Материалдар / Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері Наурыз мерекесін мерекелеуі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері Наурыз мерекесін мерекелеуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз мерекесі – Қазақстанда атап өтілетін мерекелердің төресі. Халқымыздың терең тарихынан сыр шертетін бұл мейрам салт-дәстүрімізді жаңғыртатын мейрамдардың бірден бірі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Наурыз 2022
314
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері Наурыз мерекесін мерекелеуі

Наурыз мерекесі – Қазақстанда атап өтілетін мерекелердің төресі. Халқымыздың терең тарихынан сыр шертетін бұл мейрам салт-дәстүрімізді жаңғыртатын мейрамдардың бірден бірі. Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл мейрамды Азияның өзге де көптеген елдері ерекше құрметпен қарсы алатындықтан Халықаралық мереке ретінде белгілеп, үш күн бойы тойлау жөнінде шешім шығарған. Көпұлтты мемлекетіміздегі түркітілдес ағайындардың әрқайсысы Наурызды өз салт-дәстүрлеріне сүйене отырып қарсы алады. Жаңа жылдың бастауы болған көктем мерекесін әр ұлт әрқалай тойлайды.

Түркі тілдес ағайындардың Наурыз мерекесін қарсы алу дәстүрі, қазақ халқының тойлау дәстүріне ұқсас келеді. Яғни олар да бұл күні қонаққа барып, сан түрлі ұлттық тағамдардың дәмін татып, асық ату, күрес, бәйге сынды ежелгі ойындарымызды тамашалайды. Қазақ халқы Ұлыстың Ұлы күнінде «Наурыз көже» әзірлесе, өзбек халқы «сумалак» деп аталатын ұлттық тағам даярлайды. Бұл тағам құрамы жағынан наурыз көжеге ұқсас. Жалпы, түркі тілдес ағайындар өзге ұлттар сияқты жылдың басын игі істермен бастағанды жөн көреді. Адамдар бір-біріне деген өкпе-реніштерін ұмытып, кешірімді болып, жүректерін мейірімділікке толтыруға тырысады. Себебі, келер жылға адам табиғат сынды жаңарған, таза күйінде қадам басуы тиіс деп қабылданған.

Тарихта тағдырдың жазуымен Қазақстанды паналаған, болмаса қазақ жерінде дүниеге келген өзге ұлт пен ұлыс өкілдері бүгінде бейбітшілік пен татулықта күн кешуде. Бір өлкенің суын ішіп, ауасын жұтып отырған соң мәдениет пен өнердің де ортақ тұстары көп болады. Сондықтан болар, Ұлыстың Ұлы күні бүгінде тек қазақ жұртының ғана емес, барша қазақстандықтардың асыға күтетін сүйікті мерекесіне айналған.

Ажмолдаева Акмарал

«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп-

мектеп жанындағы интернатымен және

Қызылқазақ бастауыш мектебімен» КММ

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!