Материалдар / Қазақстандағы электр энергиясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстандағы электр энергиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге, студенттерге қосымша көмек болады деген сенімдемін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2020
581
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Тексерілді»:

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:

Сабақ:

Мектеп: №5 А.Байтұрсынов атындағы ЖОМ


Пәні: Физика

Мұғалімнің аты-жөні: Шынтилеуова А

Күні:


Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы


Электромагниттік тербелістер мен толқындар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


Электрмагниттік тербелістер мен толқындар шкаласын сипаттау және әртүрлі диапазондағы толқындардың қолданылуына мысалдар келтіру

Сабақтың

мақсаты

  • электромагниттік тербелістер мен толқындар шкаласын білу ;

  • әр түрлі диапазондағы толқындардың қолданылуын түсіндіру;

-электромагниттік тербелістер мен толқындарға мысалдар келтіру;


Бағалау критерийі


  • электромагниттік толқындар шкаласын біледі

  • әр түрлі диапазондағы толқындардың қолданылуын түсінеді;

  • электромагниттік толқындарға мысалдар келтіре алады

Тілдік

мақсаттар








Пәндік терминология

Пәндік лексика және терминология:

Электромагниттік толқындар шкаласы, инфра қызыл сәуле,радиотолқындар,ультра күлгін сәулелер,рентген сәулелер, гамма сәулелері, рентгендік телескоптар.

Диалог үшін қажетті тіркестер:

Электромагниттік толқындар шкаласы деп кеңістікте таралатын айнымалы электр және магнит өрістерінің үздіксіз өзгеретін жиіліктерімен толқын ұзындықтарының тізбесін айтады.


Құндылықтарға

баулу



Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу құндылығы негізінде оқушыларға электромагниттік тербелістер мен толқындардың негізінде телефон желісі арқылы сөйлесе алатынымызды,теледидар көре алатынымызды және денсаулық сақтау саласында қолданатынымызды айтып өту.Топтық, жұптық,жеке жұмыстарды ұйымдастыра отырып тақырыпты кең ауқымды түсіндіру барысында адамгершілік қасиеттерді бойларына сіңдіруге,еңбек етуге, мақсат қоюға жетелеу.

Пән аралық

байланыс


Теледидар көре алатынымызды, телефон желісімен алыс қашықтықтан хабар алатынымызды түсіндіруде жаратылыстану пәнімен байланыстыру.Адам өмірімен, денсаулық сақтау ұйымдарында қолданылуды биология пәнімен байланыстыру.

АКТ қолдану дағдылары

BilimLand, Charades

Алдыңғы білім


Жарық жылдамдығы, жарық түрлерімен 8-сыныптан біледі.

Т-период, ν-жиілік, λ-толқын ұзындығы,с-жарық жылдамдығы, Томсон формуласы жайында 9-сыныптың алдыңғы тақырыптарынан біледі.

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы






І. Ұйымдастыру кезеңі ;

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

ІІ. Мадақтау әдісі арқылы психологиялық ахуал қалыптастыру. Бұл әдісте оқушылардың бір-біріне деген жылы сезімі, мерейі артады,әдемі сөйлеуді үйренеді.(Оқушылар шеңбер болып тұрады.Бір-бірінің көзіне қарап тұрып мақтау сөздерін айтады.Мадақтау сөзді есіткен адам басын изеп, «Үлкен рахмет, менің мерейімді көтеріп қуанттың!» дейді. Сосын келесі қатысушыға мақтау сөзін айтып ойын жалғасады.)

ІІІ. Мозайка әдісі - оқушыларды үш топқа бөлемін.

Оқушыларға ғалымдардың суреті қағаз бөліктерін құрау барысында шығады. Нәтижеде сол топтың атауы суреттегі ғалымның есімімен аталады. 1-топ Ньютон, 2-топ Г.Галилей, 3-топ Әл-Фараби

«Ашық микрафон» әдісі.

Үй тапсырмасын сұрау.

1. Электромагниттік өрісті Максвелл теориясы қалай түсіндіреді?

2. Электромагниттік тербелістер кеңістік нүктелеріне беріліп, толқын түрінде таралуын қалай түсіндіруге болады?

3. Электромагниттік толқындардың қасиеттері қандай?

4. Бірінші рет радиобайланыс қашан жасалды?

5. Радиолокация не үшін қажет?


Сабақтың ортасы


Жаңа сабақ:


«Тұжырымды ой» әдісі

Оқушылардың бойында электромагниттік толқындар шкаласы және олардың қолданылу аясы туралы түсінік қалыптастыру үшін тақырып бойынша бейне материал көрсетемін.

