылығы қатар жүретін нағыз марқасқа. Біздің Президент күнделікті қызметімен қоса домбыра тартып, ән айтатын, вальс, танго секілді би өнерін де керемет меңгерген, ақын, шебер шаңғышы, теннисші, ат құлағында ойнайтын спортшы. 
4. Баяғыда бір ойшыл: «Саясаткер – сайлау мен сайлаудың арасында ғана көзге көрінетін белсенді. Ал, шын мемлекет қайраткерінің тағдыры халқының тағдырымен байланысты. Оның мұраты – халқының бігіні мен ертеңі» деген екен. Елбасының тәуелсіздік туын қолға ұстағалы бері әлем алдындағы көрсетіп келе жатқан ұлан-ғайыр қажыр-қайраты осының дәлелі. 
Қазіргі кезеңде жер жүзіндегі 200-ге тарта мемлекеттерді ішінде Қазақстан әлем таныған алдыңғы қатарлы елдердің бел ортасында келеді. Дүние жүзілік бірқатар ықпалды ұйымдарға мүше болып, мемлекетіміздің мерейін асырып, іргесінің нығая түсуіне Елбасымыздың ат үстінде жүріп, ел үшін еткен еңбегі ұшан-теңіз. 
5. 1997 жылы Елорда Ақмола қаласына көшірілді. 1998 жылы «Астана» деген ат берілді. Стамбулда өткен түркі тілдес халықтар Саммитінде Астана 2012 жылғы Түркі әлеміің астанасы деп жарияланды. 
6. Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіздіктің 25 жылындағы ғаламат көшбасшылығымен қол жеткізілген Қазақстанның тамаша табыстарын айғақтайтын аса жарқын да сенімді цифрларға назар аударайық. 
- Біздің еліміз әлемдегі аса дамыған 50 елдің қатарына енді; 
- Соңғы 4 жылда тұрғындардың ақшалай кірісі, бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақысы, студенттердің стипендиясы 2 есе өсті; 
- Зейнетақы төлемдері мен баланы күтуге арналған жәрдемақы 2,6 есе көбейді; 
- Білім беру, ғылым мен денсаулық сақтау шығындары 2 есе ұлғайды; 
- Республика бойынша 4000 жаңа балабақшалар, 350 мектеп, 50 колледж салынды. 
7. Жаңа Назарбаев Университеті, болашақтың Интеллектуалдық мектептер жүйесі құрылып, 150 шақты аурухана тұрғызылды. 
Ішкі жалпы өнім көлемі 10108,6 миллиард теңгені құраса, өнеркәсіптік өнім көлемі 8493 миллиард теңге болды. 
Еліміздегі орта есептік айлық жалақы 88296 теңгеге жеткен. Жұмыссыздардың саны 5,3 пайызға төмендеді. 
Кеден Одағының арқасында тауар айналымы еселеп өсті. Қазір мыңнан астам Ресей компаниялары өз істерін Қазақстанға көшіріп отыр.
Бірнеше аса маңызды бағдарламалар жүзеге асты: 2010-2014 жылдарға арналған индустриялық даму бағдарламасы, 2020 жылға арналған бизнестің жол картасы, «Мәдени мұра», «100 мектеп, 100 аурухана», «Дипломмен ауылға» бағдарламалары. 
8. Осы шақта бізде ойымыз толып, бойымыз өсіп, санамыз жетіліп, мектепті бітіргелі отырмыз. Сыныптың, мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысамыз. Бос уақытымызда спортпен шұғылданамыз. Сабақты жақсы оқимыз. 
«Болашақпен» байланыс. 
Сұрақ. Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді? 
1. Біз 30 жыл өткеннен кейінгі Қазақстанды қалай елестетеміз? 
Біздің жас мемлекетіміз өсіп-өніп, кемелденеді, балаларымыз ер жетеді. Олар жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. 
2. Олар бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады, түрлі мамандықтарды игереді. Олардың Қазақстаны Евразияның орталығы болады. 2030 жылы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналады. Өздерін Қазақстанның азаматы деп санайтын көптеген ұлттардың өкілдері мекендейтін болады. Әрине, бұл – болашақты ой көзімен көру, оның моделі, асқақ мұрат, армандар. 
3. «Алыс болашақта біздің асқақ мұрат армандарымыз қалай жүзеге асады?» деген тақырыпта қиялға беріліп, болашаққа болжау жасауға тапсырма бергенбіз. 
Қиял-эссе оқылады. 
4. Жастар – қоғамның қозғаушы күші, келешегі. 
Оған мысалды көнекөз тарихтың өзі талай мәрте дәлелдеді. Мәселен, Екінші дүниежүзілік соғыстан соң екі қаласына атом бомбасы тасталып, өзі де сау-тамтығы қалмай қираған жапон мемлекеті сол бетімен кетсе әлемдегі ең кедей елдердің бірі болар еді. Ертеңін бағамдаған ел ақсақалдары жапон мемлекетінің басшысына келі: «Мейлі, біз аштықты, суықты көрейік, бәріне төземіз. Мына елдің еңсесін көтеру, экономикасын нығайту үшін жастарды оқытуымыз керек», - дейді. Әркім өзінің асыл дүниелерін, алтын, күмістерін ортаға үйіпті. Осы ақшаға шет елдің ең іргелі мемлекетттеріндегі мықты оқу орындарында жастары оқып, жапон мемлекетін тұс-тұстан көтерген екен. 
Президентіміз «Білім –келешектің кепілі» екенін ерте болжап, 1993 жылы 5-қарашада «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындады. 
5. Тәуелсіздік, көк тудың желбірегенін көріп, кең тыныстайтын барлық жастар үшін тым қымбат. Қыран бүркіт асқар таудың шыңынан кең далаға қарай қанат қағып, қалықтап ұшқанда өзін қалай еркін сезінсе, бүгінгі егеменді елді жастары да өздерін сондай еркін, асқақ сезінеді. 
Өздеріңнің болашақтағы асқақ армандарыңды айтып шығыңдар. 
Қорытынды. 

«Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел Бірлігі — біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық EXPO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!» — деп қорытындылады Елбасы өз сөзін.
Әнұран орындалады.



Тақырыбы: «Қазақ Елі Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы»

Мақсаты: Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. 
Көрнекілік: мақалдар, «Ел таныған Елбасы» газеті, слайдтар, желтоқсан құрбандары, кітап көрмесі.

2016 жылдың 16 желтоқсанында - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді.

Осы кезең ішінде не тындырдық? 25 жылда жеткен жетістіктеріміз қандай? Биыл осы сұрақтарға жауап беретін, өткен жылдарға қорытынды жасап, Мәңгілік Ел болуға бекінген мемлекетіміздің бүгіні мен келешегі туралы ой толғайтын еліміздің есепті жылы десек, қателеспейміз.

Осы орайда, 2015 жылғы 30 қарашадағы халыққа арнаған Жолдауында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басқалы тұрғанымызды айта келіп: «Бұл - тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді.»,- деп алдағы кезеңде кездесетін сын-қатерлерден мүдірмей өтуге шақырды.

Ал 2015 жылғы 15 желтоқсан күні Тәуелсіздік күні қарсаңында сөйлеген құттықтау сөзінде Елбасы: «Әрбір елдің жылнамасында оның жаңа тарихының бастауы болған тағдыршешті таңдар болады. Біз үшін жаңа дәуірдің арайлы таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атты. Сол күні әлем көгінде «Қазақстан Республикасы» атты жаңа жұлдыз жарқырай туды», - дей келіп, халқымыз Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, Мәңгілік Ел болуға бет бұрғанын атап өтті.
Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы

2016 жылы Алаш көсемі, қоғам және мемлекет қайраткері, журналист, ғалым, халқымыздың ардақты ұлы Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді. ЮНЕСКО-ның 2015 жылы 18 қарашада Парижде аяқталған Бас конференциясының 38-ші сессиясында осындай қаулы қабылданды.

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (05.03.1866 жыл, Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала өлкесі - 27.09.1937 жыл, Мәскеу) - XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің тұңғыш төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.

2011 жылы Мәскеудегі Дон зиратында Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан жерленген қабірге ескерткіш-тас қойылды. Белгілі әлихантанушы Сұлтан Хан Аққұлұлы өз мақаласында Әлихан Бөкейханның Нығмет Нұрмақовпен бірге Мәскеуде жерленгенін жазады. 1937 жылы 27 қыркүйекте атылған арыстарымыз Мәскеу қаласындағы Дон қорымындағы №1 ортақ қабірге жерленіпті.

Жақында Мәскеуге барып, бұл деректің негізсіз емес екеніне көз жеткізген қарағандылық ғалымдардың айтуынша, Әлекең мен Нығмет аталарымызға топырақ бұйырған орында Кеңес одағының зұлмат саясатының құрбаны болған 5065 адам жерленген көрінеді.

Қарағандының «Болашақ» университетінің ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбековтің бастама көтеруімен Әлихан Бөкейхан мен Нығмет Нұрмақұлының басына ескерткіш-тақта орнатылды.

Белгілі тұлғаның 150 жылдық мерейтойы аясында елімізде көптеген іргелі істер атқарылады деп күтілуде. Ә. Бөкейханның өмірі мен шығармашылығы терең зерттеліп, тың деректер табылады деген үміттеміз.
2016 жылы
 - ХХХІ Олимпиада ойындары

ХХХІ Олимпиада ойындары Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында 2016 жылдың 5 - 21 тамыз күндері аралығында өткізіледі деп жоспарланып отыр. Олимпиада ойындары алғаш рет Оңтүстік Америкада өткізілгелі тұр. Осы кезге дейін Рио-де-Жанейро қаласы 1936, 1940, 2004 және 2012 жылдары Олимпиада ойындарын өткізуге өтініш берген, алайда бірде-бір рет финалдық дауыс беруге қатысушылар қатарына өте алмай келген еді.

Осы жолы Бразилия елі мұндай мүмкіндікке қол жеткізіп отыр. Ғаламторда жарияланған деректерге сүйенсек, үміткер қалалардың ұсынысын қабылдау рәсімі 2007 жылдың 16 мамырында басталып, сол жылдың 13 қыркүйегінде аяқталған. ХХХІ жазғы Олимпиаданы өткізуге ұсыныс бергендердің арасында Баку (Әзірбайжан), Доха (Қатар), Мадрид (Испания), Прага (Чехия), Рио-де-Жанейро (Бразилия), Токио (Жапония), Чикаго (АҚШ) және Мәскеу (Ресей) қалалары болған.

Дауыс беру финалына төрт қала (Мадрид, Рио-де-Жанейро, Токио, Чикаго) шығады. 2009 жылдың 2 қазанында Данияның Копенгаген қаласында өткен халықаралық Олимпиада комитетінің 121-ші сессиясында өткен дауыс беру нәтижесінде Рио-де-Жанейро 2016 жылдың жазғы Олимпиада ойындарын өткізу мәртебесіне ие болады.

Сонымен қатар биыл Олимпиада ойындарының өткізіле бастағанына 120 жыл толады. Қазіргі заманғы алғашқы Олимпиада ойыны 1896 жылы Грекия астанасы Афина қаласында өткен болатын.

