Ақмола көтеріліс
орталығы: Көтерілістің ең ірі
орталықтарының бірі Ақмола болды. Көтерілістің шырқау шыңында оған
қатысқандардың саны 30 000 адамға жетті. Халыққа Рақымжан
Мәдин мен тегі украин Яков Латуга (Жақып Жоламанов) басшылық етті.
Көтерілісшілер қару жасауды жолға қойды. Мергендер отряды құрылды.
Ақмола көтерілісшілері бірнеше қақтығыстан кейін Торғайға жетіп,
Амангелді сарбаздары қатарына
қосылды.
Көтерілісте тұрақты
басшылық болмағандықтан салдары айқын көрінді. Жеңіліс табуының
басты себептері:
Елдің басқа да аймақтарында
болған 1916 жылғы көтерілістің тарихи маңызы зор еді. Бұл көтеріліс
қазақ еңбекші бұқарасының сана-сезімін арттыруда үлкен рөл атқарды.
Көтеріліс Ресейдегі азаттық күрестің жалпы тасқынына ұласты. Әскери
және отаршылдық басқару жүйесінің іргесін шайқалтты. Халықтың
қарсылығы жалпыұлттық сипатқа ие
болды.
Бұл көтеріліс қазақ ұлты
саяси жетілгендігінің тағы бір
көрінісі
Қозғалыстың
сипаты-отаршылдыққа қарсы, ұлт-азаттық. Жетісуда қоныстанушылардың
94 елді мекені көтерілісшілер шабуылына ұшырады. Қақтығыс кезінде
2,5 мың орыс және украиндар өлді және жараланды. Осындай жағдайда
ІҮ мемлекеттік Думада А.Ф.Керенский жазалаушыларды әшкереледі,
Қостанай социал-демократиялық ұйымдарын құрушы, публицист С.Ужгин
«Қарабалықтағы оқиғалар туралы сөз» деген үнқағаз
таратты.
Торғайда Никита Кротов
көтерілісшілерді соғыс ісіне үйретіп, өзі жазалаушылар қолынан қаза
тапты. Қозғалыстың Қарқара ошағының ұйымдастырушыларының бірі Е.
Курев пен кәсіпкердің қызы Софья Вербицкая көтерілісшілер жағында
шайқасты. Көтерілісті басу барысында патша үкіметі өртенген дала
стратегиясын пайдаланды. 1916 жылы қазақтардың саны жарты миллионға
кеміді.
Көтерілістің жеңілу
себептері: бытыраңқылығы, қарудың қарапайымдылығы, патша үкіметінің
«бөліп ал да, билей бер» тактикасын шебер пайдалануында
болды.
Жетісуда Бекболат Әшекеев
Боралдай асуында дарға асылды, Жәмеңке Мәмбетов пен 12 көтеріліс
басшысы абақтыда азаптап өлтірілді. Осы көтеріліс туралы Әлихан
Бөкейханов былай деп жазады: «Қазақ-қырғыз осы
көтерілісте көп адамын өлтіріп, шаруасын күйзелтсе де, келешекке
қандай ел екенін
білдірді».
Қазақтардың көтеріліске
жаппай қатысуы әскери тәжірибе жинақтап, кейін Алаш әскерін құру
мен 1918-1920 жылдардағы большевиктермен қарсыласуында пайдаға
асты.
|