Материалдар / ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Осы тақырыптағы материалдардың барлығын көріңіз!

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп оқушыларымен студенттерге арналған материал.Қосымша ізденіп, ой-өрісін кеңейту үшін қажет материал.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2019
852
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІ

Шаугимбаева Н.Н.- а.ш.ғ.к., қауым.профессор

Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Алматы қаласы



Қазақстанда экологиялық білім беруге Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан-2030” Даму стратегиясы негізінде айрықша назар аударылуы тиіс. Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша менің басшылығыммен “Мектептерде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру” (1991ж), “Қазақстанда эколог мамандар дайындау тұжырымдамасы” (1995ж), “Қазақстан Республикасында экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясы” (1998ж), “Экологиялық білім бағдарламасы” (1999ж) сияқты бірсыпыра құжаттар дайындалды. Алматы, Орал, Семей, Петропавл қалаларында “Экологиялық білім беруді жақсарту жолдары” атты ғылыми-практикалық конференциялар өтті. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде бірінші рет жаратылыстану факультетінің ішінен экология кафедрасы ашылып, ондағы студенттерге эколог-биолог деген квалификация беіріліп, осы мамандық бойынша кадр тәрбиелеу ісі қолға алынды. Бұл бастама республиканың басқа да оқу орындары тарапынан қолдау тапты. Бұл осы саладағы мемлекеттік сұранысқа алғашқы жауап болып отыр. Университетімізде барлық мамандықтар бойынша “Жас эколог”, “Жерұйық ” сияқты арнаулы үйірмелер ұйымдастырылған. Факультет ұжымының ғалым-ұстаздары ТМД елдерінің экология және табиғат қорғау ұйымдарымен, республикалық ғылыми-зерттеу орталықтарымен, лицей, колледж және жалпы білім беретін мектептермен тығыз байланыста жұмыс істейді. Зерттеу тақырыптарының ішінде “ Қазақстан Республикасының ірі мегаполистерінің ауа бассейнінің экологиялық проблемаларын шешу мақсатында ағаш және бұталы өсімдіктер жапырақтарының адсорбциялық қасиеттерін зерттеу ”, “ Разработать ресурсосберегающие, экологически безопасные и экономически целеобразные технологии возделывания сельскохозяйственных культур в условиях диверсикаций растениеводста Казахстанского Приаралья ” сияқты маңызды тақырыптар бар. Бүгінгі таңда халыққа экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін мемлекттік деңгейге көтерудің қажеттігі туындап отыр. Экологиялық білім беру дегеніміз – адамзат қауымының, қоғамның, табиғаттың және қоршаған ортаның үйлесімділігін және табиғатты тиімді пайдаланудың жолдарын халыққа түсіндіру. Оның ішінде, қоршаған орта мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану арқылы табиғатты аялай білетін, оны бүлінуден қорғайтын, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары, ізгілікті, адамгершілігі мол жас ұрпақты тәрбиелеудің маңызы зор. Экологиялық дағдарыстың ұлғаюын мейлінше тежеу, табиғат пен қоршаған ортаны қорғаудың жолдарын ұғындыру жалпы халықтың экологиялық сауатын ашу, жастарға үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана іске асады. Экологиялық білім мен тәрбие беру негізінде жеке адам мен қоғамның табиғатқа деген оң көзқарасын, экологиялық мәдениетін қалыптастыра аламыз. Сол арқылы еліміз халық шаруашылығының әлеуметтік және экономикалық мәселелерін шешуге көмектесеміз. Экологиялық және табиғатты қорғау заңдарын жетілдіру және оларды бұлжытпай орындау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануда жауапкершілікті күшейту, қоршаған ортаның табиғаты мен адам денсаулығының үйлестілігін арттыру, үздіксіз экологиялық білім беруді ұйымдастыруды тездету, елдегі экологиялық жағдайлар жайлы мәліметтердің халыққа жетуін қамтамасыз ету, тағы басқалар осы саладағы негізгі міндеттер қатарына жатады. Экологиялық білім берудің қазіргі заманғы ғылыми негіздері, оны жүзеге асыру проблемалары мен бағдарламалары БҰҰ мен ЮНЕСКО мәжілістерінде (1968) қаралған. Одан соң ол Стокгольм (1970), Тбилиси (1972) қалаларында өткен халықаралық конференцияларда жалғасын тапты. Ал Рио-де-Жанейрода (1992) өткен дүниежүзілік конференция экологиялық білім беру мәселелерін қайта қарап, ондағы негізгі бағыттарды айқындап берді. Ол бағыттар: биосфера тұрақтылығын сақтау үшін экологиялық ағарту жұмыстарының тұтас жүйесін құру, экологиялық білім беруді тұрақты жүзеге асыру және жұртшылық арасында экологиялық үгіт-насихатты күшейту. Экологиялық білім берудің нормалық-реттеуші құжаттары Қоршаған ортаны қорғау туралы Заңда (1997), Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін сақтау тұжырымдамасында (1997), Қазақстан Республикасында экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясында (1998), Экологиялық білім бағдарламасында (1999) қарастырылған. Экологиялық білім мен тәрбие беру ісі оқу орындарында білім деңгейіне қарай жүргізіледі. Мектепке дейінгі балалар мен бастауыш мектептерде ол қоршаған ортамен таныстыру, адам мен табиғаттың бірлігі мен өз үйіндегі, ауласындағы табиғат бөлшектеріне (егілген ағаш, қораға өскен шөп, бау-бақша) қамқорлық жасау қажеттігін ұғындыру арқылы өтеді. Содан біртіндеп табиғаттың сыртқы көріністеріне қарай ауысады. Мұның өзі, белгілі дәрежеде, бала бойына салауатты өмір салтын орнықтыруға көмектеседі. Бұл саладағы оқытудың негізгі әдістері мен амалдары – экологиялық мазмұнға құрылған танымдық дүниелер, ойындар, т.б. Жалпы және арнайы білім беретін орта дәрежелі оқу орындарындағы экологиялық білім беру мен тәрбие осы алғашқы мәліметтерге сүйене дамытылады. Бұл кезеңде компьютерлік моделдерді қолдану да тиімді. Экологиялық білім жүйесін қалыптастыру, оқушыларды қоршаған ортаны қорғау сезімі мен жауапкершілікке баулу, экологиялық білім жетістіктерінен хабардар болу, нормалық-құқықтық құжаттарды білу, негізінен, мектеп қабырғасында жүзеге асады. Оларда оқытудың, үйретудің әдіс-тәсілдері де әрқилы болмақ (семинар, конференциялық сабақтар, компьютерлік ойындар, пікір сайыс, КВН, викторина, т.б.). Адамның іс-әрекетінің табиғатқа әсерін, оның зардаптарын талдау, табиғаттағы өзгерістерді салыстыру ғылыми-зерттеу жұмысының алғашқы элементтері есебінде баланың ізденуіне жол ашады. Сонымен бірге оқушыларға білім беретін факторлардың ғылымилығын, табиғат компоненттерінің (ауа, су, топырақ, өсімдік, жан-жануарлар, т.б.) өзара байланысын, табиғаттағы тепе-теңдікті, балаларды табиғатты сүюге, оған қызығуға баулуды, экологиялық білім беретін пәндердің (география, биология, химия, математика, физика, әдебиет, тарих, қоғамтану, т.б.) үйлесімділігін, көрнекілік ұстанымдарын іске асыру да түпкі мақсатқа жетудің айла-амалдары есебінде қолданылады. Білім жүйесін оңтайландыру жағдайында экологиялық білім берудің ең ұтымды және экономикалық жағынан тиімді жолдарын іздестіру – қазіргі мектеп алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Экология пәнін барлық сыныпта өту мүмкін емес. Біз жинақтаған тәжірибелер экологиялық білім берудің пәнаралық байланыстарын жүзеге асыру, пәндерді экологияландыру, факультативтік сабақтар өту, содан кейін барып жоғары сыныптардың бірінде (9 сынып) пән ретінде оқыту тиімді екенін дәлелдеп отыр. Пәндерді экологияландыру жаңа буын оқулықтарға негізгі мақсат болып қойылады. Экологияға жақын пәндер оқулықтарында экологиялық материалдар берілмек. Бұл салада пәндерді экологияландыру арқылы экологиялық проблемаларды түсіндіруді үйлесімді жүргізу, сонымен бірге арнайы экологиялық білім беретін курсты қалыптастыру міндеті қойылады. Қазіргі кезде осы екі бағыттың іске асуында елеулі қиындықтар кездесіп отыр. Оған пәндерді экологияландыруға белгілі бір пән мұғалімінің білімінің жеткіліксіздігі, ал пән ретінде экологияны оқытатын мамандардың жетіспеушілігі себеп. Сондықтан, бұл жүйеде жұмыс істейтін ұстаздарға экология ғылымының теориялық негіздерін оқып-үйрену, пәндер (география, химия, биология т.б.) негізінде экологиялық проблемаларды интеграциялау, биосферадағы тіршіліктің тұрақтылығы мен біртұтастығын, оның антропогендік әсерлердің әрекетімен болатын өзгерісін өзара байланыстыра қарап оқыту міндеттері жүктеледі. Жаратылыстану пәндері балаларға экологиялық білім берудің негізгі саласы болуға тиіс. Экологияны факультативтік курстар арқылы оқыту, сыныптан тыс жұмыстар жүргізу, экологиялық сабақтарды табиғат аясында өткізу жобалары Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымдамасында (2002) толық айтылған. Кәсіптік білім беретін арнайы оқу орындары мен жоғары мектепте экологиялық білім мен тәрбие берудің де өз жүйесі бар. Бұл саладағы ең маңызды мәселе – экология пәнінің мұғалімдерін, табиғат қорғау мамандарын дайындау. Оларға қойылатын талап үлкен. Олар әлеуметтану мен адам экологиясының негіздерін, қоршаған ортаның проблемаларын меңгеріп, негізгі экологиялық көрсеткіштерді өздігінен анықтай алатын маман болуға тиіс.

әдебиеттер

1. А. С.Бейсенова, Ж.Шілдебаев. Экологиялық білім беру мәселелері. Алматы, 2000 ж.

2. Г.Б.Бейсеева, С.Сатубалдина. Экологиялық білім мен тәрбие берудің кейбір мәселелері. Экология, туризм, өлкетану. Алматы, 2002 ж.


В статье приводятся данные о значении экологического образования и воспитания подрастающего поколения.

In clause (article) are cited the data on value of ecological formation (education) and education

of rising generation.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!