Материалдар / Қазақстандағы ұлттық бақтар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстандағы ұлттық бақтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстандағы ұлттық бақтар туралы маңызды деректер мен суреттер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2024
63
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстандағы ұлттық бақтар

1.Алтынемел ұлттық бағы.

Алтынемел ұлттық бағының табиғаты

Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи бағы 1996 жылы 10 сәуірде құрылған. Ол Алматы облысының Кербұлақ және Панфилов аудандарында орналасқан, жалпы ауданы 161,1 мың га. Ұлттық бақ құрамына Қапшағай су қоймасының солтүстік бөлігі мен Іле өзенінің оң жағалауы, шөлденген таулар Кіші және Үлкен Қалқан, Ақтау, Қатутау, Жетісу Алатауының оңтүстік-батыс сілемінің ең шеті, Алтынемел жотасының оңтүстік баурайы кіреді. Осында табиғаттың бірегей ерекше құбылысы «Айғай құм» орналасқан. Сондай-ақ өсімдіктің 1800, сүтқоректілердің 6, құстардың 231, балқытың 30 түрі қорғауға алынған.

Тораңғы Көкнәр Қара сексеуіл

Ұлттық бақ флорасында Қызыл кітапқа енгізілген сирек кездесетін 22 түр бар. Олардың ішінде эндемик түрлер: Альберт қызғалдағы, Мүсілім сылдыршөбі, іле бөріқарақаты, жоңғар аспарасы, шатқал сәбізшөбі және басқалар. Бақтың көптеген өсімдіктердің әр түрлі пайдалы қасиеттері бар. әсіресе шығыс қауы, жапон арпабасы, бұта түйесіңір, күйреуік, қара сексеуіл, көкнәр, торанғы, таспашөп өте бағалы. Алтынемел жануарлар әлемінің бай болуымен танымал. Ең көп кездесетіндері – құршаяндар, тарантула, қарақұрт. Құстардан Қызыл кітапқа 18 түрі – қара дегелек, балықшы тұйғын, сақалтай, жыланшы, құмай және т.б. Ал сүтқоректілердің 70-тен астам түрі кездеседі, олардың 5-уі қызылкітаптық түрлер: тас сусары, шұбар күзен, өзен құндызы, тяньшань тау қойы, және боз ергежейлі қосаяқ. Алтынемелде қарақұйрық, сібір тау ешкісі,ақбөкен, арқар, елік, құлан және Пржевальский жылқысы кездеседі.

Пржевальский жылқылары Сібір тау ешкісі Жылтырауық жармасқы

Алтынемел ұлттық бағында тірі және өлі табиғаттың барлық алуантүрлілігі сақталуда. Әр түрлі тақырыпта ғылыми зерттеу жұмыстары мен табиғат шежіресі жүргізіліп жатыр.

2.Баянауыл ұлттық бағы.

Баянауыл ұлттық бағының табиғаты

Баянауыл мемлекеттік табиғи ұлттық бағы 1985 жылы құрылды. Ол Павлодар облысының Баянауыл ауданында орналасқан, жер көлемі 50,7 мың га. Саябақ аумағына енетін таулы-орманды ландшафтылары тамаша табиғат ерекшеліктерімен көзге түседі. Мұнда өсімдіктің 438, сүтқоректілердің 54, құстардың 54, балықтардың 8 түрі бар. Бақтағы ең әдемі қарағайлы ормандар және ең байы- бұталы қарағайлы ормандары. Қазақстан Қызыл кітабына қандағаш, қызғалдақтар, қырғыз қайыңы, дала тау шымылдығы, жанаргүл, құндызшөп енгізілген. Барлық жерде саны қысқарып бара жатқан орхидея түрлері: кәмшатты ұяшөп, біржапырақты стагачка, ал қызыл саусақтамыр ерекше қорғауды қажет етеді.

«Найзатас» жартасы «Кемпіртас» жартасы

Ұлттық бақ жануарлар әлеміне бай. Мұнда сүтқоректілерден: елік, қасқыр, сілеусін, борсық, суыр, түлкі, арқар, ал құстардан үлкен шалшықшы құс, шағала, қарқылдақ, әупілдек, көккұтан, қарақұс ерекше көзге түседі. Орман сілемдерінде жыртқыш құстар – жамансары, жағалтай, бөктергі, кезқұйрық, ителгі кездеседі. Далалы жерлерде дала құладыны және біздің фаунамыздың ең ірі шалшықшысы – үлкен шалшықшы ұялайды. Ұлттық бақ көлдері балыққа бай. Мұнда шортан, алабұға, аққайран, торта, қарабалық және басқалар. Омыртқасыздар фаунасы тіпті зерттелмеген. Бұл бай да ғажайып әлем өз зерттеушілерін күтуде.

Тау қойы ( арқар ) Үлкен шалшықшы құс

Табиғатының қолайлы жағдайына байланысты Баянауыл тауларын «шөлді даладағы таулы-орманды шұрат» деп атайды. Бұл аймақ жаппай демалыс үйлері, емдеу мекемелері, туристік базалар орналасқан. Саябақта ұзақ уақыт үгілу әрекетінен қайталанбас жартас, шоқылар қалыптасқан. Қазіргі таңда ұлттық бақ қызметкерлері ғылыми бақылаулар мен қорғаудан басқа, саяхатты жетілдіру, экологиялық маршруттарды реттеу және ұйымдастыру.

3.Бурабай ұлттық бағы.

Бурабай ұлттық бағының табиғаты

Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи бағы 2000 жылы оның жерінде халық демалысын ұйымдастыру, саяхатты реттеу және көл-тау-орман ландшафтын қорғау мақсатында құрылды. Жер көлемі 83,5 мың га, Ақмола облысының Щучье ауданында орналасқан. Ұлттық бақ Көкшетау қыратының шығыс бөлігінде орналасқан, Бурабай таулы-орман сілемін алып жатыр. Бурабай сілемінде көптеген әсем көлдер – Бурабай, Щучье, Қотыркөл, Үлкен және Кіші Чебачье, Карасье, Светлое және басқалар бар. Мұнда 757 өсімдік түрі бар, оның ішінде 95 сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар түрлерге жатады. Бақта қарағайлы ормандар, қотыр және үлпек қайыңдар, көктеректер өседі. Бұталардан: итмұрын, долана, арша, тал, тобылғы, қарақат, таңқурай кездеседі.

Жұмбақтас ( сфинкс ) Оқжетпес

Омыртқалы жануарлар фаунасында 305 түр бар, оның ішінде 87-сі сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар түрлер. Тұяқты аңдардан сібір елігі, доңыз, бұлан мекендейді. Жыртқыштардан қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, сарыкүзен, орман сусары, сілеусін кездеседі. Кеміргіштерден тоқалтістілер, қаптесерлер, егеуқұйрықтар, саны көп, ақшыл ақтиіндер жерсініп кетті. Құстар фаунасы құрамында 200-ден аса түр бар. Жыртқыш құстардан бүркіт, қарақұс, шаңқылдақ қыран, қаршыға, күйкентай, жағалтай, бөктергі, үкі және жапалақтар кездеседі.

Сілеусін Сібір елігі Борсық

Ландшафтың керемет әдемілігінен демалушылар Бурабайды Қазақстан Швейцариясы деп атайды. Бұл жерге әдемілікті тау етегіндегі қарағайлы ормандары бар гранитті сілемдермен жиектелген терең мөлдір көлдер беріп тұр. Су шаюы мен желдің ұзақ әсері мұнда ғажайып шоқылар мен жартастар пайда еткен. Олардың ішінен көпшілікке танымалдары «Оқжетпес», «Ұйқыдағы батыр», «Бүркіт», «Түйе», «Құдыр». Әсіресе әдемісі «Жұмбақ тас» (сфинкс ) – өзінің сыртқы келбеті египет сфинксының алып басына ұқсас, Бурабай көлінен шығып тұратын жартас.

