Қауымдастық
Жаңа
ЖИ көмекші
Жаңа
Хабарламалар
Менің курстарым
Менің олимпиадаларым
Дайын ҚМЖ
Менің материалдарым
Менің іс-шараларым
Менің байқауларым
Менің турнирлерлерім
Журнал
Курс Олимпиада Дайын ҚМЖ ЖИ көмекші Материалдар
Аттестация Іс-шаралар Байқау Турнир Орталық туралы
Материалдар Журнал Көпшілік талқылауына арналған
білім беру бағдарламаларының белсенді жобалары
Орталық туралы
ЖИ көмекші
Қауымдастық
0 / 1
Барлық 400 000 материалдарды тегін жүктеу үшін
Ұнаған тарифті таңдаңыз
Айлық
Жылдық
1 - күндік
Танысу
690 ₸ / 1 күнге
Таңдау
UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б.
  • 10 материал жасау
  • Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін
  • 30 материал жүктеу
  • Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
  • шексіз
  • Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу
  • 5 файлды тегін жүктеу
  • Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
    1 - айлық
    Стандарт
    2990 ₸ / айына
    UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау
  • 30 материал жасау
  • Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін
  • 900 материал жүктеу
  • Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
  • шексіз
  • Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу
  • 150 файлды тегін жүктеу
  • Жинақталған ҚМЖ бөлімінде
  • 10 файлды тегін жүктеу
  • Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
    Іс-шаралар (мини-курстар, семинарлар, конференциялар)
  • тегін қатысу
  • 1 - айлық
    Шебер
    7990 ₸ / айына
    Таңдау
    UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау
  • 150 материал жасау
  • Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін
  • 900 материал жүктеу
  • Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
  • шексіз
  • Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу
  • 300 файлды тегін жүктеу
  • Жинақталған ҚМЖ бөлімінде
  • 50 файлды тегін жүктеу
  • Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
    Іс-шаралар (мини-курстар, семинарлар, конференциялар)
  • тегін қатысу
  • Назар аударыңыз!
    Сіз барлық мүмкіндікті қолдандыңыз.
    Қалған материалдарды ертең жүктей аласыз.
    Ок
    Материалдың қысқаша нұсқасы

    абқ № 060

    Пәні: Қазақстанның физикалық географиясы

    Пән мұғалімі:

    Сабақтың тақырыбы:

    Қазақстанның экологиялық проблемалары

    Оқу мақсаты:

    • Қазақстанның экологиялық проблемалары, олардың туындау себептері туралы мағлұмат бере отырып, жеке және жұптық жұмыс негізінде сыни қөзқарастар қалыптастыру;

    Сабақтың нәтижесінде:

    • Экологиялық проблемалар туралы жалпы мағлұмат алады;

    • Экологиялық проблемалардың туындау себебін түсіне алады;

    • Проблемаларды шешу жолдарын тауып ұсына алады.

    • Тақырып ұғымын біледі, түсінеді, тапсырмалар орындай алады

    Сабақтың мақсаты:

    • Барлығы

    • Қазақстанның экологиялық аймақты өңірлерін біліп таниды;

    • Қазақстанның экологиялы аймақтарын картадан көрсетіп, кескін картаға белгілей алады;

    • Басым көпшілігі

    • Ғаламдық экологиялық проблемаларды, ұлттық экологиялық проблемалар мен жергілікті экологиялық проблемаларды біледі;

    • Каспий және Арал теңізінің экологиялық проблемасы мен Балқаш проблемасын біледі;

    • Адам әрекеті нәтижесіндегі табиғи кешендердің өзгеру себебін анықтап, зерттеу жүргізе алады;

    • Қоршаған орта туралы ой қорытындылай алады;

    • Жаңа тақырыпқа байланысты тапсырмаларды орындай алады;

    • Экологиялық жақсы және нашар аудандарды салыстыра алады.

    Сабақтың типі:

    • Индуктивті (жекеден жалпыға)

    Сабақтың түрі:

    • Теориялық, практикалық білім беру.

    Сабақтың әдістері:

    • СТО, Өзін-өзі бағалау, сұрақтар шеңбері

    • Венн диаграммасы, серпілген сауал

    Сабақтың пән аралық байланысы:

    • Экология, биология, химия, математика, сызу, әдебиет, философия.

    Сабақта қолданылатын материалдар:

    • Стикер, суреттер, смайликтер, жетондар, плакаттар, үлестірмелік қағаздар, мм-ка парағы А-3, карандаш, өшіргіш, сызғыш.

