Материалдар / "Қазақстанның Ресей империясы құрамына өтуі" әдістемелік көмекші құрал
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қазақстанның Ресей империясы құрамына өтуі" әдістемелік көмекші құрал

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу - әдістемелік көмекші құрал Қазақстан тарихының «Қазақстан Ресей империясы құрамында» атты тарауына арналған. Аталмыш кезең - тарихи тұлға мен қоғам арасындағы және осы бір қайшылықты замандағы түрлі этникалық топтардың қалыптасуы мен тағдырының, өзара күрделі байланыстарының көрінісі, көшпелі мемлекеттердің көрші империялардың үлкен саясатының кұрбаны болғанының куәгері. Бұл кезең ұлттық мемлекетіміздің дамуы мен кейіннен дербестігінен айрылып отарлану проблемаларын оқушылар мен студентгердің айқын тануына мүмкіндік береді.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады







Автор: Ерубаева Толеубике Макановна




Бұл - оқу әдістемелік көмекші құрал қазақ халқының 150 жылға дейін созылған Ресей империясы құрамына ену кезеңін қамтиды. Бұнда Ресей империясының отаршылдық саясаты, қазақ жүздерінің империя құрамына енуі, әскери шептерді салу, сондай – ақ қазақ даласында жүргізілген саяси, экономикалық реформалар туралы оқушыларға түсінікті түрде баяндалған.

Сабақ барсында қолдануға болатын тест, хронолгиялық кестелер, термин сөздер, карталар берілген. Жалпы оқу әдістемелік көмекші құралды мұғалімдер, мектеп және колледж оқушылары оқу процессінде пайдалана алады.









«Қазақстанның Ресей империясы

құрамына өтуі»

оқу- әдістемелік көмекші құралы

Түсінік хат

Оқу - әдістемелік көмекші құрал Қазақстан тарихының «Қазақстан Ресей империясы құрамында» атты тарауына арналған. Аталмыш кезең - тарихи тұлға мен қоғам арасындағы және осы бір қайшылықты замандағы түрлі этникалық топтардың қалыптасуы мен тағдырының, өзара күрделі байланыстарының көрінісі, көшпелі мемлекеттердің көрші империялардың үлкен саясатының кұрбаны болғанының куәгері. Бұл кезең ұлттық мемлекетіміздің дамуы мен кейіннен дербестігінен айрылып отарлану проблемаларын оқушылар мен студентгердің айқын тануына мүмкіндік береді.

Оқу - әдістемелік көмекші құралда қазақ халқының тағдырының көрші елдер тарихының проблемаларымен сабақтастығы негізделеді. Соның ішінде Қазақ хандығы мен Жоңғар хандығы арасындағы тартысты катынастар, ал Ресей мен Қазақстанның қарым-қатынасы I Петрдің "шығыстық саясатындағы" Азияға енетін қақпа деп қарайтын жоспары тұрғысынан карастырылғандығы және мұның шаруашылық және әскери-саяси отарлауға ұласуы, қазақтардың мемлекеттілігінен айрылуына алып келгендігі тұрғысынан қорытындыланды. Кіші және Орта жүздің ішкі бытыраңқылық, рулық талас-тартыс пен билік үшін саяси күрес жағдайында - Ресей бодандығын қабылдауға мәжбүр болатынына көңіл бөліңді.

Отарлану кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер, қазақ даласында хандық биліктің жойылуы өзара байланыста қарастырылады. Біртіндеп жалпы ресейлік нарыққа енуі, Қазақстанның экономикалық жағынан игерілуі, сауда мен қатынас жолдарының салынуы және орыс мәдениетінің өлкеге таралуы қарастырылады.

Оқу – әдістемелік көмекші құралдың басты мақсаты - әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі болып табылатын Отан тарихы туралы білімді студенттер санасында тереңдету, оларды азаматтыққа, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Оқу – әдістемелік көмекші құралдың негізгі міндеті – қазақ даласында жүргізілген отаршыл саясаттың тигізген зардаптарын, қазақ хандары мен сұлтандарының ұстанған саясаттары осы тарихи кезеңдегі саяси – тарихи оқиғаларды оқушылар санасына жеткізу.

Оқу – әдістемелік көмекші құралдан мектеп оқушылары, студенттер бағдарлама аясында қажетті мәліметтерді алады. Сондай – ақ қосымша дидактикалық материалдар айқын, анық берілген.

Оқу – әдістемелік көмекші құралдың мазмұны: әдістемелік құрал төрт тарауға бөлінген тараулар тақырыптарға жіктелген.

Мазмұны

Беті

КІРІСПЕ


ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫ ПРОТЕКТОРЛЫҒЫН АЛУЫ


Қазақстанның Ресей империясына қосылуының тарихи шарттары мен алғы шарттары.


Қазақ даласындағы Ресей империясының саясаты


КІШІ ЖӘНЕ ОРТА ЖҮЗДІҢ РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫ ҚҰРАМЫНА ҚОСЫЛУЫ


Кіші жүздің Ресейге қосылуының алғы шарттары мен себептері. Кіші және Орта жүздің Ресейге қосылуы



Кіші және Орта жүздің Ресей империясының құрамына өтуі


Кіші және Орта жүздің Ресей империясы құрамына енуінің салдары


ҰЛЫ  ЖҮЗДІҢ  РЕСЕЙГЕ  ҚОСЫЛУЫ


Оңтүстік Қазақстандағы Қоқан және Хиуа хандығының үстемдігі


Ұлы жүздің Ресей қоластына өте бастауы. Жетісуды отарлауы


Верный қаласы негізінің салынуы


ҚАЗАҚСТАНДА ХАНДЫҚ БИЛІКТІҢ ЖОЙЫЛУЫ


Хандық билікті жоюдың себептері мен алғышарттары


Орта жүзде хандық биліктің жойылуы және басқарудың жаңа жүйесі


Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы


Қорытынды


Қосымшалар: реферат тақырыптары, тесттер, кесте


Пайдаланған әдебиеттер




























КІРІСПЕ

Қазақстан тарихы – Қазақстан Республикасының әрбір азаматы үшін Отан тарихы екені белгілі. Туған еліміздің тарихын білу – әрбір саналы азаматтың қасиетті борышы. Сондықтан білім алып алып жүрген әрбір оқушының тарихи санасын бүгінгі заман талабына сай қалыптастырудың маңызы зор.

Қазіргі таңда тарихи шындықты дұрыс танып білуге жетелейтін мемлекеттік тілдегі көмекші құралдар сабақ бағдарламасын игеруде ұстазға да, оқушығада тиімді екені белгілі.

Көмекші құрал Қазақстан тарихы бағдарламысының «Қазақстан Ресей империясы құрамында» атты тарауына арналған. Бұл көмекші құралда Қазақ хандығының Ресей империясы протекторлығын қабылдауға мәжбүр еткен алғышарттар, Ресей империясының жүргізген отаршылдық саясаты, қазақ жүздерінің Ресей империясы құрамына енуі, қазақ хандарының ұстанған дипломатиялық саясаты, хандық биліктің жойылуы және реформалар кеңінен оқушыларға түсінікті тілде баяндалған. Сондай- ақ осы кезеңге арналған тест тапсырмалары, хронологиялық кестелер, карталар берілген. Бұл көмекші құралды семинарға, конспектіге немесе ҰБТ – ға дайындалу үшін пайдалануға болады.





ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫ ПРОТЕКТОРЛЫҒЫН АЛУЫ

Қазақстанның Ресей империясына қосылуының тарихи шарттары мен алғы шарттары. Әбілқайыр хан тұсындағы Кіші жүз қазақтарының Ресейге қосылуының тарихи себептері орыс патшалығы тұсындағы ғалым саяхатшылардың қолжазба еңбектеріне түскен. Солардың бірі Л.Мейер өзінің еңбегінде: «Қалдан Серен Түркістан ханын құртуды ойлап, ұтымды сәтін күтіп жүрген болатын. Қазақ хандығының Ресейден қолдау тапқандығын біліп, 1723 жылы Түркістан қаласын алды. Барлық орданы өзіне бағындырғысы келгенімен Орта жүз бен Кіші жүз солтүстік пен батысқа қарай үдере көшті». Бұл «Ақтабан шұбырынды» кезі еді. Л.Мейер өзінің еңбегінде қазақтардың қоныс ауып келгендегі әрекеті туралы баяндай келіп, орыс патшасының қазақ халқын түбі бағындырып, мойынсұндыру туралы отарлық саясат бағдарын байыппен баяндаған пікірі мынадай: «Әбілқайыр хан бастаған Кіші жүз қазақтарының Елек, Еділ, Жайық бойына көшіп келіп башқұрт, қалмақтарды ығыстырғанымен, өзінен күші басым Орыс мемлекеті түбі өзіне қаратпай қоймас еді» деген пікірін қалдырды. Хан Әбілқайыр өлгенше қалмақ- жоңғарлармен күресіп, Ресей патшасымен одақтасу арқылы айласын асырып, халқын тәуелсіз ұстауға тырысты. Сол үшін бар жігер-күшін салды. Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың Ресей қарамағына иек артуының себебін П.И.Рычков:« Өте ақылды Кіші жүздің ханы Әбілқайыр сол кездегі тығырықтан шығар жол Ресеймен бірге болу екенін білді », – деп көрсетті.

Әбілқайыр ханның қасындағы батырлары да саяси жағдайды түсініген. Ресейге қосылуда Әбілқайыр ханға тірек болып қолдау көрсеткен батырлар – Табын Бөгенбай Қарабатырұлы, Арғын Жәнібек, Тама Есет, ру басылары және басқа да би-батырлар қолдау көрсеткен болатын. Сол кезде, Ресейге қосылудағы Әбілқайыр хан шешіміне қарсы Барақ сұлтан бастаған топ қарсы болған. Әрбір хан әрбір сұлтан өз беттерінше билік құрып жүрген кезде қазақ халқының осындай саяси-әлеуметтік жағдайында сыртқы жаулардан елді қорғау үшін, Әбілқайыр хан мен белгілі батырлар Ресейге қосылуда алдын-ала шарт қойды. Шарт бойынша: бірінші, қазақ елінің сырттқы қауіпсіздігін қамтамасыз етуін, екінші елдегі ішкі қырқысулардан қорғауы, үшінші, Еділ мен Жайық өзендері аралықтарынан қазақтарға мал жайылымына жер берулері қарастырылады. Әбілқайыр ханның Ресеймен бірге болу туралы ойын би-сұлтандар мен батырлар кеңесінің талқысына салған, яғни жасырын елші жіберіп «бодан» болу туралы жеке өзінің ұсыныс жасамағаны мәлім. Ресеймен бірге болу ұсынысы көпшіліктен қолдау таппай, өзін қолдаған аз топтың келісіміне сүйеніп, яғни сол кездегі батырлар Бөгенбай, Тама Есет, Жәнібек, т.б. қолдауымен ғана шешім қабылдап, Ресеймен бірге болу үшін елші жіберген. Бұл жерде Әбілқайырдың бақ құмарлығына тартып, хандық билігін нығайту емес, хан болғасын қара халықтың тағдырына жауапкершілік мемлекеттілікті сақтап қалуды сезіну басым. Өзін сол кездегі қолдаған азғантай топта Кіші жүздің орналасқан жеріндегі географиялық орналасуы да осыған итермелегенін түсіну қиын емес, яғни:

1. Жоңғарлар мен қара қалмақтар шапқыншылығының күшейе түсуі;

2. Башқұрттар тарапынан жасалған шапқыншылық пен шекаралық барымта қаупінің жиілеуі;

3. Жайық казактарының шекаралық барымтасы;

4. Түркмендер тарапынан шапқыншылық қаупі;

5. Іргелес отырған ірі мемлекет Ресеймен одақтасу арқылы өзіне тірек іздеу болатын.

