Қазақстанның ауыл шаруашылығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстанның ауыл шаруашылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдер мен оқушыларға көмекші құрал ретінде пайдалануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Қазақстандағы АӨК кешеннің құрылу кезеңі 1980 жылдардың соңына сәйкес келеді.

Мелиорация ( лат. мелиоратио - жақсарту) ауыл шаруашылығана пайдалану үшін жерді құрғату мен суландыру шаралары.

ҚР жалпы жер қоры – 272,5 млн га, оның 94,5 млн га ауыл шаруашылығына жарамды жерді құрайды.

Ауыл шаруашылық өнімдерін алу үшін пайдаланатын жер бөлігі ауыл шаруашылығына жарамды жер деп аталады. Оның құрамына жайылым, егістікке жарамды жер мен шабындық жер кіреді.

Жайылым дегеніміз – мал жайылымы үшін пайдаланылатын, ірі қара мал жаюға қолайлы ауыл шаруашылығына жарамды жердің бір бөлігі.

Егістік жер дегеніміз – көп жылғы шөптесін және ауыспалы мәдени дақылдарды егуге жарамды жер.

Шабындық жер – шөп үшін жүйелі түрде пайдаланылатын жер.

Ауыл шаруашылығының негізгі салалары өсімдік және мал шаруашылығы болып екіге бөлінеді.

ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Елімізде өсімдік шаруашылығы басым, оның үлесіне ауылшаруашылық өнімдердің 50,7 % тиеілі.

Жалпы егістік жерлер солтүстік, солтүстік батыс, шығыс аймақтарды, және оңтүстікке тау етектеріндегі игерілген аумақты алып жатыр. Ондағы а.ш жарамды жердің 24 млн га (10,8 %) егістік, 5 млн га (2,2%), шабындық. 189 млн га (85%) жайылым құрайды.

Өсімдік шаруашылығы дәнді дақылдар, техникалық, жемшөптік, бау бақша дақылдары болып бөлінеді.

Дәнді дақылдар республика егіншілігінің басты саласы.

Дәнді дақылдарға бидай, арпа, сұлы, жүгері, тары, күріш, қарақұмық жатады.

Дәнді дақылдар екіге бөлінеді.

  1. Азық түліктік (бидай, күріш, тары, қарақұмық)

  2. Жемшөптік (жүгері, арпа, сұлы)

Еліміздегі негізгі астық дақылы бидай. Бидайдың өсіп өнуі үшін топырақ пен жылудың маңызы зор. Біздің елімізде бидайдың екі түрі бар. Жаздық бидай, күздік бидай

Жаздық бидай ылғалды көп қажет етеді. Ол қара және қызыл топырақта жақсы өседі, оны көктемде себеді. Ол өте бағалы азық түліктер қатарына жатады. Қоректік сапасы жоғары, нәруызға, майға, крахмалға бай. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Батыс қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары жаздық бидай өсіретін аудан.

Күздік бидай оның дәнінен жоғары сортты ұн, макарон және жарма алынады.

Республикамыздың шығыс, орталық, солтүстігінің қары қалың, топырағы құнарлы әрі жұмсақ тау бөктерінде күздік бидай мен күздік қара бидай өсіріледі.

Тары құрғақшылыққа төзімді жарма дақылы. Ол азық түліктік және малазықтық мақсатта өсіріледі. Қара топырақтың тыңжне тыңайған жерлерінде Ақтөбе, Ақмоло, Павлодар облыстарында өседі.

Жүгері жылусүйгіш дақыл, құрғақшылыққа төзімді, сазды қара және қоңыр топырақта жақсы өседі. Оның дәнінен крахмал, сірне, спирт, май, қағаз. Консервілер дайындалады.

Жүгері, арпа, сұлы егістіктері Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола облыстарында кездеседі.

Арпа азықтүліктік, малазықтық, техникалық мақсатта өсіріледі. Арпа мал шаруашылығында жылқы және шошқа үшін құнарлы азық.

Сұлы жемшөптік дақылдар қатарына жатады. Ол жылқы менжас төлдер үшінаса бағалы жем болып табылады.

Қарақұмық суды аз қажет ететін жарма дақылы. Павлодар облысы, Оңтүстік Алтайда алқаптарда өсіріледі.
Күріш негізгі астық дақылдарының бірі. Жылу және ылғалсүйгіш дақыл топырақ талғамайды. Ол Қызылорда облысының Сырдария өзені аңғарында, Алматы облысында Іле өзені аңғарында өсіріледі.

Күріш сабанынан сапалы қағаз, жұқа және берік темекі орайтын қағаз жасалады.

Техникалық дақылдарға шитті мақта, қант қызылшасы, темекі, зығыр жатады.

Шитті мақта бағалы талшықты дақыл. Мақта еліміздің оңтүстік аймақтарында кездеседі. Мақтаарал, Келес, Арыс өзендерінің аңғары және Түркістан мен Шымкент қалаларының маңындағы аумақты алып жатыр. Мақтаның штінен май алады.

Қант қызылшасы ылғал әрі жылусүйгіш дақыл, құнарлы топырақты қажет ететін дақыл. Негізгі егістік алқаптары Асы, Талас, Шу, Қаратал өзендерінің аңғарларын Қырғыз, Іле, Жетісу Алатауы бөліктерін алып жатыр. Жамбыл, Алматы облыстарықант шаруашылығына маманданған.

Күнбағыс өте бағалы майлы дақыл. Ертіс өзенінің аңғарын Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарын алып жатыр.

Бау бақша дақылдары республикамыздың оңтүстігінде кеңінен таралған. Бау бақша дақылдарының тез пісетін және суыққа төзімді түрлері Орталық Қазақстан мен Солтүстік Қазақстанда, Алтайда, Заайсан қазаншұңқырында, Жайықтың төменгі сағасында өсіріледі.

Қарбыз Шу өзенінің аңғарында, Семей, Алматы.

Қауын Сырдарияның төменгі ағысында, қызылорда мен Қазалы.

Жүзім шаруашылығы ОҚО, Жамбыл облыстары, Арыс, Сырдария өзенінің төменгі сағасында, Іле, Жетісу Алатауы бөліктерінде орналасқан.

Жемшөптік дақылдар мал шаруашылығында азықпен қамтамасыз ету мақсатында өсіріледі. Оған шөптесін өсімдіктер, жоңышқалар т.б. жатады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.00.2019
1294
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі