Материалдар / “Қазақстанның ұлттық басымдығы:балалар және білім”
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

“Қазақстанның ұлттық басымдығы:балалар және білім”

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Тамыз 2024
132
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы

Шардара ауданы

«Қоссейіт» жалпы орта мектебі

Ән-күй пәнінің мұғалім:

Узакова Зухара Сламовна

Тақырыбы: “Қазақстанның ұлттық басымдығы:балалар және білім”


«Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуі тиіс».

М. Жұмабаев




Елбасымыз ұсынған «Қазақстан-2030» стратегиясының негізгі бағыттарының бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып ,білім мен білігі жағынан өркениетті елдердің замандастарымен қатар тұра алатын , бойында ұлттық ,отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған.Мектеп жасына дейінгі балалардың  мемлекеттік міндетті білім беру стандартының жобасында «Мектепке дейінгі білім беру – Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесінің құрылымдық бөлімі ретінде маңызды роль атқарады , себебі шегінде баланың  табиғилық  сапалары мен ерекшеліктері анықталып, олардың даму жағдайлары қамтамасыз етіледі…» деп көрсетілген.

Тәуелсіздік алған еліміздің келешек ұрпақты, халықтық және  эпостық-мәдени тұрғыда тәрбиелеуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі.Бұл мәселенің шешімін табу үшін үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай қайта қаралып, оны  желтілдіру жолында іздестірілуде.Мұндағы алға қойылып  отырған негізгі талаптар- Қазақстан білім беру жүесінің бүкіләлемдік білім беру кеңістігінде толық енуінің алғашқы ұлттық даму стратегиясын жасап, моделін құру.Бұл талаптардың жүзеге асырылуы бағытындағы жұмысты үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы-мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын арттырудан , ұлтымызға тән қасиеттер бойына сіңген шәкірт тәрбиелеуден бастағанның маңызы өте зор.

Қай уақытта да қай ұлттың болсын көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды азаматтарын толғандырып келген өзекжарды мәселелердің бірі – ұлттық білім беру. Ұлттық білім берудің ғылыми негізін қалаған белгілі ағартушылар мен ғалым - педагогтар – Я. А. Коменский, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев.
Ұлттық білім мазмұны қандай болуы тиіс? Бұл мәселелермен шұғылданып жүрген ғалымдардың пікірін байқап көрейік. А. Я. Данилюктың пайымдауынша «Ұлттық білім беру – оқушылардың әлемдік мәдениет аясындағы ұлттық мәдениетті меңгеруге, сонымен қатар оны шығармашылық тұрғыдан дамытуға бағытталған әлеуметтік қызмет атқаратын білім жүйесінің гуманитарлық құрамдас бөлігі. Ұлттық білім жүйесінің негізін қалайтын ең алдымен, гуманитарлық пәндер деп ойлаймын. Себебі, гуманитарлық білім жүйесінің басты міндеті – объективтік тарихи - мәдени үрдістің сәйкес келуімен қатар отандық мәдениетке оқушылардың танымын қалыптастыру болып табылады. Бұл пәндер отандық мәдениетті сол қалпында сақтап қана қалмай, оның дамуын қамтамасыз етеді. Бұл пәндер арқылы ұрпақтан - ұрпаққа мәдениет жалғасып отырады.
Қорыта айтқанда, басқаның мәдениетін өз мәдениеті арқылы қабылдау қағидасы жүзеге асырылуы тиіс.

Алдымен оқушының жанын, көкірегін тазалап тәрбиелемеген соң, оған математиканы ұқтырып не керек, шет тілін жаттатып не керек?
Сонымен ұлттық білім орны деп -- өз ұлтының тарихын, өз ұлтының мәдениетін, өз ұлтының тілін, әдебиетін оқытатын орынды айтамыз. Оның басты белгісі – онда халықтың ұлттық рухы болуы тиіс.
Ұлттық білім барлық жұмыс түрлерінен, білім берумен қатар тәрбие жұмыстарының барлық мазмұнынан көрінуі қажет.
Ұлттық мектептегі тәрбиенің негізгі міндеттері:
1. Оқушыны ұлт алдында тұрған ерекше істерді шешуге даярлау.
2. Өз халқының ғасырлар бойы қол жеткізген табыстарына ұмтылуға тәрбиелеу, түп тамырынан үзіле жаздаған ұрпақты ата - баба салты мен дәстүрі, әдет - ғұрпымен қайта табыстыру.
3. Тәрбие жүйесін ұлттық мәдениет пен ұлттық педагогикаға негіздеу.
4. Ұлттық білім берудің тұжырымдамасын жасауда ұлттың жалпы санын, орналасу аудандарын, оқулық шығару мүмкіндіктерін ескеру.
Ұлт болашағы мен ұлт өкілінің тағдыры бір - бірімен тығыз байланысты, бір - біріне тәуелді. Сондықтан қазіргі қазақ мектебінде ұлттық білім беру - ұлттың болашағына сәуле шашумен тең. Бір кезде Шоқан, Ыбырай, Абай көтерген ағартушылық қозғалысты ХХ ғ. басында Ахмет Байтұрсынов, Халел Досмұхамедұлы, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаевтар жалғастырды. Қазақ халқының іргелі ел болуы үшін олар ұлттың тілі мен әдебиеті, мектебі мен баспасөздің аса қажет екеніне барша жұрттың назарын аударды, білім берудің ұлттық жүйесі болу үшін онда сол халықтың қаны мен жаны, рухы болуы тиіс деді.
Айтылған ой - пікірлер білім берудің ұлттық моделін былайша құрастыруға мүмкіндік береді:
Мақсаты: Жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру. (М. Дулатов)
Міндеттері: 1. «Балқыған жас баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухын сіңіріп, ана тілін анық үйретіп шығару». (М. Дулатов)
2. «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуі тиіс». (М. Жұмабаев)
Мазмұны: «Оқу - жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, шаруа - кәсіп, қолөнер, жағрафия, жаратылыс». (А. Байтұрсынов)
Әдіс - құралдары: « Әдебиетті, тарихты және географияны біріктіріп (интеграциялап) «Біздің Отан» деген атпен оқыту қажет. Өлкенің географиясын оның тарихы мен әдебиетінен бөліп қарауға болмайды. Алдымен балаларды күнделікті өмірдің тұрмыс - салты, тіршілігімен байланысты өз жұртының тарихын оқытудан бастаған жөн». (М. Дулатов)
«5 жылдық бастауыш мектептің алғашқы үш жылын тек қазақ тілінде оқыту». (А. Байтұрсынов)
«Баланың тіл байлығын арттыруға, еркін сөйлей білуіне көңіл бөлу басқа тілдердің тіл үйренуге көмекші құрал болуын қарастыру».
(Ж. Аймауытов)
Нәтижесі: «Мұндай балалар мектеп бітіргеннен кейін қай жұрттың арасында жүрсе де, сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайды, қайда болса да, тіршілігінде қандай ауырлық өзгерістер көрсе де ұлттың ұлы болып қалады». (М. Дулатов)
Бұл сонау ХХ ғасырдың басында зиялы азаматтардың ұлт болашағын ойлап, ана тілінің табиғи тазалығы туралы, оқытылатын пәндердің бәрі ұлттық болмысымызға үйлесуі қажеттігін көрегендікпен болжап, зерделі ой тастағанын көрсетеді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!