Ресей патшасы өкіметі болса, елдесудің бодан қылудан басқа жолын қаламайтыны да белгілі еді. Осындай жағдайда Әбілқайыр хан Ресеймен одақтас болуды ұйғарады.

Қазақ даласындағы Ресей империясының саясаты. XVIII ғасырдың 50 жылдарында Сібірде — қазақ жеріңде жаңадан түрғызылған бекіністер жағдайы төмендегідей еді. Ертістен Алтай аралығында үш бекініс шебі түрғызылды. Біріншісі, Сібір редутынан Омбы бекінісіне дейінгі жерлерді алып жатты, үзындығы 553 шақырым (1 шақырым — 1,0668 километр) шептің бойыңца түзды көлдердің көптігінен Ащы шебі (Горькая линия) деп аталып кеткен. Екінші, Омбы бекінісінен Ертістің оң жағасын бойлай Малонарм бекінісіне дейін, үзындығы - 1684 шакырым. Ол Ертіс шебі деп аталып кетті. Өскемен бекінісінен Алтай тауларының батысын бойлай Колыван шебі деп аталып кетті. 1752 жылы Петропавл бекінісінің бой көтеруі — Есіл өзені бойында көшіп-қонып жүрген қазақ руларын бақылауға, осы өлкені отарлауға негіз болды. Кейіннен бірнеше баска да бекіністермен жалғастырылған Жаңа Есіл шебі 9 қосалқы бекіністен, 53 редуттан тұрды және 540 шақырым бойында Солтүстік Батыс Қазақстанда асығыс салына бастаған бекіністерді Ертіс шебімен байланыстырды. Қазақтардың наразылығын басу үшін патша үкіметі Жаңа Есіл шебіне 2518 башқүрт, 2 драгун (соғыс кезінде аттан түсіп те соғысатын атты әскерлердің бір түрі) полкін, 800 казак әскерін, бір эскадрон тұрақты топты шоғырландырды. Осы кездерде Красногорская дистанциясы қүрылды. Красногорская, Верхнеозерная, Ильинская, Губерлинская бекіністері және Орск әскери шебі (Орская, Таналыцкая, Уртамышская бекіністері) қанат жайды.

Бекіністер шебі қазақтардың ғасырлар бойы көшіп-қонып жүрген жайылымдарына шек қойды. Жерден патшалық қысым көрген рулар бір-бірімен бәсекелесіп өзара қырқысты. Жердің иесі қазақтарды қыспаққа алу енді ғана жоспарлы түрде іске аса бастады. Бір жағынан қазақтардан құнарлы, шұрайлыжерлерді тартып алды. Екінші жағынан жаңа бекіністерге және оның маңайындағы коныс тебе бастаған орыс шаруаларын, қамал горнизондарын азық-түлікпен, есіресе, астыкпен қамтамасыз ету мақсатымен — Сібірден Россияның ішкі түбірінен шаруаларды қоныстандыру басталды. 1760 жылы заң шығарушы Сенат Өскемен бекінісінен Бұқтырма өзені аңғарында, одан әрі Төлеуіт көліне дейінгі өңірді, сонымен қатар Ульба, Березовка, Глубокая және басқа да Ертіске құятын өзендер аңғарын орыстармен қоныстандыру туралы арнайы шешім қабылдады. 1762 жылы бір кезде діни нанымдар бойынша кудалауға түсіп, Россиядан Польшаға қашкан ескі дінді жақтаушыларға (Русские староверы) қоныстануға рұқсат берді. 1764 жылы алтайлық "поляктардың" алғашқы қоныстары пайда болды. Лосиха, Секисвка, Шемонайха, Екатеринка, Бобровка, кейіннен Малая Ульбинка, Черемшанка, Тарханка т.б. поселкалар осы күнге дейін топонимикалық аттарын сақтаған.

Осы жерлерге қоныстанған Әбілпайыз сұлтанға бағынышты - сыбан, керей, қаракерей, найман, буранайман, белгілі орта жүз сұлтаны кейіннен хан Абылайдың туының астында кошіп жүрген уақ, қыпшак және басқа рулар бекіністердің қыспағына қарамай өздерінің негізгі иеліктерін сақтап қалады. XVIII ғасырдың 40 жылдардан Алтай мен Ертіс маңайына казактарды, түрмеде отырған қылмыскерлерді қоныстандырды. Осы бай өлкеде орыстардың санын кебейту үшін тіпті Шығыс және Солтүстік Қазақстанды жер ауғандарды қоныстандыратын өлкеге айналдыра бастады. Отаршылдарға мұның өзі аз болып корінді.

Кіші және Орта жүздің Ресей империясы құрамына қосылуы

  1. Кіші жүздің Ресейге қосылуының алғы шарттары мен себептері. Кіші және Орта жүздің Ресейге қосылуы.

  2. Кіші және Орта жүздің Ресей империясы құрамына енуінің салдары

  1. Кіші жүздің Ресейге қосылуының алғы шарттары мен себептері. Тевкелев елшілігі

Жоңғариямен ұзаққа созылған аса ауыр соғыста қазақ жасақтары тамаша жеңіске жеткенімен ол табыс баянды бола қоймады. Қазақ хандары мен сұлтандарының тақ таласына байланысты алауыздығы салдарынан бұл күреске Ресей империясыда тартылды.

Ресей қалайда Қазақстанды өзіне қосып алуды көксеп, қолайлы кезеңді күтумен болды. Әбілқайыр қазақ хандығында жеке өз билігін нығайту жолдарын жатпай-тұрмай тынымсыз іздестіре бастады. Кіші жүздің ханы Ресей мемлекетінің қолдауына сүйенуге бел буды. Бұл ретте оның жеке басының қадір-қасиеті де шешуші рөл атқарды.

Әбілқайыр Жоңғариямен соғыс қызу жүріп жаткан 1726 жылдың өзінде-ақ Ресейге елші жіберіп, оның қол астына өту туралы өтініш білдіру арқылы әрекет жасап көрген болатын. Бұл өтінішті елші Қойбағар жеткізген еді. Алайда ханның өтініші ол жылы жауапсыз қалдырылды.

1730 жылы Кіші жүздің билері ханға Ресеймен әскери одақ жасасуды ұсынды. Алайда Әбілқайыр өз уәдесінде тұрмай, Ресеймен келіссөз мүлде басқаша сипат алды. Ресейдің өкімет билігімен неғұрлым жақын бола түсу мақсатымен 1730 жылғы қыркүйек айында Әбілкайырдың батыр Сейітқұл Қойдағұлұлы мен би Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілігі Кіші жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы императрица Анна Иоанновнаның атына жазылған өтінішті табыс ету үшін Петербургке келді.

Бұл жолы Әбілқайырдың елшілігіне зор құрмет көрсетіліп, ол үлкен ықыласпен қарсы алынды. Ресей үшін Кіші жүзді империяның құрамына қосып алудың ең қолайлы сәті туды. Бұған дейін Ресейдің құрамына Еділ қалмақтары, Кабардин князьдігі косылған болатын.

1731 жылы императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды. Бұл грамотаға қол қою кезінде бірқатар шарттар қойылатыны ескерілді.

  • Біріншіден, Кіші жүз қазақтары Ресейге адал қызмет етуге және башқұрттардың үлгісі бойынша мұқият жасақ төлеп тұруға міндетті болды.

  • Екішіден, Ресейдің қол астындағы өзге халықтардың тарапынан қазақтарға шабуыл жасауға тыйым салынуы тиіс болды.

  • Үшіншіден, қазақтарға олардың жаулары шабуыл жасай қалған жағдайда Ресей қазақтарды қорғауға міндеттенді.

  • Төртіншіден, Әбілқайыр Ресейдің қол астындағы халықтардан алынған тұтқындарды қайтаруы, ал қалмақтармен және башқұрттармен тату-тәтті бейбіт жағдайда өмір сүруі тиіс болды.

Алайда содан көп кейінгі оқиғалар ол шарттардың бірде-біреуін екі жақтың да орындамағанын көрсетті. Екі жақ та өздерінің пайдаларын көздеумен болды. Империяның қол астына қараудың жалған сипаттары ғана орын алды.

Қазақтардан ант алу үшін патша үкіметі Әбілқайырға 1731 жылғы 30 сәуірде Петербургтен А.И. Тевкелев бастаған елшілікті жіберді. Оған Кіші жүздің билеушілерін Ресейдің кол астына қалай өткізуі керектігі жөнінде жан-жақты нұсқау берілді. Кіші жүздің ат төбеліндей билеуші тобын қалағанынша дүние-мүлік беріп, тікелей сатып алу жағын да қарастырып көруді тапсырды.

Ол үшін 1 миллион орыс рубліне дейін жұмсауға рұқсат етілді. Әбілқайырға императрица Анна Иоанновнамың атынан қымбат бағалы сыйлықтар — болат қылыш, бұлғын ішік, екі түлкі тымақ, шұға маталар мен басқа да сыйлықтар беру көзделді.

Бірақ оларды Құран ұстап ант берілгеннен және құжатқа қол қойылғаннан кейін ғана тапсыру қарастырылды. Дипломатиялық тапсырмамен келгендердің құрамында башқұрттың ықпалды старшины әрі батыры Таймас Шайымов тa болды.

Қазақ хандығын Ресейге қосып алуға деген ерекше мүдделіліктің болғаны Ресей императоры I Петрдің мына бір сөздерінен айқын аңғарылады. Ол былай деп жазған еді:

«Бір миллион сомға дейін қыруар көп шығын жұмсайтын болсақта, оны тек бір жапырақ қағаз арқылы Ресей империясының құрамында ұстау керек, өйткені ол қырғыз – қазақ ордасы ... бүкіл Азия елдерінің қақпасын ашатын кілт.»

Кіші жүздегі қазақ ақсүйектерінің едәуір бөлігі Ресейдің қол астына өтуге үзілді-кесілді қарсы болды. Олардың Ресейдің қол астына өту туралы сөзді естігілері де келген жоқ. Жергілікті жерде айқындалғанындай, Ресейдің қол астына өту туралы шешім Әбілқайыр ханның жеке өзінің бастамасы бойынша қабылданған болып шықты.

Оппозициялық көңіл күйдегі көптеген қазақ билеушілері Ресеймен екі арадағы келіссөздерді болдырмай, ашықтан-ашық үзіп тастауға тырысып бақты. Ресей елшілерін өлтіріп жіберуге әрекет жасағандар да болды. Сондықтан да дипломатиялық тапсырмамен келген елшілерді қорғау ісі Әбілкайырдың өз ұлы Нұралы сұлтанға сеніп тапсырылды.

Өзін Ресей империясының сенімді өкілі екендігін алға тартып, дүние-мүлікке қызықтыру аркылы пара беру, уәделі келісімге көндіру, кей-кейде ашықтан-ашық қоқан-лоқы жасап қорқыту арқылы А. Тевкелев келіссөздерді ақыры өз пайдасына шешті. Ресей елшісі Әбілқайырдың төңірегіндегілерді Ресейдін қол астына өтуге көндірді.

1731 жылдың 10 қазан күні Әбілқайыр хан, сұлтандар және 13 рудан тұратын ірі билер мен батырлардың шағын тобы Ресей империясының қол астына өту туралы ант қабылдады. Бұл оқиға Ырғыз және Тобыл өзендерінің арасындағы Майтөбе деген шатқалда өтті.

Ант қабылдауға барлығы 29 қазақ старшыны қатысты. Ол ең алды- мен «хан партиясы» деп аталатын топтың мүшелері болатын. Бірінші болып Әбілқайыр хан, одан соң старшина БөкенбайЕсет Көкіұлы батыр, Құдайменді мырза ант қабылдады. Қазақ ақсүйектерінің едәуір тобы келіссөздер жүріп жатқан кезде дипломатиялық тапсырмамен келгендерге дүниеге қызығып, ашықтан-ашық сатылып кетті.

Ресейдің дипломатиялық тапсырмамен келген елшілері Қазақстан аумағында бір жылдан астам уақыт бойы болды. Ол қазақ қоғамын егжей-тегжейлі жан-жақты зерттеді, қаншалықты мол мүмкіндіктер бар екенін байқап қарады. Тевкелев Кіші жүзде атқарған сәтті дипломатиялық қызметі үшін әуелі полковник, одан сәл кейінірек орыс армиясының генералы әскери шенін алды.

Ақырында оның ұрпақтары Орынбор өлкесіндегі ірі-ірі мұсылман помещиктеріне айналды, олардың мың-мыңдаған басыбайлы шаруалары болды. Ал башқұрт старшинасы Таймас Шайымовқа тархан атағы берілді.

Кіші жүздің билеушісі Әбілқайыр хан Ресейдің қол астына өтуді қабылдағаннан кейін Кіші жүз қазақтарының арасындағы беделі мен ықпалынан айырыла бастады. Бұл ретте Орта Азия хандықтарының билеушілері келеңсіз рөл атқарды. Өйткені олар бұл аймақта ислам дінінің ықпалы елеулі түрде әлсірейтін болды деп түсінді.

Ресейдің қол астына өткен Кіші жүз қазақтарына патша үкіметі тарапынан ешқандай нақты әскери көмек көрсетілмеді. Әскери гарнизондарының аздығы және қару-жарақтарының нашар болуы салдарынан Ертіс бойындағы бекіністер де қазақтарды жоңғар қалмақтарынан қорғай алмады. Сондықтан да жоңғарлардың билеушісі Галдан-Церен 1741 жылы Қазақстан аумағына жаңадан жойқын жорық жасады.

Әбілқайыр Ресейдің қол астына өткеннен кейін тап сондай әрекетке қазақтардың басқа да бірқатар билеушілері бара бастады. Бейне бір тізбекті реакция сияқты құбылыс пайда болды. Оның үстіне, Ресейдің қол астына өту бәлендей міндеттер жүктей қоймайтын еді.

Патша үкіметі қазақтардың билеушілеріне ірі-ірі сыйлықтар берді. Әрбір шекаралық бекініске қазақтардың ақсүйектеріне «қолдау көрсету үшін» едәуір мөлшерде ақшалай қаражат бөлінді. Орта жүздің және Орта Азияның басқа да халықтары хандарының Ресейдің қол астына өтуіне Әбілқайырдың тигізген ықпалы мен атқарған рөлі күшті болды.

Сондықтан да 1731 жылдың соңына қарай Орта жүздің ханы Сәмеке Ресейдің қол астына өтті және оған адал болуға ант қабылдады. 

1740 жылы Орынборда Әбілқайырдың ара ағайындық етуімен Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен сұлтан Абылай Ресейдің қол астына өтті. Атап айтатын бір нәрсе - Ресейдің қол астына негізінен шекара шебіне таяу тұратын қазақтар өтті.

1731 жылы патша үкіметі Әбілқайырдың көмегімен Хиуа хандығын Ресейдің қол астына өткізуге әрекет жасап бақты. Бірақ Хиуа хандығы ол ұсыныстан үзілді-кесілді бас тартты. 1742 жылы Әбілқайырдың белсенді ара ағайындық көмегімен Орынбор қаласында Ресейдің қол астына 30 мың қарақалпақтар да өтті.

Кіші жүз қазақтарының шекара аймағындағы жерінде патша үкіметінің жағдайын нығайтып, бекіте түсу үшін 1734 жылы Қырғыз-қайсақ экспедициясы құрылды. Оны I Петрдің сыбайлас жақын серіктерінің бірі И.К. Кириллов басқарды. Ал оның көмекшісі қазақтардың дәстүрлі әдет-ғұрыптары мен заңдарын жақсы білетін тілмаш А. Тевкелев болды. Кейінірек қырғыз-қайсақ экспедициясы Орынбор экспедициясы деп аталды. Оның құрамындағы 2700 адамның 2500-і әскери қызметшілер еді. Экспедицияға үкіметтің берген тапсырмасы Кіші жүздің жағдайын жан-жақты зерттеу болды. Атап айтқанда, олар табиғи ресурстарды зерттеумен, жер бетінің картасын түсірумен айналысты.

1735 жылы Әбілқайыр ханның өтініші бойынша Орынбор қаласының негізі қаланды. Қазақ ханы дала төсінде әлдебір бүліншілік оқиғалары бола қалса, сол бекініс-қамалда бой тасалауды көздеген болатын. Қамал Ор өзенінің Жайыққа құяр жерінде салынды. Кейін ол Ор бекінісі деп аталды. Орынбор бекінісі Ресей аумағының ішкі жағына ауыстырылды.

Орынбор Батыс Қазақстан аумағын отарлаудың стратегиялық орталықтарының біріне айналды. Ол Ресейдің еуропалық бөлігі мен қазақ даласынын, Орта Азияның аралығындағы ірі сауда орталығы қызметін де атқарды.

Кириллов қайтыс болғаннан кейін Орынбор экспедициясының бастығы болып В.И. Татищев тағайындалды.

Қазақтарды өзінің қол астына алғаннан кейін патша үкіметі бекіністер салуға қызу кірісті. Оның бұл әрекеті шекара аймағындағы жер дауын бірден өршітіп жіберді.

  • Біріншіден, XVIII ғасырдың 30—40-жылдарында әскери бекіністері бар Үй шекара шебі салынды, ол Жоғарғы Жайық бекінісінен Звериноголовская бекінісіне дейінгі 770 шақырымға созылды.

  • Екіншіден, патша үкіметі 1734 жылдан бастап қазақтардың Жайық өзенінің оң жақ өңірінде көшіп-қонып жүруіне қатаң тыйым салды.

  • Үшіншіден, 1742 жылы патша үкіметі қазақтардың Жайық өзеніне, Жайық қалашығына, сондай-ақ салынып жатқан бекіністерге жақын келуінің өзіне қатаң тыйым салды.

Мұндай қатаң шектеулер мен тыйым салулар содан кейінгі жылдарда да жалғаса берді. Мұның бәрі де көшпелі қазақтардыңәлеуметтік-экономикалық жағдайын нашарлата түсгі. Сөйтіп қазақтар салынып жатқан шекара шебіне дүркін-дүркін шабуыл жасауды жиілетті. Мал шаруашылығымен айналысатын қазақтар дағдарысты қиын жағдайда калды, көшпелілердің кедейленіп, қайыршылану үрдісі басталды.



Кіші және Орта жүз қазақтарының Ресейдің қол астына өтуінің салдары

Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының бір бөлігінің Ресейдің қол астына өтуінің, негізінен алғанда, ұзаққа созылған келеңсіз салдарлары болды. Қазақ халқы бірте-бірте өз тәуелсіздігінен айырыла бастады. Патша үкіметі хандар мен сұлтандарды уақыт өткен сайын өзінің бір айтқанды екі етпейтін тәртіпті шенеуніктерге айналдырып алды.

Патша үкіметі жалпықазақтық хандықтың болуын танудан саналы түрде қасақана бас тарту арқылы Қазақ мемлекетінің аумақтық тұтастығын бұзып, бірлігін ыдырата бастады. Іс жүзінде қазақтардың билеушілерімен ешқандай келісіп алмай-ақ, қазақ-орыс шекарасының бүкіл өн бойына әскери бекіністер, қамалдар, далалық шағын бекіністер салуды үсті-үстіне үдете берді.

Жайылымдық жерлердің тарыла түсуі мал өсірумен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі қазақтардың шаруашылық негізін елеулі түрде шайқалтты. Жұт болған жылдары қазақтардың мал басын аман сақтап қалуы үшін шекара шебіндегі аймақтарға көшіп баруына рұқсат етілмеді.

Қазақстанның Ресейдің ықпалына енуі кейінгі жылдары қазақтардың Орта Азия мемлекеттерімен қарым-қатынасының едәуір нашарлап кетуіне әкеп соқтырды. Хиуа мен Бұхардың әскерлері Оңтүстік Қазақстанның қазақтарына оқтын-оқтын жорық жасап тұрды, алым-салық төлетті. Сонымен қатар Ресей мен Қазақстанның екі арасындағы сауда қатынастарының күшейе түсуі едәуір оңды сипат алды.