    Сілтеме:

    • География ҰБТ-ға дайындық оқулық тесті, Алматы, 2011 жыл, Сұрақ-жауап, Ш.Айтақынова, География – Муратов Н.Б, Ширманова Ж.Т, Оңалбеков Е.О, интернет ресурстары.

    Сабақтың жоспары:

    • І кезең. Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындау.

    • ІІ кезең. Үй тапсырмасын сұрау, дәптерлерін тексеру.

    • ІІІ кезең. Негізгі бөлім. Жаңа сабақты түсіндіру. Тақырыбы:. Қазақстанның экологиялық проблемалары.

    • ІVкезең. Атлас, кескін карталармен жұмыс.

    • V кезең. Жаңа сабақ тақырыбына орай, жаңа сөздерге аударма жасау.

    • VІ кезең жұмыс дәптерімен жұмыс түрі.

    • VІІ кезең. Тест: Экология және мен (ауызша сергіту сәті ретінде)

    • VІІІ кезең. Экологиялық есептер.

    • ІХ кезең. Жаңа сабақ тақырыбына байланысты оқушылардан тест жұмысын алу.

    • Х кезең. Қорытынды бөлім. Сабаққа белсене қатысып отырған оқушыларды бағалау.

    • ХІ кезең. Сабаққа кері байланыс беру.

    Сабақтың барысы:

    І кезең. Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындау.

    ІІ кезең. Үй тапсырмасын сұрау, дәптерлерін тексеруСұрақтар:

    1.Адам экологиясы қай кезден бастап зерттеле бастады ?

    2.Қазақстанның қай жерінде радиоактивті ластану байқалады ?

    3.Экологиялық нашар аудандарға қандай шаруашылық түрі дамыған жерлер кіреді?

    4.Экологиялық проблемаларды шешуге бола ма?

    Берілген сұрақтарға ойланып жауап береді.

    Оқушылардың берген жауаптарын бағалайды.

    ІІІ кезең. Негізгі бөлім. Жаңа сабақты түсіндіру. Тақырыбы: Қазақстанның экологиялық проблемалары.

    • Экологиялық проблема дегеніміз не?

    • Экологиялық проблемалардың туындауына қандай себептер әсер етеді деп ойлайсың?

    • Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмыстары неліктен кеш қолға алынды?

    • Медициналық география нені зерттейді? Экологиялық жағдайдың адам денсаулығына әсеріне болжам жасау.

    • Қала мен дала экологиясының айырмашылығы бар ма?

    • Радиоактивті ластанудың денсаулыққа зияны бар ма? Радиоактивті ластанған жерлер туралы не айта аласыңдар?

    • Республика жерін қанша экологиялық аудандарға топтастыруға болады? Экологиялық проблемаларды шешу жолдарын айтыңдар.

    Бейнебаян көру. Тақырыбы: «ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ» (оқушылармен ой бөлісу).

    Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі.

    Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріне кері әсер ететін озық ғылыми-техниканың тікелей қатысы жоқ. Ол өзгерістерге кінәлы прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен топыраққа минералды тыңайткыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірумен бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. Ірі бөгендер салуда аумақтың табиғат ерекшеліктерін ескермеу мезгілсіз батпақтануға, топырак, өсімдік жамылғысы мен сол жердің микроклиматының өзгеруіне әкеп соғады. Қазіргі кезде антропогендік ландшафтар басым. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бірі – мелиорация. Мелиорация жердің жағдайын жақсарту мен оны пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы болып табылады. Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы қажет. Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаларын есепке ала отырып Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі проблемалары және қоршаған ортасының жағдайына ғаламдық, ұлттық және жергілікті деңгейде қаралуын қарастырады.

    Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы (деградация) жатады. Ұлттық экологиялық проблемалареа экологиялық апатты аймақтар; Каспий теңізі қайраңы ресурстарын белсенді игерумен байланысты проблемалар; тарихи ластану; трансшекаралық мәселелер; әскери ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондарының әсерін жатқызуға болады. Жергілікті экологиялық проблемаларға ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жаткызуға болады. Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет ететін проблемалар бар.

    Shape1

    Семей полигоны Қазақстан картасында

    Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті.

