Қазақстанның өсімдік шаруашылығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстанның өсімдік шаруашылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Өсімдік шаруашылығының негізгі салаларының ауыл шаруашылығының басты саласы екенін ұғындыру. Ауыл шаруашылығына әсер етуші факторларды атап, оған тән басты белгілер бойынша ой тұжырым жасау. Туған елге, жерге деген сүйіспеншілік пен еңбек және мамандық таңдай білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»:

Бірлестік жетекшісі

_______________

_______________2018


Пәні

География

Сыныбы: 9 «А», «Ә»,«Б», «В»

Күні:

Тақырыбы

1 сабақ

Қазақстанның өсімдік шаруашылығы

Мақсаты:

 Өсімдік шаруашылығының негізгі салаларының ауыл шаруашылығының басты саласы екенін ұғындыру. Ауыл шаруашылығына әсер етуші факторларды атап, оған тән басты белгілер бойынша ой тұжырым жасау.

Туған елге, жерге деген сүйіспеншілік пен еңбек және мамандық таңдай білуге тәрбиелеу.

Сілтеме

География оқулығы 9- сынып.

Сабақтақолданылатынматериалдар

 Қазақстанның экономикалық картасы, 9 сыныпқа арналған атлас, кесін карта

Оқытуәдістері

Аралссабақ

Жеке жұмыс

Топтықжұмыс

Сабақбарысындағымұғалім мен оқушыныңіс-әрекеті

Сабақтыңкезеңдері

Мұғалімніңіс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

СабақтыңбарысыҰйымдастырубөлімі

Оқушылармен сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

Топқабөлу. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау

Кезекші сыныпта жоқ оқушыларды хабарлайды

Үйтапсыр

масынтексеру

Лездемелік сұрақтар

1 топ.
1. АӨК дегеніміз не?
2. ҚР жалпы жер қоры қанша?
3. Жайылым мен егістік жерлер дегеніміз не?
4.ҚР жер реформасы бойынша ауылшаруашылығы қанша санатқа бөлінеді?
5. Кластер дегеніміз не?
6. Оның кезеңдерін ата?

2 топ.
1.  Аграрлық сөзінің мағынасы (жерді игеру )
2.  Дүниежүзілік агроөнеркәсіптік кешен қай ғасырда құрылды?
3.  Қазақстанда агроөнеркәсіп кешені қай жылдары құрыла бастады?
4.  Мелиорация дегеніміз не??
5.  Ауыл шаруашылығы қандай үш санатқа бөлінеді?
6.  АӨК қанша салаға бөлінеді?

3 топ.
1.  Жер қоры кімнің меншігі болып саналады?
2.  АӨК негізгі мақсаты қандай?
3.  Қазіргі кездегі жалпы жердің қоры?
4. Жарамды жер қанша?
5. Шабындық жер дегеніміз не?
6. Ауыл шаруашылығының негізгі салалары?

Оқушылар жауап береді

Жаңа сабақ

Жаңа сабақ жоспары.

1. Қазақстанда өсірілетін астық тұқымдас дақылдардың түрлері.
2. Республиканың жер қоры.
3. Техникалық дақылдар.
4. Бау-бақша, жүзім шаруашылығы.

Кіріспе

Тарихпен байланысы: Дәнді дақылдар өндіру жүйесі, Қазақстандағы егіншілік кәсібінің негізгі саласы. Қазақстанда дәнді дақылдар өндіру ерте

Заманнан бері қалыптасқан. Сондықтан егіншіліктің өзіндік көне тарихы бар. Тарихта б.з.б 9-2 мыңжылдықта Сақтардың, Үйсіндердің, Қаңлылардың  мал шаруашылығымен бірге тау бөктерлерінде,өзен аңғарларында суғармалы егін шаруашылығымен айналысқаны белгілі.

Бірақ,ол замандағы егіншіліктің нақты ауқымы белгісіз.Ал ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы егіс көлемі күрт көбейіп 4,1 млн га жетті. Егістіктің басым бөлігі, яғыни, 96% дәнді дақылдар болды. Дәнді дақылдардың көбі Солтүстік қазақстанда егілді.