«Денотатты граф» әдісі

Оқушыларға бүгінгі сабақтағы түйінді сөзді беремін. Оқушылар «Тұжырымды ой» әдісінде алған білімдерін қолдана отырып, жаңа тақырып бойынша қандай ақпарат білетінін жіктеп жазады.

Т

Электромагниттік толқындар шкаласы


апсырма №1









Дескриптор:

  • Электромагниттік толқындарға анықтама береді.

  • Электромагниттік толқындар шкаласын біледі.

  • Электромагниттік толқындардың қасиеттерін біледі.

  • Электромагниттік толқындарды толқын ұзындығы және жиілігі бойынша реттілікпен жаза алады.



ҚБ: Өзін-өзі бағалау



«Бірге ойлаймыз» әдісі (топтық жұмыс)

Тапсырма №2

  1. топ тапсырмасы:

Электрмагниттік толқындар шкаласын сипаттаңдар.

1.Электромагниттік толқындар шкаласы дегеніміз не?

2. Неліктен электромагниттік толқындар әр түрлі диапазонда орналасқан?

3.Электромагниттік толқындар шкалада толқын ұзындығы бойынша қалай орналасқан?

4. Жиілігі бойынша қалай орналасқан?

5. Толқын ұзындығы жоғары толқындардың қанда ерекше қасиеттерін атауға болады?

6. Жиілігі жоғары толқындардың толқын ұзындығы жоғары толқындардан қандай айырмашылығы бар?

Дескриптор:

  • электромагниттік толқындар шкаласын біледі.

  • электромагниттік толқындардың шкала бойынша әр түрлі диапазонда орналасуын түсіндіреді.

  • электромагниттік толқындар шкаласына кіретін сәулелерді толқын ұзындығы және жиілігі бойынша ажырата алады.

2-топ тапсырмасы:

Әр түрлі диапазондағы электромагниттік толқындардың қолданылуына мысалдар келтіріңдер.

1.Электромагниттік толқындар қандай орталарда қолданылады?

2.Радиотолқындардың қолданылу аясын түсіндіріңдер.

3.Инфрақызыл сәулелер қайда қолданылады?

4.Ультракүлгін сәулелердің қолданылу аясы қандай?

5.Көрінетін жарықтың өмірдегі рөлі қандай?

6. Рентген сәулесі қай салаларда қолданылады?
7. Гамма сәулелердің қолданылуына мысал келтіріңдер.

Дескриптор:

  • Электромагниттік толқындардың қолданылу аясын біледі.

  • Әрбір электромагниттік толқынның қолданылу саласын түсіндіреді.

  • Электромагниттік сәулелердің қолданылуына мысалдар келтіреді.



3-топ тапсырмасы:

Оқушылар кестеде берілген электромагниттік толқындарды толқын ұзындықтары мен өмірде қолданылу аясына сәйкес сипаттамаларымен сәйкестендіреді.

Электромагниттік сәуле атауы

Толқын ұзындығы,нм

Өмірде қолданылуы

Инфрақызыл сәуле

800-100000

Электромагниттік толқын болып табылады. Түнгі көру құралдарында қолданылады.

Радиотолқындар

105

Сөз бен ән-күй немесе әр түрлі бейне қозғалыс түріндегі ақпараттарды алысқа жеткізуге қолданылады.

Ультракүлгін сәулелер


10-400

Оның аз мөлшері пайдалы ағзаны сауықтырады,көп мөлшері зиянды теріні күйдіреді,көздің торлы қабықшасын бұзады.

Гамма сәулелер

0,01

Бұл сәулелердің өтімділік қасиеті жоғары. Рентгендік телескоптарда қолданылады.



Дескриптор:

  • электромагниттік толқындар шкаласын біледі.

  • электромагниттік сәулелердің толқын ұзындықтарын ажырата алады.

  • электромагниттік сәулелердің қолданылу аясын біледі.



ҚБ: Топтар дескрипторлар бойынша өзара бағалайды.

«Сharades» әдісі жауап беріледі, оқушы сұрағын қояды.

  1. Еркін және еріксіз тербеліс

  2. Өшетін және өшпейтін тербеліс

  3. Рентген сәулесі

  4. Ультра күлгін толқын

  5. Инфрақызыл толқын

  6. Электромагниттік толқын

  7. 1888жыл

  8. 4,3*1014-7*1014

  9. 5*1017



ҚБ: Мұғалімнің тиімді кері байланысы

Жарайсың!

Мен саған сенемін!

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!