Материалдар / Қазақстан тарихынан контекст жиынтығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстан тарихынан контекст жиынтығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұбт да келетін тестцентр бекіткен контекст
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2024
232
3 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Геродоттан үзінді
... Кир массагеттердi бағындыруды ойлады. Массагеттер, айтуға қарағанда,
аса күштi ірi саны жағынан көп тайпа...
Массагеттердiң патшасы қайтыс болып, орнына әйелi Тұмар патшайым
таққа келедi. Кир оған елшiлерiн жiберiп, өзiне әйелi болуға ұсыныс жасайды.
Тұмар Кирдiң ойын бiрден түсiнiп, оның өзiне емес, елiне құштар болып
отырғандығын бiлiп, ұсынысынан бас тартады. Кир өз ойы iске аспаған соң,
массагеттерге ашық соғысқа аттанады. ...Тұмар өзiнiң хабарлаушыларын парсы
патшасына жiберiп, былай деген: “Парсы патшасы! Өз ойыңнан қайт. Сенiң бұл
жасап жатқан көпiрiңнiң пайдасының саған тиер-тимесiн бiлмейсiң ғой ”. Кир
өзiнiң кеңесшiлерiн жинап алып: “Не iстеуiмiз керек?” - деп кеңес сұрады. ...осы
кеңесте отырған қолбасшы мидиялық Крез: “Менiң ойымша, сенiң күшiң оларға
қарағанда артық, сен оларды жеңесiң... Менiң бiлуiмше, массагеттерде бiздiң
өмiрiмiздегi алуан түрлi дәмдi тамақ, тағамдар, шарап, сусындардың молдығы
жайлы хабар жоқ. Нашар соғысатын іскер бөлiктерiн қалдырып, өзiмiз бiр күндiк
жерге шегiнемiз”, - деп кеңес бередi...
Мұндай құрылған торға Тұмардың баласы Спаргапис өз әскерлерiмен түсiп
қалады.
...Тұмар өзiнiң бар әскер күшiмен парсыларға шабуылға шығады. Бұл
шайқас, менiң естуiмше, тарихта бұрын-соңды болып көрмеген шайқас.
Қарсыластар алғашқы кезде бiр-бiрiне қарама-қарсы тұрып алып, садақпен
атысқан. Садақ оқтары таусылғаннан кейiн, қанжар, семсер, найзалармен
соғысқан. Бiр-бiрiне берiлмей ұзақ уақыт шайқасып, ақыр соңында Тұмардың
әскерi жеңiске жеткен. Парсылардың әскерi түгелдей қырғынға ұшырап, Кирдiң
өзi де қаза болған.

1.Тұмар (Томирис) басқарған тайпа:
A) Сақ
B) Қаңлы
C) Ғұн
D) Үйсін
E) Сармат
2.Мәтін бойынша шайқасқа қатысқан елдер:
A) қаңлылар мен үйсіндердің қақтығысы
B) үйсіндер мен ғұндардың қақтығысы
C) сақтар мен парсылардың қақтығысы
D) ғұндар мен қытайлардың қақтығысы
E) сарматтар мен римдіктердің қақтығысы
3.Кирдің шайқаста жеңілу себебін анықтаңыз
A) Кирдің өз әскерін сақтардан мықты санауы
B) сақтарға көршілес тайпалардың көмекке келуі
C) үйсіндер мен қытайлар арасындағы әскери одақ құрылуы
D) қаңлы әскерінде озық техникалық қарудың болуы
E) Кирдің римдіктермен байланыста болуы
4.Өз мүддесінен мемлекет мүддесін жоғары қойған тұлға


Page 2

A) Кир
B) Томирис
C) Камбиз
D) Спаргапис
E) Крез
5.Мәтіндегі тұлғаларды мемлекеттерімен сәйкестендіріңіз
1. Томирис; 2. Кир; 3. Крез
А. Мидия; В. Парсы С. Сақ
A) 1-А; 2-С; 3-В;
B) 1-В; 2-С; 3-А;
C) 1-С; 2-А; 3-В;
D) 1-А; 2-В; 3-С;
E) 1-С; 2-В; 3-А;
Жүздер туралы
Тағы бiр мәселеге көңiл аударғым келедi. Жүз - тарихи-әлеуметтiк
категория. Ол байтақ қазақ сахарасында ғасырлар бойы қалыптасқан көшпелi
шаруашылықтың жер ыңғайына қарай орналасуына байланысты .... Әрбiр
тайпалық одақ қыс қонысын, жаз жайлауын көшпелi тiршiлiктiң өзiндiк
ерекшелiгiне орай құрған. Екiншi фактор - ел қорғау, отан қорғау, жер қорғау
мүддесiнен туындаған. Үшiншiден, жетi атаға дейiн ғана араластырмай, тұқым
тазалығын сақтау арқылы этностың генетикалық қорын аман алып қалуға
бағытталған. Бұл болса, белгiлi бiр географиялық шеңберде, белгiлi бiр ортада
ортақ бүкiлхалықтық бақылауға алынған. Үш жүз бола отырып, қазақ елiнiң
тәуелсiздiгiн, қазақ жерiнiң тұтастығын қорғаған. Ортақ тiл, дiл, атамекен
халықтық бiрлiкке, мүдде бiрлiгiне қызмет еткен. “Жүз” туралы сөз болғанда
тағы бiр еске алар жағдай - ол мемлекеттiк қызметтi де орындаған. Жүз iшiнде
дау-дамай, көшi-қон жолдары, рулар арасындағы қарым-қатынас аймақтық
дәрежеде шешiлген. Жүзаралық - жер, қоныс, ел қорғау, қазақ жерiнiң
тұтастығы, әскери жасақ, ортақ қолбасшы, хандар сайлауы, т.б. ел, халық
дәрежесiндегi келiсiлiп отырған. Сонымен бiрге үш жүз көршi мемлекеттермен
қарым-қатынасты бiрiгiп, ұлттық биiктiктен барлай шешкен. Сондықтан қазақ
халқындағы жүз мәселесi әлдебiр дүмбiлез атқамiнерлер айтып жүргендей
“жүзшiлдiк”, “жүзшiл” деген ұғымнан ада жай. Жалпы, қазақ этносы - бiртұтас
этнос. Қазақ атаулы елiн, руын сұрағаны болмаса, ешқашан жүзге бөлiп
көрмеген, бiр-бiрiне атам қазақтың, бiр қазақтың баласы деп қараған.

Арғынбаев Х., Мұқанов М. , Востров В.
Қазақ шежiресi хақында. А., 2000. 9-10-бб.


Page 3


6.Жүздік құрылымның ерекшелігі
A) әртүрлі ұлттардың қоныстануы
B) тіл мен діннің әртүрлілігі
C) ортақ тіл, діл, шаруашылықтың болуы
D) экономикалық даму деңгейінің әртүрлілігі
E) мәдени ерекшеліктердің болуы
7.Картада «1» реттік санымен көрсетілген
A) Төле ұлысы
B) Орта жүз
C) Кіші жүз
D) Жошы ұлысы
E) Ұлы жүз
8.Кіші жүз қамтитын аймақ
A) Солтүстік Қазақстан
B) Шығыс Қазақстан
C) Батыс Қазақстан
D) Орталық Қазақстан
E) Оңтүстік Қазақстан
9.Мәтіндегі екінші фактордың мәні:
A) тұқым тазалығын сақтау
B) отан қорғау
C) мәдениетті дамыту
D) этностың тұтастығын қамтамасыз ету
E) гентикалық қордың амандығын сақтау
10.Мәтінде көтерілмеген мәселелердің бірі:
A) халықты отырықшылыққа көшіру
B) жүзге, руға бөлінбеу
C) көрші мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынас орнату
D) рулар арасындағы қарым-қатынас


Page 4

E) тұқым тазалығын сақтау
Жетiсу өңiрiндегi аттары кеңiнен мәлiм екi қала әрi жiбек жолындағы аса iрi
екi орталық болып саналатын Суяб пен Баласағұн қашаннан-ақ зерттеушiлердiң
назарын аударып келедi. Алайда авторлар еңбектерiнде едәуiр мол мағлұматтар
келтiрiледi, дегенмен осынау қалалардың тарихи тағдырларында әлi де
бұлыңғыр тұстар жоқ емес. Бұл олардың тұрған орындарын анықтауға да
қатысты нәрсе.
Суяб жайында ең көне, сонау VII ғасырдың бiрiншi жартысы мен VIII
ғасырдан қалған деректер ... мәлiметтерiнде сақталған. Будда тәуапшысы Сюань
Цзянь 629 жылы Үндiстанға бара жатқан сапарында Жетiсуды басып өтедi. Сүйе
өзенiнiң маңында ол бiр қалаға кез болады. «Оның аумағы 6-7 ли. Онда түрлi
елдерден келген көпестер мен соғдылар тұрады екен. Топырағы қызыл, тары мен
жүзiм өсiруге қолайлы. Сүйеден тура батысқа қарай бiр-бiрiнен бөлек ондаған
жеке қалалар орналасыпты». Бұдан әрi Сюань Цзянь Жетiсу қалаларының
тұрғындарын, олардың дәстүрлерiн, киiмдерiн, әдет-ғұрыптарын сипаттап,
сөзiнiң соңында бұл қалаларда диқандар мен саудагерлер тұратынын жазған.
VIII ғасырдың алғашқы жартысына дейiнгi деректер ұсынатын беймәлiм
автордың «Худуд аль-Алем» атты еңбегiнде, сондай-ақ Гардизидiң «Зайн әл-
ахбар» («Баяндау көркi») шығармасында Суяб туралы мынадай сипаттама
келтiрiледi: «бұл 20 мың адам тұратын үлкен мекен. Шаһардың әмiршiсi Ялан
шах есiмдi джабгудың бауыры екен». Баласағұнды басып алған түркiлер
(қараханидтер) ислам дiнiн қабылдап, бiрте-бiрте Орта Азияны жаулап алады.

11.Мәтінде айтылған екі қаланың орналасқан аймағы
A) Оңтүстік Қазақстан
B) Солтүстік Қазақстан
C) Шығыс Қазақстан
D) Орталық Қазақстан
E) Батыс Қазақстан
12.Мәтінде сипатталған тарихи кезең
A) Қола дәуірі
B) Жаңа заман
C) Қазіргі заман
D) Темір дәуірі
E) Орта ғасырлар
13.Мәтінде айтылған қалалар орналасқан мемлекет
A) Қыпшақ
B) Қарахан
C) Қимақ
D) Оғыз
E) Ноғай
14.Ерте орта ғасырлық түркі империялық мемлекеттерінің астанасы болған қала
A) Науакет
B) Қарнақ
C) Сайрам


Page 5

D) Сауран
E) Суяб
15.Мемлекет орталықтарын сәйкестендіріңіз
1. Суяб; 2. Баласағұн; 3. Балықты
А. Қарахан мемлекеті; В. Түргеш қағанаты; С. Найман хандығы
A) 1-А; 2-В; 3-С
B) 1-В; 2-А; 3-С
C) 1-С; 2-В; 3-А
D) 1-С; 2-А; 3-В
E) 1-В; 2-С; 3-А

&&&


Page 6


16.Кестедегі іс-шаралар қамтитын кезең:
A) ХХ ғасырдың 80-90 жж
B) ХХ ғасырдың 20-40 жж.
C) ХХ ғасырдың 50-60 жж.
D) ХХ ғасырдың 70-80 жж.
E) ХХ ғасырдың 90 жж.
17.Кестедегі іс-шаралар жататын экономикалық жүйе
A) аралас
B) нарықтық
C) жоспарлы
D) құрамды
E) дәстүрлі
18.Кестедегі іс-шаралардың толық жүзеге аспау немесе үлкен шығындарға
әкелу себебін анықтаңыз:
A) салаларға қаржының шамадан тыс көп бөлінуі
B) екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы


Page 7

C) банк қаржы жүйесі жұмысының тұрақсыздығы
D) саясаттағы төменнен жоғары принципінің қалыптасуы
E) басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесінің кедергі жасауы
19.2-кесте бойынша Қазақстан өнеркәсібінде қалыптасқан ахуал:
A) кәсіпорындар шикізат өндірумен шектелді
B) ауыр-машина жасау кәсіпорындары қалыптасты
C) кәсіпорындаржаппай электрлендіріліп, механикаландырылды
D) автоматтандырылған кәсіпорындар пайда болды
E) дайын өнім шығаратын кәсіпорындар пайда болды
20.Кестедегі салалар бойынша ортақ белгіні анықтаңыз:
A) дербестігі күшейіп өнім өндірудің артуы
B) мемлекеттік биліктің тікелей қатысуы
C) нарықтық қатынастар негізінде дамуы
D) шетел акционерлерінің (инвестор) қаржы салуы
E) бірнеше адамдар (кәсіпкер) меншігінде шоғырлануы

&&&


Page 8




21.3-суретте бейнеленген қазақтың ертедегі мүлкі(бұйымы)
A) ер-тұрман
B) ағаш төсек
C) әшекей бұйымдар
D) киіз үй
E) сандық
22.4-суреттегі бұйымды жасауда қазақтар жиі қолданған шикізат
A) мырыш
B) қола
C) күміс
D) тері
E) темір
23.Суреттерде берілген бұйымдардың ортақ атауы
A) қазақтың жазбаша мәдени туындылары
B) қазақтың материалдық мәдениеті
C) қазақтың дәстүрлі діни атрибуттары
D) қазақтың фольклорлық туындылары
E) қазақтың ауызша мәдени туындылары
24.Киіз, туырлық, сықырлауық, желбау бұйымдары сәйкес келетін сурет
A) Сурет 1
B) Сурет 2
C) Сурет 3
D) Сурет 4
E) Сурет 5
25.Берілген суреттен «материалдық әлем белгісі» болып табылатын нышанды
анықтаңыз
A) 5-сурет
B) 2-сурет
C) 1-сурет
D) 4-сурет
E) 3-сурет


Page 9



26.2-суреттегі тұлға қызмет еткен ғылым саласы
A) медицина
B) геология
C) астрономия
D) филология
E) химия
27.қызмет еткен ортақ кезеңі
A) патшалық кезең
B) кеңестік кезең
C) тәуелсіздік кезеңі
D) кейінгі ортағасырлар
E) дамыған ортағасырлар
28.1-суреттегі тұлғаның ХХ ғ. 20-30 жылдарда жазған атақты пьесаларын
анықтаңыз:
A) «Жалбыр», «Оқыту»
B) «Еңлік -Кебек», «Айман-Шолпан»
C) «Қыз-Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу»
D) «Мансапқорлар», «Халық тірегі»
E) «Қызыл сұңқарлар», «Күрес күндерінде»
29.3-суреттегі тұлғаның негізгі шығармалары:
A) «Абай жолы», «Айман-Шолпан»
B) «Арғымақтар», «Адамға табын, Жер, енді!»
C) «Алдаркөсе», «Менің атым Қожа»
D) «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры»
E) «Ана-Жер ана», «Соңғы аялдама»
30.Суреттегі тұлғаларға ортақ ақпарат:
A) өндіріс саласына айтарлықтай үлес қосты
B) ауыл шаруашылығында жетістікке жетті
C) кеңес билігі тарапынан қудаланды
D) шетелге кетуге мәжбүр болды


Page 10

E) космонавтиканы дамытты


31.Қазақ кәсіби сахнасында тұңғыш қойылған шығарма:
A) «Еңлік-Кебек»
B) «Қыз Жібек»
C) «Амангелді»
D) «Екі жауынгер»
E) «Түрксіб»
32.Тәуелсіздік кезеңінде қолдануға берілген ғимарат:
A) сурет-2
B) сурет-3
C) сурет-2, сурет-3
D) сурет-1, сурет-2
E) сурет-1
33.Елордада орналасқан ғимарат:
A) сурет-3
B) сурет-1
C) сурет-2, сурет-3
D) сурет-1, сурет-2


Page 11

E) сурет-2
34.2-суреттегі ғимаратта орналасқан кәсіби ұжым:
A) Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен
жасөспірімдер театры
B) М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театры
C) М.Ю. Лермонтов атындағы Орыс драма театры
D) Абай атындағы опера және балет театры
E) Корей музыкалық комедия театры
35.Суреттегі ғимараттардың ортақ құндылығы:
A) кино өнерін насихаттау
B) саяси шешімдер қабылдау
C) классикалық өнерді дамыту
D) ғылыми жаңалықтар ашу
E) әлеуметтік мәселелерді шешу

Оның толық аты-жөнi – Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Узлағ
Тархани. Түрiк оқымыстылары Әбу Насыр ныспысының соңына кейде «әт-
түрки» деген сөздi қосып, оның түркi тектi екенiн шегелей түседi. Араб, парсы
шежiрелерiнiң деректерiне қарағанда әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенiнiң Сырға
құяр тұсындағы Фараб қаласында, қайсы бiр деректерде – оның тiкелей
ықпалында болған iргелесi Уасиджде (Оқсыз) отырарлық әскербасының
отбасында дүниеге келген. Ол туған жерiнiң атауымен «әл-Фараби», яғни
«фарабтық» деген атқа ие болған. Әл-Фараби алғашқы бiлiмiн Отырар
медресесiнiң бiрiнде алғанға ұқсайды. Өйткенi көне дәуiрден қалған бiр
деректерге қарағанда, Мауараннахрда балаларды түрлi қолөнерi мен ғылымға
үйрету, баулу, оқыту олардың бес жасар кезiнен басталатын болған. Ол кезде
мұсылман дүниесiнiң рухани орталығы Месопотамия болғандықтан, жас Әбу
Насырды ата-анасы Таяу және Орта Шығыс елдерiне сапарға дайындайды. Бiрақ
Әбу Насыр Бағдадқа бармас бұрын жолай Шаш пен Самарқан, Бұхара
шахарларына соғып, бiлiмiн молықтырған секiлдi. Әйтсе де Әбудiң мұнда қанша
болғаны жайлы араб шежiрелерi ештеңе айтпайды. Кейiн ол жолай Иран елiндегi
Мешһед, Нишапур, Рей, Исфахан қалаларына келедi. Иран халқының
мәдениетiмен танысады. Содан соң әрi қарай Бағдадқа аттанады.