    Қазақстандағы сансыз ядролық зерттеулердің салдарлары әлі де толық зерттелген жоқ. Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтың басшылығымен Невада—Семей экологиялық қозғалысы Семей ядролық полигонында сынақтар өткізуге толық тыйым салды. Бұл қозғалысқа Қазақстанның көптеген халқы кеңінен қатысты. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев республикада ядролық сынақтар өткізуге мораторий жариялады. (Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығына 1991 жылы тамыздың 29-да қол қойылды.) Соңғы сынақтардан бері он жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, Семей ядролық полигонының белдемі күні бүгінге дейін экологиялық кауіпті аудан болып есептеледі. Өйткені онда ұзақ сақталатын радиоактивті заттар жинақталған. Полигон аймағында күні бүгінге дейін топырақ және өсімдіктер ластанған. Қазақстан Үкіметі Семей ядролық полигонымен шектесіп жатқан аудандар аймағындағы экологиялық жағдайды жеңілдету жөнінде бірқатар шұғыл шаралар қабылдады. АҚШ пен Жапония үкіметтері Семей ядролық полигоны аймағында экологиялық зерттеулерді жүргізуге елеулі қаржылық көмек көрсетуде. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. 1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді. Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды. Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін. Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу құралдары орналастырылған жай ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан сұмдық әскери-техникалық әлует қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір «мемлекет ішіндегі мемлекет» еді. КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде Қазақстан толық әскери ядролық циклды: ядролық қаруды сынау, жаңғырту және өндіру циклын жүзеге асыру мүмкіндігі алды.

    Семейдегі атом полигонының жабылуы.

    Бір кездері ядролық полигон нақ Семей жерінде неге құрылды деген сұрақтың жауабын іздегенде сол кезде бұл өңір Кеңес Одағының адам ең аз қоныстанған, сонымен бірге негізгі коммуникация жерлерінен оншалықты қашық емес деген сөздер шыққан. 1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды.

    Аралдың экологиялық проблемасы

    Shape2

    Арал теңізі деңгейінің төмендеуі (1960-2010 жж.)

    Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген. Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км² жетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң-тозаң ұшады. Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 гектар тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды. Теңіз суының тартылуынан мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды. Бұл өзгерістер өз кезегінде сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді. Аралды сақтап қалуға арналған Халықаралық қордың құрылғанына 15 жыл толды. Осы жылдар аралығында аткарылған жұмыстар аз емес. Аралды қалпына келтіру үшін көптеген іс-шаралар қаралып, жобалар жасалды. Кіші аралдың оңтүстігіне ұзындығы 12 км болатын Көкарал бөгені салынды. Соның салдарынан Кіші Аралдың (Солтүстік) деңгейі 42 метрге, аумағы 800 шаршы километрге ұлғайды. Суы тартылып қалған тұзды көлдің табанын жауып, көлге тіршіліктің нышаны енді. Ғалымдардың айтуынша Аралдан ұшқан тұзды дауылдың бір ұшы Гренландия мұздықтары мен Норвегияның орманды алқабына да жеткенін дәлелдеген еді.

    Балқаш проблемасы.

    Балқаш көлі алабында да қүрделі экологиялық жағдай қалыптасып отыр. 1970 жылы Балқашқа құятын Іле өзенінде Қапшағай бөгені мен су электр станциясының (СЭС) салынуы Іле-Балқаш су шаруашылығы кешенінде бетбұрыс кезең болды. Іле өзенінің гидрологиялық режимі өзгеріп, жалпы Іле-Балқаш алабындағы экологиялық жағдай өзгере бастады. Қапшағай су торабын жобалау кезінде Іле өзенінің атырауындағы табиғат кешенінің жағдайы ескерілмеді. Соның нәтижесінде онда тіршілік ететін жануар дүниесіне (ондатр, балық, т.б.) және ауыл шаруашылығына көп зиян келеді. Ақдала алқабын суландырып, күріш егу жобасы да толық жүзеге аспай қалды. Қыруар қаржы текке жұмсалды. Іле өзенінің атырауы кеуіп, оның кері әсері Балқаш көліне тиді. Суармалы алқаптардың көлемінің есепсіз кеңейтілуі, төменгі Іле қоңыр көмір кен орнын игеруді бастау көлдің болашағы үшін қауіпті. Болжау бойынша, XXI ғасырдың басында, көлдің батыс бөлігінің мүлде кеуіп, шығысының тұзды шалшыққа айналуы мүмкін. Бұл өз кезегінде Балқаш маңындағы ландшафтылар мен экологиялық жағдайларды түбірімен өзгертіп, тіршіліксіз шөлге айналдырады. Көл деңгейінің төмендеуі оның суының шамадан тыс минералдануына әкеп соғуда. Бұл, бір жағынан, егістік далалардан көлге қайта келіп құятын су құрамында әр түрлі тұздардың көп болуына байланысты. Сонымен қатар алаптағы өзгерістер Балқаш маңы аймағының климат жағдайларына да әсерін тигізеді. Су айдынының тәуліктік температураны, ауа ылғалдылығын реттеуші ретіндегі әсері өз күшін жояды. Ғалымдардың болжауынша, Балқаштың тартылуы Батыс Сібір мен Қазақстандағы географиялық зоналардың шекараларын өзгертуі мүмкін.

    Үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында қоршаған ортаның ластануы.

    Ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он есе артық. Ең ауыр жағдай Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан. Осы қалаларда лас заттардың концентрациясы жыл бойынша белгіленген мөлшерден 5-10 есе артады. Ауа кеңістігінің ластануы пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда да байқалады. Атмосфераның ластануы Байқоңыр космодромында ғарыш кемелерін ұшыру кезінде де байқалады. Өнеркәсіпті аудандарда ауа кеңістігінің ластануымен катар ластану сол жердегі су көздерін қамтиды. Сырдария өзені ағысының 35-40%-ы өндіріс орындарының қалдық суларынан тұрады. Өзен суында дизентерия, паратиф, гепатит, сүзек ауруы қоздырғыштары мен өте қатерлі гексахлоран ДДТ кездеседі. Өнеркәсіп орындарының ластаушы заттарына жер игеру нотижесінде пайда болған масштабы химиялық ластанудың көлемдері ұлғаюда. Өсімдік жамылғысын қорғайтын әр түрлі химиялық заттар, дефолианттар, пестицидтер, мөлшерден артық қолданған тыңайтқыштар, тек қана қоршаған ортаны емес, тамақ өнімдерін де ластауда.

    Семей ядролық полигонында да экологиялық апатты аймақ қалыптасып отыр. 1948-1964 жылдар аралығында Семей полигонында жер бетінде ядролық сынақтар жүргізілді, ал 1964-1989 ж. аралығында жер асты сынақтары жүргізілді. Ядролық қару-жарақтарды сынау аймақтың табиғи ортасына және халықтың денсаулығына кері әсерін тигізді. Республика көлемінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстар жоспарлы түрде іске асуда. Олар: жер қойнауын тиімді пайдалану (минералды шикізаттарды кешенді пайдалану, игерілген жерді рекультивациялау және көгалдандыру).

    ІVкезең. Атлас, кескін карталармен жұмыс.

    • Қазақстанның картасынан экологиялы апатты аймақтарды табу және кескін картаға түсіру.

    • Оқушылардың гугл картадан экологиялы аймақтарды көрсетіп, мәліметтер беруі.

    V кезең. Жаңа сабақ тақырыбына орай, жаңа сөздерге аударма жасау.

    • Ғаламдық экологиялық проблемалар

    • Ұлттық экологиялық проблемалар

    • Жергілікті экологиялық проблемалар

    • Кіші Арал

    • Үлкен Арал

    • Балқаш проблемасы

    • Қоршаған ортаның ластануы

    VІ кезең. жұмыс түрі.

    • 1 -тапсырма. «Табиғатты қорғау» дегеніміз не?

    • 2–тапсырма. Қазақстанда экологиялық жағдай нашарлаған жерлерді білесің бе? Себебің түсіндіріңдер.

    VІІ кезең. Тест: Экология және мен (ауызша сергіту сәті ретінде)

    • Сіз тісіңізді жуып тұрсыз. Сол уақытта шамамен қанша литр суды босқа ағызасыз?

    А. Бір литр

    Ә. Екі литр

    Б. Бес литр

    • Сіздің отбасы мүшелері газетті оқып болды. Ары қарайғы сіздің әрекетіңіз?

    А. Бірінші мүмкіндікте лақтырып тастау

    Ә. Газеттерді қағаз жинайтын жерге тапсырып, сөйтіп жергілікті бөлім Жасыл әлем

    ұйымынан алғыс алу.

    Б. Бұл менің жұмысым емес.

    • Сіздің әке шешеңіздің машинасы өте ластанған. Не істейсіз?

    А. Ата анамен бірге машина жуатын жерге барып жуасыз.

    Ә. Таныс балдарға жудыру.

    Б. Машинаны жақын жердегі көгалдың ортасын қойып, өзіңіз тазартуға кірісесіз.

    • Түсте сіз жолдастарыңызға баруыңыз керек. Не істейсіз?

    А. Әкеңізге апарып таста деп өтініш жасайсыз.

    Ә. Аяғыңызға ролик киіп, өзіңіз кетесіз.

    Б. Еш жаққа бармауға ұйғарасыз.Себебі бәрібір үлгермейсіз.

    • Сіздің сүйікті көйлегіңізді жуу керек. Не істейсіз?

    А. Қолмен тез арада жуасыз.

    Ә. Жууға үлкен апаңызға бересіз. Қарап отырмай іспен шұғылданасың.

    Б. Көйлекті кір жуатын машинаға саласыз.

    • Сіз сусындарды, көбінесе, қандай ыдыспен аласыз?

    А. Шыны ыдыс.

    Ә. Пластика

    Б. Қағаз ыдыс

    • Сіз салқын кеште машинада келе жатырсыз. Салқын тимес үшін сіз не істейсіз?

    А. Үйден алып шыққан жемпірді киесіз.

    Ә. Машинаның барлық терезесін жабасыз.

    Б. Ата анаңнан жылуды қосуды өтінесіз.

    • Жүктеу
      ЖИ арқылы жасау
      ЖИ арқылы жасау
      bolisu
      Бөлісу
      1 - айлық
      Материал тарифі
      -96% жеңілдік
      00
      05
      00
      ҚМЖ
      Ашық сабақ
      Тәрбие сағаты
      Презентация
      БЖБ, ТЖБ тесттер
      Көрнекіліктер
      Балабақшаға арнарлған құжаттар
      Мақала, Эссе
      Дидактикалық ойындар
      және тағы басқа 400 000 материал
      Барлық 400 000 материалдарды шексіз
      жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
      1 990 ₸ 49 000₸
      1 айға қосылу
      Материалға шағымдану

      Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

      Жариялаған:
      Мынбаев Рустембек Тургынбаевич
      07 Сәуір 2021
      574
      Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз

      Қазақстанның экологиясы

      Тақырып бойынша 11 материал табылды

      Қазақстанның экологиясы

      Материал туралы қысқаша түсінік
      Колледж оқытушыларына арналған

        Файл форматы:
        docx
        География Ашық сабақ Басқа
        07.04.2021
        574
        Жүктеу
        ЖИ арқылы жасау
        Жариялаған:
        Мынбаев Рустембек Тургынбаевич
        Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
        шағым қалдыра аласыз
        Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
        Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
        Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
        Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
        Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
        Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
        Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
        Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
        Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
        Министірлікпен келісілген курстар тізімі

        Химия пәні

        бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
        80/108 сағат
        Толығырақ

        Тарих пәні

        бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
        80/108 сағат
        Толығырақ

        Биология пәні

        бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
        80/108 сағат
        Толығырақ

        Ағылшын тілі пәні

        бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
        80/108 сағат
        Толығырақ

        География пәні

        бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
        80/108 сағат
        Толығырақ

        Информатика пәні

        бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
        80/108 сағат
        Толығырақ

        Мектепке дейінгі білім беру

        бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
        80/108 сағат
        Толығырақ

        «Қазақ тілі» жəне «Қазақ əдебиеті»

        бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
        80/108 сағат
        Толығырақ

        Дене шынықтыру

        пәні бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
        80/108 сағат
        Толығырақ

        Білім алушылардың білім сапасын арттыру

        мақсатында сабақта цифрлық технологияларды қолдану
        80/108 сағат
        Толығырақ

        Инклюзивті білім беру

        жүйесінде ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бойынша педагогтердің кәсіби және пәндік құзыреттіліктерін дамыту
        80/108 сағат
        Толығырақ
        Ғылыми-әдістемелік орталығы
        Редакциямен байланыс
        +7 (771) 234-55-99
        Жұмыс кестесі: Дүйсенбі –
        жұма, 9:00 – 18:00
        Мекенжай:
        Қазақстан, Алматы, Гоголья 86,
        4 этаж, 406-кабинет
        Электронды пошта
        ustaztilegi@gmail.com
        Сведения об организации
        Сайт Peaksoft веб-студиясында жасалған - Peaksoft.kz
        Политика конфиденциальности
        Сведения об организации