4.Іле Алатауы ұлттық бағы.

Іле Алатауы ұлттық бағының табиғаты

Іле алатау мемлекеттік ұлттық табиғи бағы 1996 жылы 22 ақпанда Алмсаты облысының Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай аудандары, Қаскелең, Қала маңы және Түрген орман шаруашылығында құрылды. Жер көлемі 202 мың га. Оны құру мақсаты – бірегей ландшафт, жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау, саяхат пен демалыс үшін жағдай жасау, демалуға пайдалана отырып, табиғи бірлестіктерді сақтаудың ғылыми әдістерін ойлап тауып, оны іс жүзіне асыру. Табиғи бақ флорасында 1000-нан аса түр бар, көп бөлігі орман тау белдеуі флорасына жатады. Қызыл кітапқа 36 түр енгізілген. Тауларда Островский қызғалдағы, Мушкетов түйесіңірі, Алматы кекіресі, Семенов еменжапырағы, Виттрок рауғашы кездеседі.

Іле Алатау алмасы Бүтінжапырақ лаготис Колпоковский иридодиктиумы

Ұлттық бақта 178 құс түрі бар. Қызыл кітапқа 11 құс түрі енгізілген. Оларға: қара дегелек, бақалтақ қыран, бүркіт, құмай, ителгі, лашын, құралай және т.б. Сүтқоректілердің 47 түрі бар. Қызыл кітапқа 7 түр: тяньшань қоңыр аюы, тас сусары, барыс, орта азия өзен құндызы, сабаншы, түркістан сілеусіні, үнді жайрасы енген. Нағыз тау түрлеріне: жертесер, қызыл шақылдақ, сұр суыр, тау ешкісі жатады. Бақта нағыз тау түрлерінен басқа экожүйе түрлері: қасқыр, аю, түлкі, елік, марал, доңыз және басқалар да кездеседі.

Тяньшань қоңыр аюы Түркістан сілеусіні Тас сусары

Бақ жерінде оңтүстік-шығыс Қазақстанды мекендеген халықтың тарихи-мәдени мұра нысаналары мен табиғат ескерткіштері бар. Мұнда орта ғасырдағы Талхиз және Түрген қалалары, Асса шоқысы мен Түрген сайында ежелгі темір дәуіріндегі қорғанды бейіттер, Есік көлі жағалауында сақ бейіттері сақталған. Табиғат ескерткішіне Көл-Алматы асуындағы тау өзені де жатады.



5.Қарқаралы ұлттық бағы.

Қарқаралы ұлттық бағының табиғаты

Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи бағы 1998 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында құрылды. Жер көлемі 90,3 мың га. Бақ тау-орман ландшафтысы мен табиғаттың бірегей нысаналарын қорғау, саяхатты дамыту және халық демалысын жақсарту мақсатында құрылған. Қарқаралы сілемінің орманды бірлестіктерінде 268 өсімдік түрі кездеседі. Бақтың флора құрамында қалдық орман түрлері үлесі едәуір: қарағай, көктерек, мойыл, таңқурай, қой бүлдірген, қара қарақат, орман қырықбуыны, алмұртшөп, орман қоңырбасы және басқалар. Қазақстан Қызыл кітабына қара қандыағаш, қарқаралы бөріқарақаты, жапырақсыз орашық, жатаған қызғалдақ, шатырша қысшылшөп, Фукс сүйсіні, дала таушымылдығы, жіңішке көкнәр және тегіс сфагнум.

Қарқаралы рэгнериясы Қара қарақат

Бақтың жануарлар фаунасында 170 түр белгілі. Тұяқты жануарлардан сібір елігі, бұлан, арқар, марал мекендейді. Жыртқыштардан қасқыр, түлкі, қарсақ, сасық күзен, борсық, аққалақ кездеседі. Қазақстан Қызыл кітабына арқар мен сабаншы енгізілген. Құстар фаунасы өте алуан түрлі. Маубас жапалақ, байғыз, жамансары, ителгі, күйкентай, абдырақ, тентекқұс, қара тоқылдақ, қазтамақ торғайлар кездеседі. Сирек қара дегелек ұялайды, ол Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген құстар ішіндегі ең көзге түсері.

Айдарлы шегіртке Ошаған көбелек Үлкен шырғалақ

Мұнда демалыс үйлері, санаторий, саяхат орындары ашылған. Шайтанкөл, Үлкенкөл, табиғи «Тас қақпасы», «Палатка» кең үңгірі, Шаңкөз, Көктөбе, Қарқаралы, Сынтас жартасты шыңдары, Мәліксай сайындағы алғашқы адам үңгірлері және басқа табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер келушілер арасында кең танымал. Ұлттық бақ қорғау және демалу қызметтерінен басқа, ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

6.Катонқарағай ұлттық бағы.

Катонқарағай ұлттық бағының табиғаты

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи бағы 2001 жылдың 17 шілдесінде құрылды. Жер көлемі 643 мың га. Оның құрамына Алтайдың биік шыңы – Белуха тауы, одан кететін Листвяга жотасы тізбегі мен Бұқтырма мен Берел өзен аралық биік тауы кіреді. Бақ жерінің көп бөлігін Бұқтырма өзені алабы алып жатыр. Бақта 400-ге тарта көл бар. Мұнда көп жылдан бері ыстық радонды бұлақ көзінде «Рахман бұлақтары» санаторий жұмыс істейді, тірек-қозғалыс мүшелері ауыратын адамдар үшін баға жетпес табиғи емдік орын болып табылады. Жер көлемінің үш бөлігін қылқан жапырақты ормандар алып жатыр.Мұнда өсімдіктердің 1000-ға тарта түрі өседі. Олардың 30-дан астамы Қазақстан Қызыл кітабына алтай қасқыржидегі, қарғакөз, ұсақжемісті мүкжидек, бұйра лалагүл, дала таушымылдығы, маралтамыр, аюқұлақ, ала күлте қызғалдақ және басқалар енгізілген.

Алтын тамыр Ұсақжемісті мүкжидек

Бақта жануарлар фаунасына 400 түр жатады. Қызыл кітап тізіміне 15 түр енгізілген: балықтардан – таймен, құстардан – қара дегелек, балықшы тұйғын, алтай ұлары, ақбас тырна; сүтқоректілерден – барыс, алтай тау қойы. Тек Алтайда ғана кездесетін және қазақстанның басқа жерлерінде кездеспейтін жануарлар түрлерін, яғни хариус, сұр құр, тундра шілі, құдыр, құну, бұлғын және басқаларды қорғауда ұлттық бақ маңызы зор. Осы өлкеде марал шаруашылығы жақсы дамыған.

Құдыр Марал Алтай ұлары

Ұлттық бақ территориясының тарихи-мәдени және табиғи ерекшеліктерін есепке алу негізінде сәйкес аймақтар мен аймақ тармақтарына бөлінген. Жергілікті халық саяхаттың дамуына белсенді ат салысады.



7.Көкшетау ұлттық бағы.

Көкшетау ұлттық бағының табиғаты

Көкшетау мемлекеттік ұлттық табиғи бағы таулы-орман ландшафтысы мен бірегей табиғи нысаналарды қорғау, саяхатты дамыту және халық демалысын реттеу мақсатында 1996 жылы құрылды. Жер көлемі 134 мың га, ол Ақмола облысы Зеренді ауданы және Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында орналасқан. Ұлттық бақ территориясы Қазақ шоқыларының солтүстік-батыс бөлігіндегі Көкшетау қыратының бірқатар шағын тау сілемдерін алып жатыр. Сондай-ақ оның айналасында Зеренді, Имантау, Шалқар және басқа да әдемі көлдер көп.Орман бірлестіктерінде 800 өсімдік түрі бар. Негізгі ағаш – қарағай, қайың және көктерек. Бұталардан арша, таңқурай, итмұрын, долана, қарақат кездеседі.

