Материалдар / ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада халқымыздың табиғатты сүйіп өскен, қоршаған ортаға үлкен ілтипатпен қараған халық. Бұған, күні кешеге дейін, туған өңіріміздің табиғатының таза болғандығын айтсақ та жеткілікті сияқты. Біздің халық - "экология" деген сөзді естімей өскен ұрпақ.Қоршаған ортадағы тепе-теңдіктер бұзылды. Адамдардың денсаулығы нашарлап және аурулардың түрлері көбейуіне байланысты тоқталсақ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қазан 2021
614
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Конференцияға қатысуға өтініш:


Т.А.Ж. (толықтай)

Аманжолқызы Самал

Ғылыми дәрежесі, атағы

Магистр

Жұмыс орны, лауазымы

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университтінің Экология кафедрасының магистр, оқытушы

Баяндама тақырыбы

Қазақстандағы экологиялық проблемалар

Бөлім атауы

Қазіргі инженерияның өзекті экологиялық мәселелері

Қатысу түрі (күндізгі, сырттай)

сырттай

Пошталық мекенжай


Байланыс телефоны, факс, e-mail

87021575685

Баяндама түрі: пленарлық, ауызша, стендтық


Жеке шақырту қажет































УДК 504.75(574)

ҒТАМР 87.01.11

Аманжолқызы С.-магистр,оқытушы.


Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Атырау,

Қазақстан Республикасы

samal-91@mail.ru


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР


Аннотация

Мақалада халқымыздың табиғатты сүйіп өскен, қоршаған ортаға үлкен ілтипатпен қараған халық. Бұған, күні кешеге дейін, туған өңіріміздің табиғатының таза болғандығын айтсақ та жеткілікті сияқты. Біздің халық - "экология" деген сөзді естімей өскен ұрпақ.Қоршаған ортадағы тепе-теңдіктер бұзылды. Адамдардың денсаулығы нашарлап және аурулардың түрлері көбейуіне байланысты тоқталсақ.


Негізгі сөздер:экология, атмосфера,қоршаған орта.


Табиғатты қалай сауықтыруға болады. Бұл өте күрделі мәселе. Бұл үшін ең алдымен, адамдардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, дұрыстау керек, тәрбиелеу керек. Ол үшін балалар бақшасынан бастап, мектептерде, жоғары оқу орындарында, адамдардың табиғатқа, қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертіп, қалыптастыру керек. Қазіргі заманға сай экологиялық идеология қажет. Егер біз, жас ұрпақты кішкентай кезінен бастап табиғатты сүюге тәрбиелемесе көп нәрседен ұялатынымыз хақ. Әрбір тәрбиеші, мүғалім, маман, басшы, экология негіздерін жақсы білуі қажет. Сонда ғана, әрбір адамның миында, қанында, көз қарасында қоршаған ортаны бүлдірмеу керектігі туралы негіз қалыптасады. Адамдар сонда ғана туған өңір табиғатын қорғауда белсенділік көрсете алады. Газет-журналдарға мақала жазу, баяндама жасау, теледидардан мәліметтер беру, жазушылармен, ғалымдармен кездесулер өткізудің нәтижелері мол болады. Адамдардың көздерін, адамды табиғаттың бір бөлшегі екендігіне жеткізу өте маңызды. [1.133].


Экология - жаңа, жас ғылым саласы. Бұған соңғы он-жиырма жылға дейін тіптен көңіл бөлінбей келген. Әбден табиғатымыз азып-тозғанда ғана, бұл ғылым саласына бет бұрдық. Енді болашақта, экология саласында білім берудің аясын кеңейте түсу қажет. Ең негізгісі, "экология" пәнін бала бақшаларынан бастап барлық мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында ашылуын қамтамасыз ету қажет. Сонда ғана ертеңгі күннің белсенді табиғат корғаушыларын дайындауға мүмкіндік аламыз.
Қазақстанның көптеген аудандары, бүгінгі күнде де экологиялық мүшкіл хал кешіп отыр. Қоршаған ортаны қорғау шараларына, Республикамыз біршама мөлшерде мемлекеттік және орталықтандырған түрде күрделі қаржы бөліп отыр. Алайда, мұның бәрі, Республиканың ұлттық табысының 1%-на де жетпейді.

Табиғат корғау шараларына бөлінген қаржының 50-60%-дық игеру үлесі, Қазақстанның ірі кәсіпорындарына тиесілі. Экожүйелердегі тұрақсыздық, табиғи-шаруашылық қорларының интенсивті түрде игерілуі (мысалы тау-кен өндірісі), жер-су қорларына үсті-үстіне келіп жатқан антропогенді салмақтың жаншып езуі, қоршаған орта жағдайын барған сайын нашарлатуда.
Қоршаған ортаны зиянды заттармен, техногенді қалдықтармен ластауда Қазақстанның мына кәсіпорындары ерекше "үлес қосып" отыр: Батыс Қазақстан мұнай, газ, конденсат кең орындары, Өскемен қорғасын-мырш комбинаты, Өскемен титан-магний комбинаты, Лениногор полиметалл комбинаты, Зыряновск полиметалл комбинаты, Жамбыл суперфосфат заводы, Жамбыл фосфор заводы, Балқаш тау-кен комбинаты, Жезқазған тау-кен комбинаты, Павлодар алюминий заводы, Ақтөбе хром қосылыстары мен химия заводы. Екібастұз энергетикалық кешені, Қарағанды металлургия заводы, "Фосфор" Шымкент өңдірістік бірлестігі, Шымкент қорғасын заводы, т.б. Мысалы, Қазақстанда 1988 жылы стационарлы қондырғылардан ауаға 5,4 млн. т  зиянды заттар лақтырылып тасталған, ал авто-транспорттардан шыққан улы заттардың мөлшері - 2,9 млн.т болыпты. Сонда, Қазақстандағы әрбір адамға жарты тонна өмірге қауіпті улы заттар тиесілі екен.
[2.17]
Атмосфераны ластағыш заттардан бір ғана мультипликатор - қорғасын ингредиентін мысалға алайық. Оның организмдегі азғантай ғана концентрациясы, органдар мен тканьдарды, қан жүйесін, орталық нерв жүйесін, иммун жүйесін зақымдап, бүлдіреді. Қорғасынның жоғары мөлшері - Өскемен, Зыряновск, Лениногорск қалаларының атмосфералық ауа құрамында байқалады. Шашқа жасалған спектральды анализ мәліметтері бойынша, бұл қала тұрғындарында, қорғасын мөлшері ең жоғары, яғни шекті мөлшерден 6 есе көп болып шықты. Қорғасынның бірқатар мөлшерін тұрғындар су, азық-түлік өнімдері арқылы қабылдайды. Сондықтан да болар, шығыс қазақстандықтардан ақ қан ауруымен науқастанғандардың саны көбейіп отыр. Тауар күйіндегі 1 тонна қорғасын алу үшін, 1000 тонна кенді қазып өңеуге, 5 тоннаға дейін бос жынысты қазып алуға тура келеді. Қазақстан полиметалл кендеріндегі қорғасынның концентрациясы 0,32 мен 0,8 % аралығында. Бұл көрсеткіш ең бай кен көздері үшін, 1,5/2,5%. Қалдық сақтағыш қоймаларда жинақталған уақытына байланысты, өндіріс қалдықтарындағы қорғасын мөлшері 0,4%, 0,7 %, кейде 1,5 %-ға дейін жетеді. Осыған орай, бұл техногенді қалдықтар ұзақ уақыт жатқан сайын, олардағы микроэлементтер зияндылығы қоршаған орта үшін арта түсері де сөзсіз. Жалпы, бүгінгі күнге дейін, Қазақстаңдағы түсті металлургия кәсіпорындарының техногенді қалдықтарының мөлшері,  астрономиялық  цифрларға  жетіп  жығылып отыр: 9,139 млрд тонна. Республика бойынша қалдықтардың 16,5%-ы шығыс Қазақстан экожүйесінің үлесіне тисе, бір ғана "Жезқазған түсті металл" өндірістік бірлестігінде - 13,5% қалдық қордаланған (912046 млн.т), ал "Соколов-Сары-бай"өндірістік бірлестітінде қалдықтардың 42,9%-ы жинақталған.
[3.13]
Республикадағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың тазалау қондырғыларының сапасы мен тиімділігі 30%-дан аспайды. Өндіріс сарқынды, шайма және қолданылған суларынының әсерінен, Ертіс, Орал т.б. өзендерінің суы, зияндылығы жөнінен нормативтік көрсеткіштерден әлдеқайда асып түседі. Өзендердегі судың өздігінен тазаруы, тек 300 километрлік жол жүріп өткен соң ғана турбулентті және ламинарлы араласулар әсерінен жүзеге аса алады. Тіпті, бұл су көздерінің "есте сақтау қабілеті" де зақымданған. Қазіргі экожүйені қалыптастыру, ғалым мен техника жетістіктерін өндіру, осы мақсаттарға қаржы жұмсау мөлшері теңізге тамған тамшыдай.
Пайдалы қазбалардың ішінен, Республикаға, әсіресе ең максималды экономикалық, экологиялық және әлеуметтік зиян шектіріп отырғаны полиметалл кендері, түсті металлургия, ал микроэлементтерден - қорғасын, хром оксиді, марганец және уран. Олардың басым көпшілігі, шикізат күйіңде басқа елдерге жөнелтіліп, дайын өнім мен қымбат бұймның тиімділігін солар көріп отыр. Біздің маңдайымызға әзірше жазғаны, шикізат өндіретін орындардың маңындағы зиянды қалдықтар мен бүлінген су, ауа, топырақ әсерлері.
[4.34]  
Қоршаған   ортаның,    Республикамыздағы   халықтың науқастануына тигізер әсері 60% шамасында. Ол әсіресе, тау - кен өнеркәсібі орналасқан қалаларда жоғары. Қалаларда экологиялық ахуал, соматикалық ауру түрлерінің өршуіне ықпал етуде.   
Қазақстан экологиясы үшін, Семейдегі полигон әкелген зардап-қасірет орны толмас өкініштерге ұрындырып отыр. Осы өңірде жарылған 500-ге жуық бомбаның сойқаны, адамдарды ақырзаман індетіне шалдықтырып, Жер-Ананы  өзінен тайдырын  жібере  жаздады.   Егер  жарылыс тоқтамағанда, әр сынақ табиғатқа өлшеусіз зиян әкеліп, улы тозаң мен аждаһа ошағы жарты әлемді ойрандап, Орта Азияны ядролық тозаңға тұншықтырып, ондағы халықттың түбіне жететін еді. Өйікені, осы полигон маңындағы қазақтардын көбі, дәрігерлердің өзі анықтай алмайтын аурулардан қырылғаны белгілі. Жарты ғасырға жуық жалғасқан атом от-жалын жер-суды ойрандап, неше түрлі аурулардың шығуына жол ашты. Осы залалды аймақта тұратын 1,5 миллионға жуық адам жазылмайтын дертке шалдығып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын кеселге душар болғаны жасырын емес.

Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендек әсерін болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарлауына әкеліп соғады. 
Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп индустриялық революциясының өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүреді.
Жер планетасындағы атмосфераның температурасы артатын болса, планетаның көптеген бөліктерінде құрғақшылық болады, басқа жерлерде жаңбыр көп жауып, жерді топан су қаптайды. Полюстегі мәңгі мұздар еріп аралдар мен жағалауларды, мұхиттар мен теңіз сулары басып кетеді. Ауыл шаруашылығының өнімі нашарлап, халықтар мекенін тастап, күн көрістің қамымен басқа жерлерге көшеді.
Табиғатты қорғау мәселесі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналуда. Экологиялық проблема дегенде ең алдымен Арал, Балқаш, Каспий, Семей қасіреттері еске түседі.
Арал теңізі - Қазақстанның інжу-маржаны. Арал теңізі ірі экологиялық апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі - 1066 км2, тереңдігі - 30-60 м, тұздылығы - 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде игерілген. 
Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстан 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті.
Ал Амудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай 1970-1980 жылдар аралығында аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның  негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқында дамыды (Шардара).Оның үстіне ауылшаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 м-ге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 %-ға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өсен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тонна тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға:
жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
- ауылшаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
- суды өте көп қажает ететін күріш, мақта дақылдарын барныша көбейтіп жіберу;

- жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдалнбау;
- табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.
Осы аталған факторлар Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулының экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүниежүзіне белгілі болды.
Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын таратуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздардың мөлшері жылына 13-20 млн. тонна деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауылшаруашылығына зардабын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеріуі шөл белдеменің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз атропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.
Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүрлеріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда.
Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сары су, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы ауралар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.
Арал теңізінің болашағы дүниежүзі халықтарының толғандыруда. Оның  біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс елдерінің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал ауытқушылықтар антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікір таластар туғызады. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде.
Олар негізінен Орта Азия республикалар, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер. 
Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:
1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.
2. Амудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.

