Материалдар / ҚАЗАҚСТАНДА ҚОЛАЙСЫЗ АТМОСФЕРАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚАЗАҚСТАНДА ҚОЛАЙСЫЗ АТМОСФЕРАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан климаты жалпы құрғақтығымен ерекше көзге түседі. Климаттың ауыл шаруашылығына тигізетін әсері де ерекше. Республиканың солтүстік және орталық аудандарындағы климат жағдайлары егін шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік береді, ал оңтүстік аудандарда суармалы егіншілік дамыған. Бірақ климат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетіне барлық уақытта қолайлы емес.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Маусым 2022
603
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАНДА ҚОЛАЙСЫЗ АТМОСФЕРАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРДЫҢ

ПАЙДА БОЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



ТАСКАРАЕВА КАЛБИБИ АХМЕТОВНА

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті,

География кафедрасының аға оқытушысы


Қазақстан климаты жалпы құрғақтығымен ерекше көзге түседі. Климаттың ауыл шаруашылығына тигізетін әсері де ерекше. Республиканың солтүстік және орталық аудандарындағы климат жағдайлары егін шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік береді, ал оңтүстік аудандарда суармалы егіншілік дамыған. Бірақ климат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетіне барлық уақытта қолайлы емес.

Жер шарын барлық жағынан қоршап тұрған газ қабатын атмосфера деп атайды. Атмосферада ылғалдың айналуына байланысты атмосфералық құбылыс пайда болады. Атмосфера құбылыстарында судың физикалық қасиеттеріне байланысты су бір күйден екінші күйге өзгеріп отырады. Атап айтсақ, судың бу күйінен сұйық күйге өтуі конденсация, ал қатты күйге өтуі сублимация процестеріне жатады.

Атмосфералық құбылыстар табиғатқа және халық шаруашылығына әрекетіне байланысты екіге бөлінеді: қолайлы және қолайсыз. Қолайлы атмосфералық құбылысқа жаңбыр, қар, бұлт, жел және т.б. жатады.

Қолайлы атмосфералық құбылысқа мысал келтірсек, қар-атмосферадан түсетін әртүрлі пішінді ұлпа, мұз кристалдары түріндегі жауын-шашын. Су буының сублимациясы нәтижесінде өте шағын (0,1-0,2мм) кристалдар үлкейіп, қар жұлдызшаларына айналады. Атмосферадағы турбуленттік қозғалыстың салдарынан ауадағы қардың жеке жұлдызшалары бір-бірімен ұйыса бірігеді де, жерге жапалақ қар болып (диаметрі 8-10мм) жауады. Ауа температурасы 00С-тан төмендегенде бұлттардан ылғал жауады. Қоңыржай ендіктерден бастап солтүстіктің және оңтүстіктің жоғары ендіктеріне қарай жайласқан аймақтарда қардың көп түсуінен Жердің қар жамылғысы пайда болады. Қазақстан аймағында қар қазан-қараша айларынан бастап (қиыр оңтүстігіндегі жазық өңірлерін қоспағанда) түседі; қар жамылғысының қалыңдығы солтүстік облыстарда 25-30см,оңтүстігіндегі жазық жерлерінде 10см-дей; Жетісу (Жоңғар) Алатауында және Алтайдың батыс беткейінде 60см-ге жетеді. Өскемен, Петрпавл, Қостанай қалаларының төңірегінде қар 150-165 күндей (республикадағы ең ұзақ мерзім), Қызылорда, Шымкент аймақтарында 49-61 күндей (ең қысқа мерзім) жатады.Су басу негізінен ұзақ уақыт жауған қалың жаңбырдың немесе қысқа уақытқы нөсердің, қардың күрт еруінің, мұз кептелуінің, қатты дауыл желдің теңізден немесе өзеннен суды жағалауға қарай айдауының салдарынан болады.

