Материалдар / "Қазақстандағы кемістігі бар балаларды бүгінгі күннің өзекті мәселелері"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қазақстандағы кемістігі бар балаларды бүгінгі күннің өзекті мәселелері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі таңда еліміздің келеңсіз жағдайларының бірі - қоғамның ең бір әлсіз қорғалған мүшелерінің, соның ішінде кемістігі бар балалардың өмірін лайықты қамтамасыз ету, оларға сапалы білім беруді ұйымдастыру болып отыр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
418
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕМІСТІГІ БАР БАЛАЛАРДЫ БҮГІНГІ КҮННІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Педагог-психолог: Насырова Д.А.

Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Тұрғанбаева Б.Ш.

Бүгінгі таңда еліміздің келеңсіз жағдайларының бірі - қоғамның ең бір әлсіз қорғалған мүшелерінің, соның ішінде кемістігі бар балалардың өмірін лайықты қамтамасыз ету, оларға сапалы білім беруді ұйымдастыру болып отыр.

Кемістігі бар балалар дегеніміз - ол 0-18 жасқа дейін дене және (әлде) психикалық нәсілді, жүре және өмір жағдаяттарымен пайда болған кемістігі бар, арнайы оқу тәрбиені талап ететін, өмірлік іс-әрекетке мүмкіндігі аз шектеулі балалар [1].

Осындай балалардың саны күн санап артуда. 2002 жылы ҚР "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңда бекітілген скрининг арқылы кемтар және қатер тобындағы балаларды анықтау қызметін азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкелітті органдар атқаруға міндетті.

Әлеуметтік қорғау саласында мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар жөнінде мәліметтер "мүгедек" деген жағдайды белгілеп, жәрдем ақша төлеумен шектеледі.

Білім беру саласында психологиялық-медицина-педагогикалық консультациялар анықтаған мүмкіндіктері шектеулі балалар саны 154870, бұл барлық бала 4 659 500 санынан 3,32 % құрайды. Есепке алынған мүмкіндіктері шектеулі балалардың 27,9 % арнайы білім беру ұйымдардында оқып, түзетушілік көмекпен қамтамас етілген. Білім және ғылым министрлігінің мәліметтері бойынша 17030 мүмкіндіктері шектеулі бала арнайы білім беру ұйымдардында оқытылып жатыр, 6883 - жалпы мектептегі арнайы сыныптарында, 8583 - арнайы білім ұйымдарында түзетушілік көмек алуда, 64854 жалпы мектептегі әдеттегі сыныптарда.

Қазақстан бойынша ақпарат көздерінен жинақталған статистикалық мәліметтерге сүйенсек қазіргі таңда біздің елімізде 39 арнайы балабақша мен 315 арнайы топтар қызмет етеді, онда мектепке дейінгі жастағы 15 мың бала тәрбие мен білім алуда, 25 мыңға жуық мектеп оқушылары білім алып отырған 106 арнайы мектеп және жалпы білім беретін мектептер жанындағы 1219 арнайы сыныптар да қызмет етуде. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балаларға коррекциялық-педагогикалық қолдауды 17 реабилитациялау орталықтары, 133 психологиялық-педагогикалық коррекциялау кабинеттері, мектеп жанындағы 558 логопедиялық пунктері көрсетуде. [2]

Мүмкіндігі шектеулі балалар мемлекет қамқорында: «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау» туралы заң (2001ж), «Баланың құқығын қорғау» туралы заң (2002ж), «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау» туралы заң (2005ж) “Арнайы әлеуметтік қызметтер” туралы заң (2008ж) қабылданған. Елімізде жыл сайын өткізіліп отыратын мүмкіндігі шектеулі жандар арасында болатын сайыстар, оларға арнайы жасалынған жобалар, соның ішінде Семей қаласының сырт жағында алғаш рет мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жазғы лагерь жұмысын бастады. Бұл жобаны «Исток» қоғамдық бірлестігі қолға алған. «Қамқорлық» жобасы мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеуді көздейді. Балаларға төрт қабырғада қамалып отырмай, достар тауып, жаңа ортаға бейімделуге мүмкіндік жасайды.

«Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық-коррекциялық қолдау іс-шараларының жоспарын бекіту туралы» қаулысына сүйеніп әзірленді.

«Ерекше» балаларды жалпы білім беретін мектепке қабылдау жүргізіледі:

- Ата-анасының жазбаша өтініші немесе өзге де заңды тұлғалардың психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының сараптамасы (оқыту формасын ұсынды).