Таңқурай Бүйіргүл Бүлдірген

Омыртқалы жануарлар фаунасында 283 түр бар. Тұяқты жануарлардан сібір елігі, бұлан, доңыз мекендейді. Жыртқыштардан қасқыр түлкі, қарсақ, борсық, ақкіс, сасық күзен, сілеусін кездеседі. Кеміргіштерден ақтиін, саршұнақ, қосаяқ, аламан, тоқалтістер бар. Қазақстан Қызыл кітабына орман сусары енгізілген. Құстардан көп кездесетіндері ақтұмсық қарға, ала қарға, түз жауторғайы, күйкентай болып табылады. Жыртқыш құстардан бөктергі, жағалтай, ителгі, жамансары бар. Көлдерде үйректер, қаздар, аққулар, сұқсыр үйректер, ал олардың жағаларында құтандар, шалшықшылар кездеседі.

Үлкен сұқсыр үйрек Кәдімгі зымыран Ақ маңдай қаз

Ұлттық бақ жерінде және оның маңында демалыс үйлері, санаторий, саяхат орындары ашылған, мұнда жылына көптеген демалушылар келеді. Келушілер арасында Зеренді, Имантау, Шалқар көлдері,және басқа да көзге түсетін жерлер үлкен сұраныста болып отыр.



8.Шарын ұлттық бағы.

Шарын ұлттық бағының табиғаты

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи бағы 2004 жылы Алматы облысының Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандары шекарасында шарын өзені аңғарында құрылды. Жер көлемі 93 мың га.Оған Үлкен Бөгеті аласа тауы мен Сөгеті аңғарларының шекаралас жатқан шөлді жерлері, каньон тәрізді аңғар мен өзеннің қатпарлы атырауы, сонымен қатар аңғарлардың жоғарғы бөлігіндегі далалар мен Торайғыр тауы беткейлері кіреді. Шарын ұлттық бағында биологиялық алуантүрлілік жоғарғы дәрежеде. Мұнда қазіргі флораның ежелгі түрлерінің бірі – соғды шағаны басым, айрауық, қасқыржем, сонымен қатар сирек кездесетін қызылкітаптық түрлер – іле бөріқарақаты мен іле үшқаты өседі.

Соғды шағаны Тікенді бозтікен Тікенді шырмауығы

Ұлттық бақтың жануарлар әлемі өте бай. Мұнда сүтқоректілердің 36 түрі кездеседі. Қазақстан Қызыл кітабына 5 түр: қарақұйрық, тас сусары, шұбар күзен, сабаншы және орта азия өзен құндызы енгізілген. Құстар әлемі алуан түрлі, 200-ден астам түрі бар, оның 111 түрі ұялайды. Мұнда Қызыл кітапқа енгізілген жыртқыштар: бүркіт, құмай, сақалтай, жыланшы, жұртшы, ителгі, қарақұс пен бақалтақ қыран мекендейді. Бақта бауырымен жорғалаушылардың 18 түрі бар.

Тілеміш Қылқұйрық бұлдырық Сарыазбан

Ұлттық бақ жерінде жоғары сұлулық қоры және едәуір демалу қоры бар. Бұл мекеменің мақсаты – тек бірегей табиғат бірлестігін қорғау ғана емес, сонымен қатар кейбір сирек кездесетін түрлердің санын қалпына келтіру. Мысалы, Ақтоғай мекені тоғай ақмаралы тобын қалпына келтіруге қолайлы, бұл түр Қазақстан Қызыл кітабы мен табиғатты қорғаудың Халықаралық Қызыл кітабына енгізілген. Ақсай елді мекеніне жақын жердегі аңғар сирек кездесетін құстар – жекдуадақ пен ителгіні өсіру үшін өте қолайлы.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!