36.Әл-Фараби дүниеге келген қала
A) Янгикент
B) Жент
C) Суяб
D) Шаш
E) Отырар
37.Әл-Фарабидің атақты философиялық туындысын анықтаңыз
A) «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары»
B) «Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші»
C) «Асыл тастар»
D) «Құт негізі - білік»


Page 12

E) «Диуан-и-хикмет»
38.Әл-Фараби білім алған қалалар
A) Суяб, Уфа
B) Янгикент, Дели
C) Отырар, Бағдат
D) Шаш, Стамбұл
E) Баласағұн, Каир
39.Әл-Фарабидің мемлекет басқару жайлы пікірлерін негізге алған ағылшын
ғалымы:
A) Фома Аквинский
B) Карл Ясперс
C) Дени Дидро
D) Луи Пастер
E) Томас Мор
40.Әл-Фарабидің Иран елiндегi Мешһед, Нишапур, Рей, Исфахан қалаларына
келу себебі:
A) сауда жасау
B) дипломатиялық миссия
C) білімін толықтыру
D) жаугершілік жорық
E) діни мектептер ашу

41.Тұлғалардың өмір сүрген уақытын анықтаңыз:
A) XVI ғ.
B) XIX ғ.
C) XX ғ.


Page 13

D) XVII ғ.
E) XVIIІ ғ.
42.Тұлғалардың қоғамдық қызметтеріне сәйкес ортақ атау:
A) саясаткер
B) ағартушы
C) саяхатшы
D) кәсіпкер
E) заңгер
43.2-суретте көрсетілген тұлғаның атқарған қызметі
A) аға сұлтан, білім инспекторы
B) көтеріліс басшысы, реформатор
C) сот реформасын ұсынушы, этнограф
D) ақын, сазгер
E) қолбасшы, елші
44.3-суретте көрсетілген тұлға жайлы дұрыс ақпаратты анықтаңыз
A) Ахмет Риза медресесінде білім алды
B) Алтай, Тянь-Шань тауларын зерттеді
C) «Қырғыз хрестоматиясы» оқулығын жазды
D) «Үш қиян» өлеңінің авторы
E) Жадидтік білім беру жүйесін насихаттаушы
45.Суретте берілген тұлғалар мен олардың еңбектерін сәйкестендіріңіз
1. Абай Құнанбайұлы 2. Шоқан Уәлиханов 3. Ыбырай Алтынсарин
А. «Ескендір» В. «Талаптың пайдасы» С. «Ислам діні»
A) 1-С; 2-В; 3-А
B) 1-А; 2-С; 3-В
C) 1-В; 2-С; 3-А
D) 1-С; 2-А; 3-В
E) 1-А; 2-В; 3-С


Page 14


46.Қазақстандық түлектердің шетелде білім алуына мүмкіндік берген
мемлекеттік бағдарлама:
A) «Келешек»
B) «Болашақ»
C) «Үміт»
D) «Бөбек»
E) «Асар»
47.Суреттегі білім беру мекемелерінің статусы:
A) мектепке дейінгі білім беру
B) жоғарғы оқу орындары
C) орта білім беру мекемелері
D) орта арнаулы білім беру
E) ғылыми зерттеу орталықтары
48.Суреттегі жоғары оқу орны, түрколог ғалым, Қазақстандағы тайпалар жайлы
құнды зерттеулер қалдырған тарихшының құрметіне аталған:
A) Көпсалалы гуманитарлық университет
B) Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
C) Қарағанды университеті
D) Еуразия Ұлттық университеті
E) Қазақ Ұлттық университеті


Page 15

49.Білім беру мекемелерінің негізгі мақсаты:
A) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
B) саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету
C) салаларға сәйкес білікті маман даярлау
D) оқу орнының қаржылық мәселелерін шешу
E) шетелдік компаниялар үшін маман даярлау
50.Қазіргі жоғары білім беру жүйесінің кеңестік кезеңнен айырмашылығы:
A) Мектеп түлектерінің жоғары біліммен түгелдей қамтылуы
B) Болон жүйесі бойынша оқыту
C) «Партия тарихы» негізгі пән болуы
D) Білім алушылардың барлығының шәкіртақыға ие болуы
E) Оқу орындарының барлығы мемлекет меншігінде болуы


Page 16





51.1, 2, 3-ші картада берілген Қазақстан аумағындағы ерте темір дәуіріндегі
мемлекеттерді анықтаңыз


Page 17

A) 2, 3, 4
B) 1, 2, 3
C) 3, 4, 5
D) 2, 4, 5
E) 1, 4, 5
52.Ерте темір дәуірінің билеушілері жауынгерлердің жалпы жиналысында
сайланған әскери демократия үстемдік еткен мемлекет
A) Ғұн
B) Қаңлы
C) Сақ
D) Үйсін
E) Оғыз
53.№2 карта бойынша 2 санымен белгіленген б.з.б. ІІІ-б.з. IV ғғ өмір сүрген
мемлекеттің билеушісінің титулы
A) Патша
B) Шаньюй
C) Гуньмо
D) Көсем
E) Хан
54.Картада 2 санымен белгіленген мемлекеттің Талас өзенінің шығыс жағына
көшіп-қонуға мүмкіндік алу үшін келісім жасаған елі
A) Сармат
B) Үйсін
C) Сақ
D) Оғыз
E) Қаңлы
55.№2 карта берілген Үйсін мемлекетінің құрылған аумағын анықтаңыз
A) Жетісу, Тарбағатай, Тянь-Шань
B) Сырдарияның төменгі ағысы
C) Байкалдан Ордосқа дейінгі аралық
D) Еділ, Жайық, Дон өзендерінің бойы
E) Ертіс, Есіл өзендерінің аралығы













Page 18

56.Картада берілген 756-940 жылдары өмір сүрген мемлекетті анықтаңыз
A) Қарлұқ мемлекеті
B) Қарахан мемлекеті
C) Түрік қағандығы
D) Түргеш қағандығы
E) Қимақ қағандығы
57.746 жылы қарлұқтар бағындырған мемлекетті анықтаңыз
A) Оғыз
B) Қарахан
C) Түргеш
D) Найман
E) Қимақ
58.Атлах (Талас) шайқасы өткен қаланың маңы
A) Түркістан
B) Тараз
C) Сауран
D) Отырар
E) Алмалық
59.Атлах (Талас) шайқасында қарлұқтар арабтармен одақтасып талқандады
A) Қытай әскерін
B) Моңғол әскерін
C) Ұйғыр әскерлерін
D) Хорезм әскерін
E) Иран әскерін
60.Картадан Түргеш пен Қарлұқ мемлекеттерінің орталығы болған қаланы
анықтаңыз
A) Күңгіт
B) Имақия
C) Суяб
D) Карантия
E) Самарқанд