ҰЛЫ  ЖҮЗДІҢ  РЕСЕЙГЕ  ҚОСЫЛУЫ.

  1. Оңтүстік Қазақстандағы Қоқан және Хиуа хандығының үстемдігі

  2. Ұлы жүздің Ресей қоластына өте бастауы. Жетісуды отарлауы

  3. Верный қаласы негізінің салынуы

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанның оңтүстігіндегі жағдай оның басқа аудандарына қарағанда басқаша түрде қалыптасты. XVIII ғасырдың соңында Оңтүстік Қазақстанға орталықазиялық феодалдық мемлекеттер- Хиуа, Бұқара, әсіресе Қоқан хандықтары жиі шабуыл жасады.Қазақстанның оңтүстігін жаулап алудың себептері көп болды. Олар: қазынаны салықпен толтыру қажеттілігі; мал өнімдері, азық-түліктермен қамтамасыз ету; Орталық Азияны Ресеймен Қытаймен байланыстыратын керуен бақылау жасау; орталықазиялық хандықтардың саяси ықпалы мен беделін бекіту. Орталықазиялық хандықтардың Қазақстанның оңтүстігіне тікелей билік жасау кезеңі шамамен 1810 жылдан 1866 жылға дейін созылды. Олардың басқыншылық саясаты Англия тарапынан қолдау көріп отырды. 1812-20 жылдары Хиуа ханы Мұқаммед-Рахым қазақ ауылдарына бірқатар тонаушылық  шабуылдар жасады. 1809 жылы Ташкент қаласы Қоқан билігінің қол астына өтті.1813-1814 жылдары қоқандықтар Түркістан қаласының іргесіндегі Қарнақты басып алды.

Түркістанды басып алудың негізгі себебі-Омар ханның Қожа Ахмед Йасауи кесенесіне зиярат етіп қайтуы болды. Ол үшін ең алдымен Түркістанды басып алу керек болды. Ол Ташкенттен әскерімен шығарып, Түркістанды басып алу үшін Сайрамнан таңдаулы сарбаздардан тұратын 1000 адамдық қосын аттандырды. Қоқандықтардың шабуылы күтпеген жерден болғандықтан Түркістандықтарды қатты састырды. Түркістанның билеушілері жапатармағай қашты, қала толық басып алынып,  аяусыз тоналды. Сайрамның, Түркістанның, Шымкенттің, Әулиеатаның жау қолында қалуы қоқандықтар мен бұқаралықтардың арақатынасын шиеленістіріп жіберді. Түркістанды тастап қашып шыққан Тоқай төре Бұқарадан пана тауып және көмек алды.Сол жерден ол әскер жинап,  қоқандықтарға қарсы шығады.Бірақ қазақтардың Қоқандықтарға қарсы шыққан күресі сәтсіздікке ұшырап, Тоқай төре жау қолынан қаза табады. Қоқандықтарға қарсы  тағы бір қарсылық Тентек төре бастаған қазақтардың көтерілісі болды. Бұл көтеріліс азаттық және қоқандықтарға қарсы сипатта болды. 12000 адамнан тұратын көтерілісшілер Сайрамның ескі бекінісіне шоғырланды. Көтерілісшілерді Түркістан, Шымкент, Әулиеата қаласының тұрғындары қолдады. Алайда Омар ханның әскерімен болған тең емес жағдайдағы шайқастың нәтижесінде көтерілісшілер жеңіліс тауып, екі қосынға бөлініп кетті. Көтерілісшілерге қарсы қоқандықтар зеңбірек пен мылтық қолданды. Қазақтардың күші әлсіреп, Тентек төре жауға берілуге мәжбүр болды.

Қазақтардың Қоқан үкіметінің басқыншылығына қарсы жасаған азаттық күресінің жеңіліп қалу себебі: көтеріліс басшысының беделінің жетіспеуі мен көтерілістің бытыраңқылығы болды. Іс-әрекеттерінде ортақ шешімнің болмауы. Қазақстанның оңтүстігіне иелік етуге ұмтылып отырған Бұқар мемлекетінің көмегінің алдын кесіп тастады қарсыластың әскербасымдылығын көрсетті.Көтерілістің біртұтас мақсаты болмады, ал оның басшылары тек өзінің билігін қайтарып алуды ғана көздеді.                            

Қазактардың қыстауларына бекініс жүйелерін құруы қоқандықтарға үлкен аумақты бақылауда ұстауға  және ол жерлерден салық жинап отыруға мүмкүндік берді. Қазақтардың  негізгі бөлігі зекет төледі. Қазақтар әскери міндеткерлігін орындау үшін Қоқан ханның әскери жорықтарына қатысып отырды. Қазақстанның оңтүстігі үшін жоғарғы әкімшілік тұлға Ташкент әкімі болып саналды.                                                     

ХІХ ғасырдың ортасында Ресей Қырым соғысында (1854-1856 жж.) жеңіліп қалды. Өз ұтылысының қарымтасын қайтару үшін ол Шығыстағы сыртқы саясатын белсенді түрде жүргізе бастады. Ресейдің қарқынды дамыған өнеркәсібі саудасы үшін жаңа базарлар мен шикізат көздері қажет болды. Сондықтан да Ресейдің сыртқы саясатындағы Оңтүстік Қазақстан мен Орталық Азия маңызы күрт өстіі. Петербург сарайының кабинеттерінде Қазақстанды тұтас бағындыру мен Орталық Азия елдерімен жан-жақты қатынас жасауды дамыту туралы мәселе көтерілді.  ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресей империсында өнеркәсіп пен сауда күшті қарқынмен дами түсті.  Үндістан жағынан Англияның Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік өңіріне мүдделі жоспары бар екендігін күмәнсіз дәлелдеп берді. Қытай Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан аумағы жөнінде бейтарап саясат ұстануды одан әрі жалғастырды. Себеебі Қытайдың 1840 - 1842 және 1856-1860 жылдардағы апиын соғыстарынан мойнын бұруға шамасы келмеді. Сонымен қоса 1851-1860 жылдардағы тайпиндер көтерілісі, азамат соғысы, сондай-ақ Шығыс Түркістанда 1822-1859 жылдары қайта-қайта бұрқ ете түсумен болған көтеріліс бұл елдің іргесін шайқалтқан болатын. Осы тұста  Қытайдың Жетісу  жағына қарай жылжу ниеті де бар еді. Ресей империясының негізгі мақсаты Қазақстанды түпкілікті жаулап алу және Орта Азия мемлекеттерін бағындыру мәселесінің бар екендігі заңды сияқты еді.

Ұлы жүздің Ресей қол астына өте бастауы. Жетісуды отарлау. Сөйтіп, ХІХ ғасырдың басында Ұлы жүзде хан билігінің біртұтастығы байқалмады. Осы тұста Сырдария өңірі қазақтары ықпалды хан Арғынғазыға үлкен үміт артқан еді. Оны патша үкіметі Петербургке бара жатқан кезінде ұстап алып, Калугаға жер аударып жіберген болатын. Патша үкіметі ондай беделді қазақ хандығының болуын қаламады.

Ресейдің шығысқа қарай жылжуына оңтүстік Қазақстанның жерінде Қоқан өкіметі кедергі келтірді. Қоқанның одақтасы, Ресейдің шығыстағы басты қарсыласы – Англия болды. Қоқан өкіметі өзінің Пішкектегі, Меркедегі, Әулиеатадағы және Шымкенттегі аван-посттарын күшейту шараларын қарастыра бастады. Олар жазалаумен қорқытып шеттегі қазақтар мен қырғыздардың малдарын тартып алды, сауда керуендерінің жүруіне кедергі келтірді. Осы себептерден  әбден үрейленіп қалған Жетісу мен Оңтүстік қазақтарының Ресей қол астына өтуіне бастама болып саналды. Қазақтарға осы кезде Орта азия мемлекеттері мен Қоқан, Хиуа хандықтары жиі шабуылдар жасады. Аймақта біртұтас биліктің болмауы, ел басын біріктіретін, өз іштеріндегі алауыздықты тоқтататын, сонымен қоса сыртқы агрессияға төтеп беретін күш жоқ еді. Осылардың бәрі патша үкіметінің Қазақстанның Оңтүстік өлкесін отарлауға қолайлы жағдай туғызды. Дәл осы кезеңде қазақтардың бір бөлігі Ресеге қосылуға әзір тұрса, екіншіден патша үкіметі де белсенді түрде іс-қимылдар жасауға кірісті. Онымен қатар қоқандықтардың елдің берекесін  алған шабуылдары 1818- жылы Ұлы жүз қазақтарын патша үкіметінен өздерін Ресей қол астына алуын өтінді. Сөйтіп,1819 – жылы патша үкіметі Сүйік сұлтанның өтінішін қанағаттандырды - 55500 қазақ патша үкіметі қол астына өтті. 1824 – жылы Ұлы жүздің 14 сұлтаны – Абылай немерелері мен Әділ төренің балалары  басқарған 165 мыңға тарта ер адам Ресей қол астына өтті. Дегенмен, Ресей ұкіметі өздерінің ішкі жағдайларына орай Ұлы жүзбен байланыс жасауды тоқтату қажет болды. Қазақ билеушілері өзінің саяси мүддесіне пайдаланды. Бұл тұтастай алғанда Оңтүстік Қазақстанның экономикалық саяси және халықаралық жағдайына әсер етті. Орталық Аиялық хандардың бағыныштылығында бола отырып Оңтүстік   Қазақстан мен Жетісу өлкесі, онда тұратын Ұлы жүз қазақтары Ресейдің шекаралық аудандарымен сауда және саяси байланысты ұстап тұрды. Осы аудандарға Ресейден келетін астық және өнеркәсіп тауарлары жылдам және ұлғая түсті.              

Бұл тайпалардың көшпелілері Ресейдің қосып алу қаупінен сескеніп Қоқан хандығының билігіне қарай ығысты.

Ұлы жүз қазақтарын басқару жөніндегі нұсқауға сәйкес бұл өлке 1848 жылы Ресей империясы Ұлы жүз үшін пристав (кішігірім әкім) лауазымы қызметін белгіледі. Ол Ұлы жүздің жаулап алған аудандарын басқаруды жүзеге асырды. Қоқан хандығының тірегі болған  Қаскелең өзенінің  сағасындағы бекінісін алу Ресей үшін маңызды болды.1851 жылы шілдеде Тайшүбек бекінісі  алынды.