3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу.

  4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.

   5. Жер асты суларын пайдалану.

   6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту.

Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәріде қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат қауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық. 
Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағдыры  - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы. 
Іле – Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынша пайдалануымен 1965-1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25 %-ға азайды. Іленің орта ағысы мен төменгі сағасында Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала күріш алқаптары пайда болды. Осының бәрі Іле – Балқаш су алабының табиғи жүйесінде қалыптасқан тепе-теңдік заңын бұзды.
Балқаш экожүйесінің бұзылуының зардаптары. Іле – Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер (әсіресе Қапшағайдан төменгі бөлігі) өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс-қоғаның жойылуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді.
Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда.
Іле – Балқаш экожүйесінің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық аулау соңғы жылдары 5 есе төмендесе, уылдырық шашу (Қапшағай су қоймасы) тіпті азайды. Сонымен қатар балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына пайдаланылған пестицидтер, тербицидтер және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байқалуда.
Іле – Балқаш алабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар, аңдар мен құстар мекені болатын. Әсіресе 1960 жылдары жылына 1,5 млн-ға жуық бұлғын терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық жойылған.
Іле бойында және көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері де азайып кеткен. «Қызыл кітапқа» енген аққу, бірқазан, көкқұтан, т.б. құстар қазір өте сирек кездеседі.
Іле – Балқаш алабы Қазақстандағы тарихи-табиғи ескерткіштерге бай өлке. Бұл өңірде Шарын тау өзені мен оның бойындағы Шарын тауларындағы тастағы таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, Әнші құм атты табиғат туындысы, Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорыққорлар бар. Жетісу деп аталатын бұл аймақта 3 млн. астам халық тұрады. Ең ірі қалалары – Алматы, Талдықорған, Жаркент.
Бұл өңірдегі экологиялық ірі мәселелер қатарына Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен рудаларын байыту кешендері, Сарышаған полигоны және Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары осы аймақта тұратын тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр. 1999 жылы «Балқаш көлін құтқару, оның бүгінгісі мен болашағы» атты халықаралық деңгейде экологиялық форум өтті. Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды. Оның негізгілері:
1. Іле өзені бойындағы өндіріс орындарында суды тиімді пайдалануды реттеу.

2. Қапшағай суқоймасынан Балқашқа жіберілетін судың үлесін тұрақтандыру.

3. Ақдала және Шарын массивтеріндегі күріш алқаптарын азайту.

4. Жер асты суларын пайдалануды жүзеге асыру.

5.Суармалы жерлердің көлемін шектеу. 
Балқаш көлін құтқару бүгінгі күннің талабы. Арал мен Балқаш сияқты су экожүйелерінен айырылу Қазақстанды ғана емес Еуразияны да бұрын-соңды болмаған экологиялық апаттың ошағына айналдыруы мүмкін. Сондықтан әрбір табиғи экожүйені көздің қарашығындай сақтау мен қорғау адамзат баласының парызы.  Каспий теңізі – жер шарындағы бірден-бір тұйық су айдыны. Оның көлемі – 380 мың км 2. Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке дейін 1030 км, батыстан шығысқа дейін 196-435 км аралықты қамтиды.Солтүстік-шығыс бөлігінің климаты континенталды, ал оңтүстік-батысты субтропикалық климатты құрайды. Каспийдің солтүстік жағалауы таяз, көбіне қайраңдардан тұрады. Каспий теңізі Еуропа және Азия континенттерінің түйіскен жерінде орналасқан. Каспий қайраңы өте ерекше табиғат туындысы әрі өсімдіктер мен жануарлардың қолайлы ортасы. Мұнда «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарлар көптеп кездеседі. Тұйық су айдыны болғандықтан мұндағы организмдердің басымы эндемиктер. Теңіздің құнды байлықтарының бірі – бекіре тұқымдас балықтар. Олардың 5 түрі тіршілік етеді. Бекіре тұқымдастардың дүниежүзілік қорының 70 %-ы осы теңіздің үлесіне тиетінін мақтанышпен айтуға болады. Каспий ойпаты өзінің табиғат ескерткіштерімен, фаунасы және флорасының көптүрлігімен ерекшеленеді. Мұнда өсімдіктердің 945, балдырлардың 64, фитопланктондардың 414, зоопланктондардың 100-ден астам түрі тіршілік етеді. Каспий теңізі кәсіптік балықтарға да бай. Теңізде балықтың 76 түрі кездеседі. Каспий теңізі жыл құстарының да сүйікті мекені. Теңіз жағалауларында 3-3,5 млн. құстар қыстан қалса, ал жыл құстарының саны 10-12 млн-ға жетеді.  Қазіргі кезде бізді қоршаған ортаның ластаушы көздерін төмендегідей топқа бөлеміз:

