Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қазақстандағы үш тілділік пен латын әліпбиі – заман талабы.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстандағы үш тілділік пен латын әліпбиі – заман талабы.
Шет тілі пән оқытушысы Исабаева Сусар Әділханқызы
Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылы Оңтүстік Қазақстан индустриялды- инновациялық колледжі
Email:ukiik@mail.ru
Түйін
Баяндамада қазіргі тандағы Қазақстандағы ең өзекті мәселері қозғалып отыр. Мемлекет басшысы жаһандану жөнінде мәселе көтерген болатын.Бұл үшін халықаралық қатынас тілі болып жүрген ағылшын тілін үйренуге жастарымызды жатпай-тұрмай баулуымыз керек. Сонымен қатар Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады.
Резюме
Доклад посвящен наиболее актуальным вопросам
современного Казахстана. Глава государства поднял вопрос о
глобализации, поэтому мы должны иметь возможность изучать
английский язык, который является языком международного общения. В
то же время переход к латинскому алфавиту освобождает сознание
нашей нации, позволяет нам интегрироваться с тюркским и глобальным
миром, вернуться к нашему старому алфавиту и возродить наше
национальное самосознание
Summary
This report is devoted to the most pressing issues of modern Kazakhstan. The head of state raised the issue of globalization, so we should be able to learn English, which is the language of international communication. At the same time, the transition to the Latin alphabet frees the consciousness of our nation, allows us to integrate with the Turkic and global world, return to our old alphabet and revive our national identity
Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Бүгінгі заманымызда бізден бәсекеге қабілетті болуымызды, дамыған отыз елдің қатарынан көрінуіміз үшін білімді де озық ойлы азаматтарды тәрбиелеуімізді талап етеді.
Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, өз халқы мен басқа халықтардың дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау керек. Ал, ана тілін жақсы білмейінше, сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың. Әлемдегі жоғары дамыған елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз- өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы тілдердің үш тұғырлығы туралы ойды алғаш рет 2006 жылы Қазақстан халқының Ассемблеясында айтқан. 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында Елбасы «Тілдердің үштұғырлығы» «Триединство языков» мәдени жобасын кезендеп іске асыруды ұсынды. Қазақстан халқының рухани дамуымен қатар, бұл жоба ішкі саясаттың жеке бір бағыты болды.«Әлемде Қазақстан халқы үш тілді білетін, жоғары білімді ел ретінде танылуы керек.Тілдердің үштұғырлығы идеясында Елбасы оған нақты анықтамасын берген, қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі –жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Елбасының 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты жолдауында 2020 жылға дейінгі еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуының нақты жоспарын айқындап берді. Президентіміз тек экономиканы ғана емес, сонымен қатар ғылым мен білім, денсаулық сақтау салаларын барынша дамытуға көп көңіл бөлгендігін ерекше атап өтті.
Елбасы 2015 жылы өткен Қазақстан Халқы Ассамблеясының XXII-ші сессиясында қазақ тілін білуге құштарлықтары артқан еліміздің барлық ұлттарына алғысын білдіріп, алдағы уақытта барлық тілдерді дамуы маңызды екенін айтқан.Н.Назарбаев білім және ғылым министрлігі мен мәдениет және спорт министрлігіне бірлесіп «Үш тілде білім беруді дамыту жол картасын» дайындауды тапсырған болатын. Онда Мемлекет басшысы «үш тілді білу ойдан шығарылған дүние емес, бұл қажеттілік»,-деген еді.
Үштұғырлы тіл өмірдің қажеттілігі. Бұл бүгінгі елдің тыныс-тіршілігін айқындайды және жалпыға ортақ қалыпты болып саналады. Үш тілді қатар меңгеру бәсекеге қабілетті ел азаматының міндеті. Қазақстанның білікті, білімді әр азаматын ғаламдық ақпараттар мен инновациялық ағынына ілесу ағылшын тілін үйренуге жетелейді.
«Қазақстандықтардың 20%-ы ағылшын тілін меңгеріп үлгерген, яғни, үштілділік – бұл жаһандық өмірге жолдама, бұл жетістік қағидасы.