Ресей империясының Қазақстанның оңтүстігіне қарай жылжуы Қазақстанның негізгі аумағына бекініп алған Ресей империясы ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанның Оңтүстігі мен Орталық Азияға көз тіге бастады. Ол өз алдына үш мақсат қойды: біріншіден орыс билігін мойындамайтын қазақтарды бағындыру; екіншіден, орыс әскерінің Орталық Азия хандықтар шекарасына жақындауын тездету. Үшіншіден патша үкіметінің Ұлы жүз жерінде бекіністі күшейтіп, одан соң Орта Азия мемлекеттерінің аймағына қарай әскери күштерін енгізуді көздеді.

1850 жылы Ресей Іле сыртындағы өлкеде бекініп қалуға тырысты. Қазақтар патша империясы әскеріне ілгері жылжытпау мақсатымен қатты қарсылық көрсетті.

Ресей әскерінің Сырдарияның құйылысына келуіне байланысты жергілікті қазақтар Қоқан және Хиуа әскерінің шабуылдарына жиі ұшырады. Ол кезде Сырдарияның төменгі ағысы Ақмешітке дейін Кіші жүздің бір бөлігі болып табылатындықтан Ресейдің аумағы саналады. Бірақ  іс жүзінде бұл аумақ Хиуа өкіметінің билігінде еді. Осындай жағдайда Сырдария құйылысының тұрғындары Ресейдің Раиым,Қазалы 1848 ж. бекіністерін және басқа да форпостарын салу ісіне белсене ат салысты,сондай-ақ Арал теңізін зерттеу мен игеру жұмыстарына қара жұмысшы жол көрсетуші ретінде қатысты.Соған қарамастан,отарлаушылар өздерінің озбыр әрекеттерімен Арал маңы тұрғындарын өздеріне қарсы қойып алды.Жаңа форпостар орыс гарнизондарына Сырдарияның бойымен жоғары жылжып, Қоқанның ірі бекінісі Ақмешітке жақындауға мүмкіндік туғызды. 20 күндік қоршаудан соң 1853 жылы 28 маусым күні орыс әскері Ақмешітті алады және Сырдарияның төменгі сағасында Сырдария желілері құрылды,ол ауданға Раиымнан бастап Ақмешітке дейін кірді.               

Верный қаласы негізінің салынуы. Оңтүстік Қазақстанға жасалмақ шабуыл Орынбор жағынан да, сондай-ақ Сібір желісі жағынан да дайындалды. ХІХ ғасырдың бірінші жартысының аяғында Орта және Ұлы жүз аумағында Сібір желісі жағынан бастап Ақтау (1835ж.), Ұлытау (1835ж.), Қапал (1846ж), Сергиополь (Аягөз, 1831ж) және Ресейдің Іле аймағындағы тірек пункттеріне айналған басқа да бекіністер салынды. 1848 жылы Үлкен Орданың пристав лауазымы бекітілді, ол тікелей Батыс Сібір генерал губернаторына бағынды. Ол басып алған Ұлы жүздің жерін басқаруды жүзеге асырды.

1854 жылы Алматы шатқалындағы Верный бекінісінің 1859 жылы Қастек бекінісінің құрылысы аяқталды. Қоқандықтардың Қазақстанның оңтүстігіндегі Әулиеата, Шымкент және т.б бекіністерін Шу даласы арқылы өтіп басып алу үшін жасалған Ресей әскерінің әрекеті осы жерден басталды. 1856 жылы Семипалатинск облысының құрамында Алатау округы құрылды, алғаш орталығы Қапал бекініс, ал 1862 жылдан бастап Верный бекініс болды.

Оңтүстік Қазақстанда Ресейдің басып алу мақсаты екі экспедициялары ұйымдастырылды, екіншіден, бекініс жерлері құрылды. Олар стратегиялық жағынан пайдалы жағдайларды иемденді. Осы шаралардың бәрі аймақтардағы жергілікті отарлаушылық әкімшілігі әскерінің күшімен батыл түрде жүргізілді. Көптеген ықплды қазақтың бас көтерерлері ұрыстарда қаза тапты немесе тұтқынға алынды.

Ресейдің оңтүстік, оның ішінде Жетісу қазақтарына, әсер етудің кең тараған бір амалы рулардың ықпалды басшыларын отарлаушы өкімет жағына өткізіп алу болды.

Ол үшін награда тапсыру, атақ беру, биік лауазымдарға тағайындау, құрмет көрсету және т.б амалдар қолданылды.

Ресей әскерінің оңтүстіктен де, солтүстіктен де табысты түрде алға қарай жылжуы 1857-1858 жылдары Шымкент, Әулиеата аймағында жергілікті қазақтардың қоқандықтарға қарсы көтеріліске шығуына себепші болды. Бұл көтерілістерді қатаң түрде басып-жаншу да қазақтардың едәуір бөлігінің Ресей жағына өтуін жылдамдатты.

Аймақтың тағдырын жергілікті тұрғындар емес, Қоқан мен Ресейдің арасындағы әскери шайқастар шешті. Қазақтардың үлесіне бұрынғыдан да күштірек отарлаушыға бағыну тиді. Сыртқы күштерінің бірге ішкі себептер де осындай жағдайға алып келді. Олардың қатарына Қоқан мен Ресейдің жақтастары мен қарсыластарының күресі, ішкі жанжалдар (руаралық қақтығыстар, барымта т.б) және көрші қырғыздармен қатынастың шиеленісіп кетуі жатады.

1860 жылы Қоқандықтарға қарсы Орыс әскерінің белсенді қимылы басталды. Бірінші Тоқымақ алынды, содан соң – Пішкек.

24 қазан күні Ұзынағаштың маңайында шайқас болды. Алатау округінің бастығы подполковник Колпаковскийдің Қоқандықтардың едәуір күшіне қатты соққы берді. Қысым жасап отырғанына қарамастан Жетісудің қазақ қырғыздарының едәуір бөлігі Қоқандықтарды қолдады. Мысалы, Дулат руынан шықан Андас би мен Сұраншы, Ботбай руыннан шықан белгілі адамдар Диханбай мен Әлжан өз қаражаттарына ерікті жасақтарды ұйымдастырып, оларды қаруландырып, қоқандықтар жағына шығып, орыс әскеріне қарсы соғысты. Сондай-ақ олар Қапал бекінісін басып алып, талқандауды жоспарлады. Оларға ру басылары Үмбетәлі мен Байсейіт бастаған қырғыздардың бір бөлігі қосылды.

Орынбор және Сібір қосындары әрекетінің табысты қорытындысы - 1863 жылы көктемде Оңтүстік Қазақстанда «желілерді қосу»жоспарының іске асқандығы болды. Желі сызығы Созақ-Шолаққорған-Әулиеата арқылы Қаратаудың солтүстік бекткейі арқылы өтті. Әскери баспасөзде күшті қоқандық  гарнизондар орналасқан Әулиеата, Түркістан және Шымкент қалаларын қосып алудың қажеттілігі туралы мәселелер жиі көтерілді. 1864 жылы алғашқы айларында қарсыласушы екі жақ та жедел түрде әскери шайқасқа әзірленді.

Орынбор және Сібір желілері түйісті.Осы оқиғамен бірге 130 жылға созылған Қазақстанның Ресейге қосылыуының ұзақ та күрделі үрдісі аяқталды.  Қазақстанды, Қоқан, Бұқара (1866 ж.) және Хиуа (1873 ж.) хандықтарын басып алуы арқылы Ресей 1867ж. Түркістан генерал-губернаторлығын ашу мүмкіндігне ие болды. Оңтүстік Қазақстанды Ресейдің құрамына ХІХғ. 60 - жылдарында кіргендігін ресімдеу үшін онда басқарудың ресейлік әкімшілік жүйесін қолдану қажет болды.

  Қазақстанда хандық биліктің жойылуы

  1. Хандық билікті жоюдың себептері мен алғышарттары

  2. Орта жүзде хандық биліктің жойылуы және басқарудың жаңа жүйесі

  3. Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы

  4. Қазақ даласында шаруашылық пен сауданың дамуы

  5. 1822 – 1824 жылдардағы жарғыны енгізудің салдары

  1. Хандық билікті жоюдың себептері мен алғышарттары

XIX ғасырдың жиырмасыншы жылдарына қарай патша үкіметі Қазақстандағы хан билігін жоятын уақыт келіп жетті деген қорытынды жасады. Бұған салмақты негіздер де, қажетті бірқатар алғышарттар да жеткілікті деп санады.

  • Біріншіден, қазақ хандары дала тұрғындарының басым көпшілігінің алдында өздерінің беделінен айырылып қалды. Жергілікті байырғы халық патша үкіметі тағайындаған хандарды баяғыдай дербес ел басқарушылар деп емес, көбінесе Ресей империясының кәдімгі көп шенеуніктерінің бірі ғана деп қабылдады. Оның үстіне, тап сондай дәрменсіз билеушілердің саны да көбейіп бара жатты. Патша үкіметі әр жүздің (Кіші жүз бен Орта жүздің) бұрыннан бар хандарының қатарына жаңа хандарды қосып отырды. Мәселен, 1812 жылы Кіші жүздің Жайықтың оң жақ бетіндегі қазақтарға Бөкей сұлтан өз алдына жеке хан болып шыға келсе, 1815 жылы Орта жүзде Уәли ханмен қатар және Бөкей сұлтан да хан болып тағайындалды.

  • Екіншіден, бұл кезде патша үкіметі Кіші жүзді де, Орта жүзді де бірнеше әкімшілікке бөлшектеген еді. Мұның өзі патша үкіметінің көшпелі қазақтарды басқаруына өте қолайлы болып шықты. 1788 жылы Ертіс бойындағы қазақтардың сұлтан Сұлтанбек басқарған бір бөлігі Ертіс өзенінің оң жағында «мәңгілік көшіп-қонып жүру» құқығына ие болды. Сөйтіп Орта жүз бірі Ертістің оң жағалауы, екіншісі Ертістің сол жағалауы болып екіге жарылды. 1801 жылы Жайықтың оң жағалауында Кіші жүзден бөлінген Ішкі Орда құрылғанын айттық. Оның үстіне, 1808 жылғы ашаршылық кезінде Кіші жүздің 20 мыңға жуық қазағы башқұрт кантондарының аумағына уақытша көшірілді. Бір кездегі біртұтас жүздердің арасында ендігі жерде ешқандай да еркін байланыс жасау мүмкіндігі қалмады, өйткені ондай байланыс жасауға қатаң тыйым салынды.

  • Үшіншіден, XIX ғасырдың бас кезінде Шыңғыс ұрпағы бірқатарының патша үкіметінің әкімшілігіне белсенді қарсылық білдірген оқиғалары көбейіп кетті. Ал ақыр соңында, патша үкіметі Франциямен соғыс аяқталғаннан кейін жеткілікті әскер күші мен адам ресурстарына ие болды. Мұның өзі оның тәуелсіз қазақтардың заңды билігін — хан билігін біржолата жоюға итермеледі. Өйткені хан билігінің сақталуы патша үкіметінің өлкені шаруашылық тұрғысынан кең көлемде отарлауына кедергі келтірген еді.

2. Орта жүзде хандық биліктің жойылуы және басқарудың жаңа жүйесі

Орта жүзде 1817 жылы Бөкей хан, 1819 жылы Уәли хан қайтыс болғаннан кейін патша үкіметі жаңадан хан тағайындап жатуды қажет деп таппады. 1822 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы М.М. Сперанский жасаған және Ресей императоры I Александрдің жарлығымен бекітілген «Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы жарғы» күшіне енді. Қазақстандағы жаңареформаның ең басты мақсаттарының бірі Орта жүздегі хан билігін біржолата жою болатын. «Жарғы» өзінің мазмұны мен мақсаты жағынан Қазақстанның солтүстік-шығыс аймақтарын іс жүзінде Ресей империясына қосып алып отарлауға бағытталған болатын. Сөйтіп Орта жүздегі әкімшілік, сот және аумақтық басқару жүйесі түбірімен өзгертілді.

Басқарудың округтық жүйесі енгізілетін болды. Сөйтіп жаңа округтар құрылды. Округтар болыстарға бөлінді, ал болыстар ауыл әкімшіліктерінен тұрды. Әр округта 15—20 болыс, әр болыста 10—12 ауыл, ал әр ауылда 50—70 үй болатын болды. Сыртқы округтағылар Сібір қырғыздары (қазақтары) облысына біріктірілді. Жаңа әкімшілік бірлігі орасан зор аумақты алып жатқан Омбы облысының құрамына кірді. Томск және Тобыл губерниялары мен Омбы облысы Батыс Сібір генерал-губернаторына бағындырылды. Оның орталығы Тобыл каласында орналасты. Әкімшілік бірліктерін құру кезінде патша үкіметі өзіне қолайлы жағдайды босқа жіберіп алмай, көшпелілердің рулық бөліністерін де ұмытқан жоқ, олардың қыстаулары мен жазғы жайылымдарын да мұқият еске алды. Далалықтардың бір округтың аумағынан екінші округқа ауысуына ондағы өкімет билігінің келісімі бойынша рұқсат етілді. Округтарды сайланып қойылатын аға сұлтандар, болыстарды болыстар, ал ауылдарды - ауыл старшындары басқарды. Болыс сұлтандары мен ауыл старшындары әкімшілік, шаруашылық және полицейлік қызметтерді қоса атқарды. Әр округта аға сұлтан басқаратын Округтық приказ (мекеме) құрылды. Оның құрамына Омбы облыстық басқарма бастығы тағайындайтын ресейлік екі заседателъ және сайланып қойылатын екі «құрметті қазақ» қатысуға тиісті болды. Ішкі күзет Сібір казактарынан іріктелді.

Ауыл старшындарын көшпелілердің өздері сайлайтын және оларды бұл лауазымды қызметке округтық мекеме бекітетін. Сайлау үш жылда бір рет өткізіліп тұрды. Сұлтандар старшындарды сайлауға қатыспайтын. Сұлтандардың қатарынан сайланып қойылатын болыстар өздерінің қолындағы өкімет билігін балаларына мұра етіп қалдыру құқығын иеленді. Биліктің ауысуы жоғарыдан төмен қарай жүргізілді. Кейінгі кездерде болыстық қызметке сүлтан емес, қарапайым қазақтардың да сайлануына рүқсат етілді. Бірақ ондай адамдардың патша өкіметіне сіңірген еңбегі зор болуы тиіс еді. Сол арқылы патша үкіметі Шыңғыс әулетін билік құрылымынан бірте-бірте шеттете бастады. Аға сұлтанды тек сұлтандардың өздері ғана, ал оның құрметті қазақтардан іріктелетін екі заседателін билер мен старшындар ғана сайлайтын. Аға сұлтандар үш жылға, ал олардыңзаседательдері екі жылға сайланатын. Аға сұлтандар облыстық басқарма бастығының бекітуінсіз өз өкілеттігін жүзеге асыруға кірісе алмайтын. 1854 жылдан бастап аға сұлтандыққа шыққан тегі Шыңғыс әулеті емес адамдар да сайлана алатын болды.

Округтық приказдың қатаң белгіленген міндеттері болды. Ол атап айтқанда:

  • округтағы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • халыққа білім беруге қамқорлық жасау;

  • тұрмыстық жағдайлар мен шаруашылық жұмыстарын

жақсарту;

  • қарақшылық тонауды, барымтаны және өкімет билігіне бағынбау әрекеттеріне тыйым салу;

  • өз бетімен кетіп, озбырлық жасауға жол бермеу;

  • тергеуді және сот істерін әділ жүргізу;

  • діни наным-сенімдерге байланысты проблемаларды шешу;

  • көпестер керуенінің жүріс-тұрысын бақылау және олардың қауіпсіздігін камтамасыз ету;

  • сондай-ақ жасақ (алым-салық) жинау. Округтық приказ, сонымен қатар егін шаруашылығын дамытуға да қамқорлық жасауы тиіс болды.

Басқарудың жаңа жобасын өмірге бірте-бірте және ауыртпалықсыз енгізу үшін патша үкіметі барлық алым-салық түрлерін өтеуге бес жылдық жеңілдік белгіледі. Бұл жылдар ішінде ауруханалар мен мектептер салу үшін ерікті түрде төленетін алым-салық қана жиналып келді. Жеңілдік мерзімі өткеннен кейін округтардың халқы мал басының санына қарай 100 бастан бір бас мөлшерінде жасақ төлеуге міндетті болды. Бірақ ондай салық түйе басына салынған жоқ. Өйткені мұның өзі сауда керуенін көбейту үшін қажет еді. Алым-салық үшін мал санағы үш жылда бір рет өткізіліп тұрды. Қазақтар жасақтан өзге шабармандармен жолаушыларға көлік жағынан да көмек көрсетуге тиіс болды.

3.Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы

Орта жүздегі хан билігінің жойылуы Кіші жүзде тап осылай әрекет жасауды әлдеқайда жеңілдетті. Бұл кезде Кіші жүз сұлтандарының арасындағы алауыздық әлі тоқтаған жоқ еді. Хан билігі әлсіреп, қол астындағы халық арасында беделінен айырылып тынған болатын. 1822 жылы Орынбор өлкесінің губернаторы П.К. Эссен Ресей астанасына «Орынбор қырғыздары (қазақтары) жөніндегі жарғының» жобасын жөнелтті. Бұл кезде Кіші жүзде Шерғазы әлі де хан болып тұрған еді. Қазақтардың шекара шебіне және Орынбор өлкесінің ішкі округтарына шабуыл жасауы жиі-жиі қайталанумен болды. Орынбор өлкесінің бастығы ұсынған жобатолықтыра түсу үшін Азия комитетіне қайтадан жіберілді. Жарғының түпкілікті жобасын Ресей патшасы I Александр 1824 жылы көктемде біржолата бекітті. Шерғазы хан Орынборға шақыртып алынды. Оған ғұмырының ақырына дейін ай сайын жалақы төленіп тұратын болды. Сөйтіп Кіші жүздегі хан билігі де жойылды. Бұл реформа бойынша Кіші жүз аумағыЖайықтың сырт жағындағы үш округқа бөлінді. 1828 жылы ондағы әкімшілік бірліктерінің аттары өзгертіліп, Батыс, Орта және Шығыс округтары деп аталды. Кіші жүздегі өкімет билігі Орынбор губернаторына тікелей бағынатын басқарушы-сұлтандардың қолына көшті. Басқарушы-сұлтандарға казактардың жасақтары да бағындырылды. Ондай жасақтардың әрқайсысында 100-ден 200-ге дейін адам болды. Басқарушы-сұлтандар казак станицаларында және шекара шебіндегі бекіністерде тұратын болып белгіленді. Мұның өзі олардың патша үкіметіне тәуелді болуын күшейте түсті. Басқарушы-сұлтандардың атқаратын негізгі қызметі өздеріне қарайтын халықты «тәртіп сақтайтын және патша үкіметіне әрқаиіан адал әрі айтқанын екі етпейтін бағыныста» болатындай етіп ұстау еді. Кіші жүздегі ауыл старшындарынан бастап, баскарушы сұлтандарға дейінгі барлық лауазымды тұлғаларды Орынбор губернаторының өзі тағайындайтын болды. Сайлау жүйесі жойылды.

1831 жылға дейін Кіші жүз қазақтары ресми құжаттарда шекара шебіне жақын және далалық жерлерде тұратындар деп екі топқа бөлінетін. Шекара шебіне жақын тұратындар 1831 жылдан бастап дистанцияларға, ал олар старшындықтар мен ауылдарға бөлінді. Дистанциялар жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктерге айналды. Оларды дистанция бастықтары басқарды. Дистанциялар барған сайын көбейе түсті. 1850 жылы олардың саны Кіші жүз жерінде 57-ге жетті. Уақыт өте келе дистанция бастықтарытың билігі алыстағы ауылдарда да жүргізілетін болды. Дистанция бастықтары түтін салығы деп аталған салықты жинаудың барысын қатты қадағалады, әр үй басына салынатын «түтін салығының» мөлшері 1,5 күміс ақшаға (сомға) тең.


Қорытынды

Қазақстанның Ресей империясы құрамына қосылу кезеңі Қазақстан тарихының жаңа дәуірін құрайды. Бұл бір жарым ғасырға жуық созылған тарихи оқиға қазақ елін тәуелсіздігінен айырып, хандық билеу тәртіптерін жойып, басқарудың ресейлік тәртібін енгізді. Әбілхайыр ханның сол кездегі саяси оқиғаларға байланысты көрші мемлекеттен тек көмек емес, төнген қауіп қатерден қорғайтын күш санап Ресей императрицасына патшалық құрамына алуы туралы ұсынысы қазақ халқын жан жақтан анталаған жаудан қорғанудың бір жолы екенін көргені анық. Ресей империясына қосылуымен қазақ даласына капиталистік қатынастар еніп, сауда – экономикалық байланыстар бір сатыға жоғарлады. Қазақ даласында сауда жәрмеңкелерінің рөлі артты. Сондай – ақ қазақ даласын басқару туралы жарғыларға орай генерал – губенаторлықтар құрылып, басқару жүйесі өзгертілді. Бұл кезеңдегі тарихи – саяси оқиғаларға жан – жақты көзқараспен қарауымыз керек. Бұл оқу – әдістемелік көмекші құралда қамтылған мәліметтер әр түрлі ғылыми монографиялар, оқулықтардан сараптала отырып алынды және қазақ жүздерінің Ресей империясы құрамына қосылу кезеңін жан – жақты қарастырдық.

Бұл құралды пайдалана отырып оқушылар кең мәліметтерді игеріп, өз тарихи білімдерін толықтыра алады деп сенемін. Сондай – ақ әдістемелік көмекші құралда көрсетілген мәліметтер өз Отанының тарихын терең меңгеруге, құрмет тұтуға, мақтануға және патриоттық сезімдерін шыңдап паш етуге бір ықпалын тигізеді деп айта аламын.

Реферат тақырыптары:

    1. Кіші жүз ханы Әбілхайыр: өмірі мен қызметі

    2. Бөкей хандығы

    3. Қазақ даласындағы бекіністер мен әскери шептер

    4. Қазақстан Ресей империясының әскери - отаршылдық әрекеттері

    5. Абылай хан мемлекет қайраткері және саясатшы

    6. Қазақ даласында хандық биліктің жойылуы

    7. Орынбор экспедициясының ұйымдастырылуы және қызметі

    8. Қазақстандағы сауда және жәрмеңкелер

    9. Патша үкіметінің әкімшілік саяси реформаларының сипаты

    10. Орта және Кіші жүхде хандық биліктің жойылуы



 Хронологиялық кесте

Қазақ хандығының Ресей империясы құрамына енуі

ЖЫЛДАР

ОҚИҒАЛАР

1.

1716 ж.

Тәуке хан Сібір губернаторы князь М.П.Гагаринге елші жіберді

2.

1726 ж.

Әбілқайыр орыс империясының құрамына кіруге талпынды, бірақ жауапсыз қалды

3.

1730 ж.

Әбілқайыр Ресеймен келіссөз жүргізуге тырысты.

4.

1714 – 1720жж.

Патша үкіметі Ертіс өзені бойына Жәміш, Омбы, Колбасинск, железинск, Семей, Коряков (кереку), Өскемен бекіністерін салды.

5.

1731 ж. 19 ақпан

Ққазақ елшілері Сейітқұл Қойдағұлұлы мен Құтлымбет Қоштайұлын императрица Анна Иоанновна қабылдады.

6.

1731 ж. қазан

Әбілқайыр қарамағындағы Кіші жүздің 29 старшыны Ресейдің қол астына кіруге ант қабылдады

7.

1734 ж.

И.К.Кириллов басқарған экспедиция Ор бекінісін тұрғызу үшін жиналды.

8.

1735 ж.

Ор бекінісі салынды.

9.

1738 ж. тамыз

Орынбор комиссиясының басшысы тарихшы В.Н.Татищев Орынбор қазақ сұлтандарының съезін шақырды.

10.

1735 ж.

Башқортстанда азаттық күресі басталды.

11.

1743ж.

Орынбор бекінісінің негізі қаланды.

12.

1745 ж. күз

Билеуші Қалдан Церен қайтыс болды.

13.

1747 ж.

Императрица Елизавета Петровна Алтайдағы тау – кен кәсіпорындарын орыс патшалары отбасыларының меншігі деп жариялады.

14.

1755ж.

Жонғар хандығы ішкі талас – тартыстан әлсіреді.

15.

1755 ж. 19 шілде

Император Цянь –Лунның бұйрығымен Жонғар жері Цин өкіметінің жері деп аталды.

16.

1756 ж. наурыз

Маньчжур – қытай әскерлері қазақстан жеріне жетті.


17.

1758 ж.

Жонғария дербес ел ретінде сахнадан шықты

18.

1761 ж.

Жоңғар жерінде Шыңжаң құрылды.

19.

1745 – 1759 жж.

Қазақ даласы арқылы Орынборға әкелінген мал құны 1 млн. сом болды.


20.

ХҮІІІғ. 60 ж.

Орыс – қазақ сауда байланыстары кеңейді.

21.

1765 ж.

Жәміш бекінісінде Қазбек би мен Абылай жіберген 158 саудагер болды.


22.

1766 ж

Бұхар саудагерлерінің өтінішімен Әбілмәмбет хан императрица ІІ Екатеринаға хат жолдап, Түркістан арқылы өтетін ірі керуендерді Семей, Жәміш бекіністерінде қабылдауға рұқсат алды.


23.


1756ж. қыркүйек

Жайық жағасына қазақтардың мал жаюға шек қойды.


24.

1757 ж.желтоқсан

Қазақтардың жайық өзенінен мал айдап өтуіне тыйым салынды.

25.

1760 ж.

Дон, Башқұрт жерінен казактарды әкеліп қоныстандырды.

26.

1799 ж.16 қараша

Император І Павел қазақтардың Ертістің оң жағасына қоныстануына рұқсат берді.








Тест тапсырмалары

НҰСҚА І

1. Қазақ хандығына солтүстіктен қауіп төндірген кімдер?

  1. Башқұрттар

  2. Сібір казактары

  3. Қоқан хандығы

  4. Жоңғария

  5. Қытай

2. Кіші жүз билеушілерінің бірі әбілхайыр қай жылы жетекші хан болып танылды?

  1. 1723ж.

  2. 1724ж.

  3. 1725ж.

  4. 1726ж.

  5. 1727ж.

3.1730ж. Кіші жүз ханы Петербургка елшілікті қандай мақсатпен жіберді?

  1. Әскери одақ құру

  2. Ресейдің құрамына кіру

  3. Егіншілікті дамыту

  4. Сауда байланысын жасау

  5. Қоныстандыру саясатын жалғастыру

4.1714- 1720жж. Патша өкіметнің Ертіс бойына әскери бекіністер салудағы мақсаты?

  1. Жоңғарлар шабуылына тосқауыл қою

  2. Қазақ жерін қытайдан қорғау

  3. Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу

  4. Қазақ өлкесінде қала мәдениетін дамыту

  5. Орта Азия шапқыншылығынан қорғау

5.Ресей императрицасы Анна Иоанновна Кіші жүзді Ресей құрамына қабылдау жөніндегі елшілікті қашан қабылдады?

  1. 1730ж. 13 қыркүйек

  2. 1730ж. 19 ақпан

  3. 1731ж. 19 ақпан

  4. 1731ж. 15 наурыз

  5. 1731ж. 19 қыркүйек

6.А. И. Тевкелев деген кім?

  1. Ресей сыртқы істер коллегиясының тілмашы

  2. Сенат хатшысы

  3. Қалмақ елшісі

  4. Жоңғар елшісі

  5. Аталған жауаптардың барлығы дұрыс

7.1731ж. 10 қазанда Кіші жүздің неше старшинасы Ресейдің қол астына кіруге ант берді?

  1. 15

  2. 25

  3. 31

  4. 29

  5. 37

8.Әбілхайыр ханның Кіші жүзді Ресейге қосуын «Жеке бас мүддесін ойлағаннан туындаған іс - әрекет» деп бағалаған орыс тарихшысы:

  1. А. Левшин

  2. М. Макшеев

  3. В. Бартольд

  4. В. Радлов

  5. Л. Гумилев

9.Императрица Анна Иоанновнаның Ұлы жүзді Ресей құрамына қабылдау туралы Жарлығы қашан қабылданды?

  1. 1733ж.15 мамыр

  2. 1734ж. 12 мамыр

  3. 1734ж. 10 маусым

  4. 1734ж. 13 қыркүйек

  5. 1735ж. 13 қыркүйек

10.1734ж. И. Криллов экспедициясының мақсаттары ішінен қатесін табыңыз:

  1. Ор өзені бойында бекініс тұрғызу

  2. Қазақ өлкесіндегі табиғат байлықтарын игеру

  3. Орта Азиямен керуен саудасын кеңейту

  4. Қазақ халқының тұрмыс тіршілігін жақсарту

  5. Өзен флотилиясын ұйымдастыру



НҰСҚА ІІ

1. 1867-1868 ж.ж. реформа бойынша Орал және Торғай облыстары енген генерал- губернаторлық:

  1. Астрахань

  2. Орынбор

  3. Далалық

  4. Батыс Сібір

  5. Түркістан

2. 1867-1868 ж.ж. реформа бойынша Қазақстанда қандай облыстар құрылды?

  1. Ақмола, Семей

  2. Орал, Торғай, Семей

  3. Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Сырдария, Жетісу

  4. Ақмола, Семей, Жетісу

  5. Ақмола, Жетісу

3. 1867-1868 ж.ж. реформа бойынша Қазақстанда полициялық билік және басқару билігі ақсақалдар қолына берілген облыс қалай аталады?

  1. Торғай

  2. Жетісу

  3. Семей

  4. Қостанай

  5. Сырдария

4. Қазақтардың арасында алғашқы Орыс Географиялық қоғамының мүшесі болған кім? Оның аты Мұхаммед-Ханафия-

  1. Уәлиханов

  2. Жантөрин

  3. Бөкейханов

  4. Кенесарин

  5. Тынышпаев

5. 1868 ж. «Жетісуға шаруаларды қоныс аудару туралы Уақытша ережені» бекіткен кім?

  1. Перовский

  2. Веревкин

  3. Рукин

  4. Крыжановский

  5. Г.А. Колпаковский

6. ІІ Александр патша «Жетісу және Сырдария» облыстарының басқару ережесін қашан бекітті?

  1. 1867 ж. 11 сәуір

  2. 1867 ж. 11 мамыр

  3. 1867 ж. 11 маусым

  4. 1867 ж. 11 наурыз

  5. 1867 ж. 11 шілде

7. 1864 ж. Ресей өкіметінің Қоқан хандығына қарсы отрядын басқарған полковник:

  1. М. Черняев

  2. П. Капцевич

  3. Г.А .Колпаковский

  4. М. Перемышельский

  5. К. Гутковский

8. Қоқан езгісіне қарсы ең ірі көтеріліс болған қай жер?

  1. Шымкент маңында

  2. Мерке маңында

  3. Ұзынағаш маңында

  4. Әулиеата маңында

  5. Түркістан маңында

9. 1860 ж. Г.А.Колпаковский басқарған орыс әскерлері қоқан әскерлеріне қай жерде соққы берді?

  1. Пішпекте

  2. Ұзынағаш түбінде

  3. Түркістанда

  4. Әулиеатада

  5. Тоқмақта

10. Ұлы жүздің әкімшілік орталығы Қапалдан Верныйға ауыстырылған жылын көрсет?

  1. 1857 ж.

  2. 1858 ж.

  3. 1854 ж.

  4. 1853 ж.

  5. 1855 ж.


НҰСҚА ІІІ

1. 1867-1868 ж.ж. революцияны дайындауға қатысқан, Жетісуды ол шетінен бұл шетіне аралап өткен кім?

  1. Ш. Уәлиханов

  2. М. Левшин

  3. А. Гейнс

  4. М. Черняев

  5. Г. Потанин

2. 1865 ж .Ресей империясының патшасы кім болды?

  1. І Павел

  2. ІІ Александр

  3. Романовтар әулеті

  4. А. Иоановна

  5. А. Гейнс

3. XIXғ. ІІ-жартысында Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік дамуына ықпал жасаған көрші мемлекет?

  1. Англия

  2. Қытай

  3. Ресей

  4. Франция

  5. Германия

4. Жетісу облысы 6 уезден тұрғаны белгілі; олар қандай уездер?

  1. Верный, Жаркент, Шымкент, Қапал, Ақшат, Тарбағатай

  2. Верный, Қапал, Лепсі, Пішпек, Пржевальский, Жаркент

  3. Пішпек, Верный, Пржевальский, Лепсі, Орал, Ақмола

  4. Жаркени, Ақшатау, Тараз, Жетісу, Верный, Қызылорда

  5. Орал, Ақтөбе, Сырдария, Верный, Лепсі, Жаркент

5. 1867-68 жылдардағы әкімшілік реформа бойынша Қазақстан аумағы қанша генерал-губернаторлыққа қарады?

  1. 6

  2. 3

  3. 5

  4. 7

  5. 1

6. 1867-1868 жылдардағы реформалар бойынша би соты неше деңгейден тұрды?

  1. 5

  2. 3

  3. 4

  4. 2

  5. 8

7.Қазақстанға Қытай экспортының ең басты бөлігін қандай тауар құрады?

  1. Шай

  2. Қант

  3. Бидай

  4. Ұн

  5. Жібек

8.Жәрмеңкемен сауданың тұрақтылығын немен түсіндіруге болады?

  1. Ең алдымен рынокты малмен қамтымас етуші қазақтар мен малмен сауда жасаушылар тұрақты саудасы

  2. Бұл жәрмеңкемен сауданың қалыптасқан дәстүрлі талаптармен көшпелілердің жеткілікті түрде болуы

  3. Сол кездегі даладағы байырғы мекеменің көшпелі тұрмыс салты

  4. Жәрмеңке көшпелі халыққа өте қажетті күнделікті тұтынылатын тауарларды ұсынуы

  5. Жауаптардың бәрі дұрыс

9.Ресей, Орталық Азия, Сібір, Оңтүстік Оралдан, Моңғолиядан Қазақстанның әртүрлі аудандарынан саудагерлерді тартқан ірі жәрмеңкелер -

  1. Қарқаралы уезінде

  2. Атбасар-Петровск

  3. Қоянды Батов

  4. Верный-Қарқара

  5. Бәрі дұрыс

10.Ресей империясының қазақ жерлерін толығымен отарлау кезеңі қай жылдары болды?

  1. 18 ғасырдың 30-40 жылдары

  2. 18 ғасырдың елуінші жылдары – 19 ғасырдың басы

  3. 19 ғасырдың 20-шы жылдары – 50-ші жылдарының ортасы

  4. 18 ғасырдың аяғы

  5. 19 ғасырдың 50-ші жылдарының аяғы мен 60-шы жылдары

НҰСҚА ІV

1.XIX ғ-ң аяғында ашылған ірі жәрмеңкелердің бірі?

  1. Қарқара

  2. Қытай

  3. Монғолия

  4. Торғай

  5. Ресей

2. Ш. Уәлиханов қай оқу орнын бітірген?

  1. Неплюев кадет корпусы

  2. Троицк кадет корпусы

  3. Петербор императорлық әскери мектебінің Омбыдағы филиалы

  4. Омбы кадет корпусы

  5. Дұрыс жауабы жоқ

3. XIX ғ.жазғы және күзгі болып бөлінген жәрмеңкелер саны бойынша қай облыс жетекші жағдайда болды?

  1. Қарақаралы уезі

  2. Верный

  3. Жаркент қаласы

  4. Семей уезі

  5. Ақмола

4. XIX ғ. аяғында қай ғалым XV-XVI ғ.ғ.Қазақ хандығы тарихы және XVIII ғ. ортасындағы Кіші жүз тарихына көңіл бөлді

  1. И. Мушкетов

  2. Н. Северцев

  3. А. Левшин

  4. Н. Арисов

  5. В. Вельяминов-Зернов

5. 1867-1868 ж.ж. реформаның отаршыл сипатына қарсы Қазақстанның қай бөлігінде көтеріліс, толқулар болды?

  1. Сыр бойы мен Семейде

  2. Жетісуда

  3. Ақмола мен Семейде

  4. Сыр бойы мен Ақмолада

  5. Орал мен Торғайда

6. Қазақ өлкесін шаруалық отарлау қай жылы басталды?

  1. Әбілқайыр хан бодандықты қабылдағаннан кейін

  2. 1822 ж. Және 1824 ж. Жарғылар қабылданғаннан кейін

  3. Ресейде 1861 ж. Крепостнойлық құқық жойылғаннан кейін

  4. 1906 ж. Столыпин реформасының жүргізілу барысында

  5. Абылай хан өлгеннен кейін

7. “Экспансия” термині нені білдіреді?

  1. Бір нәрсенің біртіндеп ұлғаюы, күшеюі, кеңеюі

  2. Күресуден, өз көзқарасын қорғаудан бас тарту

  3. Ықпал ету өрісін күш көрсету арқылы немесе басқа да құралдар арқылы кеңейту, тарату

  4. Мемлекеттік органдардың мүлікті, жерді қайтарымсыз немесе ақы төлеу арқылы иесінің еркінсіз алуы

  5. Шиеленісті жағдайды бейбіт шешуі

8. Қазақ қоғамындағы тархандық шен қашан жойылды?

  1. 1822 ж.

  2. 1824 ж.

  3. 1869 ж.

  4. 1891 ж.

  5. 1850 ж.

9. Қазақстанға орыс шаруаларының қоныс аударуы қай кезден басталады?

  1. 1767-1768 жж.

  2. 1700-1750 жж.

  3. 1750-1800 жж.

  4. 1760-1770 жж.

  5. 1800 ж.

10. Орта жүз қазақтарының дәстүрлі көшіп-қонған жерлері қандай?

  1. Қазақстан (Жетісу) және Шығыс Қазақстан территориясы

  2. Солтүстік- Шығыс, Орталық және жартылай Оңтүстік Шығыс Қазақстан территориясы

  3. Орталық және Солтүстік- Батыс Қазақстан территориясы

  4. Солтүстік- Шығыс, Орталық Қазақстан территориясы

  5. Орталық және Оңтүстік Қазақстан территориясы


НҰСҚА V

1. 1822 ж. М.Сперанский жасаған ереже бойынша Орта жүз қазақтары жері қалай деп аталды?

  1. Ресейдің Азиялық ауданы

  2. Қазақстанның солтүстік облысы

  3. Сібір қазақтары облысы

  4. Қазақ даласының әкімшілік орталығы

  5. Негізгі астықты аудан

2. Аманат дегеніміз не?

  1. затты уақытша сақтауға беру

  2. уәде, келісім

  3. қазақтың құқықтық нормаларының бірі

  4. орыс патшасына берілген саяси кепілдік

  5. осының бәрі

3. Қазақ даласын қаза-орыстық отарлаудан кейін қандай отарлау болды және ол қашан басталды?

  1. әскери отарлау, 1905 ж.

  2. крестьяндық отарлау, ХІХ ғ. 60-жылдары

  3. шетелдік отарлау, ХІХ ғ. бірінші ширегі

  4. Ортаазиялық отарлау, ХVІІІ ғ. соңы

  5. жұмысшы отарлауы, 1915 ж.

4. 1726ж. «Қалмақ қырылған» шайқасы болған өзеннің жағасы:

  1. Жетісу

  2. Бұланты

  3. Ырғыз

  4. Сырдария

  5. Жайық

5. ХІХғ. 20-жылдарында патша үкіметінің қаражатына Бөкей Ордасынадғы Жасқұс деген жерде не салына бастады?

  1. Қысқы тұрақ

  2. Кесене

  3. Әскери бекініс

  4. Бекініс шебі

  5. Хан сарайы

6. Верный бекінісі қай жылы салынды?

  1. 1854ж.

  2. 1855ж.

  3. 1866ж.

  4. 1856ж.

  5. 1857ж.

7. 1851ж. шілдеде қантөгіссіз берілген бекініс:

  1. Жәміш

  2. Ертіс

  3. Таушібек

  4. Қапал

  5. Іле.

8.1867-1868 жж. реформаларға сәйкес әскери – губернаторлар басқарды?

  1. Округты

  2. Болысты

  3. Облысты

  4. Ауылды

  5. Уезді

9. Кіші жүздің негізгі территориясында хандық билік жойылған жыл?

  1. 1824ж.

  2. 1825ж.

  3. 1819ж.

  4. 1817ж.

  5. 1822ж.

10. 1822 ж. ереже бойынша Орта жүз территориясы құрамына кірген генерал – губернаторлық?

  1. Омбы

  2. Орынбор

  3. Түркістан

  4. Батыс – Сібір

  5. Дала





Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Артықпаев Ж. Қазақстан тарихы (оқулық хрес.) А.,2000.

2.Аспендияров С. Қазақстан тарихының очерктері. А., 1994.

3.Асфендияров С.Д. История Казахстана(с древнейших времен.) 2-ое изд. А., 1993.

4.Аманжолов К.Р.Түркі халықтарының тарихы- 2 кітап(XIV ғасырдан XVІІІ ғасырдың бірінші жартысына дейінгі кезең) А., 2002.

5. Аманжолов К.Р.Түркі халықтарының тарихы- 3 кітап(XVІІІ ғасырдың екінші жартысы ХХ ғасырдың 1 ширегіне дейін) А., 1999.

6. Әбдікәмұлы Ә. Қазақстан тарихы (оқу құралы) А,1997.

7.Күзембайұлы А., Абиль Е.А.История Казахстана, Учебник для Вузов. 7-е изд. Перераб. и доп. – СПБ, Саларт, Санкт-Петербург, 2004.

8.Кляшторный С.Г. Султанов Т.Н. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. А,1992.

9.Қазақстан тарихы. Очерк. А,1993

10.Қазақстан тарихы(көне заманнан бүгінге дейін) Бес томдық.3-том А,2002

11. Мықжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. А.,1994.

12.Алдамжар З. Тарих: пайым мен тағылым. А., 2002.

13.Артықпаев Ж.О. Қазақстан тарихы (90 сұрақ және жауап) А., 2004.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!