Материалдар / Қазақстанның өлкетануы: Ұлттық мұраны зерделеу тарихы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстанның өлкетануы: Ұлттық мұраны зерделеу тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаркенттегі тарихи ескерткіш
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2020
774
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы









Қазақстанның өлкетануы:

Ұлттық мұраны зерделеу тарихы









2020-2021 оқу жылы




Жоспар:


І.Кіріспе бөлім

1. Оқушыларды Панфилов ауданының мұрасымен таныстыру.

2.Ауданымыздың тарихи ескерткіштері жайлы мағлұмат беріп өту, зерделеу.


ІІ. Негізгі бөлім

1.Уәлибай мешіті жайында мағлұматтарға тоқталып өту

2.Әулие ағаштың құпия сырларға толы тарихымен таныстыру

3.Әбілхан Қастеевтің өміріне, шығармашылығына тоқталу


ІІІ.Қорытынды бөлім

1.Панфилов ауданымыздың тарихи мұрасының қорғалуы мен сақталуына жас буынды тарту,

2.Елін, жерін сүюге баулу










Панфилов ауданы жайында әңгіме қозғала бастаса, міндетті түрде Жазиралы Жаркент қаласында орналасқан Уәлибай мешіті, Әулие ағаш ауылындағы 7 ғасырдан астам өмір сүріп жатқан Әулие ағашы жайында сонымен қатар еліміздің мақтанышы, біртуар азаматымыз –Әбілхан Қастеев атамыз жайлы сөз айта кетпеу мүмкін емес.

Алдымен Уәлибай мешітіне толығырақ тоқталып кетейін.

Жазиралы өңiрiнде өсiп тұрғанына жетi ғасыр болған алып ағаш бар. Жергiлiктi жұрт оны «Әулиеағаш» деп атайды. Бұл – кәдімгі қарағаш тұқымы. Жуандығына алты адамның құшағы әрең жететiн мұндай алып ағаштар әлемнiң үш елiнде ғана бар дейдi. Олардың бiрi – Қытайда, бiрi – Меккеде болса, үшiншiсi – бiздiң жерге тамыр жайған екен.

Алматы облысындағы ежелгі Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан және 37 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір атаның балаларындай тату-тәтті өмір сүріп жатқан Жаркент қаласына бара қалсаңыз, өз дәуірінің атақты саудагері Уәлібайдың (халық арасында - Уәли бай) арнайы тапсырыспен салдырған мешіті алыстан көз тартады. Бір кереметтігі, арада жүз отыз жылдан астам уақыт өтсе де халық арасында «Уәли бай мешіті» атанып кеткен ғимарат әлі күнге өзінің бастапқы қалпында сақталған. Шегесіз салынған бұл мешіт 1887-1892 жылдар ара­лығында бой көтерген. Мешіттегі тұтастай ағаш үйлесімдеріне шеге мүлдем пайдаланылмаған. Сәулет ғимаратынан шығыс халықтарының ою-өрнектерінің нұсқаларын араб ескі Стиліндегі әшекейлі жазуларды анық байқауға болады.

2001 - 2004 жылдары мемлекеттік қазынадан 26 миллион теңге қаржы бөлініп, «Жаркент мешіті » сәулет-құрылыс кешені ғимаратының қирап бүлінген бөліктері бастапқы қалпына келтірілді.

Халық арасында Уәли бай мешіті аталып кеткен Жаркент мешіті 1982 жылдан бері республикалық маңызы бар сәулет және тарихи ескерткіш ретінде танылып, мемлекеттің қорғауына алынды.

















Ағаш қайдан пайда болған?

Киелі ағаш қазақ жеріне қалай өсіп шыққандығы туралы мынандай аңыздар кездеседі. Тәңірдің сүйікті деген 7 құлы осы өлкеден Меккеге қарай өткен екен, сол жеті кісінің ішіндегі Жаратқанның ықыласына бөленген біреуі жатар уақытта аса таяғын жерге қадап қояды. Таң ата әлгі асасы тамыр жайып, көктеп кетіпті. Бұл кереметке таң-тамаша болып, Аллаға шүкіршілік етіп тұрғанда, «асаға тимей, өссін» деген аян алады. Осыдан кейін ағаш терең тамырлап, бүгінге дейін жетіп, 700 жылды артқа тастап жайқалып тұр. Тағы бір әңгімеде Бейбасы атты көпес Ұлы Жібек жолы жанданып тұрған уақыттары Меккеге арнайы саудамен бара жатып, осында тынығып алмаққа бекініп, қолындағы таяғын шаншып қояды. Ертеңгісін оның орнында жайқалған ағашты көріп, тимей өз жолымен кеткен екен деседі. Қарағаштар ары кетсе 60-70 жыл ғана жайқалып тұратындықтан, бұл киелі ағаштың әлі күнге дейін өмір сүріп келе жатқанына ғалымдардың өзі таңданып отыр. 