Бағдарламалық құжатта 2015-2020 жылдарға 7 стратегиялық бағыт қарастырылған: заңнамалық базаны құру, үш тілде білім беру мәселелері бойынша ғылыми қызмет, үш тілде білім беруді әдістемелік қамтамасыз ету, мамандарды дайындау және білімді жоғарылату, үш тілде білім беруді институционалды қолдау, үш тілде білім беруді ақпараттық қолдау, сонымен қатар білімді қаржыландыру.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Нұр Отан партиясының 18 съезінде мектептерде үш тілде білім беру мәселесіне тоқталып өткен. Яғни мектеп оқытушылары жаппай ағылшын тілін үйрену ұйымдастырылған болатын. Сол орайда Қазақстанда 11 ұстаздың орта мектептерде физика, химия, биология және информатика пәндері ағылшын тілінде үйретілді. Бұл мұғалімдер алдымен 3 айлық, содан соң 8 айлық арнайы тіл курстарында білім алды.Сонымен қатар педагог мамандардың университет қабырғасында жүріп ағылшын тілін үйренуге мүмкіндіктер жасалуда.2016 жылы алғаш рет ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдерді дайындауға мемлекет тарапынан тапсырыс берілді.Алғашқы 1200 жуық түлек 2020 жылы бітіреді. Білім мен ғылым министрлігінің деректеріне қарағанда, 2018 жылдың 1қыркүйегінде елдегі оқушылыр саны 3млн нан асқан. Үш тілде оқыту басталғалы бері ағылшын тілінде дәріс беруді бастап кеткен мектептер саны күрт өскен.Кейбір деректерге қарағанда, Қазақстанда 7мың 393 мектеп болса, 2018-2019 оқу жылында оның 3372 і ағылшын тілінде оқытуды бастапты. ?
Ағылшын тілі - әлемдік бизнес тілі, оны меңгеру – жастарға әлем танудың бірден бір жолы болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі. «Ақпараттық технология дамыған қазіргі дәуірде күн сайын ағылшын тілі дүние жүзі халықтарының тілдеріне батыл ену үстінде. Бұл үдерістен біз де тыс қалмауымыз керек» Ағылшын тілі – бүгінгі заманымыздың кілті, ақпараттық технологияның, компьютер технологиясының кілті деуге болады.Бүгінгі әлемде мыңдаған адамдар шетел тілін, соның ішінде ағылшын тілін жұмыста немесе оқуда пайдаланады және ана тілі ретінде меңгереді.
Ағылшын тілін оқып–үйренемін деушілердің саны күннен–күнге көбеюде.Бұл сайып келгенде, шет тілін, соның ішінде ағылшын тілін мектеп қабырғасынан бастап жоғары оқу орындарында оқыту әдістемесінің жаңа бетбұрыстарды қажет екендігін тудырады. Қазіргі уақытта, ағылшын тілін меңгерудің талабы жоғары болғандықтан, ағылшын тілін тереңдетіп үйренуге арналған арнайы мектептер, гимназиялар, колледждер көптеп ашылуда.
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ МӘСЕЛЕСІ
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды. Сондай-ақ, Елбасымыз өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» – деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап өтті.
Осы орайда латын графикасы негізінде қазақтың ұлттық жазуын қалыптастыру мәселесінің сөз болып жүргеніне де жеті жылдан астам уақыт өтіпті. Қазақтың ұлтжанды азаматтары мен зиялы қауымы дәл бүгінге дейін әліпби жөнінде жиырмадан астам жоба үлгілерін ұсынып, баспа бетінде жариялап та үлгерді. Мұның бәрі осынау бір игілікті істің қазақ топырағында да жүзеге асырылуына қалың жұрттың белсене атсалысуын көрсетеді.
Шындығында, жазу сызуға реформа жасау әр елде, әр замандада болған. Әсіресе, қоғамның әлемдік өркениетке, бүкіл дүниежүзілік қауымдастыққа байыпты бетбұрыс жасаған өтпелі кезеңінде бұл мәселенің бірінші кезекке шығатыны тарихтан белгілі.Сондықтан басқа түркі елдерінде басталып кеткен бұл қоғамдық үдерістен қазақтардыңда сырт қалуы мүмкін емес болатын.Бұл еріккеннің ермегі емес, өмір талабы, болашағы жарқын өркениетті ел болудың алғышарттарының бірі.
Келесі жылдан бастап "нөлевойлар" сабақтарын латынмен оқуы мүмкін
Бұл туралы 2018 жылдың 18 қаңтар күні Білім және ғылым министрі Ерлан
Сағадиев мәлімдеді. Ол: – Нөлінші сыныптан бастау мәселесі мұғалімдермен талқыланып жатыр. Оқулықтар дайындалып болған соң, сараптамаға ұсынылатын болады. Біздің ойымызша, нөлінші сыныпты бірден латын әліпбиінен бастап кету керек. Себебі, 400 мыңға жуық балаға оқулықтарды кирилл әрпімен басып шығарып, бірер жылдың ішінде оны тағы латынға көшіріп басу мүмкін емес, ол көп қаржыны қажет етеді, – деген болатын.
– Төрт топ Премьер-министрдің төрағалығымен өтетін ұлттық комиссияға қарайды. Оларға жұмыстарымызды көрсетіп, ұсыныстарымызды айтып отырамыз. Комиссия бірнеше ай жұмыс істеп, бес айдың ішінде соңғы нақты шешімін шығарады. Сөйтіп жаздың басында латынға көше бастаймыз. Уақыт тығыз болғандықтан, дайындалған жаңа оқулықтар сараптамадан өтпесе, біз нөлінші сыныпты латын әліпбиінде оқытуды келер жылы пилоттық жоба ретінде бастаймыз. Мұндай жағдайда толықтай 2020 жылы енгізілетін болады, – деді министр.
Осы орайда ауыр жүк артылып отырған мұғалімдер мен тәрбиеші-ұстаздардың бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеудегі еңбегі зор.Бүгінде осы үштілділікті қолдау, қолдану мақсатында біз, мұғалімдер өз үлесімізді қосуға, оқушыларға аталған жаңа талаптарға сай білім беруге бір кісідей ат салысамыз. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»,-деп қазақ ақындары жырлағандай, өз тілінде еркін сөйлеп, өз тілін құрметтейтін тұлғаны баулысақ, өзге тілді қадірлейтін тұлғаны баулитынымызға көз жеткіземіз.
Қазақстан президенті Қасым Жомарт Тоқаев республикалық Егемен Қазақстан газетіне берген сұхбатында бірқатар маңызды мәселелерге тоқталды.Сонын ішінде бүгінде Қазақстан халқы замана көшінен қалмай, латын графикасына негізделген әліпбиді таңдауға бел буып отырғанын айтты.Бұл қоғамдық ой мен санаға түпкілікті өзгеріс жасайтын қадам. Латын әліпбиіне көшу кезең кезеңімен жалғаса береді.Нақты белгіленген кесте бойынша, жүйеден ауытқымай, әліпбиді қолдану барысындағы артықшылықтар мен олқылықтар ескеріледі деді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2007-шы жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауындадағы «Үштілділік» жобасы. «www.strategy2050.kz» сайтынан алынды.
2. «Оңтүстік Қазақстан» атты Түркістан облыстық қоғамдық саяси газеті. Қазақстан президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың республикалық Егемен Қазақстан газетіне берген сұхбатынан. 2019 жыл Сәуір. Шымкент қаласы.
3. Тәуелсіз Қазақстан Республикалық қоғамдық саяси, ақпараттық басылымы.2018 жыл Желтоқсан. Шымкент қаласы.
4. Егемен Қазақстан газеті.2019 жыл Наурыз. Шымкент қаласы.
5. Біршама мәліметтер «e-history.kz» сайтынан алынды.
6. Оқулық «Ғылымдағы ғұмыр» мақалалар, баяндамалар жинағы 2 том Әбдуәли Қайдар Алматы «Сардар» баспа үйі 2014жыл