Page 19



61.Картадағы белгіленген сандар бойынша Қазақ хандығына оңтүстіктен
шапқыншылық жасаған мемлекеттерді анықтаңыз
A) Ресей, Монғолия
B) Қытай, Жоңғария
C) Бұхар, Қоқан
D) Моғолстан, Ноғай Ордасы
E) Қытай, Тұрфан
62.Картадағы белгіленген сандар бойынша Жоңғар хандығының орналасқан
аумағын анықтаңыз
A) 5
B) 2
C) 7
D) 3
E) 4
63.Жоңғарлардың қазақ хандығына басқыншылық жорықтарының себебін
анықтаңыз
A) Ресей империясымен келісімге келу
B) Еділ қалмақтарын басып алу
C) Тан империясымен келісімге келу
D) Сауда, қолөнер орталықтарын басып алу
E) Қырым хандығын жаулап алу
64.Картада белгіленген сандар бойынша XVIII ғасырдың басында Қазақ
хандығына солтүстік-батыстан шапқыншылық жасаған елдерді анықтаңыз
A) Қарақалпақ пен қырғыздар
B) Татарлар мен қарашайлар
C) Қарақытайлар мен ноғайлар
D) Бұлғарлар мен хазарлар


Page 20

E) Қалмақтар мен башқұрттар
65.Дұрыс дәйектерді анықтаңыз
І. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама аталған кезең (1723-1727 жж).
ІІ. 1623 жылы Цеван Рабтан 100 мың әскерімен Қазақ хандығына аттанды
III. Аңырақай шайқасына алшын Жалаңтөс батыр қатысты
IV. Наурызбай, Малайсары, Бердіқожа сияқты батырлар жоңғарларға қарсы
күресте маңызды рөл атқарды
V. Абылай хан Аңырақай шайқасына қолбасшылық етті
A) II, IV
B) I, III, IV
C) I, IV
D) II, ІІІ
E) III, V, І
«...Кенесары ханның патша үкiметiмен барлық талас мәселелердi бейбiт
жолмен, келiссөзбен шешуге тырысқан қайраткер болғанына көз жеткiземiз.
Кенесарының тартыстан бас тартып, арадағы қайшылықтарды шынайы
дипломатиялық жолмен шешуге ынтық болғанын бiрқатар деректер дәлелдейдi.
1838 жылы желтоқсан айында Үшбұлақ округтiк приказы маңайында Кенесары
Қасымовтың Батыс Сiбiр генерал-губернаторы, князь Горчаковқа, одан әрi
I Николай патшаға арналған хаттарды тапсыру үшiн жiберген бес өкiлi қамауға
алынып, Омбыға жiберiлдi.
Жазалаушы топтардың қорқытып, үркiткенiне қарамастан, Кенесары бастаған
1837—1847 жылдардағы азаттық қозғалысқа Орта жүздiң би, батыр,
сұлтандарының басым бөлiгi қатысты...
Kөтерiлiстiң басты ошағынан шалғайда орналасқан – Кiшi жүз. Солай бола тұрса
да, байбақты, шектi, бағаналы, тама, табын, шөмекей және басқа да батыс
Қазақстандағы рулар көтерiлiсшiлердi табанды қолдады. Қорыта келгенде,
Кенесары хан қазақ халқының саяси тәуелсiздiгiн және қазақ хандығының
аумақтық тұтастығын сақтап қалғысы келдi. Осы жолда туған халқының
тәуелсiздiгi үшiн 1847 жылы қаза тапты.
...Бұл соғыс, ара-арасындағы үзiлiстердi қоса есептегенде, 1773 жылдан 1847
жылға дейiнгi аралықта, яғни 74 жылға созылды».

// Қазақстан коммунисi. 1991. №3.

66.Kенесары Қасымұлы өмір сүрген жылдарды анықтаңыз
A) 1803-1846 жж.
B) 1711-1781 жж.
C) 1841-1889 жж.
D) 1820-1887 жж.
E) 1802-1847 жж.
67.XIX ғасырдың 30-40-жылдары болған көтерілісті бастаған батырды
анықтаңыз
A) Жанқожа Нұрмұхамедұлы
B) Сырым Датұлы


Page 21

C) Кенесары Қасымұлы
D) Амангелді Иманов
E) Есет Көтібарұлы
68.Kенесары Қасымұлы мен Сырым Датұлы көтерілісінің ұқсастығын анықта
A) Әміршіл-әкімшіл жүйені қолдау
B) Ойрат шапқыншылығына қарсы
C) Әкімшілік реформаларды қолдау
D) Қазақ мемлекетінің аумақтық біртұтастығын сақтау
E) Барлық үш жүзді қамтыды
69.Cырым, Махамбет, Исатай және Кенесарының қарулы жасақтары жүргiзген
күрестер ұласты
A) қазақтардың Ресейге қарсы азаттық соғысына
B) қазақтардың Жоңғар хандығына қарсы азаттық соғысына
C) қазақтардың Қытайға қарсы азаттық соғысына
D) қазақтардың Сібір хандығына қарсы азаттық соғысына
E) қазақтардың Қырғыз манаптарына қарсы азаттық соғысына
70.Kенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрестің ерекшелігі
A) Бүкіл қазақ жерін қамтыды
B) Орта жүз бен Кіші жүзді қамтыды
C) Рубасылар ғана көтеріліске жетекшілік етті
D) Старшындар көтеріліске басшылық етті
E) Тек Қоқан хандығына қарсы бағытталды










Page 22



71.Cуреттегі тұлғаларға ортақ мәліметті анықтаңыз
A) Кеңес Одағының Батырлары
B) Ұлт-азаттық көтеріліс басшылары
C) Статистикалық комитет мүшелері
D) Өнер және мәдениет қайраткерлері


Page 23

E) І және ІІ Мемлекеттік Дума депутаттары
72.І және ІІ Мемлекеттік Думаға Ақмола облысынан екі рет сайланған қазақтың
біртуар ұлын анықтаңыз
A) М. Тайынұлы
B) Ш. Қосшығұлұлы
C) Т. Аллаберген
D) Т. Нүрекенов
E) С. Жантөрин
73.Cуреттен қазақ халқының тұңғыш кәсіби-техникалық маманы, Алаш
қайраткерін анықтаңыз
A) Ш. Қосшығұлұлы
B) С. Жантөрин
C) Б. Қаратаев
D) М. Тынышбаев
E) Т. Нүрекенов
74.Суреттен патша үкіметінің Қазақстанға қоныс аударту саясатын сынға алып,
баяндама жасаған ІІ Мемлекеттік Дума депутатын анықтаңыз
A) М. Дулатов
B) Б. Қаратаев
C) А. Бірімжанов
D) М. Тынышбаев
E) Т. Нүрекенов
75.Cуреттегі тарихи тұлғалар мен олардың қызметін сәйкестендіріңіз

Тарихи тұлғалар Қызметтері
1.



Ә. Бөкейханов



А

1890 жылы Петербург университетінің заң
факультетін бітірген, 1905-1914 жылдары-кадеттер
партиясының мүшесі.


2.





М.Тынышбаев
Ә Aлаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда үкіметінің
төрағасы, Санкт-Петербургтегі орман техникалық
институтының экономика факультетін бітірген,
бірінші Мемлекеттік Думаның депутаты болған.


Page 24

3 А. Бірімжанов Б 1900 жылы Верный қаласындағы гимназияны атын
медальмен бітірген, Санкт -Петербургтегі
Императорлық қатынас жолдары инженерлері
институына түсіп 1906 жылы оны үздік бітірген,
тұңғыш кәсіби-техникалық маман.


4.

Б.Қаратаев

С Oрынбор гимназиясын 1891 жылы, Қазан
университетiнiң заң факультетiн 1899 жылы алтын
медальмен бiтiрген. 1899 жылдан Орынбор мен
Троицк округтiк, Ақтөбе, Торғай және Бұзылық
уездiк соттарында қызмет еткен. Торғай облысынан I
және II Мемлекеттiк Думаға депутат болып
сайланған. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейiн
Уақытша үкiметтiң Қостанай уездiк комиссары болып
тағайындалды.
5. Б. Құлманов Д 1887 жылы шығыс тiлдерi мамандығы бойынша
императорлық Санкт-Петербург университетiн үздiк
дипломмен бiтiрген. 1888 жылы филология ғылымы
бойынша диссертация қорғап, ғылым магистрi
атанған Ресей империясының I және II Мемлекеттiк
Думаларына қатарынан депутат болып сайланған iрi
қоғам қайраткерi. 1917 жылы Ақпан революциясынан
кейiн Бөкей Ордасының жерiнде алғаш Қазақтың
Ұлттық Автономиясы құрған уақытша үкiметтiң
комиссары болды.

A) 1-А, 2-Б, 3-С, 4-Д, 5-Ә
B) 1-Ә, 2-Б, 3-С, 4-А, 5-Д
C) 1-Д, 2-С, 3-Б, 4-А, 5-Ә
D) 1-С, 2-Д, 3-Б, 4-А, 5-Ә
E) 1-Д, 2-С, 3-Ә, 4-А, 5-Б

Ә. Бөкейханов: «Мен кадет партиясынан неге шықтым?»

Кадет партиясы жер адамға меншiктi болып берiлсе де жөн дейдi. Бiздiң
қазақ жердi меншiктi қылып алса, башқұртша көршi мұжыққа сатып, бiраз жылда
сыпырылып, жалаңаш шыға келедi.


Page 25

Кадет партиясы ұлт автономиясына қарсы. Бiз, Алаш ұранды жұрт
жиылып, ұлт автономиясын тiкпек болдық.
Француз, орыс һәм өзге жұрттың тарихынан көрiнедi, молла хүкiметтен
ақша алса, сатылып кетедi. Рухани iс аяқасты болады. Жалование алған
моллалар хүкiметке жетекшiл болып, ерiп кетедi. Бiздiң қазақ-қырғыздың iсiн
көркейтетiн болсақ, хүкiмет iсiнен бөлiп қойған оң болады. Оны орысша
«отделение церкви от государства» дейдi. Кадет партия менiң бұл пiкiрiме
өзгеше қарайды. Осы үш жол айырылғаны биыл ашыққа шықты. Мен содан соң
қазаққа «Алаш» партиясын ашуға тырыстым. Мұны мен шiлдедегi жалпы қазақ
съезiне айтқан едiм.
Ғалихан Қазақ, №256.

76.Мәтінде берілген оқиғаның мерзімін анықтаңыз
A) ХІХ ғ.басы
B) ХХ ғ. басы
C) ХVIII ғ. соңы
D) ХVIII ғ. басы
E) ХІХ ғ. соңы
77.Ә. Бөкейхановтың «Кадет» партиясынан шығу себебін анықтаңыз
A) Жерге жеке меншікті қолдады
B) Зайырлы мемлекет құруға қарсы болды
C) Ұлттық автономия құруды көздеуі
D) Ақпан революциясын қолдамауы
E) Діни мемлекет құруды жақтауы
78.Ә. Бөкейханов басқарған «Алаш» партиясына қарсы болған социал-
демократиялық бағыт ұстанған партияның бірі
A) «Мұсылмандар Одағы»
B) «Бірлік»
C) «Шура ислами»
D) «Үш жүз»
E) «Талап»
79.Мәтіннен Ә.Бөкейхановтың дінге көзқарасын анықтаңыз
A) діннің мемлекеттен бөлінбеуін қалады
B) діннің мемлекеттен бөлінуін қолдады
C) діни партия құруды мақсат етті
D) діни төзімділікке шақырды
E) діннің мемлекеттік биліктен жоғары тұруын қалады
80.Ә. Бөкейхановтың негізгі мақсатын анықтаңыз
A) Қазақ автономиясын құру
B) Ислам мемлекетін құру
C) Ресей империясының қазақ жеріндегі билігін нығайту
D) Қоқан автономиясын құру
E) Түркі халықтарының біртұтас мемлекетін құру
«...Шу өзенi бойында болған, тарихта белгiлi түркi тiлдес қарлұқтар,
қарақытайлар (қидандар) астанасы. Мәдениет пен өнердiң көптеген оқымысты