Қасиетті ағаштың киесі ұрады

Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталған уақыты болса керек. Елуге жуық шешен отбасы осы аймаққа қоныс аударады. Жергілікті тұрғындар бұл ағаштың киелі екенін айтып, ескерткеніне қарамай, бір адам отын іздеп жүріп, бұтағын сындырып, үйіне апарған екен. Ертеңіне ауыл адамдары сол отбасының түгелімен көз жұмғандарын көреді. Олардың өліміне Әулиеағаштың рұқсатсыз әкелінген бұтағы себеп болса керек. Тағы бір әңгімеде ауыл адамдары осында дәрет сындырған әйелдің беті қисайып кеткенін баяндайды.

«Әулие ағаштың» киелілігін дәлелдейтін бірнеше әңгімелер ауыздан-ауызға  тарап кеткен. Оның бір бұтағын сындырам деп, бақытсыздыққа тап болған адамдардың тағдыры естіген жұрт, осы жердің киелі екеніне еріксіз сенеді. Сендіру және өзін-өзі сендіру ғылымда автосуггестия деп аталады. Яғни, сендіруге бағытталған обьект пен субьект бір-біріне лайық болса, адамның санасы соны дұрыс деп қабылдайды. Адамдағы қадағалау функциясының төмендеуінен, өзінше тұжырым жасамай, еріксіз айтылған әңгімеге сенеді.

Тылсымға толы табиғат бөлшегі

Әулиеағашына тек тәу етіп емес, тамашалау үшін де келіп жатқандар жеткілікті. Олардың ішінде тіпті алыс-жақын шетелдің адамдары да бар. Бірде Америкадан келген ғалым ағашты суретке түсіргісі келеді. Дәл сол сәт оның фотоаппараты жұмыс жасамай, әбден әбігерге түседі. Осылайша ғалым әлемде сирек кездесетін ағаштан бірде-бір фото түсіре алмай, еліне аттанған екен. Тағы бір оқиғада қуаты таусылған суретке түсіретін құрылғы өзінен-өзі қосылып кетіп, ал қайтар жолда қайтадан істен шыққаны айтылады.

Ағаштың жанында бір тамырдан таралып тұрған жеті бірдей жас ағаш өсіп тұр. Халық оны «7 ағайынды» деп атап кеткен. Сол секілді «Бозбала мен бойжеткен» деп аталатын шынар бар. Осы ағаштың ортасынан өткен әйел адамдары көп ұзамай бала көтеріп, ана атанады екен. Ал киелі ағаштан тамшылап тұрған су бірнеше ауруға шипа. Сондай-ақ, «Әулиеағаштың» айналасынан қаумалап өскен көрікті ағаштарды көресіз. Олар құдды адам қолынан отырғызылғандай тізіліп тұр. Бірақ, ол табиғаттың өз шеберлігімен жасалған саябақ. Бір ғажабы мұндағы ағаштар құбылаға қарай иіліп тұрғаны. Жергілікті тұрғындар мұны да қасиетті жердің бір белгісі ретінде қарайды.

Ормандағы ағаштардың қисайып кетуінің бірнеше себебі бар:

- қарағаш күтім көрмегендіктен, бір жағына қисайып өседі,
- олар қаулап өсіп, бір-біріне кедергі келтіреді, сол үшін тік өсе алмай қалуы мүмкін,
- Жоңғар қақпасынан соққан желдің әсері.

Әлі күнге дейін дертіне дауа іздеген адамдар, жеті ғасырлық тарихты өткеріп тұрған ағашты тамашалауға келушілердің аяқ аласы басылған емес.


Тарихы тамырындай тым тереңде

 Сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтен (с.ғ.с) қалған «Құдай Тағаланың адамдар арасында досы, жаратқандары арасында сүйгені болады» деген хадис бар. Пайғамбар сүннетіне берік болған бабаларымыз үшін барлық нәрсе – киелі. Алланың алқауында болып, тақуалығымен назарына іліккен жандарды жұрт «әулие» атаса, сонымен қатар кие дарыған орындар мен болмысы ерекше жаратылысты қасиетті санаған. Жалпақ жұрт киелі деп, әулиелердің қатарына қосқан осындай жаратылыстың бірі – Жаркент жеріндегі Әулиеағаш.

Кезiнде бұл жерден Құдайдың жетi сүйiктi құлы Мекке-Мединаға сапар шегiп өткен деседi. Солардың iшiнде Шамашұрып деген Алланың нұрына шомылған әулие жатар мезгiлде қолындағы аса таяғын жерге шаншып қойыпты. Әулие сахарда тұрып қараса, әлгi түнде жерге қадап қойған асасы көктеп, тамырланып кеткен екен. Жаратқанның шексiз құдiретiне таң қалып, сансыз мақтау айтып тұрған Шамашұрыптың жүрегiне «Тиме, өсе берсiн!» деген аян келiптi. Мiне, содан әлгi асатаяқ көгерiп, қанатын кеңге жайып, тамырын тереңге тартып, жайқалып өсе бередi.

Кереметке көпшілік куә

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда 40 шақты шешен отбасын осы Үлкенағаш ауылына алып келiп орналастырады. Ауыл адамдарының «тимеңдер, бұл – киелi ағаш» деген ескертпесiне қарамаған бiр шешен жiгiтi алып ағаштың бiр бұтағын кесiп, үйiне әкеледi. Өздерi үйiнде сегiз жан екен. Ағашты кесiп әкелген түнi сол отбасындағы сегiзi де белгiсiз ауырудан көз жұмыпты.

1962 жылы шекара асып (Қытайдан) көшiп келген адамдардың бiрi тағы да киелi ағаштың бiр бұтағын кесiп алып, отын есебiнде үйiне әкеледi. Босағадан аттай бере әйелiнiң ыңырсыған дауысын құлағы шалады. Жүгiрiп келiп қараса, әйелi мойыны теріс қайырылған күйiнде қиналып жатыр. Не болғанын түсiнбей қалған отағасы мұның мәнiсiн жергiлiктi тұрғындардан сұрай бастайды. Ауыл адамдары бұның да киелі ағашқа соқтыққанын сезiп, алып келген ағашыңды қайтадан орынына апарып таста дейдi. Сөйтiп, ағаш бұтағын орынына апарып, басына мал сойып, дiнсiз кезеңде Құран оқытып, әйелiнiң мойынын қалпына келтiрген деседi.

Бергi уақытта, жұмыстан қайтқан бiр әйел адам киелi ағаштың тұсынан өтiп, төменiрек барғанда «Е, болды ғой, киелi жерден өттiм» деп дәрет сындырған екен. Ертесiнде әлгi кiсiнiң бет-ауызы қисайып қалыпты. Ол әйел әлi күнге сол Әулиеағаш ауылында тұрады.

Тағы да бiрде алып ағаштың түбiнде жатқан екi бөтелке арақты жас жiгiт байқап қалады. «Әулиелi жерде арақ iшiп жүрген кiм екен?» деп жан-жағына қарайды. Айналаны шолып шығады. Ешкiм жоқ. Қайтып келедi де, осы шыныменен де арақ па, әлде басқа нәрсе ме деген оймен екi бөтелкенiң бiреуiн ашып, төгедi де, иiскеп көредi. Расыменен арақ. Орынына қоя салып ауылға қарай жүгiрген оған жолдан бiр қария кездесiп, «Балам, не көрдiң?» дейдi. Жiгiт киелi ағаштың басында екi бөтелке арақтың жатқанын, оны өзiнiң төккенiн айтады. Сонда әлгі шал «Ендеше, халқыңа айта бар, бүгiн түнде ауылдарыңды кiшiгiрiм топан су басады», – дептi. Айтқандай-ақ, сол күні таңғы сағат 5-шамасында ауылдың ортасындағы кiшкентай ғана өзен арнасынан аса тасып, көпiрдi жұлып, ауыл халқына әжептәуiр шығын әкелiптi.
























