Материалдар / Қазақстанның көне қалаларының тарихы факультатив сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстанның көне қалаларының тарихы факультатив сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Факультатив сабаққа жоспар "Қазақстанның көне қалаларының тарихы"
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2024
171
2 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады















Қазақстанның көне қалаларының тарихы



6 – сыныпқа арналған факультативтік курсы





Пән мұғалімі: Омарова А.



















Бекітемін: Тексерілді:



Бағдарлама құрылымы:

  1. Түсінік хат

  2. Курс мақсаты

  3. Курс міндеттері

  4. Күнтізбелік жоспар

  5. Пайдаланылған әдебиеттер



Түсінік хат:

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін экономикалық және мәдени орталықтар ретіндегі қалалар мәселесінің көтерілуі оның әрбір қаланың тарихын жазуды қажет етеді. Азаттық алған халықтың тек бүгінгісін біліп қана қоймай, өткенге де үңіліп, тарихымызды зерттеу, зерделеу маңызды. Осыған орай тәуелсіздік алып, егеменді ел болғаннан бері жаңа көзқарасты қажет ететін тарих ғылымындағы зерттеуден шет қалмаған маңызды тақырыптардың бірі – қалалар тарихы.

Қазақстан қалаларының тарихы Қазақстан жеріндегі ежелгі дəуірден бастап күні бүгінге дейін сақталған қалалар мен қалалық қоныстар, сол сияқты қазіргі кезеңде өмір сүріп отырған ел ішіндегі қалалардың тарихын оқытуға бағытталған. Курстың мазмұнында Қазақстан жерінде орналасқан қалалар мен қалалық қоныстардың пайда болуы, алғашқы кен өндірісі, сауда-ақша қатынастары, қала мен дала мəдениетінің өзара қарым –қатынастары шеңберінде қызықты мағлұматтармен суреттеледі. Ортағасырлық əкімшілік жəне экономикалық маңызы бар қалалардың Орта Азия елдерімен, Еуропа, Қытай жəне басқа да шет мемлекеттермен сауда-экономикалық жəне дипломатиялық байланыстары туралы, қазақ елінің астанасы мəртебесін алған қалалар тарихы, ортағасырлық жəнен жаңа кезеңдегі Сыр бойындағы, Жетісу, оңтүстік Қазақстан жеріндегі қалалар үшін болған дала билеушілерінің өзара күрестері мен олардың нəтижелері жəне тағы басқа да тарихи оқиғалар сабақ барысында оқытылып, талданатын болады.

Қалалар тарихының маңыздылығы туралы ғалым-философ Ғ. Есімнің «Дүниеде бар нәрсе жоғалып кетпейді, сондықтанда мемлекеттің негізгі ұлттық байлығының бір бөлігін жасақтауға септігін тигізуші қалалардың жүйесін сақтап қалу керек. Онсыз қалаларды жоғалтуымыз мүмкін, яғни қалалардағы рухани-материалдық құндылықтардан айырылып қалуымыз мүмкін» - деп нақты айтып өтеді. Қалалар халықтың экономикалық, саяси және рухани өмірінің орталығы ретінде көрініс ала отырып, қоғам дамуында жетекші рөл атқарады.














Курс мақсаты:


  • Рухани және бiлiм беру саласын дамыту, eлдің мәдени мұрасының сақталуы мен тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету;


  • Еліміздің тарихи-мәдени мұрасын зерделеу, сақтау және қалпына келтіру;


  • Қазба жұмыстарының соңғы нәтижелерімен танысу арқылы пәнге деген қызығушылықтарын қалыптастыру;


  • Оқушыларды түрлі тарихи құжаттарды жан-жақты талдай білуге, өз ой пікірін ашық айтуға үйрету, оқушылардың ой-өрісін дамыту.





Курс міндеттері:


  • Қазақстан қалаларының тарихи кезеңдерін анықтау;


  • Археологиялық жəне деректік құжаттарға талдау жасау; ежелгі жəне ортағасырлық деректердегі қалалардың бейнесін, хронологиясын, əлеуметтік құрамын, құрылысын жəне саяси-экономикалық маңызын зерттеу;


  • Қазақстанның тарихи даму кезеңдеріндегі қалалардың тарихи маңызы мен өзіндік ролін анықтау;


  • Қазақстан қалаларының күрделі де қызықты қалыптасу тарихы және қалалардың саяси-әкімшілік, мәдени қызметі, жөнінде білім беру.


  • Оқушылар еліміздің және өздері туып-өскен қалалары туралы білімдері мен картамен жұмыс істеу дағдыларын, өз ойын еркін жеткізе білу, дәлелдей алу біліктілігін дамыту.


  • Туған қаласының Отан тарихына қосатын үлесін байыпты айта білуге, түсіне білуге, өз туған жерін, қалаларын көркейтуге үлестерін қосуға тәрбиелеу.







Оқу жүктемесінің көлемі: аптасына 1 рет, оқу жылында 34 сағат













Күнтізбелік-тақырыптық жоспар




Сабақтың тақырыбы


Сағат

саны



Күні


1

Кіріспе

1


2

Қазақстан қалаларының пайда болуы мен дамуы

1


3

Сақ, үйсін, қаңлы қалалары

1


4

Талхир қаласы

1


5

Баласағұн қаласы

1


6

Сығанақ қаласы

1


7

Қойлық қаласы (Қаялық)

1


8

Тараз қаласы

1


9

Құлан қаласы

1


10

Ақыртас қаласы

1


11

Аспара қаласы

1


12

Сайрам қаласы (Испиджаб)

1


13

Йасы қаласы (Түркістан)

1


14

Отырар қаласы

1


15

Сауран қаласы

1


16

Баладж қаласы (Баба-Ата қалашығы)

1


17

Арал-Асар қалашығы

1


18

Сарайшық қаласы

1


19

Жайық қалашығы

1


20

Қимақтар қалалары

1


21

Аркөк қаласы

1


22

Атлах қаласы

1


23

Жанкент қаласы (Янгикент)

1


24

Жент қаласы

1


25

Кедер қаласы

1


26

Қарасаман қаласы

1


27

Науакет қаласы

1


28

Созақ қаласы

1


29

Суяб қаласы

1


30

Хурлуг қаласы

1


31

Шабғар қаласы

1


32

Шымкент қаласы

1


33

Алматы қаласы

1


34

Қорытынды

1










Пән мұғалімі: Омарова А.





Пайдаланылған әдебиеттер




1. К. Байпақов Қазақстанның ежелгі қалалары А., Аруна, 2005. – 316 бет

2. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. А., Атамұра, 1998. -544 б.

3. Байпаков К., Нұржанов А. Ұлы Жібек Жолы жəне Ортағасырлық Қазақстан. А., Қазақстан, 1992. -208 б.

4. Агапов П., Кадырбаев М. Сокровища древнего Казахстана .А, 1979.с -252.

5. Средневековые города Казахстана (книга-альбом) –А, Өнер, 2006. 200 с.

6. Мұстафин Ж. Сарайшық қаласының тарихы мен тағдыры. Орал, 2004. 30 б.

7. Сыр өңірі тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). –А, Атамұра, 1998. -288 б

8. Жеріңнің аты-Еліңнің хаты. Энциклопедиялық анықтамалық. -А,Аруна, 2006. - 808 б

9. Елеуов М. Шу мен Талас өңірінің ортағасырлық қалалары. (ҮІ-ҮІІ ғ. басы).

Алматы, 1998.

10. Жолдасбаев С. Жетісу аймағындағы елді мекендер мен тұрақ- жайлардың даму

тарихы. Алматы, 1997.

11. Жолтай Жұмат. Қожа Ахмет қаласы. Алматы, 2000.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!