- «Ерекше» балаларды оқытатын сыныптар:

- Интегративті оқыту сыныптары – 3-тен кем емес «ерекше» баланың жалпы білім беру үдерісіне қатысуы

- Арнайы сыныптар – жартылай интеграциялану – жалпы білім беретін мектепте арнайы білім беру және материалдық-техникалық жағдай туғызу.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуына  электронды білім беру, қашықтықтан оқыту жүйесі де жол ашады. 2011 жылдан бері мемлекеттік бағдарлама аясында, үйінде білім алатын балалар қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарды алады. Тірек-қимыл аппараттары бұзылған балалар үшін жеке қозғалыс құралдары, арнайы пернетақта мен манипуляторлар, есту қабілеті бұзылған балалар үшін - есту аппараттары, дыбысты күшейтуші микрофоны бар жүйе, тифлотехникалық құралдар алынады. Білім алуға жол ашуды қамту үшін ақпараттық қамтамасыз ету құралдары, соның ішінде принтерлер мен Брайль дисплейлері, оқу машиналары мен үлкейтуші құрылғылар, электронды лупалар, сөйлеуші экранды үлкейтуші шағын құрылғылары және тағы басқалары аса маңызды. Республикалық бюджет есебінен компьютерлік техника және құрал-жабдықтармен 6 мыңға жуық үйінен оқытылатын мүгедек-бала қамтылған.

Қазіргі уақытта республикадағы арнайы білім беру ұйымдарының жартысына жуығы  мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық дамуын ынталандырушы мультимедиялық білім беру жүйесімен жабдықталған. Арнайы мектептердің 20%-ында интерактивті тақталар орнатылған. Ғаламторға қосылған арнайы мектептер саны шамамен 95%, білім беру арнайы мекемелерінің 41% логопедтік жаттықтырғыштармен, 37% - есту-сөйлеу жаттықтырғыштарымен жабдықталған.

Қазақстанда 2011-2020 жылдарға білім беруді дамыту бағдарламасына сәйкес, 2020 жыл қарсаңында мектептердің жалпы санының 70%-да инклюзивті білім беруге жағдай жасалуы тиіс. Осы мақстақа жету барысындағы ең үлкен  міндеттердің бірі – отандық инклюзивті білім беру саласындағы ұстаздардың дайындығы мен білімдерін жетілдіру үрдісіне өзгерістер енгізу екені сөзсіз. [3]

Параолимпиадалық ойындар, мүмкіндігі шектеулі балаларды жұмыспен қамту орындары ашылып, кәсіпорындар мен мекемелерде еңбек ету үшін мүгедектерге 3% квота қарастырылуда. «Нұр Отан» партиясының мүшелері мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын арттыру үшін «Кедергісіз келешек» жобасын қолға алды. Қоғамға әкелетін қасіреті баланың өзіне достарына туысқандарына ата-анаға емдеу орындарына мектепке Балалар конвенциясында 2002ж 8 тамызҚР құқықтары туралы тарау “Мүгедек балалардың құқықтары” делінген 31-бап. Мүгедек баланың толымды өмірге құқықтары 32-бап. Мүгедек баланы жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер 33-бап. Мүгедек балаларға мемлекеттік көмек қазіргі кезде мүмкіндігі шектеулі балаларға және олардың қамқоршыларына жәрдемақы тағайындалған. 2015 жылғы 1 шілдеден бастап оларға төленетін жәрдемақы құны 25% жоғарылаған. Сонымен қатар, қамқоршыларының еңбек кітапшасына педагогтік еңбек өтілі ретінде жазылатынын ескере кеткен жөн.

Қазақ елінің тарихында тұңғыш рет қысқы параолимпиадалық ойындарына қатысушылары Александр Колядин (Қостанай), Қайрат Қанафин (Петропавл), Елена Мазуренко (Алматы), Жаңыл Балтабаева (Ақмола облысы), Денис Петринко (Щучинск) [5], атағы республикаға танымал, сазгер, күйші, ҚР еңбегі сінген қайраткері, халық арасында Торғайдың текті ұлы деп танылған Айтбай Мұздаханов[5], қазақтың нағыз батыр қызы, әйгілі әнші Тамара Асар [6], он екі мүшесі сау адам жасамайтын іс-әрекеттерге барып, мүгедектігі өнерге кедергі келтіре алмайтындығын ісімен дәлелдеген табиғи талант иесі, тағдырды жеңген Тарлан, Халықтың ардақты өнер иесі, ел мәдениетінің өркендеуіне зор үлес қосқан халық артисі, дарынды өнер шебері Кененбай Қожабеков [7], ядролық қаруға қарсы күрескен ядролық қарусыздандыру қозғалысының белсенді мүшесі, суретші Кәріпбек Күйіков. Норвегия Осло қаласында «Менің сіздерді құшақтайтын жүрегім ғана бар: К.Күйіков шығармашылығы» атты сурет көрмесі ашылды [7]. Тағдыр тәлкігіне түскен үш жігіттен құралған «Сәт» тобының мүшелері Азат Әбілдаев, Сапарбай Алтыбай мен Тұрар Тұрмысов Шымкент қаласындағы көздері нашар көретін балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернатында білім алады. Әнді өмірлеріне серік еткен жеткіншектер аз ғана уақыт ішінде халықаралық, республикалық байқауларда топ жарды. Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен «Кастальский ключ» атты жетім балалардың халықаралық фестиваліне қатысқан «СӘТ» триосы бас жүлдені қанжығаға байлады. Бірақ өкінішке, орай бұл танымал тұлғалардың өмірі мен жетістіктерін қоғамда тәрбиелік мәні толықтай қарастырлмаған. Әдеби шығармалар, арнайы теле-радио бағдарламалар мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірге қызығушылығын арттыратындай әдеби төл туындылар жоқтың қасы. Себебі, мұндай өмір мысалдары мүмкіндігі шектеулі баланы алға итермелеп, өмір құштарлығын оятса, қоғамдық «масылдық» көзқарастары өзгеріп, бос аяушылықтан -үлгі тұту, қоғамның толыққанды мүшесінде ретінде қабылдауы артады.