Page 26

өкiлдерiн өрбiткен жер. ... «Диуани лұғат ат-түрк» авторы Махмуд Қашғари
еңбек еткен. Ұлы Омар Хайям тұстасы, ХI ғасырдың ғажайып ақыны, дүние
жүзiне белгiлi «Құдатғу бiлiк» авторы Хас Хажип Жүсiп Баласағұнда туған.
Ақтөбе – ортағасырлық iрi ескерткiштердiң бiрi. Қала орны – 70 шаршы
километрдi алып жатыр. Ақсу, Қарабалта өзендерiнiң Шуға құятын Тасөткел
сағасында орналасқан. Сансыз төмпешiк, ескi қоныстар 1980 жылы ұшақтан
суретке түсiрiлген. Екi жүз метрден жасалған аэротүсiрiмде қаланың көшелерi,
қорғандары, қарауыл төбелерi айқын көрiнедi. Қала жалпы ұзындығы 52
километр келетiн орменен бiрнеше жерден (әсiресе, батыс жағы) қоршалған.
Мұның өзi жаугершiлiк сырын да аңғартса керек. Қала үш бөлiктен – цитадель
(арабша – iшкi шаһар), шахристан (қызметкерлер мекенi) және рабаттан (жалпы
халық тұрағы) тұрады. Қаланың V ғасырда көне түркi дәуiрiнде пайда болғаны,
қараханидтер әулетi билiк еткен заманда гүлденiп, үлкен астана шахар болғаны
анықталды. Қаланың аса үлкен болғанына ашылған бөлмелер, әкiмшiлiк үйлерi,
қонақ үйлер, дән сақтап, шарап жасайтын қоймалар, наубайхана, тандырлар мен
шығыс моншасы да дәлел боларлықтай. Көп жерлерiне су құбырлары тартылған,
әуiздер жасалған....
Шахристандағы бiр бөлмеде қылыш, VII–VIII ғасырлардағы Пенжикент,
Отырар, Құсан, Соқұлық заттарына ұқсас тұтқалы таба, майшам тұғыры,
археологияда сирек ұшырасатын олжа – арыстан бейнелi мөр, тостаған, қазан,
қақпақ, қыш құмыралар, сыры кетпеген ыдыс сынықтары табылды. Осы заттар
мен керуен жолдары бұл қаланың iрi сауда орталығы болғандығын көрсетедi.
81.Мәтіннен Шу өзені бойында орналасқан қаланы анықтаңыз
A) Баласағұн
B) Сығанақ
C) Сарайшық
D) Испиджаб
E) Отырар
82.Мәтіннен ежелгі атауы Ақтөбе болған қаланы анықтаңыз
A) Тараз
B) Суяб
C) Баласағұн
D) Сарайшық
E) Отырар
83.Мәтіндегі қала астанасы болған Қарлұқ қағанатының құрылған жылын
анықтаңыз
A) 603 жылы
B) 704 жылы
C) 942 жылы
D) 756 жылы
E) 552 жылы
84.Мәтіннен қаланың жойылуына әсер еткен оқиға
A) Монғол шапқыншылығы
B) Әмір Темір басқыншылығы
C) Әбілқайыр ханның шапқыншылығы


Page 27

D) Арабтардың шапқыншылығы
E) Қытай шапқыншылығы
85.Мәтінде айтылған қалада дүниеге келіп, атақты еңбегін Сүлеймен Арслан
ханға сыйға тартқан ақын
A) Махмуд Қашқари
B) Қожа Ахмет Йасауи
C) Әбу Райхан әл-Бируни
D) Әбу Насыр әл-Фараби
E) Жүсіп Баласағұни


86.Суреттен ұрмалы аспаптарды анықтаңыз
A) 9, 1, 2, 3
B) 12, 4, 5, 6
C) 13, 14, 8
D) 15, 5, 6, 7
E) 10, 11, 5
87.Суреттен тілікті аспапты анықтаңыз
A) 5
B) 9
C) 7
D) 6
E) 1
88.Берілген суреттен ішекті аспаптарды анықтаңыз
A) 1, 2
B) 15, 5
C) 9, 10
D) 5, 6
E) 5, 11


Page 28

89.ХІХ ғасырда Қазақстанның батыс және орталық аймақтарынан шыққан
күйші-домбырашыларды анықтаңыз
A) Қ. Сағырбайұлы, Д. Нұрпейісова, Д. Шығайұлы, Т. Қазанғапұлы
B) E. Серкебаев, Б. Аюханов, Р. Бағланова, К. Байсейітова
C) Ш. Тіленшіұлы, Қ. Сүйіншіұлы, Ж. Бортоғашұлы, А. Сарыұлы
D) К. Әзірбаев, Ә. Қашаубаев, М. Шамсутдинова, Н. Байғанин
E) Ш. Жарылғасұлы, Ш. Қаржаубайұлы, С. Аронұлы, Ш. Қанайұлы
90.Өнер иелері мен олардың шығармаларын сәйкестендіріңіз

№ Өнер иелері № Шығармалары
1 Тәттімбет Қазанғапұлы A «Ақ сиса», «Хаулау», «Баянауыл»,
«Гауһартас»
2 Құрманғазы Сағырбайұлы B «Балбырауын», «Бозторғай»,
«Алшағыр», «Саржайлау»
3 Дәулеткерей Шығайұлы C «Ақбай», «Ақсақ киік», «Көбік
шашқан», «Адай»
4 Біржан Қожағұлұлы D «Бұлбұл», «Қоңыр», «Тартыс»
5 Жаяу Мұса Байжанұлы E «Біржан сал», «Айтбай», «Ғашығым»,
«Ләйлім-шырақ»