1. Физикалық ластану – радиактивті заттар, электрмагнитті толқындар, жылу, шулар және тербелістер.

2. Химиялық ластану – көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, шайынды сулар, пестицидтер, гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозолдар.

3. Биологиялық ластану – ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар, қарапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндіктер.

4. Эстетикалық зиян – табиғаттың қайталанбас сұлу ландшафтарының бүлінуі, орман-тоғайлардың жойылуы, т.б.
Осындай апаттарды болдырмас үшін 1992 жылдың маусымында БҰҰ-ның Рио-де Жанейродағы болған айнал
адағы қоршаған орта жөніндегі конференциясы климаттың өзгеруі туралы рамкалық Конвенция қабылдап, оған 150-ден астам ел қол қойды. 1999 жылдың 19 наурызында БҰҰ-ның штаб квартирасында Қазақстанның өкілетті өкілі Ақмарал Арыстанбекова да рамкалық Конвенцияға қол қойды.

Соңғы ондаған жылдар ішінде табиғат ресурстарын пайдаланудың артуына байланысты адамзаттың табиғатқа тигізетін әсері өте күшейді. Адамзат өндірістік қызмет процесіне барған сайын табиғатты елеулі өзгерістерге ұшыратушы, табиғаттағы геологиялық жүйенін зат алмасуының тепе-теңдік құрылымын бұзушы қуатты фактор ретінде көрінеді.

Ғылыми-техникалық революция экологиялық ортаның ластануына қарсы күрестің міндеттерін қиындатып жіберді. Ластану дегеніміз ауаның, жер мен судың біз қаламайтын қолайсыз өзгерістерге ұшырауы, ол қазір немесе болашақта өсімдіктердің, жануарлардың, адамның өміріне, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы өндіріс процестеріне, табиғат ресурстарының жай-күйіне қолайсыз ықпалын тигізуі мүмкін.

Ал, су арқылы улы химикаттар аса үлкен аймақтарға тарайды. Егінді, әсіресе күріш пен мақтаны суарған су өзенді ластап қана қоймайды, сонымен бірге көлдерді де былғайды. Судың улы химикаттармен ластануының бірнеше жолдары бар. Олар қар және жаңбыр суымен де ластанады. Судағы пестицидтер балықтарға үлкен зиян келтіреді. Жыл сайын өзендерге уланған су қосылып отырады. Олардың ішінде жанармай қалдықтары, улы қосылыс — фенолдар, тұздар, қышқылдар бар. Мысалы, АҚШ-тың оңтүстігінде 1950 жылдары химиялық улы препараттарды жиі пайдаланған. Мақташылар қоңызбен күресу үшін ең күшті улы препараттарды колданған. Мақтаға шашылған у суарылған сумен қосылып кішкене бұлақтарға құйылған, олар жинала-жинала өзен сияқты ағып көлдерге, теңіздерге кұйылған. Нәтижесінде өзен-көлдердің балықтарына зиянын тигізген.

Ауасы мен суының ластануы жағынан Алматы облысы да қолайсыз экологиялық жағдайға душар болған аймақтардың бірі. Ластау көздері негізінен тұрмыстық және өндіріс қалдықтары, су көздеріне жақын орналасқан мал шаруашылығы кешендері мен улы химикат-тыңайтқыштарды сақтайтын қоймалардың сыйымдылығы жылына 30 мың тонна ғана, ал облыстық «Сельхозхимия» бірлестігіне жылына 100 мың тоннадан астам тыңайтқыш түседі. Қоймалардың жетіспеуінің салдарынан осы тыңайтқыштардың дені, ашық аспан астында далада сақталады. Мұндай жағдайлар Талғар, Балқаш, Іле аудандарының шаруашылықтарында орын алған.

Осындай табиғат көрінісі сырттай қарағанда ешқандай зиянсыз көрінуі мүмкін. Дегенмен оның әрекеті көрінбей көзден таса болып қала алмайды. Жұрт бір сәтте өзендер мен көлдердің бетінде қисапсыз қалқьп жүрген.

Ғылыми-техникалық прогресс өндіріс күшін дамыта-ды, адамдардын, тұрмыс жағдайын жақсартады, оның әл-ауқатын арттырады. Сонымен бірге адамдардың қызметінің артуы, табиғатқа араласуы, кей уақытта қоршаған ортаға экологиялық және биологиялық мағығна жағынан ешуақытта айтып қалпына келтіре алмайтындай өзгеріс кіргізеді. Қоршаған ортаның ластануы, бүлінуі, ресурстардың сарқылуы адамдардың тікелей әсерінің нәтижесі.

Рас, біздің елімізде табиғат байлықтары ұшан теніз. Әлі де талай миллиард адамдарды миллиондаған жылдар бойы іске асыруға жетеді. Деседе пайдалы қазба байлықтары, көмірі, табиғи газы, мүнайы жетпей жатқан елдер де бар.

Адамдар мұнайды ертеден «қара алтын» деп атады. Ал, қазіргі кезде мүнай алтыннан да қымбат. Тіпті мұнай өндіруді бір сәтке тоқтатқанның өзінде — жылу электростанциясы, заводтар, транспорттың барлық түрі тоқтайды. Қаладары тіршілік сөнеді. Егер мұнайды қазіргі жағдайға сәйкес көп мөлшерде пайдаланатын болсақ, онда оның қоры 37 жылға ғана жететін кө-рінеді. [5.45]


Қорытынды

Соңғы он жыл ішінде биосфераға    адам    қолымен жасалған  бұрын белгісіз болып келген    жаңа    заттар барған сайын көптеп түсуде.    Олардың көпшілігі   өте тұрақты және биосфера заттарының табиғи айналысынан келіп түседі. Мұндай заттардың жиналуы    табиғи процестердің барысын бұзады, экологиялық жағдайларды нашарлатып, бірқатар жағдайда территориялык және аквальдық   кешендердің   бұзылуына   септігін   тигізеді. Сондықтан индустриялы аудандардары көптеген өзендердің бетін көбік жауып кеткен. Ондай өзендерде тіршіліктің болуы мүмкін емес, ал өзен суы ауыз су ретінде пайдалануға жарамайды. Әр түрлі синтетикалық орағыш пленкаларды пайдалану да күрделі проблемаға айналып отыр. Бұл пленкалар іс жүзінде өздігінен табиғи жолмен бұзылмайды, ал оларды өртесе ауаны ластайтын бірқатар зиянды химиялық қосындылар пайда болады. Ортаны осындай пленкалардың жиналып қалуынан тазарту үлкен шығынды талап етеді.

Осының бәрі адамды ойландырады, табиғатқа деген ерекше көзқарасты қажет етеді. Нәтижесінде табиғатты корғау қажет деген ойға тоқталамыз.






Пайдаланған әдебиеттер


1. Ә.Бейсенова, А.Самақова, Т.Есполов, Ж.Шілдебаев Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Алматы-

2. Ж.Ж. Жатқанбаев. Экология негіздері, Алматы-2003

3. Балацкий О.Ф., Л.Г.Мельник, А.Ф.Яковлев "Экономика и качество окружающей природной среды" Гидрометеоиздат,1984г

4. Болбас М.М. Основы промышленной экологии. Москва: Высшая школа, 1993.

5. Владимиров А.М. и др. Охрана окружающей среды. Санкт-Петербург: Гидрометеоиздат 1991.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!