400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Қазақстанның пайдалы қазбалары және олардың қолданылуы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар Қазақстанда орналасқан пайдалы қазбаларды танып оранласқан жерінен хабардар бола алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім: 6.2С Заттардың түзілуі және алынуы.

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Қазақстанның пайдалы қазбалары және олардың қолдануы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

- 6.3.3.3. Қазақстандағы пайдалы қазбалардың орындарын және қолдану салаларын анықтайды

Сабақ мақсаттары

- Табиғи ресурстарды суреттер арқылы жіктеу;

- Карта мен атласты пайдалана отырып Қазақстан табиғи ресурстарының шоғырланған орынын көрсету

- Атласты пайдалана отырып Қазақстанның минералдық шикізаттарын көрсету

- Қазақстандағы минералды қазбаларды қолдану салаларын білу


Бағалау критерийлері:

Оқушы:

Табиғи ресурстардың түрлерін біледі;

Картадағы табиғи ресурстардың шоғырлануын көрсете алады;

Табиғи ресурстардың түрлерін ажырата және жіктей алады;

Табиғи ресурстардың қолдану салаларын атай алады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

- табиғи және жасанды материалдардың артықшылықтары мен кемшіліктерін ауызша түсіндіре алады

Пәндік лексика және терминология:

Табиғи ресурстар: су, мұнай, көмір, табиғи газ, алтын, күміс, мыс, мырыш, қорғасын, титан.

Айтылымға қажетті сөз тіркестері:

Менің ойымша, ...

Жақын болашақта ............. таусылуы мүмкін.

Алайда, ұзақ мерзімді перспективада жаңару мүмкіндігі бар

………….деп айта алады.

Құндылықтарды дарыту


«Мәңгілік ел» құндылықтары

Табиғатқа мұқият қарау арқылы, оның аумағының және тұтастай алғанда Қазақстанның табиғи ресурстарын зерттеу арқылы жұппен жұмыс істеу кезінде жүзеге асырылады.

Сабақта топтық жұмыс істеу және нәтижелерді басқа оқушылармен ақылдасуды жүргізу арқылы талқылау өзге пікірді құрметтеу мен коммуникативті дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.

Пәнаралық байланыстар

Биология пәнімен биологиялық ресурстардың түрлерін сипаттау, сондай-ақ физика және химия пәндерімен физика-химиялық ерекшеліктерін

Бастапқы білім


3.3.1.1 Заттарды шығу тектері мен агрегаттық күйлеріне сәйкес жіктеу

4.3.1.1.Заттарды қасиеттеріне байланысты оларды қолдану салаларын анықтау

5-сынып Табиғатта және жасанды жолмен алынған кейбір заттардың түзілуі туралы мысалдар келтіру

6-сынып Заттарды органикалық және бейорганикалық заттарға жіктеу

ЖОСПАР

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс – әрекеттер


Ресурстар

Сабақтың басы


0-6


1. Ұйымдастыру кезеңі:

Сабақ тақырыбын сұрақтар арқылы ашу (бұл, өз кезенінде, қызығушылықты оятуға көмектеседі, сонымен бірге оқушыларға пікірін айтуға мүмкіндік береді).

Сұрақтар қою:

  1. Пайдалы қазба деген не?

  2. Қандай пайдалы қазбаларды білесіңдер?

  3. Қазақстанда қандай пайдалы қазбалар бар?

  4. Оларды не үшін өндіреді?

  5. Өздерің өмір сүріп жатқан аймақта қандай пайдалы қазбалар бар?

2. Сабақтың негізгі мақсаты мен бағалау критерийлерін тұжырымдау ұсынылады.

Слайд №1-2








Сабақтың ортасы

7-12



13-16






17-30



































31-37






3. Топтық жұмыс:

Әр топ өз тақырыбы бойынша кескін картаға пайдалы қазбаның кездесетін орындарын арнайы белгі арқылы көрсетеді және өздерінің істеген жұмыстарымен басқа топтарды таныстырады.

Жұмыс дескрипторлары:

  1. Картаны пайдаланып пайдалы қазбаның Қазақстандағы орынын анықтайды.

  2. Кескін картада пайдалы қазбаның орындарын көрсетеді.

  3. Пайдалы қазбаның қандай мақсатта қолданылатынын көрсетеді.

  4. Басқа топтарға пайдалы қазбаның Қазақстанда таралуы мен қолданылуын түсіндіреді.

Дескрипторлар

Оқушылар

- Картада топқа сәйкес табиғи ресурстарды табады және көрсетеді: алтын кен орындарын, темір-бетон зауыттарын, мұнай кен орындарын

- Табиғи ресурстарды (мысалы, көлеңкелі қара шаршы: бұл таскөмір, түсті сары шеңбер: алтын және күміс) дұрыс көрсетеді

- Картада географиялық жағынан кен орындарын дұрыс көрсетеді


Өзара тексеру - оқушылар карталарды айырбастап, бір-бірінің жұмысын дескрипторлар арқылы бағалайды.


4.Мәтінде оқыған және сабақ барысында талқылаған ақпараттарды ескере отырып, кестені толтырады, оқушылар жұптасып жұмыс жасайды.

Кесте «Пайдалы қазбаларды жіктеу»

Пайдалы қазба түрі

Картада белгіленуі

Өндірілетін аймағы

Қолданылуы






Бағалау: Оқушылар бір-бірінің жауаптарын дескриптор арқылы бағалайды.

Дескрипторлар

Оқушылар

  • Пайдалы қазбалардың кейбіреуіне мысал келтіреді біледі

  • Әрқайсысының шартты белгісін белгілей алады

  • Өндірілетін аймағын картадан таба алады

  • Қолданылу саласын анықтайды


(Бұл тапсырма көрнекі түрімен қабылдайтын оқушыларға есте сақтауға көмектеседі. Сондай-ақ, ол оқушылардың талдау және сыни ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді).

5. Мәтінді пайдаланып өз өлкемізде кездесетін пайдалы қазбаларды картаға түсіру.

Дескриптор:

  • Өлкемізде кездесін пайдалы қазбаның орнын шартты белгісімен картада бейнелей алады.


Қосымша №1




Слайд

3-6
















Қосымша № 2



Слайд №7



















Слайд №8





Сабақтың соңы:

38-40

8. Рефлексия:

  • Бүгін мен үшін жаңалық болды?

  • Менде ................... құралдармен жұмыс істеу дағдылары қалыптасты.

Бүгінгі алған білімімді ....................... пәндерде қолдана аламын

Слайд 9

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында дарынды оқушылар қолдау қөрсетеді, ал барынша үлгеретіндерге метакогнитивті сұрақ қою арқылы олардың білімдерін кеңейтіледі. Сонымен қатар, жұптағы, топтағы жұмыс барысында басқа оқушыларға қолдау көрсету барысында ұйымдастырушылық, көшбасшылық қабілеттері дамиды

Мұғалім оқушыларды ауызша жауаптары, тапсырмаларды дескрипторға сай орындаулары бойынша кері байланыс береді және өзін-өзі бағалау, өзара бағалау орын алған.


Зерттеу жұмыс барысында қауіпсіздік шараларының орындалуы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.12.2020
850
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі