Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қазақстанның тәуелсіздікке жету тарихы мен жеткен жетістіктері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстанның тәуелсіздікке жету тарихы
мен жеткен жетістіктері
Тусупбекова Зейнегул Алкеновна
М.Жұмабаев атындағы №39 гимназия
«Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі,
Еліміздін Тәуелсіздік күні – халқымыздың сан ғасырлар бойы азаттық жолындағы күресінің, сол жолдағы көрген азаптары мен қиындықтарының жадымызда жаңғырып, 26 жылдық мерзімде жеткен жетістіктеріміздің айшықты көрінетін мейрамы. Сондықтан да бұл күні Тәуелсіздік жолындағы арпалыстың азапкерлері мен қаһармандары ойға оралатыны сөзсіз.
Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді, ат үстінде өткен кезеңдер көп болды. Азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді, талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашанда мойымады, күресе білді, азаттық таңы туатынына кәміл сенді.
Қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. Тарихта атшулы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген қаралы атқа ие болған. 1723 жылы жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті. Қазақ халқы оңтүстікке қарай босты. Бірақ бұдан да асқан жауыздық нәубетінің екі ғасырдан соң қайта келгенін білген жоқ. XVIII-XIX ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айрылды. Ұлы даламыз империя иелігіне айналды.
1925-1933 жылдарда Голощекин «Қазақстанда әлі революция болмаған» деп «Кіші октябрь»саясатын жүргізді. Елді аштық пен қуғын-сүргін жайлады. 1928-1933 жылдардаұжымдастыру салдарынан болған адам айтқысыз, нанғысыз ашаршылықта халықтың 2,2 миллионы опат болды. 1,5 миллион адам Қазақстаннан босып кетті.
Қазақ әдебиетінің жайқалып келе жатқан теректерінің тамырын қиды. Олар Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек, Бейімбет, Сәкен, Ілияс т.б .Өздері өлсе де аты өлмеген ағаларрухына ейінгі ұрпақ әрқашан бас иеміз.
1937-1938жылдардағы репресия тұсында бетке ұстар азаматтар «Халық жауы», «Ұлтшыл» деген жаламаен атылды, 105 мыңдай адам абақтыға жабылып, итжеккенге айдалды. 27 мыңнан астамы мерт болды, мыңдаған адам кеңестік лагерьдің жазасынан өтті. 1941-1945 жылдардағы ССРО-Германия соғысы да оңай болмады.
1986 жылғы16-17желтоқсан оқиғасы Туелсіздік үшін соңғы арпалыстың соңғы нүктесі болды.
1986 жылы Атыраудың Алтайға ,Сарыарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізде Желтоқсанның дауылы үдей түсіп дүрбелең жайлады. Қазақтың көптеген азаматтарының мойнына шылбыр салынды. Әділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды. Желтоқсан оқиғасына қатысып жауапқа тартылғандар қатарында Қайрат Рысқұлбеков, Сәбира Мұхамеджанова т.б. болды.
Республикалар Мәскеусіз бірде-бір маңызды мәселені шеше алмады. Ал Мәскеу болса ұлт ерекшеліктерін ескермеді, бұған 1986 жылғы желтоқсан айында Алматы қаласындағы оқиға мысал бола алды. 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Бірінші хатшылығына сырттан әкелінген Г.Колбинді тағайындады. Мұның өзі жастарың ашу-ызасын тудырды. Ертеңінде мыңдаған жастар бейбіт шеруге шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды. Өрттей қаулаған жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті. Еркіндік аңсаған қазақ халқының өршіл мінезі, намысты жаныған жастар бұлқынысы желтоқсанда жаңартаудай жарқ етіп, жаңа тарихымызға елеулі із қалдырды.[3;24б]
Қазақ даласы үшін, тәуелсіздігіміз үшін бізге осындай бақыт сыйлаған, өз жандарын құрбан еткен ата-бабаларымызға,тәуелсіздік құрбандарына басымызды иеміз!
Бар игілігімізің бастауы болған Тәуелсіздік күні- байтақ еліміз үшін теңдесі жоқ тарихи күн. Болашақ ұрпақ алдындағы бұл істерді біздің еліміз аброймен атқарып келе жатыр. Дүние тарихында ешбір мемлекет азаттығының алғашқы жылдарында қарқынды өрлеу үлгісін көрсете алған жоқ.
Тәуелсіздік-ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі.
16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет деп жарияланды. Сан ғасырлар бойы бабаларымыз аңсап өткен Тәуелсіздікке қол жетті. Әлемдегі басқа елдермен тереземіз тең болды.
1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазақ президенті болып Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Республика тарихында халық саналы түрде, өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.
1992 жылы 4 маусымда тұңғыш рет Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді. Бұл күн жаңа мемлекеттік рәміздердің туған күні ретінде еліміздің тарихына мәңгі қалды.
Мемлекетік рәміздер - еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Мемлекетік рәміздер- - халқымыздың ұлттық салт санасын, данлығын, арман тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.
Елтаңбадағы көк аспан- кеңшілік, тыныштық белгісі. Ашық аспанға тараған күнсәулелері, биіктігі жарық жұлдыз Отанымыздың жұлдызы биіктен, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғаннын бейнелейді.
Елтаңбадағы алтын шаңырақ қазақтың «қара шаңырақ» деген ұғымнан алынған. Тудың авторы-Шәкен Ниязбеков. Тудың ұзындығы-2м, ені1м, көк туымызда күн- қозғалыс, даму, өсіп өркендеудің және өмірдің белгісі, заманның бейнесі.
Елтаңба патриоттыққа жетелеп, елімізге деген шексіз ризашылығымызды білдіреді. Әнұранмен саптық жиындар, шерулер ашылады. Студенттер мен оқушылардың әрбіркүні әнұранмен ашылады.
Байқоңыр-Қызылорда облысы Қармақшы ауданында орналасқан қала.Оның іргесі1955 жылы қаланған.Байқоңыр ғарыш айлағы.Байқоңыр алаңынан 1957 жылы 4 қазанда тұңғыш ракета сәтті ұшырылды.1961 жылы 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш болып,Ю.Гагарин «Восток» ғарыш кемесіне аттанды.
Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы 2 қазанда «Союз ТМ-13» ғарыш кемесіне ғарышқа аттанды.Талғат Мұсабаев 1994 жылы 1 маусымда «Союз ТМ»ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. 2015 жылы 2 қыркүйекте 2-бортинженер ретінде транспорттық пилоттанған «Союз ТМА-18М» кемесінде ЭП-18 саяхаты аясында Байқоңыр ғарыш станциясынан Халықаралық ғарыш станциясына аттанып , ғарышта он күн болып, маңызды зерттеулер жүргізіп, аман- есен Халықаралық ғарыш станциясынан оралған болатын.
1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық теңгеміз бірінші айналымға енгізілді. Ұлттығымызды айқындайтын бұл күнді Қазақстан тарихында ерекше күн деп атауға толық негіз бар. Олар дұниежүзіндегі барлық мемлекеттердің валюталарамен танысты.
Президенттіміз білім келешектің кепілі екенін ерте болжап, 1993 жылы 5 қарашада Болашақ халықаралық степендиясын тағайындады. Бүгінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша қазақстандықтар әлемнің 33 еліндегі үздік жоғары оқу орындарында оқиды. Осының барлығына қазақстандықтардың әл-ауқаты арқасында қол жетті.
Бүгінгідей бірқатар мемлекеттің орнықты дамуына этникалық және діни жанжалдар айтарлықтай қатер төндіріп отырған күндерде Қазақстан мұндай мәселелерді жүйелі түрде шеше білуге қабілетті екенін көрсетуде. Қазақстан ұлтаралық татулық пен келісімнің бірегей үлгісін жасай алды. Республика Президенті Нұрсултан Назарбаевтың бастамасымен құрылып, ұлттық мемлекеттік саясаттың орталық институты ретінде қалыптасқан Қазақстан Халқы Ассамблеямыз бар. [2;17б]
Қазақ тілі 1990 жылдан бастап мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды. 2001 жылы наурызда «Тілдер туралы» заң қабылданды. 22 қыркүйек « Қазақстан халықтарының тілдері» мерекесі ретінде жыл сайын аталып өтеді.
Тәуелсіз Қазақстанның астанасы- Астана қаласы кең байтақ Отанымыздың жүрегінде, халқымыз қасиет тұтып қастерлеген әйгілі Сарырқадағы Есіл өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан. Тәуелсіз Қазақстанның туы желбіреген Астанасы дәл бүгін әлем алдында айдай шұғылалы нұрға бөленген шаһар ретінде танылып отыр. Ерке Есілдің жағасында бой көтерген Елордамыз-керегесі кең, тұғыры биік, киелі қоныс. 1997 жылы Елорда Ақмола қаласына көшірілді. 1998 жылы «Астана» деген ат берілді. Елордамызда Астананы әлемге паш еткен монументтер көрініс тапты.
Бас қалаға елді елең еткізер ат қажет болды. Астананың атауына байланысты Елбасы былай дейді: «Шынын айтқанда астананың атауын ауыстыру ұдайы ойымнан шықпай, үнемі іздеумен болдым.Сөйтіп жүргенде бір жолы, дәлірек айтсам түнгі сағат екіде ойыма «Астана» деген атау сап етіп, көкейіме қона кеткен-ді. Астана қазақша әдемі естіледі.Сарыарқа төсіндегі тәуелсіз қазақ елімнің бүгінгі астанасы Астана қаласына көз салсаң, айтар сөзің жоқ! Таңдай қағып қаласың!»
Астана тағдыры жас ұрпақтың тағдырымен, жастардың үмітімен тығыз байланысты.Ұлы жобамызды біз «Қазақстан-2030 стратегиясына негіздедік және оны мерзімінен бұрын жүзеге асырдық.Тәуелсіздік бізге болашаққа батыл қарауға, алдағы жоспарларды айқын көруге мүмкіндік берді. Осы ұлы сыйды біз қәзір «Қазақстан-2050 стратегиясының тарихи міндеттерін шеше отырып толығымен пайдаланудамыз.
Қазақстанның жоғары халықаралық беделі біздің елімізге Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төраға болуға мүмкіндік берді. Бұл ЕҚЫҰ-ға адамзаттың жаңа тарихындағы аса күрделі кезеңінде төрағалық етудің аса жоғары жауапкершілігі Қазақстанға бұйырды. ЕҚЫҰ- құрамына 56 мемлекет кіретін жалпыеуропалық ұйым. Қазақстан-1992 жылдан бастап осы ұйымға мүше. 2010 жылы бұл ұйымға төрағалық ету мәртебесі Қазақстанға өтті. Астанада өткен саммит еліміздің халықаралық дәрежесін көтерді.
Қазақстан 2011 жылы Қысқы Азия ойындарын өткізуге бірінші рет құқық алды. Азия ойындарына 11 спорт түрі ұсынылды. Азия ойындарына 30-ға жуық Азия елдері қатысты.[1;24б]
2012 жылы 22 қарашада Қазақстан «Экпо-2017» көрмесін өткізу мәртебесіне ие болды. Көрменің басты мақсаты- жаңа ғылыми-техникалық жетістіктерді жіне «таза энергетиканы» жаһандық деңгейде дамыту болды.
Астанада биыл 2017 жылы 10 маусынан-10 қыркүйек аралығында көптен күткен бүкіл әлемдік «ЭКСПО-2017» көрмесі әлемдік жоғары деңгейде,табысты өтті.Осының бәрі-тәуелсіздігіміздің баға жетпес табысы.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылы 14 желтоқсанда Қазақстан халқына «Қазақстан-2050 стратегиясы- дамыған мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауын арнады. Бұл стратегияның мақсаты 2050 жылға қарай қуатты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру болып саналады. Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы тиіс екендігін көрсетеді.
Туған жеріміз, Отанымыз біреу: ол- қасиетті қазақ даласы,Тәуелсіз Қазақстан! Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Рухани жаңғыру» , «Мәңгілік ел» етуді мұрат қылдық.Тәуелсіз елді өз қолымен құрған аға буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың жалғастыратына кәміл сенеміз. Өйткені жас буын үш тілде еркін сөйлейтін ,білімді, жаңартылған білім мазмұнын меңгеруде, еңбексүйгіштік, өз еліміздің патриотары. Олай болса біз Тәуелсіз Қазақстанды XXI ғасырдың « Алтын ғасыры» болатынын , бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры деп атайтын боламыз.
Қолданылған әдебиеттер:
1.«Әлеуметтік педагог» Республикалық педагогикалық –әдістемелік журналы 2011 №2, 24б
2. «Мектеп кітапханашысы»Республикалық педагогикалық журналы 2016 №4,17б
3 «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» Республикалық педагогикалық –журналы 2011 №12, 23-24б