Биологияға байланысы: Адам организмінің тіршілік қабаты үшін, адамның дене және ой еңбегін арттыру, оның өсуі мен дамуын, ауыруға қарсы тұруын қамтамасыз етатін ерекше органикалық заттар дәрумендер. Дәрумендер жануарлар мен өсімдіктерден алынған азық-түліктерден келеді. Дәрумендер жетіспесе мүшелердің жұмысы бұзылып түрлі ауырулар пайда болады. Мысалы С иммунитетті көтереді, В  тобындағылар жүрек, қантамырлар жүйесін реттейді, К қанның ұюын реттейді, А зат алмасу мен көздің көргіштігін реттеп отырады.

Химиямен байланысы: Өсімдіктердің құрамында 70 жуық элементтер кіреді. Өсімдіктер кейбір элементтерді өз мөлшерде , ал кейбірін көп мөлшерде қажет етеді.Үш элемент –азот, фосфор, калий өсімдіктерге көп мөлшерде қажет. Сондықтан құрамында осы элементтер болатын тыңайтқыштар өнеркәсіпте өндіріледі. Аталған тыңайтқыштар өсімдіктер топырақ ерітіндісінен ион түрінде сіңіреді. Құрамында бір ғана элементі бар тыңайтқыштарды қарапайым , ал құрамында негізгі үш кенеулі элементі бар тыңайтқыштарды құрама тыңайтқыштар деп атайды. Құрамы тыңайтқыштар бағалыболып келеді.

Оқушылармұғалімменбірлесеотырып, жаңасабақтытүсінеді

Тапсырма

«Білу»

1. Еліміздің ауылшаруашылық------------------------------------------------басым.(өсімдік шаруашылығы)

Оның үлесіне----------------------------тиесілі.(50,7)

2. Еліміздің ауыл шаруашылығының басты міндеттерінің бірі-------------------------(топырақтың құнарлығын арттыру)

3. Республикамыздаегістікжер---------------------------------------------------алыпжатыр.(солт,солт-батыс,шығыс, оңт )

4. 2008 жылы ауылшаруашылық егіс көлемі------------------------------------құрады.(24 млн.га егістік, 5 млн.га шабындық, 189 млн.га жайылым жерлер)

5. Өсімдік шаруашылығы мәдени дақылдар түріне қарай--------------(дәнді, техникалық,жемшөптік, бау-бақша)

«Түсіну»

Қандай өсімдік түрлерін білесіңдер?

- Жергілікті жер де егістіктің қандай түрі егіледі?

Ауыл шаруашылығындағы өсімдік шаруашылығының маңызы қандай?

«Талдау»

Оқулық мәтінді оқи отыра мына сөздердің мағынасын ашу.

- І топ. Дәнді дақылдар.

- ІІ топ. Техникалық дақылдар.

- ІІІ топ. Бау-бақша дақылдары.

«Жинақтау»

Еліміздің экономикалық дамуындағы ауылшаруашылығының үлесін қалай бағалайсың?

«Қолдану»

І топ. Азық-түлік дақылдарын анықта

ІІ топ. Жем шөп дақылдарын анықта.

ІІІ топ. ҚР құнарлы қара топырақ зонасын анықта

Мақал-мәтелдер

1.Арпа, бидай ас екен,

Алтын, күмістасекен

2. Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас

5. Нан тамақтың атасы

6. Бидайдың барар жері диірмен

7. Не ексең, сонны орарсың.

8. Жүгерісі барға жұт жоқ

9. Нанның негізі дән

10. Жері байдың - елі бай

11. Жер тоймай, ел тоймайды

12.Жеріне қарай жемісі.

13.Екпей егін шықпас,Үйренбей білім жұқпас.

Күріш арқасында күрмек су ішер.

Шегірткеден қорыққан егін екпес.

Егіндікті күз суар, Күз суарсаң, жүз суар.

Диқан жауында тынады,Балықшы дауылда тынады.

Ағашы аласа болсада,Алмасы тамаша.

Мәуелі ағаш — майысқақ.

Балықшының байлығы,Етек, жеңі кепкенше.Егіншінің байлығы, Ендігі жыл жеткенше.


Үйге тапсырма

Қазақстанның өсімдік шаруашылығы

Оқушыларкүнделіктерінежазады

Керібайланыс

Оқушыларға стикерлер таратылады

1.Бүгін мен не үйрендім?

2.Сабақтан алғанәсерім?

3.Бүгінгі көңіл-күйім?

Оқушыларсабақбойыншапікірлерінжазады















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.01.2018
1003
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі