Материалдар / Қазақстанның мәңілік жері – Ұлы Дала Елі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстанның мәңілік жері – Ұлы Дала Елі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жасөпірімдерге тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, тәуелсіздіктің тарихын ұғындыру және тәуелсіздіктің жеткізген жетістіктерімен таныстыру, қадірлей білуге үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2018
952
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:Қазақстанның мәңілік жері – Ұлы Дала Елі
Мақсаты: Жасөпірімдерге тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, тәуелсіздіктің тарихын ұғындыру және тәуелсіздіктің жеткізген жетістіктерімен таныстыру, қадірлей білуге үйрету.
Көрнекілігі: «Тәуелсіздік» туралы баннер, бейнебаян, слайдтар, т.б.
Әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, пікір алмасу.
Кіріспе: (Автор сөйлеп тұрады, көрінбей).
Адам баласы, адамзат қоғамы қашанда алдағы болатын оқиғаны әрі аңсай, әрі абыржи тосқан ғой.
Төңірегімізге осы тұрғыдан көз тастасақ, көкте бір Тәңірге, жерде бір өзіне ғана сеніп, көрмес жарықты көріп, бұйырмас ырзықты татып, сүйгізген ұрпағын сүйіп, өлшеулі ғұмырға пейіл болудан басқаның бәрі күпірлік екендігіне көзіміз тегіс жете бастағандай. Оған да «шүкір» дейміз. Көңілге медет қыларымыз тек бір бұл емес. Ең бастысы, жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдыққа егемен ел, тәуелсіз ұлт болып аттадық. Бұған жеткен де бар, жетпеген де бар. Осылайша, біреуді көріп, шүкір етіп, біреуді көріп, пікір ету үшін де өткенге ой, бүгінге көз жіберуге тура келді. Ол үшін, ең алдымен, бір сауалға – бұл күнге қалай жеттік? – деген сауалға жауап іздеуіміз қажет сияқты.

(Тәуелсіздікке қалай жеткеніміз туралы бейнебаян көрсетіледі «Тәуелсіздікке дейін).
Көрініс.
(Ақырын басып бір қарт шығады. Орындыққа келіп демалып отырады.
Осы кезде немересі шығады).
Немересі: Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы : Ә,балам, атаң не ойламайды дейсің? Сенің болашағыңды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы ойлаймын, қуанамын!
Немересі: Ата, «өткен өмір» деген не?
Атасы: Ә, балам «өткен өмір» деген сонау ата-бабаларымыздың ерте кезден бері өткен өмір жолы, тарихы.
Немересі: Ал ол қандай болған?
Атасы: Ендеше тыңда балам, атаң бір сөйлесін. Сонау ерте кезде біздің ата-бабаларымыз 29 қазақ руының басын қосып, Жәңгірді хан сайлапты.Сөйтіп ол өлер шағында ұрпақтарына мынадай аманат қалдырған екен. Әне қара, қызым!
Сахна алдына Жәңгір хан шығады.
Жәңгір хан: Әй балам, бері кел! Анау тұрған жебені әперші (бала келеді).
Мә сындыр.(Біреуін сындырады. Екіншісін береді,сындырады. Үшеуін зорға сындырады, төртеуін сындырады, бесеу бергенде сындыра алмайды).
Жәңгір хан: Не ұқтың, балам?
Бала: Әке, бір жебе жалғыз –оңай сындырдым.Екіншісін де сындырдым.Бесеуін сындыра алмадым.
Жәңгір хан: Иә, сонымен не айтарсың?
Бала: Әке, ол бірігіп өмір сүріңдер деген өсиетіңіз шығар.
Жәңгір хан:Иә, балам дұрыс айтасың.
Бірлік түбі –береке,
Береке түбі-мереке.
Ақ білектің күшімен,
Ақ найзаның ұшымен,
Ел болуды ұстаңдар.





Екі жүргізуші шығады.
1-жүргізуші: Армысыздар, тәуелсіз Ұлы дала ұрпақтары! 16 желтоқсан «Тәуелсіздік» күніне орай арналған4 А сыныбының« Қазақстанның мәңілік жері – Ұлы Дала Елі»
атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Қайырлы күн, Тәуелсіз мәңгілік қазақ елінің азаматтары! Ата-бабамыз арман еткен, өз өмірін қия отырып, алып берген тәуелсіздігіміз баянды болғай!

Ән «Дархан жерім» Орындайтын: Жахан Исламбек

2-жүргізуші:Қадір Мырза Әлі айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет.

Музыка ойнайды. Құрманғазының күйі «Сарыарқа»
1-оқушы:
Ең бірінші бақытым халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей- кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші Отан деген,
« Кім мықты?» десе егер, Отан дер ем.
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел дағы от ал менен.

1-жүргізуші:
Мерекелік іс – шарамызды бастамастан бұрын, алдымен амандасып алайық. Барлықтарыңыздың тұруларыңызды сұрап, түрлі халықтар қалай амандасатынымен танысып солар сияқты амандасып алайық.
Қазақтар – қол алысады
Италияда – құшақтасады
Бразилияда – бір – бірінің иығын қағады
Зимбабада – арқасымен амандасады
Македонияда – шынтақпен
Никаракуада – иықпен тіреседі
Австралияда шапалақ.

2-жүргізуші:
Біздің алдымызға бүгін 4 түрлі ұлт өкілдері келіп отыр. Олар орыстар, қазақтар, украйндер және өзбектер. Құттықтау сөзін оларға берейік.
Қазақтар:
Сырдың бойы ежелден – ақ жайлаған
Орыс, қазақ қатар қонған бай далам,
Халықтардың достығының айғағы
Бүгінгі күн мерекеде жайнаған.
Тәуелсіздік кеңдігі
Кескен халық бірлігі
Ынтамағы барша елдің
Нұрын шашқан күн бүгін
Орыстар:
Процветай наш Казахстан
Будем дружно жить мы там!
Өзбектер:Байрам мубарак булсин хадирли дустлар!
Украйндер:
Божаю всьего найкращего!
1-жүргізуші:

Тәуелсіздік елімнің сөнбес шырағы,
Сарқылмайтын қазағымның бұлағы.
Тәуелсіздік – қасиетті ұғым, ұлы с өз,
Көк аспанда қалықтаған қыраны.

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік – баршамызға жарық күн,
Тәуелсіздік – баршамызға тыныш түн.
Арайлап атқан күн мен батқан түннің,
Мазмұны Әнұранда шырқалып тұр.

Әнұран орындалады. (Бейнебаян жалғастырылады).

1-оқушы:

Осы дала саған да ортақ, маған да
Мұндай мекен таба алмайсың ғаламда.
Сый мен құрмет, ізет-құрмет барлығы,
Тең дарыған біздегі әр адамға.
Баурап алған ұлы дала аспанын,
Ынтымақ пен Бірлік дейтін асқақ үн.
Қазақ жері – отандастар ошағы,
Биік мүдде біріктірген бастарын.

2-оқушы:

Қазақ деген елденбіз,
Ғажап деген жерденбіз.
Бодандықтан босанып,
Еркіндікке енгенбіз.
Сан азапты көргенбіз,
Мың тіріліп өлгенбіз.
Атой салып дұшпанға,
Айқастарда женгенбіз.

3-оқушы:

Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен –
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отан дейміз кең – байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

4-оқушы: Жақсылар жанын қиды қасіретпен,

Алаштың ерлері бар асыл өткен.

Арманым болмас еді-ау туған елім,

Гүл жайнап, қазақ болып тасып өтсем.

Рухынан жақсылардың нұр саулаған,

Жанымды мейірімі құрсаулаған.

Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан,

Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған!

Егемен елім десем, сенім кіріп,

Бойымды билеп кетер сенімділік.

Ешкімге ауыстырмас алтын Отан,

Жырлаймын қасиетіңді төгілдіріп.


Би «Жаса Қазақстан» қыздар тобы.


1-оқушы:
Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Құшақ жая таныстым сан тіліммен.
Жаман үйді қонағы билейді деп,
Қала жаздап айырылып өз тіліммен.
Өзге тілге еліктеп ел болмайық,
Қазағымның артық жоқ өз тілінен.

2-оқушы:
Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен – жігітпін, айқасқа, сынға асықпын,
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.
Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,
Шарықтасам, қыран боп қырға шықтым.


3-оқушы:

Келді алдыңа алыстағы азат күн,
Өзіңді өзге елдің шырмауынан босаттың.
Намысыма тиме менің адамзат,
Өйткені мен қайсар жүрек қазақпын.
Еңсеңді көтер, жазира дала жерің бар,
Туыңды көтер болашақпен жастарға деген сенім бар.
Түспесін сенің еңсең мен туың әрқашан,
Өйткені, тәуелсіз Қазақстан деген елің бар.

4-оқушы:
Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге, қайта келдім.
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
Ұлы аманат етейін еркіндікті,
Ел құлдықты білмесін жер кіндікте
Аңсаймын мен сенемін туады ертең,
«Қазақ болу» зор бақыт күндер тіпті.
5-оқушы:
Өлеңнің сөз маржанын терейінші,
Алқадан сөз бастап бір берейінші.
Қазақтың мың толғаған күйі болып,
Қобыз боп құлақтарға енейінші.
Бабалар армандаған – тәуелсіздік,
Ақындардың жырлағаны – тәуелсіздік.
Еркіндік, елдік берген – тәуелсіздік.
Ұрпақтарға аманат – тәуелсіздік.


«Той бастар» Орындайтын Егзиов Алдияр

1-ші оқушысы

Әйнегі – күн, шатыры аспан

Кең дала төсі, толқыған егін

Көлдері көкке күмістер шашқан

Қазақстан Республикам менің

Абай туған, Сәкен туған

Құрметте достым қазақтың жерін

Қамбаға жылда мол астық құйған

Қазақстан Республикам менің.


2-ші оқушы

Республика! Ерікті ел – Қазақстан

Келді ақыры көп күткен жаз алыстан

Келді алыстан аңсатып, армандатып

Торды бұзған менде бір мәз арыстан

Желдей еркін, түздей кең, таңдай азат

Мен қазақпын деген де қандай ғажап

Мақтан етсін халықтар халықтығын

Жетер сан жыл шеккені малдай азап.


3- ші оқушы

Өзіңдікі – Еліңде

Өзіңдікі – жеріңде

Өзіңді-өзің еткен бақ

Тәуелсіздік төрінде.

Асқар тауда сенікі

Бақша-бауда сенікі

Қалтқысыз дос пенен

Қатал жау да сенікі

Қара мына ғажапқа

Теңдік тиді қазаққа

Езгідегі ұрпағың

Енді айналмас мазаққа


4-ші оқушы

Орыс, ұйғыр, неміс те

Үнін қосты жеңіске

Жұдырықтай жұмылды

Келешегі кең іске

Ұраның да жасасын

Құраның да жасасын

Қасиет – кие дарыған

Ұланың да жасасын.

Қанатынан қайрылып

Қыл арқаннан майрылып

Қонақ – Тәуелсіздіктен

Қала көрме айрылып.


1-жүргізуші:
«Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып — көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» дейді Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев
2-жүргізуші: Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең өлкемді шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл — бүлкіліндей естіледі бізге. Иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі - тәуелсіздік сөзі.
1-жүргізуші: Енді Тәуелсіздік туралы оқушыларымыздың білімдеріне көз жүгіртіп көрсек қайтеді?
2-жүргізуші: Иә, Тәуелсіздік туралы сұрақтарымызды қояйық онда, талапкерлерге.

Сұрақтарға назар аударыңыздар:


1-жүргізуші: Қай елде Елбасымызға ескерткіш орнатылды? (Түркия астанасы Анкарада)
2-жүргізуші: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы қандай деректі фильмдер түсірілді?
( «Жаңа тарих- жарқын тұлға»
1-жүргізуші: «Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік Гимн ретінде қай жылы қабылданды?
( 2006 жылы 7 қаңтар)
2-жүргізуші: Астана туралы қандай фильм түсірілді?
( «Астана –Отанымыздың жүрегі»)
1-жүргізуші: «Қазақ елі» монументінің биіктігі қанша метр? Онда орналасқан құс мүсінінің салмағы қанша тонна? ( 91 метр, құс мүсінінің салмағы 2,5 тонна)
2-жүргізуші: Қазіргі Астана қаласының орны ежелгі кезде қалай аталған? (Бозоқ қаласы)
кезекті «Өнерлі біздің халқымыз» атты сайысқа береміз.Ортада Қазақтар тобы.
Келесі Өзбек ұлтының биіне кезек береміз.
Келесі Корей ұлтының биіне кезек береміз
Келесі үнді ұлтының биіне кезек береміз.

«Көк тудың желбірегені» Ұлдар тобы

Б.Тілеухановтың «Жасай бер, жаса Қазақстаным»(Орындайтын: Жахан Исламбек) әнімен сынып түгел сахнаға шығады.

Сынып жетекшісі шығып, мектеп директорына сөз береді.
Соңы:
1-жүргізуші: Тәуелсіздік – тәңірдің сыйы. Ол оңайлықпен келген жоқ,
бізге.Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде егемендік пен елдіктің береке мен бірліктің, ынтымақтың туын жоғары көтере білдік. Ендігі мақсат – Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтап, басқа қонған бақытты бағалай білу.
2-жүргізуші: Азаттық ұранын ұрпағына ұлағат еткен бабалар үрдісінің жалғасы, тарих атты қарт шежіренің қойнауына алтын әріптермен жазылған күн, егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздігіміз баянды болсын! - дей отырып, 4А сыныбының
«Қазақстанның мәңгілік жері – Ұлы Дала Елі» атты ашық тәрбие сағатының аяқталғанын айта келіп, қош-сау болыңыздар дейміз.


Хор:«Атамекен» әні




5


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!