400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстанның функционалдық қалалық аудандарының демографиялық дамуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанның функционалдық қалалық аудандарының демографиялық дамуы
Материалдың қысқаша нұсқасы


Асан Жақсылық Есенұлы

БҚО Орал қаласы, №5 ЖОББМ жаратылыстану-география пәні мұғалімі


Қазақстанның функционалдық қалалық аудандарының

демографиялық дамуы


Халық санының динамикасы және демографиялық болжамы – мемлекеттің даму бағытындағы ең негізгі өзекті мәселе. Демография дегеніміз – халық туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Осы демография терминін

ең алғашқы рет 1855 жылы француз ғалым Ахиль Гийяр «Адам статистика элементтері немесе салыстырмалы демография» кітабында осы сөзді пайдаланады. 1872 жылы Санкт – Петербургтегі халықаралық статистикалық конгрестен бастап демография сөзі қолданысқа енгізіліп пайдаланыла бастады. Демография жалпылама алғанда бір мемлекеттің халқының территориялық құрамын, халық санын, әлеуметтік – экономикалық, биологиялық және географиялық факторларын зерттейді. Демография және демократия сөздерін алып өзіміздің тілімізге аударатын болсақ халықты орналастыру және халықтық билеу деген мағыналарды білдіреді. Қазіргі уақытқа дейін осы екі сөз бір – бірімен ұштасып, қабысып келеді. Қазақстан халқының демографиялық жағдайы өте маңызды жағдай. Тәуелсіз ел болып бөлініп шыққаннан кейін, жоғымызды бүтіндеп ұзақ жылдар бойы отаршылдардың кұрығында болған ұлттық санамыз қайта жанданып, әлі күнге дейін дамып, жанданып келе жатқаны рас. Соның бір айқын көрінісі қазақ халқының ұлттық демографиялық көрсеткіші. Жыл сайын осы санақтың көрсеткішін зерттеп, өлім – жітімді салыстырып, сандық және сапалық өркендеудің жыл сайынғы жағдайын білуге деген құлшыныс артуда және көрсеткішке байланысты жағдайлар ойландыра түсуде. Қазіргі таңда осы Қазақстанның демографиялық саясат саласында қалыптасып отырған шиеленіскен мәселерді шешу өте маңызды мәселе болып отырғаны рас. Болашақтағы экономикалық және экологиялық реакциялар мен әлеуметтік өзгерістерге әсер ететін факторлар зор әсерін тигізеді. Қазақстан Республикасында халықтың жағдайын жақсарту мақсатында бірнеше жобалар ұсынылып, іске асырылып жатыр солардың бірі «Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жүзеге асырылып жатыр. Ең басты қаралатын мәселе ол – функционалдық қалалық аудандарды дамыту болып бекітіліп отыр. Яғни ол аудандарды бәсекеге қабілетті етіп дамыту, демографиялық жағдайын жақсарту жұмыстың өзектілігін анықтайды.

Shape1

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
09.01.2023
373
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі