Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстандағы жемісті өсімдіктер. Алма. Алмұрт

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Қазақстандағы жемісті өсімдіктер. Алма және алмұрт туралы жалпы түсінік беру. 2. Табиғатты қорғауға, сүюге, аялауға тәрбиелеу және экологиялық тәрбие беру. 3. Өсімдіктер жайында білімдерін кеңейту, табиғат сұлулығын түсінуге, туған өлкенің өсімдіктерін күтіп – баптауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Тексерілді: Оқу ісінің меңгерушісі Саретбаева Д.Б.

Бөлімнің атауы

Қазақстанның ағаш өсімдіктері

Педагогтың аты-жөні

Оспанова К.Е.

Күні:


Пәні:

Жаратылыстану

Сынып: 7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырып

Қазақстандағы жемісті өсімдіктер. Алма. Алмұрт

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары (күтілетін нәтиже)

7.2.4.4 Қазақстанның жемісті өсімдіктерін: алма ағашын, алмұрт, алхоры, өрік, грек жаңғағын білу және атау; құрылысының ерекшеліктерін атау; піскен жемістерін жинай білу

Сабақ мақсаттары

  1. Қазақстандағы жемісті өсімдіктер. Алма және алмұрт туралы жалпы түсінік беру.

  2. Табиғатты қорғауға, сүюге, аялауға тәрбиелеу және экологиялық тәрбие беру.

  3. Өсімдіктер жайында білімдерін кеңейту, табиғат сұлулығын түсінуге, туған өлкенің өсімдіктерін күтіп – баптауға тәрбиелеу.

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

1-2 топ

3-топ

4-топ


Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Сабақтағы жұмыс жоспарын айту

Күн реті, аптаның күнін айту



Жаңа материалды меңгеруге дайындық


Тақырыпты оқып, түсінігін айту

Сұрақ-жауап

Дәптермен жұмыс: бастырып жазу

Ағымдық бағалау

Оқулық, дәптер, көрнекілік құралдар

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Алма-раушангүл тұқымдасына жататын, өте кең тараған ағаштарының жемісі. Табиғи алманың жер шарында бізге 36 түрі белгілі. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сұрыптары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20—100 жыл, биіктігі 4—10 м болады. 3—12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100—300 ц өнім алынады. Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Тұқымынан көбейту бұлама алуда және селекцияда қолданылады. Алманы көбейту кейде ұластыру арқылы да жүзеге асады. Қазақстанда алманың 40-тан астам сұрыптары аудандастырылған, оның 20-сын (Салтанат, Іле, Алатау шапағы, Алматы т.б.) қазақ селекционерлері өсіріп шығарған. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді. Алма құрамында 83—88 % су, 7,5—16 % қант, 0,2—0.8 % қышқыл, 9,5—18,5 % құрғақ қалдық, А, В1, В2, В6, С витаминдері, көптеген минералды заттар бар. Шырынынан шарап, сусын дайындалады, жемісін емдік дәрі ретінде де, адам организмін ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады. Алманың зиянкестері: алма жегіші, алма биті, шие бізтұмсығы, гүл жегіші. Алма аурулары: алма қотыры, ақ ұнтақ, жеміс шірігі, т.б.

Алмұрт-алмалар тұқымдасына жататын жемісті өсімдіктердін бір туысы. Алмұрттың 18 түрі бар. Алмұрт көбінесе үлкен ағаш, кейде ұзын бұта болып өседі. Алмұрттың 5000-нан астам сұрпы бар. Бұлардың ішіндегі 15 сұрпын өсіріп шығарған И. Мичурин, олардың негізгілері: қыстық бере (груша бере зимняя) — И. Мичуриннің жабайы уссурий алмұртын бірінші рет гүлденген жылы Бере Рояль алмұртының тозаңымен будандастырғаннан кейінгі алған жаңа сұрпы. Қысқа өте төзімді. 20 жылдан астам өмірінің ішінде бұған аяздың тигізген әсері байқалған емес. Мұның ағашы құрт-құмырсқаға да, паразит саңырауқұлақтарға да бой бермейтін төзімді келеді. Жемісінің өздігінен зақымданған жері тез жазылып кетеді. Жемісін қыркүйектің аяғында жинайды, ол жатқан жерінде (қыста) піседі де (аты осыған сәйкес қойылған), сәуірге дейін сақтауға келеді. Орта Азия алмұрты — кронасы аумақты келген үлкен ағаш. Жемісі тәтті, ерте піседі және ірі болады; жемісін адам, құрғақ жапырағын мал жейді. Орта Азия алмұрты түсімді келеді, құрт онша түспейді, ауруға, кеселге төзімді. Раушангүлділер тұқымдасының бір туысы, жеміс ағашы. Дүниежүзінде 60-қа жуық түрі белгілі. Олар ауа райы қоңыржай және субтропикалық аймақтарда өседі. Қазақстанда кәдімгі алмұрт немесе орман алмұрты, Регель алмұрты, құлжа алмұрты немесе кеш пісетін алмұрт деген түрлері бар. Алмұрт көп күтімді қажет етпейді, жылу сүйгіш ағаш. Биіктігі 10-12 м болады. Бұтақ шоғырының аумағы жалпақ, пирамида тәрізді. Жапырағы жұмыртқа пішінді, түксіз, жылтыр. Гүлі ақ, қызғылт, сарғыш, кейде қызыл түсті, гүлтабақшасына шоғырланған. Жемісі — сары, жасыл не қызғылт түсті сопақша келеді. Салмағы 20-300 грамм. Алмұрт отырғызылғаннан кейін 4-5 жылда жеміс бере бастайды, 40-50 жылдай өседі. Мәдени сұрыптарын ұластыру арқылы өсіреді. Қазақстанда 14 сұрпы аудандастырылған, оның Орман аруы, Талғар аруы, хош иісті Алмұрт, деген сұрыптары кең тараған. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында өсіріледі. Өсімдік зиянкестеріне төзімді, көбіне ауруға шалдықпайды. Алмұрт – бағалы ағаш, гүлінен аралар бал жинайды. Жемісінің құрамында 80-84,3% су, 10-13% қант, глюкоза, фруктоза, сахароза, 0,1-0,6% қышқыл және 0,4% азотты заттар, В, С дәрумендері, каротин болады. Одан тосап, шарап т.б. сусындар дайындалады. Алмұрттың негізгі зиянкестері мен аурулары — бүрге шіркейі, Алмұрт биті, Алмұрт көк көбелегі, тазқотыр т.б.






Түсіну мен бекіту

Сұрақ-жауап

-Не біліп, не үйрендік?

-Бүгінгі сабақ ұнады ма?






Үйге тапсырма беру


Тақырыпты оқу

Түсінгенін әңгімелеу

Сурет арқылы әңгімелеу





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.05.2022
868
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12