Тәу еткендердің тауаны шағылмайды

Бұл ағашты тамашалау мақсатымен Америка, Австралия, Германия және басқа да шетелдерден туристер жиi келiп тұрады. Сонау бір жылдары киелі ағашқа тәу ете барғанымызда шырақшы Рая апай біздің алдымызда бір күн бұрын Америкадан арнайы келген ғалымдар бұл ағаштың жасын анықтамақ болып, Әулиеағаштың түбіне келгенде аппараттары істемей, қайтып кеткендігін айтып қалды. Ия, адам санасы қабылдай бермейтін, біз «ертегі» деп ұғатын, ал ақиқатында санамызды серпілтіп, көкірек көзін ашып қарауға тура келетін осындай тылсым дүниелер қазақ даласында аса көп.


Әбілхан Қастеев (1904 —1973 жж.) — қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері — Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956).
















Өмірі


Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Мәскеудегі көркемсурет студияcында Н.Г.Хлудов пен И.Бродскийден сабақ алды (1929-1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.

Әбілхан қолөнерге, одан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқұр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Оның 1930-1931 жылдары салған "Қарындастың портреті", "Автопортрет" атты туындылары тұпнұсқаға ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген талпынысымен ерекшеленеді. Ол бірте-бірте ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысына ден қойып, тарихи-әлеуметтік өзгерістерге суреткер зердесімен қарай бастайды. Оның "Мектепте" (1930), "Түрксіб" (1932), "Жамбылдың портреті" (1937), "Ескі және жаңа тұрмыс" (1937-1941), "Амангелді сарбаздары" (1970), "Жас Абай" (1945) сияқты туындылары дарынды суретшінің өткен мен бүгінді шыншылдықпен бедерлеген көркем шежіресі іспеттес.

Әбілхан — туған жердің әсем табиғатын, оның дидарындағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Оның "Биік таулы мұз айдын" (1954), "Гүл ашқан алма" (1958), "Менің Отаным" (1959), "Жайлаудағы авто-дүкен" (1963), "Қапшағай ГЭС-і" (1972) сияқты полотнолары эпикалық қарымымен, шыншылдығымен назар аудартады.

Әбілхан Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасымен ғана ерекшеленіп қоймай, туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер.

Әбілхан ағаның жүз жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілуі: барша қазақ көркемөнеріне деген құрмет.


Танымал туындылары


«Колхоздағы сүт ферма», «Мақта жинау», «Колхоздың тойы», «Қыз алып қашу», «Сатып алынған қалыңдық», «Алтын астық», «Ақсай карьері», «Медеу мұз айдыны», «Түрксіб», «Талас жағалауы», «Қапшағай даласы». Сонымен қатар Кенесары ҚасымовАбайШоқан УәлихановЖамбылдың портреттері; ерекше танымал болып табылатын портреті – «Амангелді Иманов» портреті сияқты танымал суреттері бар.

Марапаттары мен лауазымдары

  • "Қазан төңкерісі" орденімен, "Еңбек Қызыл Ту" орденімен екі рет, «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері (1942).

  • Қазақ КСР халық суретшісі (1944).

  • Шоқан Уалиханов атындағы Қазақ КСР-нің мемлекеттің премиясы (1967), «Қа­зақсан жерінде» атты туындылары үшің.

Естелік

  • Кастеев атымен ҚР мемлекеттік өнер мұражайы, сонымен қатар бірнеше қалалардағы көшелер аталған.

  • Шымкент қаласындағы көркемөнер колледжі Қастеев атымен аталған, 2009 жылы колледж алдында суретшінің ескерткіші ашылды.
















Қазақстан суретшілер одағы басқармасының төрағасы, халық суретшісі Әбілхан Қастеев 1904 жылы Алматы облысы Панфилов ауданы Шежін ауылында дүниеге келген. Небәрі үш жасында әкесінен айырылып, анасына көмектесіп жүріп ерте есейеді. Қой бағып, жалшы болып, жер жыртып, түрлі қара жұмыс істейді. Бұдан өзге ағаштан сырға-сақина, мүсін жасайды. Осы өнері туралы білген ауылдағы қыз-келіншектер оны өрістен күтіп алып, өздеріне әшекей жасап беруге өтініш білдіретін болған. Бірде ауыл молдасының мүсінін жасаймын деп қатты ұрыс естіген екен.

Суретші мектепке 25 жасында барған

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!