Халық шаруашылығына қолайсыз атмосфералық құбылыстардың бірі – көктайғақ (көкмұз). Көбінесе аязды ауа райынан кейін сіркіреме жауын жауғанда қалыптасады. Әдетте, көктемде және күзде ауа райы салқындап, жер беті 00 –қа дейін суынып, мөлдір және көгілдір жұп-жұқа мұзбен бүркеледі, оның қалыңдығы 5мм-ге дейін жетеді. Оның мал шаруашылығына, адам өміріне зияны үлкен, автомобиль және көлік-арба транспорттарында апаттар, байланыс және энергия желілерінде үзілістер туғызады. Көктайғақ республиканың оңтүстік және орталық аудандарында жиі байқалады, ал солтүстік аудандарда сирек байқалатын құбылысқа жатады. Республиканың батыс жазықтарында, орталығында және оңтүстік-шығысында көктайғақтың қалыңдығы 15 мм-ге дейін жетеді. Қаратау, Қырғыз және Іле Алатауларының жел жақ беткейлерінде оның қалыңдығы 22мм-ге дейін барады.

Қазақстан аумағында байқалатын ерекше атмосфералық құбылыстың тағы бір түрі-шаңды дауыл. Олар желдің жылдамдығына және топырақ жамылғысының сипатымен тығыз байланысты. Шаңды дауыл ауа райы құрғақ кезде, топырағы жеңіл ұшатын алапта соғатын жылдамдығы жоғары жел. Олар топырақтың ұлпаларын ұшырып, өсімдіктің тамырларын ашып тастайды, яғни ауыл шаруашылығына көп зиянын тигізеді. Қазақстанның дала зонасында орташа есеппен жылына 20-38 күн шаңды дауыл болады. Республиканың оңтүстігінде құмды шөлдерде, Балқаш көлінің оңтүстігінде шаңды дауыл жылына 55-60күн болса, Қазақстанның оңтүстік-шығыс, шығыс тауларында шаңды дауыл негізінен байқалмайды.

Қауырт атмосфералық құбылысқа үсік те жатады. Үсік көктемнің аяқ кезінде, күздің басында, кейде теріскей жақта жазды күндері арктикалық ауа массасының енуімен байланысты болатын құбылыс. Ауаның температурасы қысқа мерзімде 00 С төмендеп, топырақтың беті тозаңданып кетеді. Ол егінге, жеміс ағаштарына көп зиян келтіреді. Қайталап егін егуге, жеміс ағаштарын отырғызуға қосымша қаражат және еңбек жұмсалады. Үсіктің қауіпті аудандары көбінесе Қазақстанның слтүстік және орталық аудандарында көктемгі үсікке шалдығу ықтималдығы (қарақұм, жүгері, бидай, қияр, алжұмыр, және басқалар үшін) он жылдың ішінде 5 жыл, шөл зонасында (мақта, жүзім, гүлдер және басқа да жеміс тұңымдары үшін) он жылда 4 жыл үсік қаупі бар.

Еліміздің аумағында климат жалпы құрғақ болғандықтан, әсіресе оңтүстікте жаз өте ыстық болады. Құмның температурасы 60-7000 С-қа дейін қызады. Мұндай климат жағдайы солтүстік аудандарда жиі болып тұрады. Құрғақ ауаның пайда болуы күшті қызған және құрғақ тропиктік ауа массасының басым болған кезімен байланысты. Оған ылғалы аз, ыстық құрғақ жел-аңызақ тән. Аңызақ желді күндердің ыстығы табиғат зоналарында түрліше болады: дала зонасында жылына 5-10 күн, шөлейт зонасында-40, Қызылқұмда-100күн. Қазақстан жерінде соңғы 20 жыл ішінде қуаңшылық 4 рет болды. Қуаңшылық пен аңызаққа қарсы күресу үшін қар тоқтату, орман алқаптарын отырғызу, жер суару және т.б. арнайы агротехникалық шаралар қолданылады.

Қорытындылай келгенде, қолайсыз құбылыстардың нәтижесінде халық шаруашылығына көптеген зияндар мен зардаптар келеді. Мұндай құбылыс мал шаруашылығына, адам баласына зияны үлкен, транспортта апаттар, байланыс және энергия желілерінде үзілістер туғызады.  Оларды алдын алу шараларына тоқталсақ, құрғақшылықпен және аңызақпен күресу үшін қар тоқтату, ағаш отырғызу, суландыру секілді агротехникалық шаралар жүргізіледі. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-батысында құрғақшылықпен және аңызақпен күрес жүргізу өте қиын, өйткені түсетін жауын-шашын мөлшері булануға қарағанда әлдеқайда аз, сондықтан мұнда бір ғана агротехникалық іс-шара – тек суландыруды ғана жүргізуге болады.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!