Материалдар / Қазақстан тарихы 4-нұсқа ҰБТ сұрақтарф тест
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстан тарихы 4-нұсқа ҰБТ сұрақтарф тест

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан тарихынан 20 сұрақ тест жауаптарымен. ҰБТ сұрақтары 4-нұсқа.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2024
154
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

4-нұсқа

1.Кестеде сипатталған хан:

Өз ақшасын соғып, негізгі салықтарды өз пайдасына алды

Билігі Сырдария бойындағы бірқатар қала мен ферғаналық Әндіжанға таралды

Ол Қазан және Сібірмен сауда байланыстарын орнатты

A) Имамкули

B) Есім

C) Тәуекел

D) Тұрсын+


2. Б.з.б. I ғасырда жібек артылған керуендердің Батыс елдеріне жеткендігі жайлы білеміз:

A) Қытай деректерінен+

B) Антикалық деректерден

C) Иран деректерінен

D) Түркілік деректерден


3. Халық комиссариаттарының автономиялық органына жатады: I. Халық шаруашылығы кеңесі II. Азық-түлік саласы III. Байланыс жолдары IV. Әлеуметтік қамсыздандыру

A) I

B)IV+

C)III

D) II


4. ҚАКСР-ның жоғарғы органдары: I. Жергілікті Депутаттар кеңесі II. Орталық Атқару комитеті III. Депутаттар Құрылтайы IV. Халық комиссарлар кеңесі

A) I, II, IV+

B) I, III

C) II, IV

D) II, III, IV


5. Ресейдің орталық аудандарынан шаруаларды Қазақстанға қоныс аударту басталды:

A) Қоныс аударту басқармалары құрылғаннан кейін

B) Ресейде басыбайлық құқық жойылғаннан кейін

C) Дала генерал-губернаторлығы құрылғаннан кейін+

D) Қытай мен Ресей империясы арасында Санкт-Петербург бейбіт келісімшарты жасалғаннан кейін


6. 1822-1824 жылдардағы жарғыларды енгізудің салдарына жатпайды:

A) Сұлтандар мен рубасылар арасында алауыздық пайда болды +

B) Көшпелі малшаруашылығы тұйыққа тірелді

C) Рулық ұжымдар бір-бірімен араласып кетті

D) Көші-қон шеңбері тарылды


7. Кенесары Қасымұлының құрметіне ие болып, Әскери Кеңестің мүшесі қызметін атқарған татар:

A) Баймағамбет Айшуақұлы

B) Әлім Ягудин +

C) Николай Губин

D) Сейдаққожа Оспанов


8. XIX ғасырдың 60-жылдары жүргізілген реформа бойынша облыс басына тағайындалды:

A)Уезд бастығы

B) Әскери губернатор +

C) Болыс

D) Генерал губернатор


9. 30 жылдан астам уақыт бойы хан болып, билікті өмірінің соңына дейін ұстай алмаған билеуші:

A)Бұрындық+

B) Әмір Темір

C) Тәуке

D) Әбілқайыр


10. 1510 жылы Мұхаммед Шайбани қаза тапты:

A) Сыр бойында

B) Мерв түбінде+

C) Самарқандта

D)Бұхарада


11. Билікке келген М.Горбачев бір айдан кейін 1985 жылғы сәуірдегі Орталық Комитеттің Пленумында жаңа саяси бағытқа көшу қажеттігін жариялады. Яғни қоғамда сапалық жағынан терең өзгерістер жүргізу керек болды. Сонымен бірге экономика мен әлеуметтік саланы өркендету бойынша шаралар белгіленді. Қоғамды жаңартудағы басты мәселе ретінде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өркендеуін жеделдету деп көрсетілді. Жеделдетудің басты мақсаттарын шешу үшін: ғылыми-техникалық жаңалықтарды пайдалану, экономиканы басқаруды өзгерту, кәсіпорындардың құқын кеңейту, шаруашылық есепке көшу, еңбек тәртібін күшейту, жаңа кәсіпорындар салу және модернизация жүргізу керек деп көрсетілді.

Мәтін бойынша қоғамды жаңарту осы саладан бастап жүргізілді:

A) Денсаулық сақтау

B) Экономикалық+

C) Аграрлы

D) Саяси


12. Мәтін бойынша М.Горбачев ұсынған саясат аталады:

A) Қайта құру+

B) Жариялылық

C) Жеделдету

D) Жылымық


13. Мәтін бойынша М.Горбачевтің билікке келуімен қоғамда орын адған өзгерістерді бір сөзбен сипаттаңыз:

A) Демократияландыру үдерісі жүрді+

B)Тұтыну тауарларының өндірісі артты

C) Жоспарлы экономикаға өту жүргізілді

D) Урбандалу қарқыны артты


14. Мәтін бойынша М.Горбачев билікке келді:

A) ҚазКСР бірінші хатшысы болып

B) Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып

C) Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің бас хатшысы болып

D) КОКП ОК Бас хатшысы болып+


15. Мәтін бойынша М.Горбаечвті билікте отырған мерзімі:

A) 7 жыл+

B) 5 жыл

C) 8 жыл

D) 6 жыл


16.

Батыр өзінің бүкіл өмірін Арал маңы қазақтарының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнады. Рулас туыстары оны жеке басының батылдығы, ерлігі және қаһармандығы үшін құрмет тұтты. Оның ерекше қара күші де, ат құлағында ойнайтын шебер шабандоздығы да бар еді. Сыр бойының қазақтары оны ақылды әрі әділетті би ретінде таныды. Батырдың өзгелерден бір ерекшелігі ол дінге берілген иманды кісі еді. Белгілі ғалым әрі қоғам қайраткері М.Тынышбаев ол туралы былай деп жазды: «Барлық үш жүзге ортақ батыр әрі би, қазақтардың бостандығы жолындағы атақты күрескер ______________ батыр орыстарды да, хиуалықтарды да, қоқандықтарды да мойындамады».

Мәтінде сипатталған батыр өмір сүрген кезең:

A) XIX ғасыр +

B) XVII ғасыр

C) XVIII ғасыр

D) XX ғасыр


17. Мәтін бойынша Сыр бойындағы қазақтар қарсы күрес жүргізді:

A) Патшалық Ресейге

B) Цинь империясына

C) Жетісу казак әскерлеріне

D) Орталық Азия хандықтарына+


18. Мәтінде айтылған батыр осы рудың басшысы:

A) Шекті +

B) Беріш

C) Адай

D) Байбақты


19. Карта бойынша Арал маңында көтеріліс ұйымдастырды:

A) Е.Көтібарұлы +

B) И.Тайманұлы

C) Ж.Тіленшіұлы

D) Ж.Нұрмұхамедұлы


20. Мәтінде сипатталған көтеріліс басшысы:

A) К.Қасымұлы

B) Ж. Тіленшіұлы

C) Ж. Нұрмұхамедұлы +

D) Е. Көтібарұлы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!