Ресей ғалымдарының зерттеуіне жүгінсек, кемістігі бар балалардың қол моторикаларының сурет салу, тігу, тоқу, ою-өрнек жасау, мүсіншілік, ағаш, зергерлік өнерге деген шығармашылық қабілеттілігіне бейім ерекшелігімен дараланады. Олар жеке жұмыс жасай отырып өзінің ішкі жан дүние әсемдігін көрсетеді. Яғни, осыны ерекшелігіне сай педагог-психолог мамандар мектепте, мектепке дейінгі білім беру орындарында, жанұясында, демалу орындарында, тынығу лагерьлерінде мүмкіндігі шектеулі балалармен осы бағытта жұмыс жасауды талап етеді [8].

Арт-терапияда сурет салу арқылы адам өзін өзі бос ұстап, арман тілектері мен өз мүмкіндіктеріне еркіндік береді. Сонымен қатар, сурет салу барысында адам күшті уайымдаулары мен конфликтілері жағдайларда туындаған өз ойларын, сезімдерін сыртқа шығарып бейнелеп отырады. Бұл оның санасында жүрген қоршаған ортадағы шындықтың бейнесі өзі жасап алған модельдердің көрінісі. Мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылығын дамыту үшін изотерапия әдісін ұсынамыз. Изотерапия, бейнелеу шығармашылығы терапиясы, яғни сурет салу болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды емдеуге қолданылатын арт-терапияның маңызды бағыттарының бірі. Кейбір адамдар үшін бұл әлемге өзі туралы өзінің шығармашыл адам екенін таныстырудың таптырмас құралы болып табылады.

Сурет салып отырған адам жағымсыз, жаралы бейнелерді есіне түсіреді. Сол уақытта туындаған қоқынышты, ауыр жағдайларды басынан өткізе отырып, сол кезде пайда болған сезімдермен арман тілектерін сыртқа шығарып отырады. Сол себепті, көптеген стресстік жағдайларда, қорқыныш сезімін бастан кешу кезеңінде, невроздарда коррекциялық жұмыстар жүргізу барысында және психологиялық қысымды төмендету үшін сурет салдыруды пайдаланады. Изотерапиялық әдісті пайдалануда сурет сала алу міндетті емес, бірақ нәтижесінде адамның қабілеттері ашылуы мүмкін.

Педагог-психологтың мүмкіндігі шектеулі балалармен изотерапиялық жұмыс жасудағы ерекшеліктері:

мүмкіндігі шектеулі балалардың эмпатиялық қабылдауына мән беру;

мүмкіндігі шектеулі балаларды эмоционалды қолдау;

шығармашылық мақсат қою;

тақырыпты ашуға, өңдеуге көмектесу.

Педагог -психологтың мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізетін изотерапиялық жұмыс мүмкіндіктері:

- шығармашылықты арттырады;

- клиент өзін- өзі таниды;

- өзінің ойы мен сезімін еркін білдіреді;

- бұрын болған негативті ойлардан арыла алады;

- ми жарты шарларының қарым- қатынасын жетілдіреді [9].

Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіруде және қимыл-қозғалыс моторикаларын дамытуда, қоғамнан шектетілмеуіне септігін тигізетін әдістер қатарының маңыздысы ретінде изотерапия әдісі қолданылады. Расымен де, түзету, сауықтыру жұмыстарында изотерапияның орны ерекше. Сонымен қорытындылай келе, мүгедектіктің алдын алу үшін және мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетуде жан-жақты әлеуметтік ұйымдар тарапынан жүйелі жұмыстар атқарылу тиіс. Сол кезде ғана, мүмкіндігі шектеулі балалардың таным процестерін, эмоциональдық бұзылуларын, сөйлеудің бұзылуын, оқу және жазудағы бұзылуларды психологиялық-логопедиялық түзету үлкен жетістіктерге жеткізеді деген сенімдеміз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» ҚР 2002ж No 343 заңы

2. http://group-global.org/sites/default/files/publications

3. http://group-global.org/sites/default/files/publications

4. Kazak.ru сайты

5. Алаш-айнасы Республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет No181 (633) 13 қазан 2011ж., «Тағдырды жеңген тарлан»

6. http:// www.azattyg.org./author/20642.html,

7. Киселёва, М. В. Арт-терапия в работе с детьми -СПб., 2008.

8. Грегг М.Ферс «Тайный мир рисунка» Перевод с англ-СПб Деметра, 2003


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!