A) 1-C, 2-D, 3-E, 4-A, 5-B
B) 1-D, 2-E, 3-A, 4-B, 5-C
C) 1-E, 2-A, 3-B, 4-C, 5-D
D) 1-A, 2-B, 3-C, 4-D, 5-E
E) 1-B, 2-C, 3-D, 4-E, 5-A
«Қазақстанның оңтүстiгiнде қолөнершiлер тұрақтары бiздiң заманымызға
дейiнгi бiрiншi мыңжылдықтың аяғынан-ақ пайда бола бастағандығы мәлiм.
......Ол кезде қала жайлы араб саяхатшысы әл-Макдиси «Тараз – iрi бекiнiстi қала,
бақтары көп, халқы тығыз, қала сыртында терең ор қазылған, төрт қақпасы және
төңiрегiнде елдi мекендерi бар. Қаланың орталық бөлiгiне кiрер қақпа алдында
үлкен өзен ағады, өзеннiң арғы бетiнде де тұрғын үйлер, өзеннен өтер өткелдерi
бар. Мешiт базарлар арасына салынған» деп жазған.
Тараздың ең өркендеп өскен кезеңi Қарахан әулетi билiк жүргiзген Х–ХII
ғасырлармен тұстас. Бұл кезде қала қайтадан салынып, өзiнiң зәулiм үйлерiмен,
қыш төселген көшелерiмен, керуен сарайымен, теңге соққан ұстаханасымен,
сауда-саттығымен, қолөнерiмен әлемге әйгiлi болған. Қала iшiнде су құбыры
жүргiзiледi, моншалар салынады. Сәулет өнерiнiң тамаша туындылары бой
түзейдi. Бұлардың iшiндегi аса көрнектiлерi – ежелгi Тараз рабадына


Page 29

(қолөнершiлер тұрағы) орналасқан Қарахан, қала сыртындағы Бабаджа-қатын,
қазақ ұлттық сәулет өнерiнiң тамаша үлгiсi болып табылатын Айша-бибi күмбезi.
1938 жылы археолог-ғалым А. Н. Бернштам ашқан сарай моншасы -
Қазақстан мен Орта Азиядағы тұңғыш халыққа тұрмыстық қызмет көрсету
орындарының бiрi. ...Қаланың құлдырауы – ХV ғасырдан, яғни ежелгi
Қазақстанның қалалары арқылы салынған көне Жiбек жолының ұлы
географиялық жаңа жерлер ашылуына байланысты өз маңызын жойған кезеңнен
басталады. Кезiнде әлемге әйгiлi үлкен қала орнында ХV–ХVII ғасырларда
шағын ғана елдi мекен қалған. Ол ХVIII ғасырдан бастап Әулиеата деп атала
бастайды.
Қазiр мұнда ежелгi Тараз орнының, Х–ХIII ғасырлардың сәулет
ескерткiштерi – Бабаджа-қатын, Айша-бибi, Қарахан, Шаh Мансұр
күмбездерiнiң, соңғы дәуiрлерде салынған тұрғын үйлер, медресе, мешiт, монша
тағы да басқа ғимараттардың негiзiнде мемлекеттiк қорық-мұражайы
ұйымдастырылған».

Бартольд В. В. Баласағұн туралы. Шығ., 3_т., М., 1965,
357_б. (Орыс тiлiнде).
91.Мәтіннен Тараз қаласының орналасқан аймағын анықтаңыз
A) Оңтүстік Қазақстан
B) Солтүстік Қазақстан
C) Шығыс Қазақстан
D) Батыс Қазақстан
E) Орталық Қазақстан
92.Тараз қаласында орналасқан кесенені анықтаңыз
A) Жошы хан кесенесі
B) Айша бибі кесенесі
C) Арыстан баб кесенесі
D) Алаша хан кесенесі
E) Қожа Ахмет Йасауи кесенесі
93.Мәтіннен ХV ғасырда Тараз қаласының құлдырау себебін анықтаңыз
A) Ұлы Жібек жолының ашылуы
B) Моңғол шапқыншылығы
C) Ұлы географиялық жаңа жерлердің ашылуы
D) Хорезм хандығының Қарахан мемлекетін құлатуы
E) Сатұқ Боғра ханның биліктен кетуі
94.Мәтінде берілген қаланың ХVIII ғасырдан бергі атауын анықтаңыз
A) Талас
B) Тоқмақ
C) Сауран
D) Әулиеата
E) Қойлық
95.Орта ғасыр сәулет өнері ескерткіштерін ерекшеліктерімен сәйкестендеріңіз


Page 30

№ Кесене Ерекшеліктері
1
Айша-бибі
кесенесі
А Қарахан дәуіріндегі (Х-ХІІ ғ.) сәулет өнерінің
айқын бір үлгісін сипаттайтын ескерткіш.
Жезқазған қаласынан 45 км жерде, Кеңгір
өзенінің сол жақ жағасында орналасқан.
2 Алаша хан
кесенесі
Ә ХІ-ХІІ ғасырларда ірге көтерген сәулет өнері
ескерткіші. Кесененің күмбезі құлаған.
Қабырғаларының бұрыштары төрт ширектік
бағандармен безендірілген. Кесененің сыртқы
қабырғалары түгелдей оюлы терракота
кірпіштерімен қапталған. Кесенің ішінде
күйдірілген кірпіштен сатыланып қаланған
шағын құлыптас сақталған. Бүгінде бұл кесене
қалпына келтірілген.
3 Ахмет Йасауи
кесенесі
Б Қарахан немесе оғыз-қыпшақ заманында ХІV-
XV ғасырларда сахаралық сәулет өнерінің
үлгісінде салынған ескерткіш. Қарағанды
обылысы, Қаракеңгір өзенінің оң жағасында
орналасқан. Оның іргесі текшеленіп қаланып,
төбесі күмбезделген. Кіреберіс маңдай алды киіз
үйдің қос қанатты сықырлауық есігі тәрізді.
Күмбездің екі жақтауы мен маңдайшасы
өрнекті кірпіштермен қос сызықша етіп қатар
өрілген. Қабырғалары сыртқы жағынан кереге
көзді кілем тәрізді өрнектеліп қаланған.
4 Бабаджа қатын
кесенесі
С Х-ХІ ғасырлардағы сәулет өнері ескерткіші.
Күйдірілген кірпіштен шаршылап салынған
порталдары бар, әсем күмбезді ғимарат. Есігі
шығыс жағында. Кесене шатырлы күмбезбен
жабылған.Кесене шамамен Х-ХІ ғасырларда
салынған.
5 Жошы хан
кесенесі
Д Қарахан дәуірінде (ХІІ ғ.), кейін оның қираған
іргесіне Әмір Темірдің бұйрығымен ХІV
ғасырдың аяғы-ХV ғасырдың басында
тұрғызылған сәулет өнері ескерткіші. Орта Азия
мен Қазақстанда теңдесі жоқ зәулім күмбезді


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!