Төрт жылда бір рет өтетін жаһандық спорт бәсекесі әрбір тәуелсіз мемлекеттің беделі мен әлеуетін көрсету үшін де маңызды екені анық. Осы уақытқа дейін Қазақстан спортшылары 43 лицензиясын ұтып алды. 2016 жылдың алғашқы жартыжылдығында өтетін лицензиялық халықаралық жарыстарда ел спортшылары әлі де біраз жолдама алады деген сенімдеміз. Спорт және дене шынықтыру iстерi комитетiнiң төрағасы Елсияр Қанағатовтың айтуынша, жолдама саны 2012 жылғы ХХХ жазғы Олимпиадаға алғаннан аз болмайды. Айта кету керек, Лондон Олимпиадасында Қазақстан саңлақтары спорттың 20 түрі бойынша 115 лицензия алған болатын.

Лондон Олимпиадасында Қазақстан 7 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль жеңіп алып, медаль саны бойынша жалпы есепте 204 ел арасында 12-ші орынды иеленді. Бұл бұған дейінгі жетістіктерден бірнеше есе асып түскен еді.

Енді биыл Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында алауы тұтанатын ХХХІ Олимпиада ойындарында да Қазақстан спортшылары үздік көрсеткіштерге қол жеткізіп, ең биік тұғырға көтеріліп, көк байрағымызды желбіретіп, мемлекетіміздің Әнұранын шырқатады деген сенімдеміз!

2016 жылы мемлекетіміз бен халқымыз үшін мәні мен маңызы зор бірқатар мерейтойлар мен атаулы күндер бар.

Атап айтқанда, биыл:

2016 жылы Бөкей Ордасының құрылғанына 215 жыл толады.

Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы) - 1801 жылы Еділ мен Жайық аралығында іргесі қаланған саяси құрылым.

1801 жылы Оған дейін қазіргі Ақтөбе облысын қоныстанып келген Нұралы ханның екінші ұлы Бөкей сұлтан Ресей патшасына Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы бос жатқан атамекеніне көшіп-қоныстануға рұқсат сұрап, өтініш жолдайды. Ресей императоры Павел I Бөкей сұлтанның өтінішін қабыл алып, 1801 жылы 11 наурызда жарлық шығарып, рұқсат береді.

Сол жылдың күзінде Бөкей сұлтан өзіне қарасты 5 мың түтін ауылымен Жайықтың ішкі бетіне көшіп-қоныстанады. Тарихта Ішкі Қазақ немесе Бөкей ордасы аталған өлкенің іргесі осылай қаланады. Орда қаласының іргесі қаланады. Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысы, Бөкейорда ауданындағы Хан Ордасы ауылы сол қаланың қалған жұрнағы.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығы. 1916 жылы 25 маусым күні ұлты орыс емес, «бұратана» саналған халықтардың 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын соғыс жүріп жатқан жерде қорғаныс құрылыстарын салу мен тыл жұмыстарына алу жөнінде патша жарлығы шығады. Осы бір елдің ашу-ызасын тудырған жарлық Қазақ жерінде және Орталық Азия халықтарының біраз бөлігін қамтыған ұлт-азаттық көтерілістің тұтануына басты себеп болды.

Есімдері халық жүрегінде сақталған, халқымыз бен жерімізді қорғап, өздері сол жолда құрбан болған батырларымыз да, еселі еңбек сіңірген немесе ұлтына рухани мол мұра қалдырған қайраткерлеріміз де көп. Биыл бірқатар арыстарымыздың мерейтойы аталып өтеді.

Соның ішінде 1836-38 жылдары еліміздің батысында болған халық көтерілісінің қолбасшысы Исатай Тайманұлының 225 жылдығы өтетіні жоспарланған. Исатай Тайманұлы 1791 жылы дүниеге келіп, 1838 жылы Ақбұлақ өзенінің жағасында болған шайқаста асқан ерлікпен қаза табады. Исатай - Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы. И.Тайманұлының ерлігі мен қайраткерлігі Махамбет Өтемісұлының жалынды жырларында көрініс тапқан. 

2016 жылы Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліске (1836 жыл) 180 жыл толады.

2016 жылы ақын әрі сазгер Қалнияз Шопықұлының 200 жылдығы аталып өтеді. 

Халыққа білімнің нұрын шашқан, қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығы да кең көлемде тойланады деп жоспарлануда.

Қазақтың жыр дүлдүлі, ақын Қашаған Күржіманұлының және әйгілі сазгер Мұхит Мералыұлының 175 жылдық мерейтойлары да аталып өтпек.

2016 жылы жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 170 жылдық мерейтойы аталып өтеді.

Халық ақыны Қазанғап Байболұлының және ақ күріштің атасы атанған еңбек майталманы, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың да 125 жылдығы 2016 жылғы маңызды іс-шаралар қатарында тұр.

Сонымен қатар ақын, жазушы, публицист Баубек Бұлқышевтің, белгілі абайтанушы ғалым Қайым Мұхамедхановтың, Қазақстанның халық әртісі, әнші, режиссер Кәукен Кенжетаевтың, дауылды жырлар жазған ақын Хамит Ерғалиевтің, Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары (егіздер) Мүсілім мен Ришат Абдуллиндердің100 жылдық мерейтойлары елімізде аталып өтетін болады.

Елімізге, халқымызға адал еңбек сіңірген, игілікті ісімен артына өшпейтін із қалдырған бұлардан басқа да ұлтжанды азаматтардың да мерейтойлары өтетіні сөзсіз.

2016 жылы Желтоқсан көтерілісіне 30 жыл толады. 1986 жылы 17-18 желтоқсан күндері СОКП Орталық Комитетінің шешіміне қарсы шыққан қазақ жастары бейбіт ереуіл жасап, Алматы қаласындағы Орталық Алаңға жиналып, наразылықтарын білдірді.  Мұндай қарсылықты күтпеген отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйе бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ жастарын аяусыз жазалау операциясын жүзеге асырды. Бұл кеңестік империяның жымысқы саясатын, шағын халықтарға қарсы жүргізіп келген опасыз саясатын жария еткен алғашқы көтерілістің бастауы болды. Содан кейін өзге республикаларда да осындай наразылық білдірген оқиғалар болғаны тарихтан белгілі.

1991 жылы КСРО күйреп, оның құрамында болып келген республикалар ғасырлар бойы аңсап келген азаттығына, тәуелсіздігіне қол жеткізді. Соның бірі - Қазақ Елі! 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алды.

Алматыда болған Желтоқсан көтерілісіне байланысты 17 желтоқсан Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні болып белгіленген. 1991 жылы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» Жарлығымен Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-індегі оқиғаларға қатысқаны үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапқа тартылған адамдар ақталды. Аталған Жарлықтың 4-тармағы бойынша 17 желтоқсан Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні деп жарияланды.

Бұдан 55 жыл бұрын, яғни, 1961 жылы 12 сәуірде адам баласы алғаш рет ғарышқа аттанды. Юрий Гагарин адамзат тарихында ғарыш кеңістігіне көтерілген тұңғыш азамат.

Ал 25 жыл бұрын 1991 жылы 2 қазанда қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңестер Одағының Батыры, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа сапар шекті. 10 қазан күні Жерге оралды.

Биыл Семей сынақ аймағының біржола жабылғанына 25 жыл толады. 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» тарихи Жарлыққа қол қойды. Осы орайда, 29 тамыз Қазақстанның бастамасымен бүгінгі таңда Ядролық сынақтарға қарсы әрекеттердің халықаралық күні болып белгіленді. Бұл туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарары қабылданды.

Әрбір іс-шара елді бірлікке, ынтымаққа, келешекке деген нық сенімді қалыптастыруға шақырса, ол халықтың көңілінен шығатыны сөзсіз. Мәні зор іс-шараларымыз игілікті, мерейтойларымыз мәртебелі болғай!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!