400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында көрсетілген айқын міндеттер мен атқарушы органдарға жүктелген жаңа тапсырмалар елдің әлеуметтік-экономикалық өрлеуіне бағытталған. Сондай-ақ саяси құжат осыған дейінгі Елбасы Жолдауларымен сабақтасып, мемлекеттің әрі қарайғы даму межесін белгіледі.Осы орайда Мемлекет басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы туралы жаңа міндет қойды. Бұл іс – тек атқарушы органдарға ғана емес, барша қазақстандықтарға ортақ. Өйткені бейбітшіліктің басты ұстанымы еткен Қазақстан бәріміздің ортақ қара шаңырағымыз. Ал ондағы әрбір реформа ел мүддесіне, жарқын болашаққа арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырып: Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында көрсетілген айқын міндеттер мен атқарушы органдарға жүктелген жаңа тапсырмалар елдің әлеуметтік-экономикалық өрлеуіне бағытталған. Сондай-ақ саяси құжат осыған дейінгі Елбасы Жолдауларымен сабақтасып, мемлекеттің әрі қарайғы даму межесін белгіледі.Осы орайда Мемлекет басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы туралы жаңа міндет қойды. Бұл іс – тек атқарушы органдарға ғана емес, барша қазақстандықтарға ортақ. Өйткені бейбітшіліктің басты ұстанымы еткен Қазақстан бәріміздің ортақ қара шаңырағымыз. Ал ондағы әрбір реформа ел мүддесіне, жарқын болашаққа арналған

«Кеңесті ел – кемімес» дейді халық даналығы. Мем­лекет басшысы азаматтық қоғам жұмысын жандандырып, халық пен билік арасында тығыз байланыс орнату үшін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрды. Мұндағы мақсат – маңызды мемлекеттік мәселелерді талқылауға азаматтық қоғам өкілдерін тартып, ортақ шешім шығару. Нәтижесінде, мемлекетке деген сенім нығаяды, халық тұрақтылық пен тыныштықта өмір сүреді. Жолдау аясында берілген тапсырманың әрқайсысы маңызды және өз шең­берінде шешімін таппаған түйткілдері де бар. Мұндайда тиімді ұсыныс пен ұтқыр идея, әралуан пікір мен ашық талқылау, мәміле мен ортақ келісім басты орынға шығады.

Президент қоғамдық диалогты, ашықтықты, адамдардың мұқтаждығына жедел назар аударуды негізгі басымдық ретінде көрсетті. Қазіргі таңда кері байланыстың тағы бір үлкен және ауқымды құралы ретінде ғаламтор мүмкіндігін айтар едім. Халық бұрынғыдай емес, бүгінде байланысы сын көтермейді дейтін ауылдық аймақтардың өзінде әлеуметтік желіде өте белсенді. Бейнеүзіктерге, пост жазбаларына шалғай жерлерден пікір жазып, қызу талқылап отырады. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан әлеуметтік желілерге тіркелу жұмысы бірден-бір құптарлық іс. Сондай-ақ бұл аз уақытта өз нәтижесін беріп үлгерді де. Әлеуметтік желіде парақша ашқан облыс, қала, аудан және ауылдық округ әкімдері, түрлі мекеме басшылары тұрғындармен үнемі байланыста болып, жұмыла жұмыс жүргізуге бейімделді. Бүгінде әр жаңалықпен күнделікті жұмысыпен кез келген тұрғын танысып, біліп отырады. Ол аз десеңіз, пікір жазып, ұсыныс кеңес айта алады, өзінің өңірі жайлы бастамалар көтеруге мүмкіндігі бар. Меніңше, Жолдауда көтерілген кері байланыстың жарқын мысалы әлеуметтік желідегі белсенділік деп айту­ға болады.

Мемлекет басшысы Жол­дау­да азамат­тық қоғамның белсенділігін арттыру туралы айтты. Бұл ретте үкіметтік емес ұйым­дардың беделін күшейту қажет. Үкіметтік емес ұйымдар дамыған демокра­тиялы елдерде маңызды рөлге ие. Тіпті ауқымды мәселе­лер­­дің тез шешімін табуына осын­дай ұйымдар түрткі бо­ла­ды. Ел Президенті Жол­дауда Азаматтық қоғамды дамы­тудың 2025 жылға дейінгі Тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды. Тұжырымдама әрбір Қазақстан азаматының қоғамдық өмір­дегі белсен­ді­лігін арттырып, жас ұрпақ­­тың өзіндік ой-пікірін қалып­тас­тыруына, заманауи мемлекетті мақтаныш ететін отаншылдық рухта тәрбиеленуіне үлкен септігін тигізері сөзсіз. Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуіне жетелеген Президенттің Жолдауы еліміздің еңсесін биіктетіп, ғаламдық өркениет өрісіне шығаратындығына сенімдімін.



Бизақова Қарлығаш Мамырбекқызы,

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің

«Экономикалық және құқықтық пәндер»

ЦӘК- нің арнайы пән оқытушысы



































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.01.2023
367
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі